АТФ банк туралы



АТФ Банк тарихы
Басшылық
Серіктестер
«Бірінші несие бюросы» ЖШС
Банктер және қаржы институттарының сақтандыру өнімдері
« АТФ Банк » акционерлік қоғамы ҚР Ұлттық Банкі "Алматы сауда - қаржы банкін" тіркеуге алған кезде, яғни 1995 жылы маусымда негізі салынған. Сол жылы АТФ Банк Қазақстанның банкілік заңнамасында қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге №59 ҚР ҰБ Бас лицензиясына ие болды. 2001 жылы "Алматы сауда - қаржы банкі" Ашық акционерлік қоғамы тіркелген, ал 2002 жыл маусымда – "АТФ Банк" Ашық акционерлік қоғамы". 2003 жылы қазанда аталмыш банк АҚ « АТФ Банк » банкі болып қайта тіркеуден өтті.
Негізгі тарихи кезеңдер:
Австрияның Кредитанштальт банкі, Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі ( UniCredit Group ) «АТФ Банк» АҚ шығарған акционерлік капиталдың жалпы санының 91,8%-ын иемдену үдерісін аяқтады». Келісімнің жобаланған бағасы 2,117 млн. АҚШ долларын құрады.
2007 жылы 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі) мен «АТФБанк» АҚ жеке акционерлері АТФ Банк акцияларының мажоритарлық пакетіне ие болу туралы келісімге қол қойды.
Жетекші дүниежүзілік қаржылық басылым «EUROMONEY» АТФ Банкке "Еуропаның дамушы елдері бойынша бірлескен басқару саласындағы ең үздік банк" атағын берді.
«АТФ Банк» АҚ 2016 жылға дейін қайтару мерзімімен 350 миллион АҚШ доллары сомасына еврооблигациялар шығару бойынша келісімді табысты аяқтады.
«АТФ Банк» АҚ және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігі АТФ Банк қызметінің мөлдірлік деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша ынтымақтастық және әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Одағы 2005 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша АТФ Банкті «Мінсіз» Халықтық Сапа Белгісі және «Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігінің дамуына ат салысқаны үшін» Сертификатымен марапаттады.
Жетекші дүниежүзілік қаржылық басылым «EUROMONEY» АТФ Банкті бірлескен басқару саласындағы Қазақстан Республикасының көшбасшы қаржы институты және Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігіне арналған ең үздік банк деп таныды.
Ресей Федерациясы Орталық банкімен және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен берілген Рұқсаттарға сәйкес «АТФ Банк» АҚ мен «Сибирь» ЖАҚ акционерлері (Ресей Федерациясы) арасында АТФ Банктің «Сибирь» банкінің 100% акциясына ие болуы туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім шеңберінде АТФ Банк және «Сибирь» банкі жетекшілерінің Омск облысының губернаторы Полежаев Л.К. мырзамен кездесуі болып өтті.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АТФ Банк тарихы
АТФ Банк акционерлік қоғамы ҚР Ұлттық Банкі "Алматы сауда - қаржы
банкін" тіркеуге алған кезде, яғни 1995 жылы маусымда негізі салынған. Сол
жылы АТФ Банк Қазақстанның банкілік заңнамасында қарастырылған теңге және
шетел валютасында операциялар өткізуге №59 ҚР ҰБ Бас лицензиясына ие болды.
2001 жылы "Алматы сауда - қаржы банкі" Ашық акционерлік қоғамы тіркелген,
ал 2002 жыл маусымда – "АТФ Банк" Ашық акционерлік қоғамы". 2003 жылы
қазанда аталмыш банк АҚ АТФ Банк банкі болып қайта тіркеуден өтті.
Негізгі тарихи кезеңдер:
Австрияның Кредитанштальт банкі, Орталық және Шығыс Еуропадағы сауда
банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп бөлімшесі ( UniCredit Group
) АТФ Банк АҚ шығарған акционерлік капиталдың жалпы санының 91,8%-ын
иемдену үдерісін аяқтады. Келісімнің жобаланған бағасы 2,117 млн. АҚШ
долларын құрады.
2007 жылы 21 маусымда Bank Austria-Creditanstalt AG (Орталық және
Шығыс Еуропадағы сауда банкілік операцияларға арналған ЮниКредит Групп
бөлімшесі) мен АТФБанк АҚ жеке акционерлері АТФ Банк акцияларының
мажоритарлық пакетіне ие болу туралы келісімге қол қойды.
Жетекші дүниежүзілік қаржылық басылым EUROMONEY АТФ Банкке
"Еуропаның дамушы елдері бойынша бірлескен басқару саласындағы ең үздік
банк" атағын берді.
АТФ Банк АҚ 2016 жылға дейін қайтару мерзімімен 350 миллион АҚШ
доллары сомасына еврооблигациялар шығару бойынша келісімді табысты аяқтады.
АТФ Банк АҚ және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық
ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігі АТФ Банк қызметінің мөлдірлік
деңгейін жоғарылату мәселелері бойынша ынтымақтастық және әрекеттестік
туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Одағы 2005 жылғы жұмыс нәтижелері
бойынша АТФ Банкті Мінсіз Халықтық Сапа Белгісі және Қазақстанның шағын
және орта кәсіпкерлігінің дамуына ат салысқаны үшін Сертификатымен
марапаттады.
Жетекші дүниежүзілік қаржылық басылым EUROMONEY АТФ Банкті бірлескен
басқару саласындағы Қазақстан Республикасының көшбасшы қаржы институты және
Қазақстанның шағын және орта кәсіпкерлігіне арналған ең үздік банк деп
таныды.
Ресей Федерациясы Орталық банкімен және Қазақстан Республикасының қаржы
нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен берілген
Рұқсаттарға сәйкес АТФ Банк АҚ мен Сибирь ЖАҚ акционерлері (Ресей
Федерациясы) арасында АТФ Банктің Сибирь банкінің 100% акциясына ие болуы
туралы келісімге қол қойылды. Осы келісім шеңберінде АТФ Банк және Сибирь
банкі жетекшілерінің Омск облысының губернаторы Полежаев Л.К. мырзамен
кездесуі болып өтті.
Мәскеуде АТФ Банк АҚ Ресми Өкілдігі ашылды. Қазақстан
Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу
агенттігімен және Ресей Федерациясы Орталық банкімен берілген Рұқсаттарға
сәйкес.
Қырғыз Республикасының Заңнамасына сәйкес АТФ Банктің Энергобанк ААҚ
(Қырғыз Республикасы) акцияларының, жалпы алғанда, 72,92%-ына ие болуы
туралы келісімдерге қол қойылды.
АТФ Банк негізі қаланғанына бірінші он жыл толуын атап өтті.
Мерейтойлық кештер банктің аймақтық өкілдіктерінде өтті. Астана және
Алматыда ресей эстрадасының мэтрі Игорь Николаев, аты аңызға айналған
Машина времени тобы және жастар сүйіп тыңдайтын Глюкозаның қатысуымен
концерттер ұйымдастырылды.
АТФ Банк банктің бас офисында және 18 филиалында модульдік
бағдарламалық қамтамасыз етудің флагманы TEMENOS T24 қызметтерін
пайдаланатындығы туралы АТФ Банк АҚ және TEMENOS Group өзара келісімгі
қол қойды.
АҚ мен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті АҚ
арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның
басты мақсаты еліміздің қаржы және білім институттары арасындағы
байланыстарды кеңейту болып табылады.
АТФ Банк АҚ басшылығы бизнес жүргізудің жаңа әдісін таныстырды және
еліміздің жетекші қаржы институтының жаңа фирмалық стилін ұсынды :АТФ Банк
– сенімді өсуге арналған банк!
Несие бюролары және несиелік тарихты қалыптастыру туралы заңға
сәйкес Қазақстанда тұңғыш несие бюросы құрылды. АТФ Банк АҚ Бірінші
несие бюросы ЖШС құрылтайшыларының бірі болды.
Қазақстандық қор биржасы АТФ Банк АҚ бірінші эмиссия халықаралық
облигацияларын А категориялы KASE құнды қағаздардың ресми тізіміне
енгізді.
АТФ Банк Отан ашық жинақ зейнетақылық қоры негізгі акционерлерінің
біріне айналды.
АТФ Банк банкілік заңнамада қарастырылған ұлттық және шетел
валютасында операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
2004 жылдың 01наурызындағы №239 жаңа Лицензиясына ие болды.
АТФ Банк жаңа қызмет көрсету – Серіктес бағдарламасын енгізу туралы
жария қылды. Серіктес бағдарламасы клиенттерге қызмет көрсету сапасын
жоғарылатуға бағытталған.
АТФ Банк 2003 ж. 11 желтоқсанынан бастап Visa Gold, Visa Business,
Visa Classic, Visa Electron карталары тұтынушыларына арналған жаңа қызмет
түрін енгізді. Жаңа қызмет көмегімен карта иелері шетелде болу кезінде
банкомат арқылы карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы мәліметке қол
жеткізеді.
АТФ Банк АҚ қайта тіркелуіне байланысты банкілік заңнамада
қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің 08.12.2003 №239 Лицензиясы берілді.
Банк тарапынан жалпы мөлшері $62 млн. кезекті синдикаттық қарыз
тартылды. Синдикатқа 25 шетел банкі қатысты. Ұйымдастырушы голландиялық ABN
AMRO Bank. Қарыз тағы осы мерзімге ұзарту мүмкіншілігімен бір жылға
берілді.
Банк Қазақстандық франчайзинга қауымдастығымен ынтымақтаса отырып,
Қазақстанда алғаш рет жергілікті кәсіпкерлердің белгілі дүниежүзілік
компаниялардың брэндтерін пайдалануын қаржыландыру бағдарламаласын
орындауға кірісті.
АТФ Банк АҚ мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
АТФ Банк АҚ АТФ Банк ашық акционерлік қоғамының еншілес банкі
Апогей Банкін өзіне қосып алды.
АТФ Банк Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының
басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Банк атауы Алматы сауда-қаржы банкі ашық акционерлік қоғамынан АТФ
Банк ашық акционерлік қоғамына өзгертілді.
Апогей Банкі акциясының 88,15%-на қол жеткізілді.
(Банктің меншік капиталы 5,9 млрд. теңгеге дейін артты.
VISA Virtuon виртуалды карточкалары шығарыла бастады.
Алматы сауда - қаржы банкі Қазақстан Халық Сақтау банкі
акционерлерінің біріне айналды.
Казпромбанк АҚ Алматы сауда - қаржы банкіне қосылуы мемлекеттік
тіркеуден өткізілді.
Негізгі сома өтелді және 2000 жылы қазан айында шығарылған атаулы
купондық облигациялар бойынша 5 000 000 USD сыйақылар төленді.
Raiffeisen Zentralbank және Deutsche Bank ұйымдастырушы болған 20 000
000 USD сомасында синдикатталған қарыз тартылды.
400 млн. теңге сомасында банктің алтыншы эмиссиялы артықшылықтарға ие
акцияларының табысты орналастырылуы.
Қоғам түрінің өзгеруі: Банк Алматы сауда - қаржы банкі ашық
акционерлік қоғамына айналды.
Бірінші рет шығарылған 5 000 000 USD сомасындағы атаулы купондық
облигациялардың табысты орналастырылуы.
VISA-International халықаралық төлеу жүйесінің төлем карталары және өз
логотипі басылған Altyn жергілікті карталары шығарыла бастады.
Банкте есепшот ашпай-ақ жеке тұлғалардың тапсырмасымен әлемнің 170
елінде Western Union компаниясымен серіктес бола отырып, жедел ақша
аудармаларын жүзеге асыру басталды.
Өз логотипі басылған VISA-Classic, VISA-Gold и VISA-Business
халықаралық төлем карталарын шығару басталды.
Алматы сауда - қаржы банкі Германия мен Қазақстан арасындағы
Үкіметаралық қаржылық ынтымақтастық шеңберінде Германия несие желісінің
Қаржы операторы ретінде бекітілді.
Қазақстанда алғаш рет өз логотипі басылған 10 және 20 г. салмақтағы
алтын кесектерді өткізу басталды.
ҚР Ұлттық банкі Алматы сауда - қаржы банкін халықаралық стандарттар
бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына енгізді.
Алматы сауда - қаржы банкі Visa EuroCardMasterCard, Diners Club, JCB,
American Express төлем карталарымен жұмыс жасай бастады.
Алматы сауда - қаржы банкі ЖАҚ Қазақстанның банкілік заңнамасында
қарастырылған теңге және шетел валютасында операциялар өткізуге №59 ҚР ҰБ
Бас лицензиясына ие болды. Маусым 1995 Ұлттық банк Алматы сауда -
қаражаттық банкі ЖАҚ тіркеуге алды.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі АТФ Банк қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады
және 6 адамнан тұрады.
Директорлар кеңесінің төрағасы: Эрик Хэмпел
Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары: Карло Вивальди
Директорлар кеңесінің мүшелері: Стефан Винкельмайер, Ромео Коллина
Тәуелсіз директорлар: Роберто Т
имо, Альберто Роззети
Басшылық
Басшылық АТФ Банк АҚ Басқармасы оперативті басқаруды жүзеге асырады
және АТФ Банктің стратегиялық жоспарларын орындайды, 6 адамнан тұрады:
Александр Пикер, Фон Гляйх Кристоф Александер Ханс-Юрген, Сеитова Мухаббат
Болатовна, Армин Хубер, Якупбаев Рустам Куатович, Иван Радойчич.

Серіктестер
Қазақстандық ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры
Қор 2003 жылы 10 қарашада Алматы қаласы Әділет басқармасымен тіркеуге
алынған, куәлік № 59028-1910-АҚ .
Қор құрылтайшысы ҚР Ұлттық Банкі төлеген жарғылық капитал 500 000 000
теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының президенті 2004 жылы 11 маусымдағы №1388
қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында
Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында
Қорды капиталдандырудың І кезеңі шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы
министірлігі 1 500 000 000 теңге сомасында Қордың 150 000 қарапайым
акциясына ие болды.
Жарғыға сәйкес Қор ипотекалық несиелеумен байланысты несие берушілер
шығындарының бір бөлігіне кепілдік беру бойынша қызметті жүзеге асыратын,
ұйымдық-құқықтық түрде акционерлік қоғам ретінде құрылған коммерциялық емес
ұйым болып табылады. Ипотекалық несиелерді кепілдендіргені үшін Қорға
берілетін сыйақылар және кірістер толығымен Қордың резервтегі капиталына
аударылады.

Қор негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын-үй қарызын алғысы келетін
азаматтардың әртүрлі категорияларына қолайлы шарттар қамтамасыз ету, несие
мерзімдерін ұзарту, пайыздық мөлшерлемесі мен алғашқы жарна мөлшерін
төмендету арқылы ипотекалық несиеге қол жетімділікті жоғарылату.
Қор қызметінің басты бағыты қарыз алушы ипотекалық тұрғын-үй қарызы
келісім-шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда ипотекалық
несиелерді кепілдендіру (сақтандыру) есебінен несие берушілердің қаржылық
тәуекелдерін төмендету мақсатында елімізде ипотекалық несие беру жүйесін
қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.
Сақтандыру қызметтері нарығының Қазақстанда қалыптасып келе жатқан
қатаң бәсекелі ортасы жағдайында Қор тұрақты және сенімді қаржы институты
сияқты айқын мақсатта және нәтижелі дамуда.
Ипотекалық несиелерді кепілдендіру жүйесіне екінші деңгейлі және
Қазақстан Республикасының компанияларының 20 банкі қатысушы болып табылады.
Біздің серіктестеріміз жылжымайтын мүлікті несиелеуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«АТФ Банк» АҚ-ғы несие бөлімі
«АТФБанк» АҚ-ның негізгі қызметтерін ұйымдастыру
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
«АТФ Банк» АҚ туралы
Несие Департаментінің директоры
Коммерциялық банктердің операциялары. Банктің пассивтік операциялары
«АТФБанк» АҚ
«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы
Пәндер