Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары


Жоспар.
- Дене тәрбиесінің мазмұны мен міндеттері.
- Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары.
- Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.
Халықтық тәрбиедегі дене тәрбиесінің маңыздылығы.
Дене тәрбиесінін мазмұны, міндеттері
Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
Оқушыларға арналған дене тәрбиесінің бағдарламасында көрсетілген басты міндеттерге сүйеніп, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін қарастырайық.
Оқушылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денеаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Оқушылардың денеаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Барлық оқушылардың сабақтар да, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып қолайлы жағдайлар жасау қажет. Әрбір мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде, барлық оқу-тәрбиесі мекемелерінде жабдықтармен және құралдырмен жақсы жарақатталған спорт залдары мен алаңдары болуы тиіс. Оқушыларға дене тәрбиесін беру үшін спорт ұйымдары мен клубтардың, кәсіпорындар мен мекемелердің базасы кеңінен пайдаланылуы керек.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыпасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу т. б.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілеттерін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде қимылды орындау қабілеті, ал ептілік адамның жаңа қимылдарды тез игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау қабілеті.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, түризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарында күн ырғағы, дене жатықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т. б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Дене тәрбиесі ең басты күн ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтары дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әр түрлі іс-әрекеттері түрлерінің ұзақтығы және олардың кезектесуі, белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі ритмнің және шартты рефлекетер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс қабілетіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқу еңбек және демалыс ырғағы гигиеналық талаптар негізінде оқушылардың әрбір жастық топтары еске алынып жасалады.
Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші карады. Олардың істейтін жұмыстарының мазмұнына кіретін негізгі мәселелер:
1. Шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды үйрету, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.
2. Мектеп ғимаратына, жұмыс жабдықтарына, спорт өткізілетін орындарға қойылатын санитарлық-гагиеналық талаптарды орындау жеке және қоғамдық гигиенаға дағдыландыру.
3. Оқу күні және оқу жылы бойында қозғалыс жасау, қозғалтыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарын тиімді өткізуді қажет етеді.
Дене тәрбиесін мектепте және мектептен тыс оқу орындары спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды міндеттерді еске алған жөн:
1. Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік саналарын тәрбиелеу.
- Шәкірттердің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.
- Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығун және қабілетін дамыту.
- Негізгі қозғалтқыш саналарын дамыту.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына ден шынықтыру сабақтары, сыныптап және мектептен тыс жалпы спорт жұмыстары жатады.
Сабақ - дене тәрбиесіп ұйымдастырудың негізгі формасы дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта тсориялық білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың қозғалу белсенділігін ақыл ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтың нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты. Дене тәрбиесі сабаттары тұтас педагогикалық принціптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.
Сынынтап тыс жапнай спорт жұмыстарыпда шокірттер сабақта алған теориялық білімдерін жалғастырады және толықтырады. Сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың жалпы дене спорттық дайындығын жақсарту, спортқа ықыласын дамыту, өз бетімен түрлі дене жаттығуларымен айналысу міндеттері шешіледі.
Мектеп ұжымыида спорт секциялары жұмыс істейді, спорт» тың түрлерінен жаппай жарыстар өткізіледі, қоғамдық нұсқаушылар мен төрешілер дайындауда жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылады, оқушылар спорт жұмысының көптеген түрлеріне қатысады. Мысалы, жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу, шаңғы) осы сияқты спорт ойындарының басқа түрлері де пайдаланылады.
Мектептен тыс жаппай спорт жұмыстары оқушылардың тұрғын жерлерінде, балалар және жасөспірімдердің спорт мектептерінде балалардың түристік станцияларында, мәдениет парктикаларының балалар секторларында, спорттық базаларда (стадион, жүзу басейндері, мүз айдыны т. б. ), ерікті спорт қоғамдарында, қала және қаладан тыс лагерьлерде өткізіледі.
Барлық мектептен тыс мекемелер оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен өзінің іскерлігін, дағдысын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Спорттың кейбір түрлеріне қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін көрсете білген оқушыларға балалар және жасөспірімдердің спорт мектебіне жолдама берілуі мүмкін. Ал спорт мектебін бітіргеннен кейін оларды физкультүра институттарына түсуге даярлау керек.
Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеітері және формалары әрбір Мектентің өз жағдайына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының жүйесін жасауды қажет етеді.
Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, түризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Гимнастика. Мұның бірнеше түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика, өндірістік және емдік гимнастика.
Оқушылардың дене тәрбиесінде негізгі гимнастика үлкен роль атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика құрастыратын жаттығулар: саптағы қозғалыс, жалпы дамыту жаттығулары (әр түрлі бұлшық ет топтары мен буындар қимылы), музыка арқылы орындалатын ерікті жаттығулар, қимылдың билеу формалары, қимылдың тұтас табиғи формалары (жүру, жүргізу, қарғу, өрмелеу т. б. ) . Негізгі гимнастика көбінесе дене шынықтыру сабақтарында пайдаланылады.
Ойын балалар өмірінде үлкен орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады. Қозғалыс ойындары оқушылардың ептілігін, тапқырлығын, өзін-өзі билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын жетілдіреді.
Мұндай ойындар оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттың ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис пайдаланылады. Оқушылар әрбір ойының тәсілдерін зертген үйренеді. Түризм дене тәрбиесінде серуен, саяхат, түристік жорық түрінде пайдаланылады. Түризмге оқушылардың барлығын қатыстыруға болады. Түризм оқушыларды төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Спорт біздің елімізде бірыңғай бағдарлама және ережелер бойынша өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады, Олар - жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, ; түризмнің спорттық түрлері т. б.
Спорттық іс-әрекеті жаттығу сабақтарында және спорпық жарыстарда іске асырылады. Спорт оқулары мектептің спортты» секцияларында, мектептен тыс мекемелерде (балалардын спорт мектептері, заводтардың мәдениет үйлері, ерікті спорт қоғамдарының балалар және жасөспірімдер секциялары т. б. ) тәселген мамандар аркылы өткізіледі. Спорт оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалу дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі - табиғат факторлары. Күн көз, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру ретінде пайдаланылады. Табиғат факторларын балалардың сауықтыру жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады. Қала жағдайында балалар үшін алаңдар жасалады, парктер, стадиондар, бассейндер, түристік-экскурсиялық базалар пайдаланылады. Қала сыртында балалардың жақсы демалуы және денсаулығын нығайту үшін кәсіподақ, спорттық, түристік, жас техниктер және жас натүралистер лагерьлері ұйымдастырылады. Олар табиғаты қолайлы жерлерге орналастырылады.
Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбек пен үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Мысалы, туған өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаруашылығын, қорықтарды, бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл-желпі ауылшаруашылық жұмыстарын шефке алу т. б.
Сонымен мектепте дене тәрбиесі жұмыстарының сыныптан тыс барлық түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ал оқыту процесінде әр сыныпқа арналған оқыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт
ойындарының дене тәрбиесіндегі орны.
Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі замандастарымыз бен болашақ ұрпақтарыңыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына, ата-бабаларының психологиялық қылмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткен мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгурттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалғандай әсер береді.
Тарихының көнелігіне қарамастан, ойын үнемі жаңа, ескірмейтін нәрсе. Өйткені, күн сайым дүниеге келіп жататын сәбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатын да - осы қимыл-қозғалыс ойыны: Қимыл-қозғалыс ойынында бала назар аудару және бұлшық еттің ширығу дәрежесін реттеуді үйренеді: ойынның қалыптасқан түрлеріне байланысты ол қимылды тынығумен кездестіре алады. Бұл бақылағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуге, қоршаған ортадағы жағдайдың өзгеруіне қарап бағдар белгілеу, қалыптасқан жағдайдан жол тауып шығу, тез шешім қабылдан, оны жүзеге асыру, батылдық, ептілік, мақсатқа жетудің оң әдісін таңдау қабілетіп қалыптастыруға көмектеседі. Міне, о дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдаи-ойға жетелеп адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық қимыл-қозғалыс ойындардың сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан-салалы, бірақ іске асыру үшін мұғалімиің шығармашлық көзқарасы және педагогикалық шеберлігі қажет.
Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогика тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табалықты т. б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуатын молдығын, білек күшін, дененің сомданып шығуын қажет ет Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
Қазақтың ұлттық ойындары: кокпар, сайыс, күрес, теңге алу, кыз қуу, т. б. спорттық сипатымен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты. Оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды.
Қазақтың ұлт ойындарының көбі дер кезінде қағаз бетіне үлгермегендіктен, бүгін үмыт болған, Сәбит Мұқанов өзінің « Өмір мектебі» атты мемуарлық еңбегінде ертеректе «Орда» атты асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді. Б. Тотенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітапшасында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздарының бірі деп «Абайдың алты алашы» атты ойынды атап көрсеткен. Дер кезінде қағаз бетіне түсі жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар әлі де көпі кездеседі. Солардың арасында «Сары құлан», «Сарыала қаз», «Ақ аю», «Ағызбақ», «Бақай пісті», «Жылмаң», «Топай», т. б, ойындар бар.
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысы қозғалмалы ойындарға жетекші роль берілді. Дене тәрбиесі негізгі құралдары мен әдістерінің бірі ретінде көп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.
Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны меи формасы жағынан эстетикалық әрекет болын табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдік пен қалынтылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен көрінеді
Эмоциялық өрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге ұмтылысын туғызады және тапсырманы айқын түсінуінен қимылдың жақсы үйлесімінен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан көрінеді. Мақсатқа жетуге ұмтылу қуанышы балалардың осындай әуестену кезінде әр түрлі кедергілерді жеңуге көмектесетін жігердің ролі артады.
Ойын процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді. Ойыңдардың балалар үшін әр түрлі педагогикалық жіктеулері бар.
Мысалы, «Мысық пен тышқан», «Қарақұлақ», «Ала күшік», «Қасқыр қақпан», «Бүркіт», «Атшылар жарысы», «Қара сиыр», «Тай жарыс», «Дөнен жарыс», «Құнал жарыс», «Түйе жарыс», «Қара құрт», «Жапалақтар мен қарлығаштар», «Хан», «Тұзақ құру», «Түйе-түйе», «Жануарлар қалай үндейді», «Қой бағу», « Қоян» сюжетті қимыл-қозғалыс ойындарына жатады.
Сюжетті қимыл- қозғалыс ойындары балаларды өзі түсінікті мақсатқа жетуге жетелейтін, балалар үшін қызықты қимыл тапсырмаларынан тұрады. Олар өз кезегінде ойындардың тоқтап жүгіру, ұстап алу және осы сияқты үлгілеріне бөлінеді: жарыс нышандары қолданылатын ойындар: «Кімнің тобы тез сапқа тұрады», «Кім өз жолаушысына тез жетеді». «Белбеу тастау» «Айдап сал», «Кім шертті», «Икемді тал», т. с. с.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болып келеді,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz