Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау



Кіріспе ... ... .
Бөлім 1 Кәсіпорынның техника.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .
1.1 «Жамбыл.гипс» Акционерлік қоғамның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 «Жамбыл.гипс» АҚ техника.экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ...
Бөлім 2. «Жамбыл.гипс» АҚ шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ...
2.1. Капитал мен резервтердің есебі мен аудитін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі, аудиті және талдау
2.3 Инвестициялар есебі, аудиті және талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Ақша қаражаттарының есебі, аудиті мен талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Қорлар есебі, аудиті мен талдауы .
2.6 Еңбекақы есебі, аудиті және талдауы
2.7 Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі, аудиті және талдауы
2.8 Өндірістік шығындардың есебі аудиті және таладауы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.9 Өнім шығарудың және өткізудің есебі, аудиті мен талдауы ... ... ... ... ... ...
2.10 Кәсіпорының табыстары мен шығындарының есебі, аудиті және талдауы
2.11 Субъектінің қаржылық және статистикалық есеп беруі және оларды толтыру тәртібі
Қорытынды...
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі кезде кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдамай оның осалқы жерлерін анықтау, болмаса оның ұзақ немесе қысқа мерзімдерге арналған жоспарын жасау мүмкін емес. Оның үстіне кәсіпорын банкроттық шегінде ме немесе оны осындай күйден шығарудың жолы барма деген сұраққа жауап беруде мүмкін болмайды. Ғылымда және тәжірибеде талдаудың әр түрі қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар зерттеу нысаны, мақсаты және әдістері арқылы өзгешеленеді.
Өз кезегінде экономикалық талдау келесі түрлерге бөлінеді:
- салалық белгілері бойынша талдау (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және т.б.);
- талдауды жүргізетін басқару органдарына байланысты (технико-экономикалық талдау, қаржы-экономикалық талдау, аудиторлық немесе бухгалтерлік талдау, әлеуметтік-экономикалық талдау, маркетингтік талдау, экономикалық-статистикалық талдау және т.б.);
- нысананы зерттеу әдістемесі бойынша талдау салыстырмалы, факторлық, диагностикалық (экспресс-талдау), экономика-математикалық талдау, функционалды-құндық талдау;
- талдау субъектісі бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді;
- зерттеу нысанының ауқымы бойынша талдау кешенді және тематикалық болып бөлінеді.
Бізбен «Жабыл-гипс» Акционерлік қоғамының қызметіне талдау жасалды. Есеп екі бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда талданатын кәсіпорынға қысқаша сипаттама берілген, оның өндіріс және басқару құрылымы және 2007-2008 жылдарға арналған техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.
Екінші тарауда кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау жасалды. Мұнда өнімді өндіру және өткізу, негізгі қорды пайдалану, еңбек көрсеткіштерін қолдану, өндіріс шығындары, кәсіпорынның табысы, материалдық ресурстарды пайдалану талдауларының қорытындылары, кәсіпорын қызметі нәтижелерінің қаржылық талдауы келтірілген.
Өнімді өндіру және өткізуді талдауға өнімді өндіру мен өткізудің динамикасын, өндірілетін өнімнің ассортиментін және құрылымын, кәсіпорын жұмысның ырғақтылығы мен өндірілетін өнімнің резервтерін анықтау кіреді.
1. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта М, Финансы и статистика, 1998г.

2. Любущкин Н. П.
Лещева В. Б.
Дьякова В. Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия
М, ЮНИТИ, 1999г.

3. Русак Н.А.
Стражев В.И и др Анализ хозяйственной деятельности в промышленности. Минск, Высшая школа, 1998г.

4. Савицкая Г. В.
Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Минск, Новое знание, 1999г.
5. Дуденкова И.Г., И.М. Шатаева


Справочник хозяйственника службы быта Том 1, Москва Легпромбытиздат 1995 год, 320 стр
6. Дуденкова И.Г., И.М. Шатаева Справочник хозяйственника службы быта Том 2, Москва Легпромбытиздат 1995 год, 272 стр
7. Федорова А.Ф. Технология химической чистки и крашения. 2 издание. Москва Легпромбытиздат 1990 год, 336 стр

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бөлім 1 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .
1.1 Жамбыл-гипс Акционерлік қоғамның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Жамбыл-гипс АҚ техника-экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ...
Бөлім 2. Жамбыл-гипс АҚ шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ...
2.1. Капитал мен резервтердің есебі мен аудитін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі, аудиті және
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Инвестициялар есебі, аудиті және талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Ақша қаражаттарының есебі, аудиті мен талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.5 Қорлар есебі, аудиті мен талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.6 Еңбекақы есебі, аудиті және талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.7 Дебиторлық қарыздар мен міндеттемелердің есебі, аудиті және талдауы
2.8 Өндірістік шығындардың есебі аудиті және таладауы ... ... ... ... ... ... ... ..
2.9 Өнім шығарудың және өткізудің есебі, аудиті мен талдауы ... ... ... ... ... ...
2.10 Кәсіпорының табыстары мен шығындарының есебі, аудиті және талдауы
2.11 Субъектінің қаржылық және статистикалық есеп беруі және оларды
толтыру тәртібі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазіргі кезде кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдамай оның осалқы
жерлерін анықтау, болмаса оның ұзақ немесе қысқа мерзімдерге арналған
жоспарын жасау мүмкін емес. Оның үстіне кәсіпорын банкроттық шегінде ме
немесе оны осындай күйден шығарудың жолы барма деген сұраққа жауап беруде
мүмкін болмайды. Ғылымда және тәжірибеде талдаудың әр түрі қолданылады:
физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б.
Олар зерттеу нысаны, мақсаты және әдістері арқылы өзгешеленеді.
Өз кезегінде экономикалық талдау келесі түрлерге бөлінеді:
- салалық белгілері бойынша талдау (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
құрылыс, көлік және т.б.);
- талдауды жүргізетін басқару органдарына байланысты (технико-
экономикалық талдау, қаржы-экономикалық талдау, аудиторлық немесе
бухгалтерлік талдау, әлеуметтік-экономикалық талдау, маркетингтік
талдау, экономикалық-статистикалық талдау және т.б.);
- нысананы зерттеу әдістемесі бойынша талдау салыстырмалы, факторлық,
диагностикалық (экспресс-талдау), экономика-математикалық талдау,
функционалды-құндық талдау;
- талдау субъектісі бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді;
- зерттеу нысанының ауқымы бойынша талдау кешенді және тематикалық болып
бөлінеді.
Бізбен Жабыл-гипс Акционерлік қоғамының қызметіне талдау жасалды. Есеп
екі бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда талданатын кәсіпорынға қысқаша
сипаттама берілген, оның өндіріс және басқару құрылымы және 2007-2008
жылдарға арналған техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.
Екінші тарауда кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
жасалды. Мұнда өнімді өндіру және өткізу, негізгі қорды пайдалану, еңбек
көрсеткіштерін қолдану, өндіріс шығындары, кәсіпорынның табысы,
материалдық ресурстарды пайдалану талдауларының қорытындылары, кәсіпорын
қызметі нәтижелерінің қаржылық талдауы келтірілген.
Өнімді өндіру және өткізуді талдауға өнімді өндіру мен өткізудің
динамикасын, өндірілетін өнімнің ассортиментін және құрылымын, кәсіпорын
жұмысның ырғақтылығы мен өндірілетін өнімнің резервтерін анықтау кіреді.
Кәсіпорын негізгі қорларын талдауға негізгі қордың құрамы мен
құрылымын талдау, негізгі қорды пайдаланудың тиімділігін талдау,
кәсіпорынның негізгі қорларын ұтымды пайдалану есебінен тауарлы өнімнің
өсімін анықтау кіреді.
Кәсіпорынның еңбек көрсеткіштерін талдауға жұмысшылардың еңбек
өнімділігін талдау, оларды негізгі және көмекші топтарға бөлістіру, еңбек
ақы қорын және еңбек өнімділігімен еңбек ақының арақатынасын талдау кіреді.
Өндіріс шығындарын және таза табысты талдауға өнім мен көрсетілетін
қызметтің өзіндік құнының деңгейін бағалаудың жалпы талдауы және шығын
сметасының талдауынан тұрады.
Екінші бөлімнің 2.5 тарауында кәсіпорынның қаржылық жағдайының
талдауы келтірілген. Бұл жерде аналитикалық баланс-нетто талдауы орындалған
және кәсіпорынның ағымдағы ликвидтілігі мен қаржы тұрақтылығының
көрсеткіштері есептелген.

Бөлім 1 Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері

1. Жамбыл-гипс Акционерлік қоғамның даму тарихы

Жамбыл гипс зауыты 31.12.1954 жылы №1792 бұйрықтың негізінде
құрылып 1960 жылы пайдалануға берілген. Бұл жобада гипстік тасты, яғни
цемент, құрылыс гипсін жасаудағы негізгі компонент ретінде шығару
қарастырылды. Зауыттың қуаттылығы 18,3 мың тонна құрылыс гипсін және 30 мың
тонна гипстік тасты құрады. Гипс зауытының негізгі тұтынушылары Қазақ,
Қырғыз, және Орталық Ресейдің кәсіпорындары болып табылады. Гипс зауытының
шикізат базасы ретінде сол уақытта зерттелінген екі Восточный және
Западный, қорында 50 млн. тонна гипсі бар Үлкен – Бұрылтау кен орнының
қорлары қолданылды. Жамбылгипс АҚ – Орталық Азия аймағындағы гипс
өнеркәсібіндегі бастапқы кәсіпорындарының бірі, ол Қазақстандағы Үлкен -
Бұрылтау ірі кен орнында гипстік тастың өндіру және өңдеу жұмыстарымен
айналысады, және де гипс қайнататын, таулы, өңдеу, механикалық дамыған
инфрақұрылымдары, қоймалары бар. Темір жол саласы зауытты Қазақстан және
ТМД аймақтарымен байланыстырады.
Жамбылгипс АҚ Қазақстандағы құрылыс материалдарын өндіретін үлкен
болашақ мүмкіндіктері бар жалғыз өндірістік құрылым болып табылады.
Мемлекетті бөлудегі Ұлттық бағдарламаға және ҚР мемлекеттік меншікті бөлуге
байланысты 1993 – 1995 жылдар аралығында мемлекеттік меншіктегі Жамбыл
шекаралық комитеттің № 424 1993 жылы 17 қыркүйекте Гипс зауытын ашық
Акционерлік Қоғам ретінде қайта құру туралы қаулысы қабылданған.
Жамбылгипс АҚ жарғылық капиталы 997400 теңге мөлшерінде көрсетілген
болатын(номиналды құны 50 теңге тұратын 19948 дана акция). Шаруашылық
субъект 1993 жылы 28 желтоқсанда №10538 мемлекеттік тіркелді, төлқұжат ҚР
министрлігімен берілді. 1998 жылдың мамыр айында Жамбылгипс ААҚ – ын ЖАҚ
– ға қайта құру шешімі қабылданды. Жамбыл облысының Әділет басқармасымен
1998 жылдың 25 маусымында №2954 - 1919 – АҚ заңдық тұлғаға мемлекеттік
қайта тіркелу құжаты берілді. 2002 жылдың қазан айында зауыт аймағында гипс
күйдіретін цехта неміс өндірісіндегі жаңа ұнтақтайтын комплекс іске
қосылды, бұл тауар ассортиментін кеңейтті және әлемдік стандартқа сәйкес
оның сапасын жақсартты. Комплекстің қуаттылығы жылына 50 мың тонна
құрылыстық және селективті гипс. 2003 жылы шілдеде құрғақ құрылыс қоспасын
өндіретін цех іске қосылды. Цехтың қуаттылығы жылына 20 мың тонна құрғақ
құрылыс қоспасы, әр түрлі жұмысқа арналған тақталы желім, сылақтау және
тығындау қоспалар. Сол жылдың қараша айында акционерлердің жалпы
жиналысында 13 мамыр 2003 жылғы Акционерлік қоғамдар туралы Заңының
талабына сәйкес қоғамның құрылтай құжаттарын дайындау туралы, ал нақтылай
кәсіпорынның ұйымдастыру – құқықтық формасын өзгерту және жарғылық
капиталын талап етілетін мөлшерге дейін жоғарлату туралы шешім қабылданды.
Жамбыл облысының Әділет Басқармасымен №2954 – 1919 – АҚ 2003 жылы 25
қарашада Жамбылгипс Акционерлік қоғамға мемлекеттік қайта тіркелу құжаты
берілді. Жарғылық капитал 43600 мың теңгені құрады.
2005 жылы 30 мамыр айында Жамбылгипс АҚ – ң жалпы акционерлік
жиналысында кәсіпорын Жарғысына жай және пұрсатты акциялардың мөлшерін
анықтауда біршама өзгерістер енгізу туралы, сонымен қатар жарғылық
капиталдың көлемін 300000 мың теңгеге бекіту және 590000 дана жай және
10000 дана пұрсатты акцияларға бөлу туралы шешім қабылданды. Кәсіпорын
Жарғысына өзгерістер 5 шілдеде 2005 жылы Жамбыл облысының Әділет
Департаментімен тіркелді.
2005 жылы шілде айында таулы цехы іске қосылды. Бұл таулы цех гипстік
тас өндіретін қаладан 30 километр қашықытықта орналасқан. Таулы цехының
қуаттылығы жылына 120 мың тонна гипстік тас. 2005 жылы сәуірде гипсокартон
парақтарын өндіретін цехтың құылысы басталып, сол жылдың қыркүйек айында
іске қосылды. Цехтың қуаттылығы жылына 5 млн. шаршы метр гипсокартон
парақтары.
Жамбылгипс Акционерлік қоғамның өнімдері көптеген көрмелерде
жоғары сапасы үшін дипломмен мараппатталған:
1. Халықаралық көрме ПроминдустрияАстана қаласы, 2001–2003ж.
2. Республикалық көрме-жарысы. Лучшие товары Казахстана
Астана қаласы, 2003 жыл;
3. Облыстық көрме Высокое качество товаров и сферы обслуживания Тараз
қаласы, 2004 жыл;
4. Республикалық көрме-жарыс.Лучшие товары Казахстана Астана қ. 2004ж
5. Облыстық көрме Лучшие товары области Тараз қаласы
2005 жыл;
6. Халақаралық көрме ПроминдустрияАстана қ.2005 жыл, наурыз;
7. Астана Build 2005 көрмесі Астана қаласы, 2005 жыл, қараша.
Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды және табиғи тасты өңдеу
облысындағы соңғы жетістіктерді және гипсокартон парақтарын өндірудегі
батыстың бірегей технологиясын қолдану әлемдік стандарттар деңгейінде
өнімді өндіруге және жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда өндірілетін гипсокартон парақтарын өткізудегі потенциалды
нарықтар негізінен орталық-азия елдері, сонымен қатар Ауғанстан және
Пәкістан болып табылады.
1993 жылы 17 қыркүйекте Жамбыл гипс зауыты ашық акционерлік қоғам
Жамбылгипс болып ауысқаннан кейін жарғылық капиталы 997400 теңге
мөлшерінде құралған болатын.

Кесте 1 – Акциялар келесі түрде бөлінген
Акционердің аты Акция Акция Акция Жарғылық
саны, құны, тг.түрі капиталдың
дана үлесі
1 2 3 4 5
Мемлекеттік Коммуналды 10173 508650 Жай 51,0 %
Шаруашылық Құрылыс
материалдары Алматы қаласы
Мемлекеттік мүлік бойынша Жамбыл7840 392000 Жай 39,3 %
территориялық комитет Тараз
қаласы
Кәсіпорынның еңбек ұжымы 1935 96750 Пұрсатты 9,7 %
Барлығы 19948 997400 100,0%

Ал 1994 жылы мемлекеттік мүлік бойынша Жамбыл территориялық Комитеттің
акциялары аукционда Инвестициялық жекешелендіру Қорларымен алынып және
келесі түрде бөлістірілді.

Кесте 2 – Кәсіпорынның акцияларының бөлінуі
Инвестиция қордың аты Акция Акция Акция Жарғылық
саны, құны, тг.түрі капитал үлесі
дана
1 2 3 4 5
Инвестициялық жекешелендіру Қоры1993 99650 Жай 10,0 %
Бутя-Капитал, Алматы қаласы
Инвестициялық жекешелендіру Қоры1993 99650 Жай 10,0 %
Восток-Мебель, Өскемен қаласы
Инвестициялық жекешелендіру Қоры1994 99700 Жай 10,0 %
Первый Промышленный, Павлодар
қаласы
Инвестициялық жекешелендіру Қоры1860 93000 Жай 9,3 %
Алмас-Авто-Инвест, Тараз
қаласы
Барлығы 7840 392000 39,3 %

1995-1997 жылдар аралығында Жамбылгипс ААҚ акциялары бірнеше рет
жеке және заңды тұлғалар арасында араласқан болатын.

Кесте 3 - Кәсіпорынның акцияларының бөлінуі
Акционердің аты Акциялар Акция Акция Жарғылық
саны,данақұны, түрі капиталда
теңге үлесі,%
Инвестициялық жекешелендіру Қоры 1993 99650 Жай 10,0
Бутя - Капитал,
Алматы қ .
Инвестициялық жекешелендіру Қоры 1993 99650 Жай 10,0
Восток -Мебель,
Өскемен қ .
Инвестициялық жекешелендіру Қоры 1994 99700 Жай 10,0
Первый Промышленный,
Павлодар қ .
Инвестициялық жекешелендіру Қоры 1860 93000 Жай 9,3
Алмас –Авто - Инвест,
Тараз қ .

Кестенің жалғасы
1 2 3 4 5
Мемлекеттік Коммуналдық 5186 259300 Жай 25,0
Шаруашылық Құрылыс
материалдары,
Алматы қ .
Жеке тұлға, Чехия азаматы4987 249350 Жай 26,0
Кәсіпорынның еңбек ұжымы 1935 96750 Пұрсатты 9,7
Барлығы 19948 997400 100,0

1) АК Galore Investments Limited Жамбылгипс АҚ – ң Чехия азаматына
тиеслі акцияларды, Инвестициялық жекешелендіру Қоры Бутя - Капитал
және Инвестициялық жекешелендіру Қоры Первый Промышленный ұстайтын
акцияларды сатып алып, одан кейін бұл акциялар Қазақстан
Республикасының азаматы М.Б. Доскариевқа сатылған.(Алматы қ .)
2) Мемлекеттік Коммуналды Шаруашылық Құрылыс материалдары (Алматы қ .)
ұстайтын Жамбылгипс АҚ – ң акциялары ҚР азаматы Күлекеев Батырбек
Абдрасиловичке сатылған болатын, Жамбылгипс АҚ – ң акцияларын
ұстайтын Инвестициялық жекешелендіру Қоры Алмас – Авто - Инвестпен
бірге өз акцияларын ҚР азаматы А.К. Құсаиновқа сатқан.
3) Инвестициялық жекешелендіру Қоры Восток Мебель ұстайтын Жамбылгипс
АҚ – ң акцияларын Тенир - Групп ЖШС – гі (Алматы қ .) сатып алған.
4) Құсаинов А.К. азаматы және Тенир - Групп ЖШС – гі Жамбылгипс АҚ -
ң өздеріне тиеслі акцияларын аффилиирленген тұлғаларға сатты: Дакебаев
Р.А. (Алматы) және Финансовая компания Greenwich Capital Management
ААҚ (Алматы).
1998 жылдың 15 мамырына компанияның акционерлері келесі кестеде
көрсетілген.

Кесте 4 – Кәсіпорын акцияларының иелері
Акционер аты Акция Акция Акция Жарғылық
саны, данақұны, түрі капиталда
тг үлесі, %
1 2 3 4 5
Доскариев М.Б. 9159 457950 Жай 46,0
(Алматы)
Дакебаев Р.А. 6860 343000 Жай 34,3
(Алматы)
Қаржылық компания Greenwich 1994 99700 Жай 10,0
Capital Management (Алматы)

Кестенің жалғасы
Кәсіпорынның 1935 96750 Пұрсатты 9,7
еңбек ұжымы
Барлығы 19948 997400 100,0

Сол жылы акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың бірінші
эмиссиясын күшін жойып, жарғылық капиталды 10 есеге, яғни 9006500 теңгеге
көтеріп екінші акция эмиссиясын шығарып, бірінші акция эмиссияларына ие
болған Қоғам акционерлеріне өз үлестеріне сәйкес бөліп алуға құқық берді.
1998 жылы Жамбылгипс ЖАҚ бағалы қағаздар шығару туралы мемлекеттік тіркеу
құжатын алды. Екінші эмиссясының акциялары келесідей болды:
- номиналды құны 500 теңге, 18013 дана және құны 9006500 теңге жай
атаулы акциялар;
- номиналды құны 500 теңге, 1935 дана және 967500 теңге пұрсатты
атаулы акциялар;
2000 жылы азамат М.Б. Доскариевқа тиеслі акцияларды А.К. Құсаинов (Р.А.
Дакебаевтан акциялар сатып алған) және Қаржылық компания Greenwich
Capital Management ААҚ акционерлері жарғылық капиталда үлесі бойынша сатып
алған. Ол келесі кестеде көрсетілген:

