Ақынның өмір жайлы тұжырымдарын жаңа көзқарас тұрғысынан қорыту


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысы қазақ әдебиетіндегі Мағжан ақынның «От» деген өлеңінің орны, ерекшелігі жайлы, көркем шығармаларға талдау жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашты. Ұлттық рухани құндылықтар төл тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрнекті өкілдердің өмірін, шығармаларын жаңаша түрде зерттеп, екшелеп алу біздің еншімізде.

Демек, біз, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігі жағдайында ұлттық санамызды жаңғыртып, тарихи танымның көкжиегін кеңейту үшін «тар жол тайғақ кешуден» өткен халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын жаңаша көзқараспен жазуға міндеттіміз.

Осыған орай, Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе мүлдем зерттелмей, тарихи тұрғыдан шынайы өз бағасын ала алмаған мәселелер аз емес. Соның бірі - қазақ әдебиетінде түрлі талқыға түсіп, әдебиеттанушылардың әр түрлі пікірде қалыптасқан Мағжан сынды жарық жұлдызымыздың төл туындылыры болып табылады.

Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Ақынның өмір жайлы тұжырымдарын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытып, бұрын әдебиетімізде белгісіз болып келген немесе тың деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу -зертеу жұмысының басты мақсаты. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:

-Поэзия жанрының әдебиетте көрініс табуы

- Әдебиеттегі орны

- Көркем шығармаларға талдау жасау

- Ақын-жазушылардың еңбектерін ғылыми тұрғыда зерделеу

- шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.

Тақырыптың тарихнамасы : Қай елдің тарихында да халыққа сіңірген еңбегі мен көрсеткен қызметі көп жылдардан соң бағаланып, танылатын тарихи тұлғалар болады. Тағдыры тарих тәлкесіне тап болып, туған халқымен жарты ғасырдан соң қайта мәңгілік табысқан сондай тұлға- Мағжан Жұмабаев. Осылайша, туған халқын жан-тәнімен сүйгендігі үшін, қазақ халқын барынша сөздің құдіретімен айта алғаны үшін жазықсыздан-жазықсыз жазаланған ақын жүрегі өзіне- өзі өлеңнен ескерткіш орнатты. Қазақтың біртуар ақын ұлы халқымен қайтадан қауышты . . .

Дара ақынның жырларын оқып, кейінгі ұрпақ санасына дарыту мен сияқты талай жастың арманы арманына айналды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - М. Жұмабаевтың «От» өлеңін талдау
Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:
• Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;
• Мағжан поэзиясының көркемдік қуатын анықтау;
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңіне талдау жасалынған.
Қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз атылған тұлғалардың бірі - Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде

қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Мағжан жазған әрбір жыр өзінің алдындағы ақындардан бастау алады. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да - Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін . . . Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай . . . бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжанның сөзі», -деген Мұхтар Әуезов. Ұлы жазушының осы бір сөзінен-ақ біз Мағжан ақынның жырының қандай деңгейде жазылғанын байқаймыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайды оқып, еліктеп, Абайша жазған дарынды тұлға өлеңдері қазіргі кезде өз оқырманын тапты.

Мағжан - ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз, - деген Жүсіпбек Аймауытов

Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Егер зерттеу жұмыстарына қарасақ, бұл өлең Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деп аталатын еңбегі шықпай тұрып жазылған. Біз бұл өлеңнен ақынның терең ойлы екенін тани аламыз. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Міне, Мағжанның өкініші-осылар.
Мағжан поэзиясының құдіреттілігі сол - ол оқырмандарына көтеріңкі көңіл - күй, бойға рух, жанға жігер береді. Өлеңдерінің құдіреттілігі сол - жастардың қанындағы ұлттық рухты күшейтеді, отаншылдық сезімін арттырады. Оларды батырлыққа тәрбиелейді. Мағжан өлеңдері жастарды елін, жерін сүюге тәрбиелейді. Мұның бәрі Мағжан тума дарын екендігін аңғартса, екіншіден өзіне дейінгі ақындардан оқу-үйрену нәтижесінде жеткен. Ол тек қана қоғамдық саяси ойлар айтумен шектеліп қалмаған, қазақ әдебиетін бүкіл ел танитын әлемдік дәрежеге шығаруды да мақсат еткен. Ақынның ол арманы өз өлеңдері арқылы орындалды.
Дегенмен, Мағжанның ойлары мұнымен шектелмейді. Бір ұлттың өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Не себепті ақын жалпы түріктік идея көтереді? Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның "Пайғамбар", "Күншығыс", "Түркістан", От" тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана жоймақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Мағжан өз халқының бойындағы биік рухқа сенген, армандаған азаттыққа жеткізеді, әлемдік өркениет көшінің алдыңғы легіне қайта қосылуға болады деп үміттенген. Мағжан ақынның кез- келген өлеңдерінен оның қазақ халқына, жалпы түркі жұртына деген асқан сүйіспеншілігі байқалып тұрады.
«От» өлеңінде өршіл ақынды ұлтымыздың, ел-жұртымыздың тағдыры, болашағы, өткені қатты толғандырады. Өлең тақырыбы - қазақ халқын ояту.
Өлең мақсаты сол үмітті, сол тілекті өз халқына жеткізу.
«Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім-күнмін, өзім - от», - дей келе Мағжан Жұмабаев қазақ халқы алдына үлкен міндет қойып отыр.

Мағжан Жұмабаев, ең алдымен, ақын. Ақынды алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы демі үзілгенше туған халқының, бүкіл түркі жұртының, Шығыс мәдениетінің, жалпыадамзаттың тағдыры толғандырады. Ес білгеннен көкжиекке дейін керілген кең байтақ даланы тамашалап, еркін өскен, елінің өткен даңқты тарихы мен ертегі-аңыздарын құлағына құйып ер жеткен Мағжан бойында әуелгіде, өршіл ұлттық рух кемерінен асып төгіледі:

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын,

Күнге ғана бағынам.

Өзім-күнмін, өзім-от,

Сөзім, қысық көзім де -от,

Өзіме өзім табынам.

Жерде жалғыз Тәңірі -от,

Оттан басқа Тәңірі жоқ.

Ақынның «от» деп отырғанын біз қалай түсінеміз. Оттың қазақ халқы үшін қандай маңызы бар. Мағжан бұл тақырыпты не себепті өлеңіне арқау етті? Сұрақ көп, жауап аз. Халқымыздың санасын ояту ма, рухын көтеру ме, елдігімізді дәріптеу ме екен?! Кім білсін?!

Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралған, олардың ішінде ең әйгілілері- отқа табыну. Византия тарихшысы Менандртүрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құтқарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы аластадық деп сенгендей болды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI-VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.

Шоқан Уәлихановтың көп томдық шығармалар жинағының бірінші томына кірген бұл мақаласында от туралы, отқа май құюға арналған дерекке назар аударайық.
От- әулие (киелі) болып саналады. Отқа түкіруге, ошақты басуға болмайды. Жаңа түскен келін (күйеуінің) әкесінің үйіне кіріп, сәлем жасап, «аруақ» разы болсын» деп тағзым етіп, отқа бір қасық май құю керек. Жас келін сәлем еткенде, аруақ разы болсын деп, тізе бүгіп, еңкейіп, маңдайын еденге тигізеді. Отқа тамызған май жанып жатқанда, жас келіннің енесі немесе әйелдердің бірі алақанын отқа қыздырып, келіннің бетін сипайды. Үлкен үйдің отының құрметіне деп, қалыңдық атасының иығына шапан жабады, отағасы жас келінді: «иін қандырып илеген терідей, мінезің жұмсақ болсын, қарағым», -деп бата беріп, тулаққа, қой терісіне отырғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
М.Әуезовтің Абайтануға қосқан үлесі
Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Тіл танымдық оқу практикасы
Дәстүрлі ақындық поэзия
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz