Әкімшілік іс жүргізушілік


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Әкімшілік іс жүргізушілік
2. Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер:
түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері
5. Әкімшілік жауапкершілік
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
Қазіргі уақытта әкімшілік процесс көптеген жекеленген материалды және процессуалды әкімшілік-құқықтық нормалардан тұратын актілермен реттеледі, бұдан мынандай қорытынды жасауға болады. Әкімшілік-процессуалдық заңдардың бірыңғай жүйесі жоқ. )
Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді.
Кезең (стадия) дегеніміз - процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері.
Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді:
- оның алғашқы сәттері;
- аралық бөліктері;
- процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі.
Әрбір кезең бір-бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.
Әкімшілік іс жүргізушілік
Жалпы құқық қолданушылық қызмет - ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз - нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.
Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде - сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.
Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.
Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.
Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.
Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:
1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;
2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.
Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.
Азаматтардың міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы бойынша да қалыптасуы мүмкін.
Азаматтардың қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып табылады.
Әкімшілік іс жүргізушілік - әкімшілік процестің құрылымды бөлігі.
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері.
Әкімшілік-процессуалдық құқық қолданушылық қызмет ұсақ бөлімдерден - іс жүргізулерден қалыптасады, яғни процесс дегеніміз - іс жүргізулердің жиынтығы.
Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз - нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.
Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.
Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.
Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:
- жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау) ;
- жекешелендіру;
- азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;
- өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;
- мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;
- жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;
- тарату.
Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс;
- қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;
- әкімшілік кесу шараларын қолдану;
- арыздар, шағымдар;
- ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу;
- өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер;
- бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз;
- даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару;
- жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу.
Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де қарастыруға болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз - нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау
Істі қозғау нақты әкімшілік-процессуалдық қатынас тудыруға әкеп соғады, ол жасалған құқық бұзушылықты ашудың және оны процессуалдық рәсімдеудің салдары болып табылады.
Сөйтіп, іс бойынша іс жүргізуді бастаудың материалдық негізі болып тұлғаның әрекетінде әкімшілік заңмен қарастырылған құқық бұзушылық құрамының болуы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы хаттаманы жазуға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте белгіленген өкілетті тұлғалар құқылы (ІІО лауазымды тұлғалары, атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары, жол полициясының органдарының лауазымды тұлғалары, мемлекеттік қалалық техника қадағалау органдарының лауазымды тұлғалары) .
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың мазмұнына заң нақты талаптар белгілеген. Онда міндетті түрде көрсетілуі қажет: жазылған күні және орны, хаттама жазған тұлғаның аты-жөні, әкімшілік құқық бұзушылық орны, уақыты және мәнісі; соны жасағаны үшін жауапкершілік қарастыратын нормативтік акт; куәлар, істі шешу үшін қажетті өзге де мағлұматтар.
Хаттамаға оны толтырған немесе жазған тұлға, құқық бұзушы, егер куә мен жәбірленуші болса, солар қол қояды. Құқық бұзушылық істеген адам өзінің түсінігін беруге құқылы және ол хаттамаға қосымша болуы қажет.
Іс жүргізуді одан кейін өте тиімді, әділ және заңды түрде жүргізу үшін хаттамада айғақтар тіркеледі (айғақ дегеніміз - кез келген факт жүзіндегі мәліметтер, соның негізінде заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті органдар істі қарайды, берілген тұлғаның істеген ісінде құқық бұзушылық, кінәлілік бар ма, жоқ па соны анықтайды және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де жеғдайлар бар ма, жоқ па соны анықтайды. )
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады. Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:
1) әрбір істің мән - жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;
2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;
3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау; құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.
Әкімшілік жауапкершілік
Әкімшілік жауапкершілік заңды бұзғандығы үшін белгіленетін жауаптылықтың түрі. Әкімшілік жауаптылыққа әкімшілік қатынастарды реттейтін құқық ережелерін бұзған адамдар тартылады. Мұндай жауаптылыққа азаматтар 16 жасқа толғаннан кейін ғана тартылады. Дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтарының заң бұзуға байланысты мәселесі дипломатиялық жолмен шешіледі. Заңды жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады, Мұнда заңды жауапкершіліктің барлық түрлері қамтылған. Мәселен құқық нормаларының негізі бойынша мемлекеттік мәжбүрлеу құқықтық нормаларының бұзылуы. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқықты бұзғандар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз-бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына белгілі басқару тәртібіне қол сұғуға бағытталған кінәлі/қасақана немесе абайсызда жасалған/ әрекет немесе әрекетсіздік. /егер рл үшін заңда әкімшілік жауаптылық белгілері болса/. Әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік тәртіпсіздік мағынасы бір-біріне ұқсас ұйымдар. Әкімшілік тәртіпсіздік заңды бұзған іс-әрекет. Егер азаматтардың іс-әрекеті әкімшілік жауапкершіліктің ешқандай нормалырына сәйкес келмесе онда әкімшілік жазалануға жатпайды. Әкімшілік тәртіпсіздік анықталуы үшін нақтылай факт болуы керек.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілеріне мыналар жатады: 1. Қарама-қайшылық
2. Кінә.
З. Жалпылық.
4. Әкімшілік жолмен жазалау.
5. Қоғамға қауіптілік.