Кесте 5 - Кәсіпорын акцияларының иелері
№ Акционер Акция саныАкция құны Жарғылық Дауыс саны, %
қордағы %
1 2 3 4 5 6
1 Құсаиынов А.К. 13956 6981800 70,0 77,47
2 Қаржылық компания 4057 2024722 20,30 22,53
Greenwich Capital
Management (Алматы)
3 Кәсіпорынның еңбек 1935 967478 9,70 -
ұжымы
Барлығы 19950 9974000 100,0 100,0

А.К. Құсаинов өзіне тиеслі дауыс бере алатын акцияларын азамат Р.Н.
Альтиевке берді. Одан кейін барлық акциялар Құсаинов Қайнарбек
Қабыкенұлымен сатып алынды. 2002 жылы кәсіпорынның 1928 дана пұрсатты
акциялары сатып алынды. Ал 2004 жылы кәсіпорынмен 1928 дана пұрсатты
акциялар Қ.К. Құсаиновтан 16000 мың теңгеге сатып алынып, Дойче
Инвестиционе унд Энтвиклунгсгезельшафт мбХ кәсіпорынның қатысуымен Кнауф
Гипс Капчагай ЖШС – не 306000 мың теңгеге сатылған. Келісім нәтижесінде
эмиссиондық пайданың мөлшері 290000 теңгені құрады. Жарғылық капиталдың
2,21 % акциясына ие Дойче Инвестиционе унд Энтвиклунгсгезельшафт мбХ
кәсіпорынның қатысуымен Кнауф Гипс Капчагай ЖШС – гі – бұл Алматы
облысындағы Қапшағай қаласына жақын Заречный ауылында орналасқан
гипсокартон парақтарын және еуропалық сапалы металды профиль жасап
шығаратын зауыт. Бұл кәсіпорынның иелері – Кнауф компаниясының
өнеркәсіптік тобы, бұл гипс негізінде құрылыс материалдарын өндіретін ірі
еуропалық мемлекеттік ұйым болып табылатын ДЭГ даму және инвестициялау
неміс қоғамы. Кнауф компаниясының мүшелері 3,5 жылда өндірісті кеңейтуге 25
млн. евро салып, сонымен қатар толық жаңа зауыт салынды. Қазіргі уақытта
кәсіпорын жылына 2 млрд. теңгеге гипсокартон парақтарын және металды
профильдер жасап шығарады, болашқта құрғақ құрылыс қоспаларын және басқа да
металдарды шығару арқылы өндірілген өнімнің ассортиментін кеңейту
жоспарлануда. Бұл зауыттың іске қосылуы Қазақстанға болашақта шетелден
ұқсас өнімдерді әкелуден бас тартуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қызметі:
- Үлкен – Бұрылтау кен орнының солтүстік бөлігінде гипсті ашық
тәсілмен өңдеу:
- құрылыс гипсін алу мақсатында алынған тасты өңдеу;
- мраморлы ұнтақты өндіру және өңдеу;
- гипсокартон парақтарын, жол жиек тақталарын, қаптайтын және басқа
да құрылыс материалдар түрлерін дайындау.
Кәсіпорынның негізгі өнімі:
1. Гипстік тас және гипстік тасты өңдейтін өнімдер: ақ гипс,
селективті гипс, құрылыс гипсі.
2. Мәрмәр ұнтағы және мәрмәр ұны.
3. Құрғақ құрылыс қоспалары және желім.
4. Гипсокартон парақтары.
Гипстік тас – цемент өндірісінің негізі болып табылады. 45 жыл қызмет
барысында кәсіпорын Орта Азияны және Қазақстанды, Қырғыстанды және Батыс
Сібірді гипстік таспен қамтамасыз еткен, және де экономикалық дағдарыс
кезеңдерінде де зауыт рентабельді болып қала берді. Кәсіпорын қуатты
инфрақұрылымы бар және қазіргі заманғы автотранспорттық жабдықтармен, гипс
күйдіретін цехтың дамыған құрылымымен қамтылған. Мұнда қуатты өндірістік
база, арнайы техника, жылына 1 млн. тонна гипстік тасты өндіруді және
жылына 50 млн. тонна селективті және құрылыс гипсін шығаруды қамтамасыз
етеді. Транспорттық коммуникациялар әрбір өндіріске маңызды фактордың бірі
болып табылады. Зауыт Шайқорық станциясының темір жолымен, ол дайын өнімді
зауыттан вагондармен шығаруға мүмкіндік береді. Автомашина кіріс жолдарын
кәсіпорынды гтпстік тас шығаратын кен орнымен байланыс үшін, сонымен қатар
зауытты Тараз қаласымен байланыстыру үшін қолданады. Қазақстанда цемент
өндіретін зауыт бар, ол Өскеменде, Қарағандыда, Шымкентте және Семейде,
жобалық қуаттылығы жылына 9 млн. тонна цемент. Ал Қырғыстанда Кантский
Цементно – шиферный завод Акционерлік Қоғамының жобалық қуаттылығы жылына
1,2 млн. тоннаны құрайды,
Жамбыл облысындағы Үлкен – Бұрылтау гипс кен орны Қазақстанда ең ірі
барланған гипс қоры болып табылады, онда гипс 40 % - дан 100 % - ға дейін
бар. Бұл кен орны Жамбыл облысы, Тараз қаласының Жуалы ауданынан 25 – 30
километр қашықтықта орналасқан.
Қазақстанда құрылыс үшін тасты өндірумен қазір белсенді түрде 54
кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт – 145, олардың
белсенді қызмет істейтіні – 85. Лакпен сырлайтын өнім өндіретін зауыт
(мәрмәр ұны сыр өндіруде қоспа болып табылады) – 44. Бұл зауыттар 120
микрон жұқа, тартылған мәрмәр ұнын қолданады. Кәсіпорын мәрмәр тас
шикізатын сатып алып мәрмәр ұнын және мәрмәр ұнтағын жасайды. Ал сол мәрмәр
тасын Тараз қаласындағы Тараз - Мрамор ЖШС – нен және Кордай - Мрамор
ЖШС – нен сатып алады.
Тараз - Мрамор ЖШС – гі Қызылбастау кен орны Жамбыл облысы Талас
ауданында Қаратау қаласынан 25 километр қашықтықта солтүстік – батыста
орналасқан.
Қордай – Мрамор ЖШС – гі Жамбыл облысындағы, Қордай ауданындағы
Молодежный кен орнында мәрмәрды барлау және өндіруге келісім жүргізілген.
Кәсіпорынның тартымдылығын анықтайтын маңызды фактор, ол көптеген
құрылыс материалдарын, сонымен қатар құрғақ құрылыс қоспаларын пайдаланатын
тұрғын үй құрылысының өсуі болып табылады.
Инвестиция тарту үшін кәсіпорынның тартымдылығы келесі қосымша
факторлармен анықталынады:
- өндірілетін және өңделетін шикізаттың көлемін ұлғайту;
- шығарылатын дайын өнімнің ассортиментін кеңейту;
- өнімнің кейбір түрлеріне сұраныстың ұлғайтылуының мүмкіндігі.
2003 жылы кәсіпорын нарыққа гипс негізінде Гипсополимер, Glaber,
ғимараттың ішкі бөлігін өңдеуге арналған құрамында экологиялық таза
бөліктерден тұратын құрғақ құрылыс қоспаларын, сонымен қатар Glaber тақта
желімін шығарады.

Кесте 6 - Жамбылгипс АҚ -ның негізгі тұтынушылары
№ Тұтынушылар Өнім түрі Орналасқан жері Жарғылық
капиталда
үлесі, %
1 2 3 4 5
1 PLATPE ЖШС Селективті гипс ҚР Алматы қаласы 20,0
2 Амикс ЖШС Құрылыс гипсі ҚР Алматы қаласы 20,0
3 ALIT ЖШС Селективті гипс,ҚР Астана қаласы 15,0
құрылыс гипсі
4 Экотон ААҚ Гипстік ұн ҚР Астана қаласы 10,0
5 ОКС - СТРОЙ ЖШС Құрғақ құрылыс ҚР Астана қаласы 14,0
қоспалары
6 Асар - НТ ЖШС Селективті гипс ҚР Астана қаласы 10,0
7 ПОЛИМИКС ЖШС Селективті гипс ҚР Алматы қаласы 11,0
Барлығы 100,0

Кесте мәліметтеріне қарасақ Жамбылгипс АҚ – ң өнімдерін PLATPE ЖШС
– гі және Амикс ЖШС – гі көп тұтынады.
Кәсіпорынды электр энергиямен Жамбылский областной энергосбыт ЖШС –
гі, газбен КазТрансГаз Аймақ АҚ – ы, темір жол қызметімен АОНК КТЖ Жамбыл
ТехПД, байланыс қызметімен Қазақтелеком АҚ – ы және бұрғы жарылыс
қызметімен Югвзрывпром жабдықтайды. Бұл қызмет жабдықтаушылары, ал енді
шикізатпен жабдықтайтын кәсіпорындар:
- химиялық қоспалармен: Альба Хим ЖШС, Универсал группа
компания, Центразспецскоб ЖШС, Пульсор компания;
- темір өнімдерімен (қазандар, балталар, қағаздар): АЗТМ АҚ,
Завод стройтельсво конструкций ЖШС, Жамбыллитснаб ЖШС;
- автобөлшектермен: Югшинторг ЖШС, Садырбаев Жеке кәсіпкер,
Тoyota Tsuho Kazakhstan ЖШС;
- бензин, матор майы, дизель отыны, дизель майымен: PIC Ойл
ЖШС, Зангар Алем ЖШС, Автотехмас ЖШС, Технические масла Казахстана
ЖШС;
- қаппен: Resurse Group ЖШС, Новопэк ЖШС, Инвестлеспром ЖАҚ
(Ресей);
- гипсокартон парақтарын қаптайтын картонмен: ООО СПБ
Пролеторий (Ресей);
- гипсокартон парақтарына арналған қағазбен: YILI YONGCHENG
TRDING INDUSTRIAL GROUP;
- мәрмәр ұнтағымен: Құрылыс Жанар ЖШС.
Жамбылгипс АҚ – ы №41 2003 жылы 20 маусымнан Жамбыл облысы Жамбыл
ауданындағы 1,2,3 Үлкен – Бұрылтау кен орнында гипс өндіруге келісім
жасасқан.

Кесте 7 – Кәсіпорынның бәсекелестері
№ Компаниялар Орналасқан жері Өнім түрі Нарықта
өнімнің
үлесі,%
1 ALIT ЖШС ҚР Астана қ., Пушкин Құрғақ құрылыс20,0
көш. 173 қоспасы
2 Alina Ltd ЖШС ҚР Алматы қаласы Құрғақ құрылыс5,0
қоспасы
3 ПОЛИМИКСЖШС ҚР Алматы қ., Сатпаев Құрғақ құрылыс20,0
көш.,88а1 қоспасы
4 КУРЫЛЫС - СЕРВИСҚР Алматы қ ., ГалилеяҚұрғақ құрылыс10,0
ЖШС 2 қоспасы
5 Кнауф Гипс ҚР Қапшағай қ. Гипсокартон 20,0
Капчагай ЖШС парақтары
6 Компания БенотехРесей, Новосибирск қ. Құрғақ құрылыс10,0
ООО қоспасы

ALIT ЖШС – гі өзінің қызметін 1998 жылы бастаған. ALIT ЖШС – гі
Астана қаласындағы құрғақ құрылыс қоспаларын шығару бойынша бірінші
кәсіпорын болған және болып қала береді. Компания ALIT сауда маркасындағы
20–дан астам өнім түрін шығарады, тұнынушылардың сұранысын ескере отырып,
отандық, ресейлік және еуропалық қазіргі заманғы жетістіктер негізінде
өзінің зерттеулерінің барысында өнім ассортиментін жоспарлы түрде
кеңейтуде.
Alina Ltd ЖШС - гі – AlinEX сауда маркасындағы құрғақ құрылыс
қоспаларын өндіреді. AlinEX өнімі бірнеше рет алтын медальмен және
дипломмен марапатталған болатын:
- СтройСиб - 2002 xv Халықаралық көрмесінде аптын медаль
(Новосибирск Қ.);
- Бишкек – 2001 Халықаралық көрмесінде алтын медаль;
- Выбор года (Choice of the year) Халықаралық фестиваль –
конкурсында алтын медаліне ие;
- Промстройиндустрия - Астана II және III Халықаралық –
Қазақстандық көрмеде За высокое качество продукции дипломына ие;
- Произведено в г. Алматы көрмесінде За вклад в развитие
промышленного потенциала г. Алматы дипломына ие.
ПОЛИМИКС ЖШС – гі – Қазақстан нарығында ПРОМИКС сауда
маркасында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіреді. Кәсіпорында жұмыс істейтін
мамандар ғылыми сыйымды технологиялар және өндірістік процестің нақты
ұйымдастырылуы арқылы өнімнің шығарылуын қамтамасыз етеді.
КУРЫЛЫС – СЕРВИС ЖШС – гі Санкт – Петербург технологиясы арқылы
1997 жылдан бастап ALIT, МАСТЕР, extralux сауда маркасындағы құрғақ
құрылыс қоспаларын өндіреді. Шығарылатын өнімнің құрамы Клариант және
Байер Германдық фирмалар көмегімен өңделген.
Кнауф Гипс Капчагай ЖШС. КНАУФ – Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның
және Молдаваның құрылыс саласына ірі неміс инвесторы болып табылады, ол
жергілікті мамандар қатысуымен және жергілікті шикізаттан жергілікті
нарыққа жоғары сапалы өнім өндіреді. Компанияның негізгі өнімі – бұл КНАУФ
– тақталары (гипсокартон тақталары) және КНАУФ – суперлисты (гипсмақталы
парақтар), КНАУФ – суперпол, КНАУФ – гипсолисты, металдық профильдер.
Компания Бенотех ООО Бенотех құрғақ құрылыс қоспаларын өндіреді.
Цемент, әктасты ұн және кварцты құм негізінде жасалған материалдар
құрамында импорттық жоғары тиімділікті Mowilith Pulver, Tylovis, Arboul
қоспаларымен бай. Бенотех құрғақ құрылыс қоспалары СтройСиб - 2004
Новосибирск қ.) және 12–я международная строительная неделя в Сокольниках
көрмелерінің қатысушылары мен келушілердің көңілін аударды. Бенотех
компаниясының Қазақстандағы дилері – Перформерсистем ЖШС – гі (Өскемен
қ.) болып табылады.
Компания Бенотех ООО, Ресей, Новосибирск қаласы, Дойче Инвестиционе
унд Энтвиклунгсгезельшафт мбХ кәсіпорынның қатысуымен Кнауф Гипс
Капчагай ЖШС. Бұл компаниялар нарықтық реформаларды іске асыру кезінде
қазақстандық құрылыс материалдарының нарығында орнығып алды. Бұл
компаниялардың нарыққа келуі және орнығуы бәсекелестіктің жоғары деңгейін
көрсетеді, және де ол құрғақ құрылыс қоспаларын, лаксырлағыш материалдар
және т.б. нарықтарында қазіргі уақытқа дейін сақталып келеді. Бірақ та
цемент өндірісінде отандық өнім басым болып келеді.

Кесте8 – Кәсіпорынның несие байланыстары
Несие келісімі Несие беруші Валюта Валютадағы Пайыздық Өтелу
(№,күні) (Банк) құны ставка мерзімі
(мың АҚШ
доллары)
1 2 3 4 5 6
КТО20 – 2004 АТФБанк АҚШ 900 13,0 02.08.2007
2004 жыл 2 Тараз филиалы доллары
тамыз
КТО22 – 2004 АТФБанк АҚШ 2800 13,0 15.12.2008
2004ж Тараз филиалы доллары
13желтоқсан
КТО15 – 2005 АТФБанк АҚШ 700 13,0 03.08.2009
2005 жыл 2 Тараз филиалы доллары
тамыз

Кәсіпорынның өнімдері жаппай ақпарат құралдарында жарнамаланған,
мысалы: Алматы қаласы, Рахат ТВ ЖШС, Астана қ., ЭРА Телекомпаниясы,
Тараз қаласы Регион Медия филиалы, Алматы қаласы Золотой теленок Баспа
үйі, Алматы қаласы – Сары - Арка Баспасы, Алматы қаласы – Алматы –
Медия ЖШС, Тараз қаласы – Графика Ю ЖШС, Тараз қаласы – АРТ Модуль
ЖШС.
Кәсіпорынның қызметіне жағымды әсер ететін факторларға мыналар жатады:
Қазақстандағы құрылыс компанияларының өнімге деген сұраныстың тұрақтылығы,
тағы да жағымды фактор кәсіпорынның географиялық орналасуы – Алматы және
Қазақстанның басқа да аймақтарындағы құрылыстың тез өсуі өнімнің тұрақты
сұранысына себепші болады. Кәсіпорынның қызметіне теріс әсер ететін
факторлар: ішкі және сыртқы өндірушілермен жоғары бәсекелестіктің болуы,
бірақ өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту және икемді баға саясатын
қолдану арқылы осы бәсекелестікті жеңе алады.
Кәсіпорын өткізу нарығын ресейлік цемент зауыттары арқылы кеңейтуді
жоспарлап отыр. Бірақ қазір нақты шешілмеген мәселе бар. Ресейлік
зауыттарға Жамбылгипс АҚ – ң өнімі қажет, бірақ екі елдің қымбат темір
жол тарифтері өндірушілерге де және тұтынушыларға да тиімді емес. Осы
жағдайды бір жақты шешуге болатың еді, егер Жамбылгипс кәсіпорыны
тасымалдауға жеңілдіктер алса. Тасымалдауға женілдіктері бар
кәсіпорындардың қатарына кіру үшін, зауыт үлкен көлемде жүктер жөнелту
керек.

1.2 Кәсіпорынның өндірістік және басқару құрылымы

Жамбылгипс АҚ – ң президенті Құсаинов Қайнарбек Қабыкенұлы, жарғылық
капиталдағы үлесі 100 % - жай акциялары 97,78 % - пұрсатты акциялар.
Президент Қоғамның атқарушы мүшесі болып табылады, ол акционерлердің Жалпы
жиналысынан және директорлар Кеңесінің құзырындағы сұрақтардан басқа
ағымдағы қызметтегі сұрақтардың барлығын шешеді. Президентті 3 жылға
сайлау, сонымен қатар оның қызметін тоқтату жалпы жиналыста шешіледі.
Президенттің міндеттері:
- Қоғамның алдына қойған мақсатына жету жолындағы шешімдерді
қабылдау;
- Қоғам жұмысшыларының қызметтік міндеттемелерін анықтау;
- Қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатынд ішкі нормативті құжаттарды
айқындау;
- қаржылық жоспардың дайындалуын және орындалуын қамтамасыз ету;
- Қоғамның штаттық кестесін белгілеу;
- сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру.
Директорлар Кеңесі ҚР Акционерлік қоғам туралы Заңына сәйкес
шешілетін сұрақтардан басқа кәсіпорын қызметіне жалпы жетекшілік етеді.
Директорлар Кеңесінің ерекше құзіретіне келесі мәселелер жатады:
- акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін, Қоғам қызметінің
приоритетті бағыттарын шешуді жүзеге асырады;
- Қоғам акционерлерінің жалпы жылдық жиналысын шақыру туралы шешім
қабылдайды;
- жалпы акционерлер жиналысымен бекітілетін ірі келісімдерді құру
туралы шешім қабылдайды;
- акционерлердің жалпы жиналысында бекітілетін құпия түрдегі және
қоғамның коммерциялық жасырын түрдегі ақпараттарды анықтау.
Кәсіпорында мамандандырылған және кәсіби дайындалған қызметкерлері
бар, оның негізгі міндеті гипсті өндіру, өңдеу, қайта өңдеу және өткізу,
құрылыс материалдарын өндіру, қайта өңдеу және өндірісті басқару болып
табылады. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 2006 жылы 485 адамды құрады, ал
2007 жылы ол 529 – ға дейін жетті.

