Заңды тұлға туралы ұғымдар



КІРІСПЕ 2
1. Заңды тұлға ұғымы 3
2. Заңды тұлғалардың түрлері 5
3. Заңды тұлғаларды құру 8
4. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері 10
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де заңдық тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Акционерлік қоғамдар туралы заң актісі қайта қаралу үстінде.
Заңды тұлғалардың біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты. Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде заңды тұлғалардың түсінігін, түрлерін қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашып көрсетуге тырыстық.
Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексы, Алматы, 1999ж.

Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
3. Мауленов К.С. «Гражданское право», Алматы, 1999г.
4. Сергеев С.Т. «Гражданское право», М., 2001г.
5. Суханов Е.А. «Гражданское право», М., 2002г.
6. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан. А., 1998
7. Грешников И.Г. Субъекты права. А., 2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1. Заңды тұлға ұғымы 3
2. Заңды тұлғалардың түрлері 5
3. Заңды тұлғаларды құру 8
4. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері 10
Қорытынды 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

КІРІСПЕ

еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 10 жыл бойы азаматтық құқықтық
саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына
байланысты осы күнде де заңдық тұлғалардың кейбір заңдары қайта қаралып
жатыр. Қазіргі заман талабына сәйкес заңды тұлғалардың бірі Акционерлік
қоғамдар туралы заң актісі қайта қаралу үстінде.
Заңды тұлғалардың біздің елдегі ерекшеліктері Қазақстан құқық және
мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ.
Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз
алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он жылдың жүзі болды. Көптен
күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік
органдары, нарықтық қатынастарға орай жаңадан заңды тұлғалар қалыптасты.
Олай болса, отандық құқық теорияларында заңды тұлғалар туралы ғылыми
зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге
болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым,
заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар туралы әлі талай
еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде заңды тұлғалардың түсінігін, түрлерін қазақстандық
ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашып көрсетуге
тырыстық.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық
игілігі болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде жинақталған материалдар мен
өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап, тереңірек зерттеу.
Курстық жұмысты жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік –
құқықтық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар,
мерзімдік басылымдар және басқа да шығармалар қолданылды.
Әдебиеттердің тапшылығы кедергі келтіргенмен көздеген мақсатымызға
жеткендей болдық.
Жұмыс барысында заңды тұлғалардың бүгінгі көрінісі туралы қолдан
келгенше ой түюге әрекет жасадық.

1. Заңды тұлға ұғымы

Өз құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар
мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес
балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі
болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айкындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізіңде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета заңды тұлғаның окшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлык мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);
2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер Заңды тұлғаның
банкрот болуы құрылтайшының әрекетінен туған болса, Заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-
тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-
бабы 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің
кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротка ұшыраған кезіндегі
жауапкершілігі (АК-тің 94-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік
міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабы 1-тармағының 2-
бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-
құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

2. Заңды тұлғалардың түрлері

Азаматтық кодекс Заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 2-бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында құрыла алады.
Коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретіңде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі және заң
актілерінде көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес
ұйымдар туралы заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық
мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілеріңде шектеулер
қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық; емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша
кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына
сөйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері
(қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға
жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын
қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары:
а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;
ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;
б) құрылтайшыға (катысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды
тұлғаларға бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге
заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында
немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан
мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз
қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік
кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы
болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық
капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын
сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және
діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда
айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға
болмайды, себебі "коммерциялық, емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге
де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).

3. Заңды тұлғаларды құру

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөніндегі жалпы ережелер
енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген
органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес Заңды тұлға өз қызметін жарғысы
не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Заң құжаттарына сәйкес Заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы
мүмкін. Коммерциялық ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін меншік иесі (меншік
иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды
тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес
акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін — құрылтайшылар бекіткен жарғы
және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін жарғы болып
табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық
емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындауы үшін
міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасыңда қарама-
қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар қүрылтайшылардың ішкі қатынастарына
қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның
үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары
қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс
істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының З-тармағына сәйкес шаруашылық
серіктестік пен өңдірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың
қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін
міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы
шарты;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүлделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.

4. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы
ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне
(салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп
аталады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы
ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық
серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10 шілдеде қабылданған
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңымен және 1995
жылы 2 мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық
серіктестіктері туралы" Заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Шаруашылық
серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің
құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін,
ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық кодексте
шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі
қарастырылған: 1) толық серіктестік; 2) жауапкершілігі шектеулі
серіктестік; 3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім
(коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары
тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық
серіктестігінің құрылтайшылары ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да
бола алады.
Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен
қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік
қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің
міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Қатысушылары өздерінің серіктестік
міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап
беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі
мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап
беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады
Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе
одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне
өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін (бір немесе одан да көп
қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге
асыруға катыспайтын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің
әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп,
оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы
жиналысы — өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті
қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке
дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерде бақылау
органдары: қадағалау кеңесі және тексеру комиссиясы (тексеруші) құрылуы
мүмкін.
Акционерлік қоғам дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат
тарту мақсатыңда акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз
акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша
өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері аталған
қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақымен қамсыздаңдыру туралы заңдарда
белгіленген тәртіп пен жағдайларда ортақтасын жауап береді.
Қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда
акционерлік қоғам бір адамнан құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін.
Егер акционерлік қоғам өзінің жаңа акциялар немесе акцияларға
айналатын (конверсияланатын) басқа да бағалы қағаздар шығаратын ниеті
туралы хабарлағанда акционерлердің артықшылықты сатып алу құқығы
ескеріледі, яғни оларға қолындағы акцияларға сәйкес бірдей жағдай ұсынуға
міндетті.
Уәкілетті орган акционерлерге артықшылыкты сатып алу құқығын пайдалану
жөніндегі ұсыныс беру тәртібін белгілеуге құқылы. Заңдарда көзделген
жағдайларға орай акционерлік қоғамда табысы тек қана қоғамды дамытуға
жұмсалатын коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Акционерлік крғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң
құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға
құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық-
құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы ықтимал.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның екі үлгісі бар, яғни ол
ашық және жабық түрде кездеседі. Қоғам өз үлгісін акционерлердің жалпы
жиналысының шешімі бойынша және заң талаптарын сақтай отырып өзгерте алады.
Мәселен, егер жабық қоғам акционерлерінің саны 100-ден асса, ал қоғамның
үлгісін ашық етіп өзгерту туралы шешім қабылдау үшін келесі үш айдың ішінде
акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті.
Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ
қоғамның үлгісіне қарай "Ашық акционерлік қоғам" немесе "Жабық акционерлік
қоғам" деген сөздер, немесе тиісінше "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға
тиіс. Қоғам осындай фирмалық атаумен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын-ала белгіленген өзге
адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік
қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акцияларға ашық түрде
жазылу жүргізуге не оны сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз
тобына ұсынуға құқығы жоқ.
Жабық қоғам акционерлерінің саны 100-ден аспауы тиіс. Қоғам
акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып
алуына басым құқығы бар.
Жабық акционерлік қоғамның жарғысында өзінің әрекетімен немесе
әрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот
тәртібімен акционер қатарынан шығару мүмкіндігі көзделуі мүмкін.
Аластатылған акционердің акцияларын қоғамның таза активтері құнының ол
шығарған акционерлердің жалпы санына қатысты есебінен сот белгілеген баға
бойынша қоғам сатып алуға тиіс.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады. Ашық қоғам
шығарған акцияларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы.
Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан
нарығында акциялар бағаланатын активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті
көрсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны
500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады.
("Акционерлік қоғамдар туралы" заңңың 7-бабы).
Бір заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) басқа бір заңды
тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) болуы мүмкін. Осыған байланысты
біздің заңдарымызда еншілес ұйым және тәуелді акционерлік қоғам
тәртіптелген.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін
басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес
(не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай
алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (АК-тің 94-бабы).
Айта кететін жәйт, еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары
бойынша жауап бермейді. Тек, еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша оған
міндетті нұсқаулар беруге құқылы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды
орындау үшін жасалған мәмілелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсидиарлық
жауапты болады.
Ал, негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда
негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапта болады.
Егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары
негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді
талап етуге құқылы.
Акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы,
басқа (қатысушы басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп
танылады.
Басымырақ (қатысушы) заңды тұлға тәуелді акционерлік қоғам
акцияларының тиісті бөлігін сатып алғаны туралы мәліметті заң құжаттарында
көзделген тәртіп бойынша дереу жариялауға міндетті.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-
бірінің шығарылған жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір шығарылған
(төленген) жарғылық капиталдың жиырма бес пайызынан аспауға тиіс. Бір-
бірінің шығарылған (төленген) жарғылық капиталына өзара қатысатын
акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма
бес пайыздан артық дауысты пайдалана алмайды.
Өндірістік кооператив
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін, мүшелік негізде,
олардың өз еңбегіне қатысуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Заңды тұлға туралы ақпарат
Әкімшілік процестің субъектілері
Экологиялық сақтандыру
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық негіздері
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
Пәндер