«Орманды мемлекеттік бақылау, басқару талаптары»



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Орман ресурстарын пайдаланудың нормативтері
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандардан
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік
басқару және бақылау.
3. Орман иелену және орман пайдалану құқығы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдибиеттер тізімі
Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады. Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.
Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы.

Орман ресурстарын пайдаланудың нормативтері.
Орман ресурстарын пайдалану Р. орман кодексімен және Р. үкіметінің бірқатар үкімдерімен регламенттеледі. Орман ресурстарын, оларды алуды анықтайтын, пайдаланудың нормативтері, шаруашылық және де Р. субъектісі үшін орман топтары бойынша пайдаланатын ғылыми негізделген ағаш кесу нормасы – ағаш кесетін жердің есебі болып табылады. Ағаш кесетін жер фонды және ағаш кесетін жер есебі түсініктерін айырады.
Орман тұтынушыларына 1 жылға бөлінген ағаш қабығын дайындау лимиттері ағаш кесетін жер фондымен белгіленеді, ал ағаш кесетін жер есебі – норматив, оның ұстануы кезінде ресурстарын ұмытуды, сарқылмайтын және үздіксіз пайдалану, орманды қайта қалпына келтіру және оның функцияларын сақтау қамтамасыз етілуі керек.
1. Қазақстан Республикасының орман кодексі
Алматы: ЮРИСТ, 2004 – 66 Б.

2. АКқбосова А.Ж.,Сайнова Г.Ә.
экология – Алматы, 2003 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Орманды мемлекеттік бақылау, басқару талаптары

Орындаған: Жапабаев Қ.

Тексерген: Оқытушы
Айтешова Қ.

АЛМАТЫ
2006

Мазмұны

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Орман ресурстарын пайдаланудың нормативтері
2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандардан
молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік

басқару және бақылау.
3. Орман иелену және орман пайдалану құқығы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдибиеттер тізімі

Кіріспе
Кәзіргі алаңдатаралық экологиялық мәселелердің бірі осы орман
шаруашылығы болып отыр. Орман – ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды
табиғаттың басқа да компоненттердің жиынтығы, негізінде белгілі бір аумақта
қалыптасқан, қоршаған орта мен өзара байланысты және маңызды экологиялық,
экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешеннің бірі болып табылады.
Орман шаруашылығын келешек ұрпаққа сақтап қалу, оларды жаңарту, керекті
шикізат көзі ретінде ұтымды пайдалану, біздің парызымыздың бірі.
Орман шаруашылығы – орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды
молықтыру мен орман өсіру, пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын
бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы.

Орман ресурстарын пайдаланудың нормативтері.
Орман ресурстарын пайдалану Р. орман кодексімен және Р. үкіметінің
бірқатар үкімдерімен регламенттеледі. Орман ресурстарын, оларды алуды
анықтайтын, пайдаланудың нормативтері, шаруашылық және де Р. субъектісі
үшін орман топтары бойынша пайдаланатын ғылыми негізделген ағаш кесу
нормасы – ағаш кесетін жердің есебі болып табылады. Ағаш кесетін жер фонды
және ағаш кесетін жер есебі түсініктерін айырады.
Орман тұтынушыларына 1 жылға бөлінген ағаш қабығын дайындау лимиттері
ағаш кесетін жер фондымен белгіленеді, ал ағаш кесетін жер есебі –
норматив, оның ұстануы кезінде ресурстарын ұмытуды, сарқылмайтын және
үздіксіз пайдалану, орманды қайта қалпына келтіру және оның функцияларын
сақтау қамтамасыз етілуі керек.
Басты пайдаланудағы ағаш кесу шектеулері бірінші топтағы ормандар үшін
тағайындалады. Бұл ағаш кесулерді ұлттық саябақ ормандарында, ғылыми және
тарихи мәнісі бар ормандарында, табиғат ескерткіштерінде, саябақ
ормандарында, қала ормандарында, жасыл аймақтарда, жаңғақ егу аймақтары
ормандарында, орман өнімдері егіндіктерде, сумен жабдықтау көздерін қорғау
санитарлы аймақтардың бірінші және екінші белдеу ормандарында, тундра
маңындағы, эрозияға қарсы ормандарда, мемлекеттік қорғаудағы ормандарда,
санитарлық қорғау курорттарының аумақтарында, бірінші және екінші аумақтары
ормандарында жүргізуге болмайды.
Аса бағалы орман массивтерінде және бағалы кәсіпшілік балықтардың
уылдырықтарын қорғайтын тыйым салынған орман жолақтарында, тек қана
санитарлық ағаш кесулерге, жаңғырту ағаш кесулеріне және орман алқаптарын
құрылыстар мен ғимараттар, құбыр желісін төсеу, жол, ормандағы жол, өртке
қарсы үзілулер үшін тазарту кезіндегі ағаш кесулерге рұқсат берілген.
Қорық ормандарында, қорықты орман алқаптарда және бірінші топты
ормандарда көп ағаш кесуге жол берілмейді.
Бірінші топты ормандарда негізгі тау жыныстарының жаңаруын және
ағаштардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, таңдаулы және біртіндеп ағаш
кесулерді жүргізуге рұқсат етілген.
Екінші топты ормандарда негізгі пайдалану ағаш кесулерінің барлық
түрлері жүргізіледі: тұтас ұзақ мерзімді – біртіндеп және жолақ арқылы
біртіндепті қосқандағы таңдаулы және біртіндеп. Ағаш кесудің мақсаты:
ағашты дайындама жасау мақсатында орманды ұтымды пайдалану, бағалы ағаш
жыныстарымен орманды жаңарту, олардың орта түзулй функциялары жаңарту және
сақтау.
Үшінші топтағы ормандарда да тұтас, біртіндеп және таңдаулы ағаш
кесулер, ағашты дайындап жасау жүргізіледі. Орманның түр жаңаруы
мақсатында, тұтас ағаш кесулер екінші белдеудегі жас өскеннің тіршілікке
икемділігі, сонымен қатар ағаш кесуден кейін 2-3 жыл ішінде орман
мәдениетін егу сақталуы керек.
Қ.Р. Орман кодексі 2003 жылғы 8-шілдедегі № 477-11 жаңа Орман
кодексі, Егемен Қазақстан газетінің 2003 жылғы 19 шілдедегі № 180-181
жарияланды. Орман кодексі 9-бөлімнен 20-тараудан 118-баптан тұрады.

Қ.Р. Орман заңдары:
1. Қ.Р. орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына
негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы өзге де нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады.
2. Өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесін, су
объектілерін, жер қойнауын, жерді, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледі.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа осы
Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.
Осы Кодекспен реттелетін тақынастар:
1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі
қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ орман қорын күзетудің, қорғаудың,
молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуметін көтерудің, оны
ұтымды пайдаланудың құқықтық негіздерін белгілейді.
2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламды
экологиялық, әлеуметтік және экологиялық мәні бар аса маңызды
компонеттерінің бірі болып табылатын негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарының принциптері:
Қазақстан Республикасының заңдары:
1. Ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс-топырақ қорғау,
су сақтау және санитарлық гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы
мемлекеттік мәнін мойындау
2.Ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды
аумақтарын тұрақты ұлғайту);
3. Ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
4. Орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сырқылмайтындай етіп пайдалану;
5. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен
орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
6. Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген
залалдың орнын толтыру;
7. Орман ресурстарын ақылы пайдалану;
8. Орман қорының жай күйі туралы ақпараттың қол жетімділігі;
9. Халықтың және қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге және
қорғауға қатысу принциптеріне негізделеді;

Орман ресурстары және орманның пайдалы қасиеттері:
1. Орман ресурстары сурек қорынан, шайыр мен ағаш шырындарынан,
қосалқы сүрек ресурстарынын, жабайы өсетін жемістерден, жаңғақтардан,
саңырауқұлақтардан, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттан, орман
қорында болатын, жинақталатын және өндірілетін өзге де өсімдік пен мал
өнімдері қорынан тұрады.
2. Орманның өсіп тұрған кезінде өзіне тән экологиялық және әлеуметтік
мәні бар функциялары (оттегі бөліп шығару, көмір қышқыл газын бойына
сіңіру, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау, топырақтың жоғары
қабатындағы ылғалды ішкі қабатына тарту, бальнеологиялық және климат
реттеушілік қасиеттері) оның пайдалы қасиеттеріне жатады.

Орман құқығы қатынастарының субъектілері:
Ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды, орман өсіру мен орман
пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік
органдар орман құқығы қатынастарының субъектілері болып табылады.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман
өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.
Орман қорын күзету қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман
өсіру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар жүйесі.
Осы саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар жүйесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкіметті орган және
оның аумақтық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен және Қазақстан
Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған құзіреті шегінде
жергілікті атқарулы органдар кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің орман қорын күзету, қорғау,
пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы құзіреті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- мемлекеттік орман саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оның
іске асырылуын қамтамасыз етеді.
- мемлекеттік орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету жүзеге
асырады.
- орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды бағдарламаларды
бекітеду.
- орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын,
мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Ормандардың құқықтық режимі туралы
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі
Орман қорын құқықтық қорғау
Бұқпа мемлекеттік мекемедегі орман сақтау шараларды табу
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
Қазақстан Республикасында орман басқару жұмысының қамтамасыз етілуі
Алымдар және төлемдер
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
Пәндер