Кесте 9 – Жамбылгипс Акционерлік қоғам жұмысшыларының құрылымы
№ Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл Өзгеруі
(+;-)
1 2 3 4 5
1 Барлығы 529 497 -32
2 Барлық деңгейдегі басшылар 12 16 +4
3 Жоғары деңгейдегі білікті мамандар 17 15 -2
4 Орта деңгейдегі білікті мамандар 10 8 -2
5 Ақпарат дайындаумен, құжаттарды 5 6 +1
рәсімдеумен және есеп жүргізумен
айналысатын қызметшілер
6 Қызмет көрсету, коммуналдық қызметтерді 10 12 +2
ұсыну, сауда салаларының және ұқсас
қызмет түрлерінің қызметкерлері

Кестенің жалғасы
1 2 3 4 5
7 Ірі және шағын өнеркәсіп ұйымдарының, 382 367 -15
құрылыстың, көліктің, байланыстың,
геология мен жер қойнауын барлаудың
білікті жұмысшылары
8 Біліксіз жұмысшылар 93 73 -20

Жамбылгипс Акционерлік Қоғам қызметкерлердің тізімдік саны 2007 жылы
529 адам, 2008 жылы 429 адам, яғни 32 адамға төмендеген. Жоғары деңгейдегі
білікті мамандар 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 2 маманға кеміді.
Сонымен қатар орта деңгейдегі мамандар да 2 адамға, яғни 2008 жылы 8 адам.
Ал кәсіпорынның басқару құрылымы келесі суретте көрсетілген. Ірі және
шағын өнеркәсіп ұйымдарының, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геология
мен жер қойнауын барлаудың білікті жұмысшылар 2007 жылы 382 адам,
сәйкесінше 15 жұмысшыға кеміп, 367 адамды құрады. Біліксіз жұмысшылардың да
азайғанын байқаймыз, 207 жылы олар 93 болса, 2008 жылы 20 адамға кеміп, 73
жұмысшыны құрап отыр. Бірақ та барлық деңгейдкгі басшылар 4 адамға өсті,
яғни 2007 жылы 12 болса, сәйкесінше 16 – ны құрап отыр. Ақпарат
дайындаумен, құжаттарды рәсімдеумен және есеп жүргізумен айналысатын
қызметшілер саны 2008 жылы 1 адамға өсті. Қызмет көрсету, коммуналдық
қызметтерді ұсыну, сауда салаларының және ұқсас қызмет түрлерінің
қызметкерлерінің саны 2008 жылы 2 адамға өскен.

Сурет 2. Жамбылгипс АҚ – ң басқару құрылымы

1.3 Жамбыл-гипс АҚ техника-экономикалық көрсеткіштері

Техника – экономикалық көрсеткіштер – кәсіпорынның материалды -
өндірістік негізін және ресурстарды жинақы пайдалануды сипаттайтын өлшемдер
жүйесі. Техника – экономикалық көрсеткіштер өндірісті және еңбекті
ұйымдастыруды, техника деңгейін, өнім сапасын, айналым және негізгі
қорларды пайдалануды талдау және жоспарлау үшін қолданылады.
Нарықтық экономикаға өту кәсіпорыннан өндірістің тиімділігін,
шаруашылық жүргізудің және өндірісті басқарудың тиімді формаларын, ғылыми –
техникалық прогресс жетістіктерін енгізу негізінде өнім бәсекелестігін
көтеруді, әрекет етпей тұрып қалуды болдырмауды, кәсіпкерлікті
белсенділендіруді және т.б. талап етеді. Сондықтан бүгінде шаруашылық
жүргізуші субъектінің қызметін экономикалық талдауға маңызды рөл беріледі.
Оның көмегімен кәсіпорынның даму стратегиясы мен тактикасы жасалынады,
басқару шешімдері мен жоспарлары негізделеді, олардың орындалуын бақылау
жүзеге асырылады, өндіріс тиімділігін көтеру резервтері анықталады,
кәсіпорын қызметінің нәтижелері бағаланады.[
ЖШС – нің қызметінің техника – экономикалық көрсеткіштеріне талдау
жасаймыз.

Кесте 10 – Жамбылгипс АҚ – ң негізгі техника – экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өлшем 2007 жыл 2008 жыл Ауытқуы Өсу
бірлігі (+;-) темпі,%
1 2 3 4 5 6 7
1 Өнім өндіруден түскен мың тг.622165,0 520270,1 -101894,9 83,6
табыс
2 Өндірілген өнімнің мың тг.352949,6 517597,5 +164647,9 146,6
өзіндік құны
3 Жалпы табыс мың тг.269215,4 2672,5 -266542,8 1,0
4 Мерзімдік шығындар мың тг.232539,3 266339,2 +33799,8 114,5
5 Басқадай табыс мың тг 20621,7 18639,3 -1982,4 90,4
6 Еңбек ақы қоры мың тг.174762,2 155013 -19749,2 88,7
7 Өндірістік өнеркәсіптікадам 529 497 -32 93,9
персонал саны
(ӨӨП )
8 Бір жұмысшының орта мың тг.330,3 311,0 -19,3 94,2
жылдық еңбек ақысы
9 Бір жұмысшының орта мың тг.27,5 25,9 -1,6 94,2
айлық еңбек ақысы
10 Бір жұмысшының еңбек мың тг.1176,1 1046,8 -129,3 89,0
өнімділігі
11 Негізгі қордың орта мың тг.321709,2 518486,8 +196777,6 161,2
жылдық құны

Кестенің жалғасы
12 Таза табыс (зиян) мың тг.57297,7 -245027,3-187729,6 4 есеге
төмендеді
13 1 теңгеге шаққандағы тг 0,91 1,45 +0,54 159,8
өндірілген өнімге
кеткен шығын
14 Қор қайтарым теңге 2,0 1,0 1,0 50,0
15 Рентабельділік % 16,2 - - -

Өнім өндіруден түскен табыс 2007 жылы 622165,0 мың теңгені құраса,
2008 жылы 520270,1 мың теңге құрап отыр, 16,4 % - ға төмендеді. Бұл
көрсеткіштің төмендеуіне біршама себептер бар, мысалыға өндірілген өнімге
сұраныс төмендеп, қоймада қалып қоюы; өнімнің сапасының нашарлауы, сонымен
қатар ақаулы өнімнің көп болуы. Басқа да табыстар төмендеген, 2007 жылы
20621,7 мың тг., 2008 жылы 1982,4 мың тг. төмендеді. Пайда немесе шығын,
өнім өндіруден түскен табыстан өнімнің өзіндік құнын азайтқанда 2007 жылы
269215,4 мың теңге., сәйкесінше 2672,5 мың теңге., 266542,8 мың теңге.
төмендеді. Ал таза кіріс 2007 жылы 57297,7 мың теңге болса, 2008 жылы
245027,3 мың тг. шығындалды. Өнімнің өзіндік құны 2008 жылы 2007 жылмен
салыстырғанда 164647,9 мың теңге, 46,6 % өсіп, 517597,5 мың тг. құрап отыр,
ал 2007 жылы 352949,6 мың теңгені құраған. Мерзімдік шығындардың да өскен,
яғни 2007 жылы 232539,3 мың тг. құраса, 2008 жылы 33799,8 мың тг. өсіп,
266339,2 мың тг. құрады. Сонымен қатар негізгі қордың орта жылдық құны 2007
жылы 321709,2 мың тг., сәйкесінше 196777,6 мың теңгеге өсіп, 518486,8 мың
тг. құрады. Жамбылгипс Акционерлік қоғамның қызметкерлердің тізімдік саны
2007 жылы 529 адам, 2008 жылы 429 адам, яғни 32 адамға төмендеген.
Қызметкерлер санының қысқарумен байланысты еңбек ақы қоры да
төмендеді. 2007 жылы 174762,2 мың тг., сәйкесінше 155013 мың тг. Бір
жұмысшының орта айлық еңбек ақысы 2007 жылы 27,5 мың теңге, 2008 жылы 25,9
мың теңгені құрайды. 1 теңгеге шаққандағы өндірілген өнімге кеткен шығын
2007 жылы 0,91 тг., 2008 жылы 1,454 тг. құрады. өндірістік өнеркәсіптік
персонал саны саны 33 адамға қысқарса да, бір жұмысшының еңбек өнімділігі
төмендеді, 2008 жылды алдыңғы жылмен салыстырғанда 129,3 мың тг. төмендеп,
1046,8 мың тг. құраған. Қор қайтарым сатылған өнім көлемінің орта жылдық
негізгі құнының қатынасымен анықталады. Кестені қорытындылай келе қор
қайтарымы есептелінген. Ол сомманы анықтау үшін қызмет көрсетуден түскен
кірісті негізгі құралдардың орташа жылдық құнына бөлгенде. Қор қайтарымның
төмендегені байқалады, 2007 жылы 2,0 теңгеге тең, 2008 жылы 1,0 теңге,
сонда 1,0 теңгеге төмендеді. Рентабелтділікті пайданы өзіндік құнға бөліп
100 пайызға көбейту арқылы анықтаймыз. Рентабельділік 2007 жылы 16,0 % - ға
тең, ал 2008 жылы кәсіпорын шығынды болғандықтан рентабельділік
есептелмейді, яғни бұл жылы Жамбылгипс кәсіпорыны рентабельсіз болып
келеді.

Бөлім 2. Жамбыл-гипс АҚ шаруашылық қызметін талдау

2.1. Капитал мен резервтердің есебі мен аудитін талдау

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін
жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың,
мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да
мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Жарғылық
капиталдың есебі 5000-ші Жарғылық капитал деген шоттар бөлімшесінде
жүргізіледі.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын, алдымен жарияланған
жарғылық капиталының толық төленуі қарастырылады.
Заңды тұлғалардың меншік құқығының мазмұнын Азаматтық Кодекс анықтайды.
Коммерциялық ұйымдарда жалпы құқық қабілеттілік, ал коммерциялық
еместе—арнаулы құқық қабілеттілік болады. Коммерциялық еместе—арнаулы құқық
қабілеттілік болады. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында заңды
тұлға қызметінің мәні мен мақсаты белгіленуге тиіс (АК-ның 41-бабы 3-
тармағының 1-бөлігі). Коммерциялық емес ұйымдарға қарағанда
коммерциялықтарда қызметтің заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында
тыйым салынбаған түрлерімен айналысу үшін қажетті азаматтық міндеттер
көтереді. Қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асырушы, заңды тұлғалар
үшін, заң актілерінде көзделген жағдайда, қызметтің басқа түрімен айналысу
мүмкіндігі жоққа шығарылады немесе шектеледі. Тізбесі заң актілерінде
блгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен заңды тұлға лицензия негізінде ғана
айналыса алады (АК-ның 35-бабының 1-тармағы).
Заңды тұлғаның мүлкін құру және таза табысын бөлу ережесін құрылтайшы
құжаттар белгілейді. Құрылтай шартында тараптар заңды тұлғаның меншігіне өз
мүлікн беру шартын, құрылтайшылар арасында таза табысты бөлу шартын
анықтайды (АК-ның 41-бабы 4-тармағының 1-бөлігі). Егер заңды тұлғаны бір
адам құрса, онда оның жарғысында мүлікті құры және кірістерді бөлу тәртібі
де белгіленеді. (АК-ның 41-бабы 5-тармағының 2-бөлігі)
Мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың меншік иелері
қаржыландыратындардан басқа заңды тұлғалар, өздерінің міндеттемелері
бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Заң актілерінде не
заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлардан басқа реттерде
заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) оның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушының)
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мұндай жағдайлардың кейбіреулері АК-
да қарастырылған. Мысалы, АК-ның 44-бабының 3-тармағына сәйкес егер өзінің
банкраттығы оның құрылтайшысының іс-әрекетінен туындаған болса, құрылтайшы
(қатысушы)... несие берушілер алдында субсидиялық жауапкершілікте болады.
Шаруашылық серіктестігі құрылтайшыларының оның несие берушілері
алдындағы жауапкершілігі Ак-ның 59-бабында да көзделген. Шаруашылық
серіктестігін қайта тіркегенде оған қатысушылар салымның ақшалай бағасын
серіктестіктің бухгалтерлік құжаттары не аудитор қорытындысы растайды.
Серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) мұндай бағалаудан кейін бес
жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салымның көтеріңкі бағасы
бойынша анықталған сома шигинде бірлескен жауапкершілік көтереді.
Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық
серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы
бойынша серіктестікке тиесілі болады (АК-ның 58-бабы 1-тармағының 1-
бөлігі).
Шаруашылық серіктестігінің жарғы капиталына салым ақша, бағалы
қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде интеллектуалдық қызмет
нәтижесіне құқық, және басқа мүлік болуы мүмкін. Құрылтайшылардың
(қатысушылардың) жарғы капиталына заттай формадағы немесе мүліктік құқық
түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе
серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімімен немесе серіктестіктің
барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша ақша түрінде
бағаланады. Егер ондай салымның құны айлық есептік көрсеткіштің 20 000
мөлшеріне бара-бар сомадан асатын болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы
растауы тиіс.
Жамбылгипс АҚ жарғылық капиталдың есебі 5030 шоттарында жүргізіледі.
Мұнда құрылтайшылардың салымдары көрсетіледі. Кәсіпорынның бухгалтерлік
балансы және меншікті капиталдың өзгеру есебі бойынша төмендегідей
бухгалтерлік жазулар беріледі.
Жамбылгипс АҚ -ң жалғыз үлескері қаражаты ретінде 300000 мың теңге
мөлшерінде ақша салынды.
Дт 5110 Кт 5030 Салым жарияланды
Дт 1030 Кт 5110 Ақша салым ретінде
салынды.
Жамбылгипс АҚ -ң 2009 жылғы есепті кезеңдегі қорытынды пайда сомасы
-295797,12теңге көрсетілді
Дт 6010 Кт 5510
Резервтік капитал – кәсіпорынның таза табысының есебіне қалыптасатын
меншікті капиталының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
«Казиндустрия» ЖШС
«AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
«Байсерке-Агро» ЖШС-ның өндірістік–қаржылық қызметі
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Қаржылық есеп беру және оның талдауы
Пәндер