Қарама-қайшылық құқық нормаларын бұзатын іс-әрекеттерді жасағанда көрінеді. Әкімшілік құқық бұзушылық тек қана әкімшілік нормаларды ғана емес, басқа кұқық салалары нормаларын да бұзады. Әкімшілік нормалармен реттеліп бекітілген қоғамдық қатынастар сферасы әкімшілік жауапкершілік сферасымен сәйкес келмейді.
Кінә дегеніміз, адам өзінің заң бұзу әрекетін немесе әрекетсіздігін психологиялық, тұрғыдан сезінуі. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық, түрінде жасалуы мүмкін. Әкімшілік қүқық бұзушылықта кінәнің болуы міндетті белгіленеді. Заңды біле түра бұзу және оның келтіретін зиянды салдары болжау қасақаналық болып саналады, ал абайсыздық түрде заңды бұзғанда адам заңды бұзғанын сезбейді және оның нақты жағдайларда осыны ескере отырып, ол мұны сезеді, де болжайда алуы керек. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардын екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайда келтірген зияннның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі. Әкімшілік жаза берілуі, әкімшілік құқық бұзушылық болуы үшін заңда бекітілген әкімшілік жауапкершілік мөлшері болуы тиіс. Қоғамдық қауіпттілік дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылықтын нәтижесінде қоғамға келтірілген залал мөлшері. Өйткені кейбір жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық қылмыс түрі деп те саналады. Бұл әрине қоғамға қаншалықты келтірген залал мөлшеріне байланысты болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы төрт элементтен тұрады:
1. Құқық бұзушылық субектісі; 2. Құқық бұзушылық обектісі; 3. Құқық бұзушылық субъективтік жағы; 4. Құқық бұзушылық объективтік жағы;
Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі-әкімшілік қабілетілігі бар адамдар болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке істеген әрекетеріне орай 16 жасқа толған азаматтар тартылады. Ал, құқық бұзушылық - объектісі заңмен қорғалатын қатынастар болып табылады. Обектілер бірнеше топтарға бөлінеді. Жалпылама объектілер әртүрлі құқық салалармен ретелетін және әкімшілік жауапкершілік шаралармен қорғалатын объекті. Әкімшілік құқық бұзушылық басқару белгіленген тәртіпке қарсы бағытталады. Мемлекеттік және жеке меншік, адамдардың құқығы мен бостандықтары заңмен қорғалатын құқық бұзушлылықтың объектісі болып табылады. Субъективті жағы - бұл субектілердің өз іс әрекеттеріне психикалық қатынастары, былайша айтқанда бұл әкімшілік тәртіпсіздік кінәсі. Адам саналы түрде әдейі өзінің іс-әрекетімен заңды бұзады, өз іс - әрекетінің артында болатын зардабын да біле тұра жағымсыз қылықтарға барады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын әрекеттілік немесе әрекетсіздік арқылы қоғамға қауіпті нәтиже, әрекет немесе әрекетсіздік пен қауіпті зардаптың тууына себепті байланыс. Әкімшілік құқық бұзушылық жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтың төрт құрамы түгел болған да ғана туындайды. Әкімшілік жауапкершілік-әкімшілік құқық бұзушылық үшін жазалау, оның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
Әкімшілік шара.
Әкімшілік құқық нормалары әкімшілік қатынастардығы қандай да бір әрекеттер мен әрекетсіздіктерге тиым салады. Сонымен қатар санкция қолданады. Осы арқылы құқық сақтандыруын қамтамасыз етеді. Ал егер ол бұзылған жағдайда кінәліге берілген жаза түрін қолданады. Әкімшілік шара дегеніміз - әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін лауазымды тұлғалар мен өкілетті органдарға қолдану үшін заңдылықтарды негізге алатын мемлекет органдары қолданатын жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыкқа 16 жасқа толған азаматтар тартылады. Яғни 16 мен 18 жасқа дейін құқық бұзғандарды жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялары қарап занда белгіленген шараларды қолданады. Ал занда көрсетілген жағдайларда жасы толмаған әкімшішк құқық бұзған балалар жауаптылықка жалпы негізде тартылуы мүмкін. Лауазымды адамдарға басқару тәртібін бұзған, мемлекеттік және қоғамдық тәртіптін, табиғатты, халықтың денсаулығын сақтау саласында белгіленген ережелерді және өз қызмет бабы бойынша орындалатын басқа да ережелерді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік шара қолданылады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да ҚР азаматтарымен бірдей жалпы негізде әкімшілік шара қолданылады.
Әкімшілік жауапталықка тартылатын адам істің материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдер келтіруге, өтініш білдіруге, істің қаралуы кезінде адвокаттың заң туралы көмегін пайдалануға, егер іс жүргізілетін тілді білмейтін болса ана тілінде сөйлеуге және тілмаштың қызметін пайдалануға, іс бойынша қабылданған қаулыға шағым беруге құқығы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жауапқа тартылатын адамның қатысуымен қаралады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарланған болса және егер одан істің қаралуын кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда іс ол адам жоқ кезде де қаралуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін мынадай әкімшілік шаралар қолданылады: ескерту, айып салу, әкімшілік құқықты бұзудың құралы немесе тікелей объектісі болған затты құқық, бұзушыдан оның ақысын төлеп алу немесе тәркілеу, белгілі бір азаматқа берілген арнаулы құқықтан айыру, еңбекпен түзеу жұмыстары, әкімшілік жолмен қамауға алу және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz