Зырян ауданында атқарылыған жұмыстар


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

31. 07. 2007

Аудандағы тіл саясаты

Зырян ауданының мемлекеттік органдарында тіл саясаты үнемі бақылауда. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде дайындалатын құжаттардың үлес салмағын көбейту, сапасын жақсарту және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан әрі кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Мемлекеттік тілді қолданудағы құжат айналымының үлес салмағының 2007 жылдың 1 жарты жылдығына арналған талдауы 2006 жылға қарағанда кіріс құжаттарының - 16, 3 пайызға, шығыс құжаттарының - 10, 5 пайызға дейін артқанын байқатады (кіріс құжаттары - 5, 5 және шығыс құжаттары - 0, 8%) .

Көрнекі ақпараттарда тілдерді пайдалануды біріздендіру үшін әртүрлі меншік нысанындағы объектілерге 15 тексеру жүргізіліп, кәсіпкерлермен екі семинар өткізілді. Жаңадан ашылған объектілерде көрнекі ақпараттар мен жарнамалар дайындауға және орналастыруға ары қарай бақылау жүргізу үшін кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен мәтіндерді келісу механизмі жасалған.

Мәдени - бос уақыт шараларын өткізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы кеңейтілуде. Ауданда жыл сайын Абай және Оралхан Бөкей шығармалары бойынша көркемсөз оқу шеберлерінің, мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған байқаулар, сонымен қатар аудандағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің аудармашылары арасында «Үздік аудармашы» конкурстарын өткізу дәстүрге айналған.

Аудан басшылары тіл саясатын толық ойластыра және өлшей отырып, әрі қарай аудандағы тіл саясатын ілгері қарыштата жоспарлап жүзеге асыруды жалғастыруда.

Советбекова Меруерт Қанатовна мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

30. 07. 2007

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстың, Зырян ауданындағы аудан- қала мәслихат депутаттарының кезектен тыс депутаттарын сайлауға дайындық

18 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының, мәслихат депутаттарының сайлауы өткізіледі.

Сайлауға ұйымдастырылған дайындық мақсатында, аудан- қала әкімімен сайлау кампаниясын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық -техникалық іс- шаралар жоспары бекітілді, онда сайлау комиссиясына барынша көмек көрсету бойынша әкім орынбасарларына, бөлім бастықтарына, қызметтерге, Серебрянск қаласының, кенттер мен селолық округтердің әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Заңмен белгіленген мерзімде «Заря Востока» аудандық газетінде сайлауды өткізу туралы, сайлау округтерінің шекаралары, учаскелер, олардың орналасу орталықтары, құрамы, аумақтық, аймақтық, учаскелік сайлау комиссияларының орналасу орындары туралы хабарлама жарияланған.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес аймақтық сайлау комиссиясымен: оларға ҚР Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңымен ұсынған тәртіппен мәслихат депутаттығы кандидаттығына сәйкес белгіленген, мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу, мәслихат депутаттары кандидаттарының сенімді тұлғаларын тіркеу жүргізілді. «Заря Востока» аудандық газетінде мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама басылған. Аудан- қала мәслихат депутаттығы кандидатына №№1- 16 сайлау округтері бойынша 50 адам тіркелген, Шығыс- Қазақстан облысының мәслихат депутаттығы кандидатына №№31- 33 сайлау округтері бойынша 9 адам тіркелген.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес аудан- қала әкімдігімен сайлаушылармен кездесу үшін келісім- шарт негізінде кандидат депутаттарға ұсынылған ғимараттар тізімі бекітілді, барлық депутат кандидаттар үшін үгіт баспа материалдарды орналастыруға арналған орындар белгіленген, ол орындар стендттармен, қалқандармен, бағаналармен жабдықталған. «Заря Востока» аудандық газетінде сәйкес қаулылар басылған.

Азаматтарды есептеу және уақытында сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу бойынша қызметтердің өзара жүйесі істелген. Қазір акт бойынша сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссияларына берілген.

Сайлау комиссияларының мүшелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңын оқыту, сайлау комиссиясының өкілеттілігін, жұмыстарды жоспарлау және өзге де мәселелер бойынша семинар - кеңестер жүргізуде.

Бүгінгі таңда Зырян ауданы- Зырян қаласында 83 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. 2007 жылдың 01 шілдесі бойынша сайлаушылар саны 58501 адам санын құрайды.

Сәйкестікке жеткізу

Мемлекеттік жекеменшіктің бірегей реестрін ретке келтіру және әрекетсіз ұйымдарды жабу бойынша жұмыстарды жылдамдату мақсатында, салық комитетінің, статистика органдарының, жұмыс істемейтін мекемелерді таратуға жауапты адамдардың қатысуымен Зырян ауданы-Зырян қаласы әкімі орынбасарының жанында кеңес өткізілді. Тарату үрдісінің барысында туындаған, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімі және жолдары анықталды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Мария Плугова

27. 07. 2007

Бокс бойынша ашық біріншілік

Зырян қаласында 23-25 шілде аралығында “№ 4 бастауыш мектеп” ММ бокс бойынша ашық біріншілік болып өтті. Оған Түркістан, Балқаш, Өскемен, Алматы қалаларының командалары қатысты. Боксшылардың жалпы саны 45 адам. 28 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды Балқаш қаласынан келген Тусубаев Берік, 34 кг салмақ дәрежесінде 1 орынды Өскемендік Жансарбаев Азамат иеленді.

36 кг салмақта 1 орын - Насыров Рафис. Зырян қаласы

38 кг. 1 орын - Аморов Нұрдәулет, Түркістан қаласы.

42 кг. 1 орын - Жұпарбеков Ерік, Түркістан қаласы.

48 кг. 1 орын - Рашидов Ринат, Зырян қаласы.

46 кг. 1 орын - Тубанов Максим, Зырян қаласы.

Зырян қаласының БЖСМ тренері М. Байболовты тәрбиеленушілерінің жеңісімен құттықтаймыз.

“Зырян ауданы-Зырян қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ бастығы

Феденева Валентина Станиславовна

Жазғы маусымдық сауда орындарының дислокациясы

Зырян ауданында көкөніс - жеміс өнімдерін жаппай сату кезеңіне маусымдық көшедегі сауда орындарының дислокациясы бекітілді. Көкөніс - жеміс өнімдерін сату бойынша 17 жазғы алаңдар, көлік құралдарынан 8 сауда орны, «жол бойындағы» 5 орын құрылды.

Зырян ауданы - Зырян қаласының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Ғалия Алпыспаева

26. 07. 2007

Мектептер жаңа оқу жылына дайындық үстінде

Зырян ауданында 45 мектеп, 2 балалар музыка мектебі, жас натуралистер станциясы және 5 мектепке дейінгі балалар мекемелері енеді. Жаз мезгілі басталысымен барлық білім беру ұйымдарында білім беру обьектілерін жаңа оқу жылына дайындау бойынша жұмыс басталады. Мектептерде жихаздарды жөндеу, білім беретін үй-жайларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта ауданның екі селолық және бір қалалық мектептерде: Парыгин, Чапаев және №9 ОМ түбірлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ШҚО мәслихатпен бекітілген аймақтық бағдарламада қарастырылған 5274 мың теңге мөлшерінде қаржы бөлінген. Ауданның 24 мектебінде және №14 МДМ санитарлық бақылау ережелері мен талаптарына сәйкес түбірлі жөндеу жүргізілуде. Қаржыландыру жергілікті бюджет көздерінен қарастырылған. 11 мекеменің шатырлары металл және жеңіл материалдармен жөнделді, ал 12-де жылыту приборлары қалыпқа келтірілді (қазандықтар мен пештерді жөндеу, орталық жылыту жүйесіне қосу) . Леснопристань ОМ тамыз айында су-айдауыш мұнараға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Крестовка шағын комплектілі бастауыш мектебінде, Васильевка орталау мектебінде, Первороссийск орта мектебінде, №8 ОМ жаз аяғына дейін едендеріне жөндеу жүргізіледі. 1 қыркүйекте барлық білім беру ұйымдары өз оқушыларын қабылдауға дайын болады.

«Зырян ауданы-Зырян қаласының білім беру бөлімі»ММ техникалық бақылау инженері Свердлова Ираида Матвеевна

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына,

мүгедектеріне және оларға теңестірілген

адамдарға материалдық көмек

Шығыс-Қазақстан облысы мәслихатының шешімімен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеуді ұсынудың тәртібін анықтайтын азаматтардың кейбір санатына материалдық көмек ұсыну Тәртібі бекітілген. Зырян ауданында осы санатқа енетін 528 адам өмір сүреді. Тәртіпке сәйкес олардың барлығына ай сайын 5000 теңге мөлшерінде материалдық көмек ұсынылатын болады. 8 млн. 160 мың. теңге сомасы мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінген. Бөлімнің мамандары коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын өтеуді алуға және материалдық көмек төлеу құқығы бар азаматтардың құжаттарын даярлау бойынша жұмыс жүргізуде.

Ардагерлер және мүгедектермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі Нина Криводанова

25. 07. 2007

«Нұр Отан» ХДП партиясын қолдау

Зырян қаласында 18 шілде күні 1000- нан астам адам қатысқан «Нұр Отан» ХДП жақтаушыларының шеруі өтті. Шеруге қатысқандар «Нұр Отан» ХДП, оның бағдарламасын және саяси платформасын қолдайтындарын көрсетті, бұл ұрандарында, плакаттарында және қоғамдық ой көшбасшыларының сөйлеген сөздерінде бейнеленген. Шеру «Нұр Отан» үшін дауыс бер», Қазақстан үшін дауыс бер» деген ұранмен аяқталды.

Штаб басшысы Г. Гончарева

24. 07. 2007

Футбол бойынша балалар жаттықтырушысы Владимир Емецті еске алу

Зырян ауданында 1991-1992 жылдары туылған жасөспірімдер командалары арасында футбол бойынша алтыншы халықаралық турнир болып өтті. Турнир Жаңа Бұқтырма кентінде, Бұқтырма су қоймасының жағалауында өткізілді. Ойындар Жаңа Бұқтырма балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, көгалды “Факел” стадионында болды. (Директоры Богайчук Е. В. ) . Турнирдің ұйымдастырылуына “БЦК” АҚ бұрынғы директор міндетін атқарушы Ю. Ю. Киселев, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, “Восток” футбол клубы (директоры Головатюк В. М. ) және футбол бөлімінің оқу - жаттықтыру құрамы, қызметтестер мен тәрбиеленушілер зор үлестерін қосты. Жарыстың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына орай бұл турнир 2002 жылдан бастап облыстық көпшілік - спорттық күнтізбесіне Халықаралық шара ретінде кіргізілді. 2007 жылғы 12-21 шілде аралығында жарысқа қатысу үшін Барнаул, Павлодар, Шымкент қалаларынан 2 команда, Өскемен қаласынан - 2 команда, Зайсан және Жаңа Бұқтырма кентінен командалар қатысты. Барлығы 8 команда, 180 адам. Жас футболистер тек қана үздік ойын көрсетіп қана қоймай С. Ковалев атындағы (ЖК Титов И. ) лагерде өте жақсы демалды, оларға тамақтандыру және катермен Бұқтырма суқоймасына экскурсия ұйымдастырылды. (спонсоры “БЦК” АҚ)

Турнирдің нәтижесі бойынша орындар келесі орындар анықталды:

1 орын - Өскемен қаласы (БЖСМ)

2 орын - Шымкен қаласы (ТОМИРИС)

3 орын - Зайсан қаласы (БЖСМ)

Бөлім бастығы Феденева В. С.

23. 07. 2007

Отбасылық бос уақыт.

Зырян ауданының мәдениет мекемелерінің басым міндеттерінің бірі аудан тұрғындарына дәстүрлі және инновациялық клубтық-кітапханалық жұмыс түрлері арқылы отбасылық бос уақытты ұйымдастыру болып табылады.

Парыгино ауылында «Халықтық мәдениетті және отбасылық дәстүрді жаңарту мен сақтау орталығы» атты мақсатты бағдарлама белсенді жұмыс істейді. Бағадарлама аясында отбасылық клуб құрылды. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бос уақыт шаралары, «Тазалық- денсаулық кепілі» және «Бәріміз бірге барлық сырқатты жеңеміз» атты кештер оңды нәтижеге ие болды. Чапаево ауылында байқау бағдармасы түрінде «Тамаша жастық қызулығы» тақырыбында отбасылық бос уақыт кеші өткізілді. Отбасылар би мен әндер, зияткерлік байқауларында жарысқа түсті. Средигорное ауылындағы «Шебер қолдар» үйірмесінде сәндік-қолданбалы өнермен айналысатын аға буын өкілдері халықтық және отбасылық дәстүрді сақтай отырып, өздерінің тәжірибелері мен шеберліктерін жастарға үйретеді. Соловьево ауылының мәдениет үйінің қызметкерлері «Біз секілді өз қолыңмен жаса», «Қалаған нәрсемізді қолдан жасап шығарамыз» тақырыбында кездесу кештері мен шығармашылық көрмелерін өткізді. Зырян қаласының кітапханаларында «Иллюстрациялаушы мектеп» атты дәстүрлі отбасылық оқулары өтті, онда балалар мен жасөспірімдер әлем көркем әдебиетімен таныстырылды және сурет салуды үйренді.

Елена Алексеевна Филимонова Зырян ауданы- Зырян қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бос уақыт» КМҚК әдіскері

20. 07. 2007

Еңбек нарығы

Ағымдағы жылдың I жарты жалдағының қортындысы бойынша жүргізген талдауында, Зырян ауданында еңбек нарығының көрсеткіші былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда жақсарды. Жұмыссыздардың саны 19 %-ға азайды, жұмыссыздардың тіркелген деңгейі 0, 9 %-ды құрайды, 2006 жылы 1, 2% қарама-қарсы. 9, 4 %-дан көп жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды. Жылдың басынан ауданда 242 жаңа жұмыс орындары құрылды

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы Мария Плугова

Егіншілерге мемлекеттің қолдауы

Зырян ауданының ауыл шаруашылық құрылымдары көктемгі-егістік және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті, құны арзан жанар-жағар материалдарға және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтарға демеуқаржы алуға және түсімділігі мен өсімдік шаруашылық өнімінің сапасын арттыруға толықтый құжаттарды рәсімдеуді аяқтады. Ауданға бөлінген 50, 0 млн теңгенің 47, 4 млн. теңгесі игерілді.

Ауыл шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Ольга Вишнякова

19. 07. 2007

Қара теңізде өткен жиырма күн

Жаз. Күн сәулесі. Оңтүстік жағалау. Теңіз. Қара теңіз. Бір рет болса да оның жылы және нәзік толқынына шомылу әрбір ұл мен қыздың ежелгі арманы. Ал Шығыс Қазақстан облысының тұрмыс жағдайлары төмен және қамқорлықтағы отбасы балаларының жиырма бес баласы үшін бұл арман шындыққа айналды. Маусым айының жиырма бір күнін жасөспірімдер, Туапсеге жақын орналасқан «Орленок» Бүкілресейлік балалар орталығында өткізді. Көңілді тәлімгерлер, әртүрлі экскурсиялар, тауға саяхаттар, концерттер мен дискотекалар және дәмді тамақтар «Орленок» ББО балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. Лагердегі жайлы жабдықталған және әдемі көп қабатты корпустар, ыңғайлы және жайлы бөлмелер, алау жағатын әсем орындар, жағалауда өсетін әдемі де экзотикалық өсімдіктер, ал ең бастысы - көбікті соқпа толқындарымен тұз татыған шексіз теңіз таңқаларлық.

Облыс орталығынан, біздің облысымыздың Семей, Зырян, Ұлан қалаларынан, Күршім аудандарынан келген балалар, өздерінің дарындылығы, ашықтығы, барлық іске белсене араласуы, және әрине инабаттылықтарымен лагердегі персоналдардың көзіне түсті. Лагерь ауысымы жабылар кезде балаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Балалар қысқа уақыт ішінде туысқандай болып кеткен тәлімгерлерді, жаңа достарын ұмытпауға уәде беріп, қимастықпен қоштасты.

Ал қалған бес күн Москвада! Мегаполиске, Қызыл алаңға, Натальи Сац театрына, гүл бульварындағы циркке, ойын-сауық орталықтарына және Москва хайуанаттар паркіне экскурсия балалардың есінде мәңгілік сақталады.

Жасөспірімдер, олардың ата-аналары мен қамқоршылары ілтипат пен қамқорлықты қажет ететін балаларға нағыз сыйлық болған осы саяхаттың ұйымдастырушылары - «Благовест» Москва халыққа көмек көрсету орталығына, «Творить добро» Шығыс Қазақстан қайырымдылық қорына және олардың жетекшілері: З. Драгункина мен Н. Аверьячкинаға шын жүректен өз алғыстарын білдіреді. Балалардың арманын жүзеге асырғандарыңыз үшін рахмет!

Зырян ауданы-Зырян қаласының білім беру бөлімінің әдіскері

Кудашова Наталья Ивановна

18. 07. 2007

Жылыжымайтын мүлік объектілерін жариялау

«Мүлікті жариялауға байланысты кешірім туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру аясында, жылжымайтын мүлікті жариялауды жүргізу бойынша Зырян ауданының комиссиясымен тұрғындардан 8655 өтініш қабылданда, оның ішінде 8195 бойынша оң қортынды.

«Зырян ауданы-Зырян қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ жарияланған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша қабылдау комиссиясымен 1671 актілер, оның ішінде 1097 акті жеке тұрғын үйлер бойынша даярланды.

2007 жылғы 17 шілденың жағдай бойынша 1526 объектіге құжаттар, сонымен қатар 1052 жеке тұрғын үйге, жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік рәсімдеу үшін әділет Басқармасына берілді.

«Зырян ауданы-Зырян қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы В. Стахеев

17. 07. 2007

Зырян ауданында «Менің Қазақстаным» республикалық

поезінің жұмысы

Жоспарға орай Зырян ауданында «Менің Қазақстаным» республикалық поездіне қатысушылардың халықпен кездесуі өтті.

«Бұқтырма» және «Зыряновск» темір жол станцияларында поездің қатысушыларымен нан мен тұз және шашумен салтанатты қарсы алу ұйымдастырылды.

«Бұқтырма» станциясында жиналғандардың алдында құттықтау сөзімен қалалық мәслихаттың хатшысы Г. В. Денисова, Ардагерлер кеңесінің төрайымы В. А. Сафронова, Октябрьск кентінің әкімі С. А. Феклистов сөз сөйледі.

«Зыряновск» станциясында қонақтарға ішкі саясат бөлімінің бастығы О. Малахова, Зубовка кентінің әкімі Л. Л. Тертычная сәлем берді.

Жаңа Бұқтырма кентінде және «Зыряновск» станциясында танымал әншілер мен сазгерлердің қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама өтті.

Спорттық жасанды алаңдарында спортшылар және басқа да тілек білдірушілер жарысты.

Кездесу барысында темір жол озаттарын, еңбек ардагерлерін қошеметтеді, табысы аз отбасыларға көмек көрсетілді, оқушыларға сыйлықтар ұйымдастырылды.

Өткізілген іс-шара айқындық ұйымдастырылумен, көпшіліктікпен сипатталады. Әр санаттағы тұрғындарды қатысу үшін тартуы басты мақсатқа -, Қазақстан Республикасының көп конфессиалды және көп ұлтты мемлекеттің мықты тұғырлығына қол жеткізуге мүмкіндік туды

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ольга малахова

Адамгершілікке тәрбиелеу басты назарда

Зырян ауданы - Зырян қаласының мәдениет мекемелері жастарға әрбір адамның әлеуметтік мәнділігін түсінуге мүмкіндік беретін, рухани қарым-қатынаста қажеттілікті оятатын және санада адамгершілік нормаларын нығайтатын әдістерді пайдалана отырып, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Бұл үшін «Собеседник» (Жаңа Бұхтарма кенті), «Исток» және «Правовенок» (Зырян қаласы), «Эколина» (Тұрғысын селосы), «Другиня» (Серебрянск қаласы) қарым - қатынас клубы құрылған, оның аясында іскери ойындар, танымдық сағаттар, әңгімелер, әдеби-музыкалық кештер өткізіледі.

Қарым-қатынас этикасы туралы нені білу керек, бұған қалай үйрену керек - осы сұрақтар орталық қалалық кітапханада өткізілген «Басқаға кедергі келтірмей» атты әңгімелесу сағатында талқыланды. Феклистовка селосының жасөспірімдері мен жастарының назарларына «Мен достықты қалай түсінемін» тақырыбында әңгіме-сұхбат ұсынылды. «Бір-бірімізге қошемет сөз айтайық» (№8 орта мектеп кітапханасы), «Ақылдылық сабақтары» (Первороссийское селосы) тақырыбындағы этикет ойындары қызықты өтті. Философиялық, ғылыми-жаратылыстану, социологиялық, психологиялық және көркем әдебиеттердің кең қолданылуы өзіне-өзі баға беруде белсенділікті, өзіне-өзі дұрыс, парасатты көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі, ал бұл жасөспірімдік кезеңде маңызды болып табылады және адамның әрі қарай өміріне ықпал жасайды.

Снегирева Надежда Сергеевна, «Зырян ауданы-Зырян қаласының ОҚБ» мемлекеттік мекемесінің директоры.

16. 07. 2007

Президент Н. Ә. Назарбаевтың

жүлдесіне турнирге қатысу

Шығыс Қазақстан облысының құрамасындағы Зырян қаласының боксшылары 2007 жылғы 1-7 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесіне, мектеп оқушылары арасында бокс бойынша Х Халықаралық турнирге қатысты.

Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Қазақстанның барлық аймақтарынан командалар сайысқа түсті.

Зырян қаласының спортшылары айтулы турнирде жүлделі орындарға ие болды:

№ 9 ОМ оқушысы Сүлейменов Әділ 80 кг салмақ дәрежесінде 2 орынға;

Қалиакперов Руслан 52 кг салмақ дәрежесінде 3 орынға ие болды.

БЖСМ жаттықтырушысы Байбулов Мұратты және оның тәрбиеленушілерін жеңістерімен құттықтаймыз.

“Зырян ауданы-Зырян қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ бастығы Феденева В. С.

Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі

Зырян қ. 13 шілдеде «Кондоминиумды жасақтау әдісі және онда кәсіпкердің үлесін айқындау» мәселесі жөнінде кәсіпкерлікті дамытуда әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобының мәжілісі өтті. Жұмыс тобының мүшелері және Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қорының консультанты Александр Григорьевич Самойлов «Кондоминиумды рәсімдеу» үдерісінің сұлбасын қарастырды. Жұмыс тобының мәжілісіне енгізілген ұсыныстар зерделеу үшін, аудан мемлекеттік органдарына жолданды.

«Зырян ауданы - Зырян қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бастығы Ғ. Алпыспаева

13. 07. 2007

Шаруашылықтың күндері

Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары көктемгі-егіс жұмыстарын бітіре сала, егістіктің қатар аралық және химиялық өңдеуге, сүрі жерлерді өңдеуге және жем-шөп дайындауға кірісті.

Ағымдағы кезде 5 мың тонна шөп және 0, 6 мың тонна пішендеме дайындалды, күнбағыстың қатар аралық өңдеуі аяқталды (13, 1 мың га. ), 25 мың га. алаңда арамшөптен химиялық өңдеуден өткізді, 8, 9 мың га. немесе 95, 7 % сүрі жерлер бірінші өңдеуден өтті.

Ауыл шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Ольга Вишнякова

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту

Зырян ауданы- Зырян қаласындағы жалпы білім беретін №6, №7, №9 мектептерінде, лицейде, №2Серебрянка, №2 Жаңа- Бұқтырма және Соловьево мектептерінде тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша жазғы мектеп өз жұмысын бастап кетті. «Оқушылар» ретінде бюджетте жұмыс істемейтін адамдар мен зейнеткерлер келуде. Бірінші жұмада 118 адам білім алып шықты. Бюджеттік ұйымдардың өкілдері №11, №3 орта мектептердің компьтерлік кабинеттерінің базасында (2007 жылғы желтоқсанға дейін) үздіксіз білім беретін курста алып шығатын болады. Шілде айында бюджетте жұмыс істейтін 28 адам өздерінің компьютерлік сауаттылықтарын арттырды. Курс соңында оқу бағдарламасын орындаған және нормаға сәйкес тестен жемісті өткен әрбір тыңдаушыға дербес компьютердің операторы сертификаты беріледі.

Тұрғындарды компьтерлік сауаттылыққа оқыту курсының бағдарламасы мына мақсаттарды көздейді: тыңдаушыны қазіргі заманғы дербес компьютерде практикалық жұмыс дағдысына («сенімді пайдаланушы» деңгейі) дағдыландыру, алып Интернет жүйесі жұмысында тиімді және қауіпсіз жұмыс істей алуға үйрету. Курстан өту тек қажетті «компьтерлік сауаттылық» берумен шектелмей, тыңдаушыны компьютерді тиімді қолдану мүмкіндігіне үйретеді, сондай- ақ пайдалы ақпараттар бұлағын ашып, жүйенің қауіпсіздігі мен этикетке тартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Зырян өндірістік алаңы, Грехов кенішінің өндірістік алаңы және Малеев кенішінің өндірістік алаңы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЖЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫНЫҢ БАРЫСЫ
Аймақтық экономиканын бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және бағалау
Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Ластанған топырақтың мониторингі
ШҚО географиялық орналасуы, демографиялық ахуалы
Қазақстан пайдалы қазбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz