Тарихтан сабақ алмасақ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Алланың қазаққа қарасқаны ма, әйтеуір Түркістан топырағында Алланың ардақты достарының себебінен Ислам молынан нәсіп болды. Сосын барып “мұсылман” деп аталатын адамзат категориясына кіруге мүмкіндік алдық. „Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат”- деп аталар айтқан ақиқатқа тоқтасақ, Алланың жәрдемімен Қожа Ахмет Ясауи атты Құдай досының шарапатынан ең көп үлес алып, Яссауи іліміне бірден бір рухани мұрагер болып қалған да біз, яғни қазақ деп аталатын аңғал да аңқау, ақжүрек халық екен

Мына создер маган таныс . . . Бұл создерді сырттан келген келімсектер қазақтын таза исламды ұстап жұргенін қызганып хақ дініне қарсы шыгып, осындай создерді ел арасында жайып жүргені. Мен сізбен келіспейтінім зікір жоқ дегенсіз, дұрыстап ізденсеніз ол бар! Келімсектерге сенбей оз ата-бабамыздын ұстаңган хақ жолы таза исламмен жүргеніміз дұрыс болар!

Ауыздан ак копірік атып естен танып жайсан жақсыдай емес, жын қаққан бақсыдай салатын зікір Ислам дінінде Құранда Пайғамбарымыздың сүннетінде жоқ Қазақ баласын адастырып Ата бабаларымыз зікір салған Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата осы жолда жүрген деп жалған насихат айтып жүргендердің арасында салмағы қорғасындай ағаларымызда көп. Осындай Алланың бізге саф таза күйінде түсірген Хақ исламын пенденің әлсіз ойынан шығарылған бидағат жаңалықтармен қоқыс ластармен таза бұлақты былғасақ ол дегенің барып тұрған шектен шығушылық емес пе, ағайын?!

Тарихтан сабақ алмасақ

Зікірия Жандарбек,
тарих ғылымдарының кандидаты

Тарихтан сабақ алмасақ …

Дін - кез-келген халықтың рухани дүниесі мен мәдениетінің өзегі. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сол діннің ыңғайына қарай жасалады. Дін өзгерсе олар да өзгереді. Діннен тыс мәдениет те, салт-дәстүр де болмайды. Керек десе бір діннің ішіндегі әр түрлі ағымдар арасындағы айырмашылық халықтың этникалық бет-бейнесін өзгертуге күші жетеді. Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Түркі халықтарының соңғы мың жыл ішінде жүріп өткен жолы оған дәлел бола алады. Бұл мәселе жөнінде соңғы жылдары республикалық баспасөз бетінде жарияланған мақалаларымда айтқан болатынмын. Енді бүгін сол айтылғандарды тағы да қайталап, нақтылап айтудың қажеттігі туып отыр. Өйткені, қазіргі күні Елімізде жүріп жатқан рухани процестер Қазақ өзі халқының жүріп өткен рухани тарихынан хабарсыз екендігін көрсетіп берді. Ал, рухани дүниесін малынан да, жанынан да артық санаған «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қазақ сияқты халық үшін бұл аса қауіпті процесс екені айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай, жетпіс жылдық атеистік тәрбие халқымызды діннен хабарсыз еткені, ақ пен қараны ажыратуға шамасын келтірмей қойғаны да шындық. Осыны пайдаланған шет елдік діндарлар елімізге, исламнан тыс ағымдарды қоспағанның өзінде, әртүрі бағыттағы ислам ағымдарын әкелгенін көзіміз көріп отыр. Аузында Алласы, қолында Құраны болғансын алғашында оларды қазақтың құшақ жая қарсы алғаны да рас. Бүгін сол ағымдар қазақ халқы үшін аса қауіпті факторға айналып отырғанына бәріміз куәміз. Бұл қалыптасқан жағдайдың елді ертеңгі күні қанды қырғынға ұшыратары, олай болмаған күнде қазақты өзінің рухани, мәдени дербестігінен айырып, әртүрлі этникалық топқа жіктері анық. Өйткені, сырттан келген діни ағымдар қазақ халқының рухани дүниесі мен мәдени мұрасын ертеңгі күні қажет етпейді. Қажетсіз, зиянды дүние ретінде сыртқа теуіп, қолданыстан шығарып тастайды. Оны қазір сырттан дін үйреніп келген «әсіре мұсылман» молдалар мен діни оқымыстылар мысалынан көріп жүрміз. Оның орнына өздеріне ыңғайлы, қазақ үшін жат мәдениет пен дәстүрді қалыптастырады. Басқаша айтқанда, қазақ халқы ешқандай соғыссыз, қантөгіссіз тарих сахнасынан кетеді. Егерде бүгінгі күні қазақ халқы ес жиып, етегін жаппаса, өзінің рухани, мәдени дербестігін сақтап қалмаса, тарихтың солай үкім шығарарына менің иманым кәміл. Өйткені, біз мұндай қателікті тарихта бірнеше рет қайталаған халықпыз. Ол бізді, майдан даласында ешкімге дес бермеген түркі деген халықты, сүттей ірітіп, бір-бірімізбен қырқыстырып, әр түрі этникалық топтарға жіктеп, мемлекетігімізден, тәуелсіздігімізден айырған тарихамыздағы аса қасіретті процесс болып еді. Енді сол тарихқа осы мақала көлемінде аз да болса тоқталып көрелік.

VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні XI-XII ғасырларда түркілердің рухани дүниесінен мықтап орын алды. Қарахандықтар мемлекетінде дін тілі мен ғылым тілінің араб тілі, мемлекет тілі мен әдебиет, мәдениет тілінің парсы тілі болуы түркі халықтарының парсы мәдениетіне жұтылып кету қаупін тудырды. Парсылармен етене араласқан кейбір тайпалар сол мәдениетке жұтылып кетті де. Оның үстіне бүкіл ислам әлемін шарпыған рухани тоқырау түркі халықтарына жеткен еді. Оған мысал ретінде ислам мәдениетін көтеруде өшпес із қалдырған Қарахан мемлекеттерінің тарих сахнасынан кетуін айтсақ та жеткілікті. Кейіннен ол кезеңді, араб тарихшысы Ибн ал-Асир, Шыңғыс хан шапқыншылығын, Алланың мұсылмандарға азғындағаны үшін жіберген зауалы деп бағалады. Осы сын сағатта тарих сахнасына Қожа Ахмет Йасауи сынды Ұлы тұлға шығып, сопылық жолдың түркілік бағытын жасауы, түркілердің ислам дінінде бола тұрып, өздерінің рухани, мәдени дербестігін сақтауға мүмкіндік берген еді. Және ол жол Құран аяттары мен Пайғамбар хадистеріне негізделді. Ислам діні мен түркілердің рухани мұрасын ұштастырып өре білген Қожа Ахмет Йасауи салған жолы түркі мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы басты сақтаушысына айналды. Сондықтан Йасауиді ортағасырлық ғұламалар «Қтуб ал-ақтаб», «Пир-и Түркістан» - деп атады. Бұл сөздердің мағнасы «Түркі дүниесінің Темірқазығы», «Түркілердің пірі» дегенді, басқаша айтқанда, бұл Йасауи жолынан тыс исламда түркілерге жол жоқ дегенді білдіретін еді. Бұл сөздің төркінінде ұлы шындық жатқандығын тарих сан мәрте дәлелдеді. Өкінішке орай, біз тарихтан сабақ алмадық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи жолы – дініміз бен діліміздің темірқазығы
Алаш мұраты – отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш
КЕШЕГІ АЛАШ ИДЕЯСЫ- БҮГІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясатының маңыздылығы
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты
Алаш көсемдерінің құнды публицистикалық мұралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz