Басты сот талқылауы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Басты сот талқылауын тағайындау ... ... .5
1.1.Жалпы сот талқылауынын түсінігі мен мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Басты сот талқылауының жалпы шарттары ... ...6
1.3.Басты сот талқылауының басты шарттары ... .8
1.4.Басты сот талқылауының шегі ... ... ... ... ...13
1.5.Басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата тұру ... ... ... ...14
1.6.Басты сот талқылауының қаулы шығару тәртібі
2. Басты сот талқылауының тәртібі ... ... ... ...16
2.1.Басты сот талқылауының хаттамасы (ҚР ҚІЖК.нің 328.бабы) ... ... ..17
2.2.Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер ... ... ... ... ... ... ... ..19

3. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі ... ... 20
3.1.Басты сот талқылауының ашылуы ... ..20
3.2.Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру ... ... ... ... ... ... 21
3.3.Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардың қарсылық білдіру құқығы.
3.4.Сотталушыға оның құқықтарын түсіндіру ... ... 23
3.5.Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру ... ..23
3.6.Өтініштерді мәлімдеу және шешу ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... 27
Сотта қылмыстық іс жүргізу табиғатына зер салсақ, оны «қозғалыс» , «іс-қимыл» , «даму» деп түсінілетін процесстен бөле-жарып қарауға болмайтынын көреміз. Демек, қылмыстық процесске реттелген үйлесімді жүйесі бар серпінділік тән. Әрбір іс-қимылдың қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жалпы құрылымында өз мәні мен орны бар. Іс- қимылдар белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді көздейді. Алайда, мақсаттар мен міндеттерге процесске қатысушылар - өзіндік құқықтар мен міндеттер иелерінсіз жетуі мүмкін емес.
Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын), сот және заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізіңде әрекет етеді. Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды.
Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізі қаланған және заңды үкім шығара білуі керек.
1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Төлеубекова Б.Х. Алматы 2000
2. Уголовный процесс РК. Оспанов Алматы 2000
3. Уголовный процесс. / Под ред. Гуценко К.Ф. Москва 1997.
4. Уголовный процесс. / Под ред. Н.А. Лупинский. М.1998г.
5. Мотовиловкер Я.О. Обстоятельства, исключающие производства по уголовному делу. // Государство и право,1994. № 12. С. 60-63
6. Вопросы расследования преступлений. Справочное пособия. Под ред. Кочанова А.Я. М.1996г.
7. Ларин А.М. Расследование по уголовному делу: процессуальные функции. М.1991г.
8. Демидов И.Ф.Проблемы прав человека в Российском уголовном процессе. М.,1995г.
9. Щерба С.П. , Зайцев О.С. Охрана прав потерпевших и свидетелей по уголовным делам. М.1996.
10. П.А.Лупинский «Уголовный процесс» Москва «Юристь» - 1995 г.
11. Сов. Уголовный процесс. Под ред. Н.С.Алексеева., В.З. Лукашевича – М.1998.
12. ҚР. Заңы «Қылмыстық процесске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы». 5 шілде 2000 жыл.
13. Б.Қ.Төлеубекова, Қ.Ж.Қарсәләмов, Б.Қ.Шынорбаева, Д.Қ.Бекішев «ҚР. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ». Ерекше бөлім. Сотқа дейінгі сатылар. Алматы «ҚазГЗУ» - 2002 жыл.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.3

1. Басты сот талқылауын
тағайындау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5

1.1.Жалпы сот талқылауынын түсінігі мен
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Басты сот талқылауының жалпы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.3.Басты сот талқылауының басты
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.4.Басты сот талқылауының
шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..13
1.5.Басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата
тұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.6.Басты сот талқылауының қаулы шығару
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2. Басты сот талқылауының
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...16
2.1.Басты сот талқылауының хаттамасы (ҚР ҚІЖК-нің 328-бабы) ... ... ..17
2.2.Басты сот талқылауының хаттамасына
ескертпелер ... ... ... ... ... ... ... ..19

3. Басты сот талқылауының дайындық
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0

3.1.Басты сот талқылауының
ашылуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...20
3.2.Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін
түсіндіру ... ... ... ... ... ... 21
3.3.Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардың
қарсылық білдіру
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.4.Сотталушыға оның құқықтарын
түсіндіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.5.Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін
түсіндіру ... ..23
3.6.Өтініштерді мәлімдеу және
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...27

Кіріспе

Сотта қылмыстық іс жүргізу табиғатына зер салсақ, оны қозғалыс , іс-
қимыл , даму деп түсінілетін процесстен бөле-жарып қарауға болмайтынын
көреміз. Демек, қылмыстық процесске реттелген үйлесімді жүйесі бар
серпінділік тән. Әрбір іс-қимылдың қылмыстық іс жүргізу қатынастарының
жалпы құрылымында өз мәні мен орны бар. Іс- қимылдар белгілі бір мақсаттар
мен міндеттерді көздейді. Алайда, мақсаттар мен міндеттерге процесске
қатысушылар - өзіндік құқықтар мен міндеттер иелерінсіз жетуі мүмкін емес.

Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады.
Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап
қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын), сот және
заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізіңде әрекет етеді.
Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда
қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды.

Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі
жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған
білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық
жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың
өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізі қаланған және заңды үкім
шығара білуі керек.

Қылмыстық сот процесін жүргізу соттардың жұмыс жасау уақыты шектелмейді.

Сот шешімі — қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу, алдын ала
тергеу жұмыстары, алдын ала тыңдауға арналған дайындық және белгіленген
жұмыстарды тындау, басты сот талқылауы, апелляциялық іс жүргізу, үкімді
орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің
негізгі сатыларының бірі.

Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап, оған
сай жазасын береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот
шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

Қазақстан Республикасының ҚР ҚІЖК-нің 40-тарауы, яғни басты сот
талқылауының жалпы шарттарында талқылауды басынан соңғы сатысына дейін
арналған:

Басты сот талқылауының жалпы шарттарымен, қылмыстық заңмен бекітілген
нормаларымен істің мән-жайын ашып, ерекшеліктерін анықтайды, олар тұрақты
және барлық қылмыстық іс жүргізудің алғашқы кезеңін өзгеріссіз қалдырады.

БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ

1.1. Жалпы сот талқылауынын түсінігі мен мағынасы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасындағы әділеттілік тек әділ сот арқылы ғана жүзеге асады.
Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот
тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап
коймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын), сот және
заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізіңде әрекет етеді.
Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда
қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды.

Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі
жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған
білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық
жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың
өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізі қаланған және заңды үкім
шығара білуі керек.

Қылмыстық сот процесін жүргізу соттардың жұмыс жасау уақыты шектелмейді.

Сот шешімі — қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу, алдын ала
тергеу жұмыстары, алдын ала тындауға арналған дайындық және белгіленген
жұмыстарды тындау, бас сот талқылауы, апелляциялық іс жүргізу, үкімді
орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің
негізгі сатыларының бірі.

Істі жүргізу сатысында көп қылмыстық істер қаралып шешіледі; жан-жақты
орындалады; қылмыстық іс объективті және толық зерттеледі; кінәсіздігі
немесе кінәсінің аздығы туралы; сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын
не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екені анықталады.
Көрсетілген әрекеттердің барлығы да қатаң конституциялық принциптер бойынша
жүргізілуі тиіс.

Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап, оған
сай жазасын береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот
шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

Қазақстан Республикасының ҚР ҚІЖК-нің 40-тарауы, яғни басты сот
талқылауының жалпы шарттарында талқылауды басынан соңғы сатысына дейін
арналған:

Басты сот талқылауына мыналар жатады:

дайындық бөлімі;

сот тергеуі;

сот жарыссөзі;

сотталушының соңғы сөзі;

үкім шығару.

1.2.Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Басты сот талқылауының жалпы
шарттарымен, қылмыстық заңмен бекітілген нормаларымен істің мән-жайын ашып,
ерекшеліктерін анықтайды, олар тұрақты және барлық қылмыстық іс жүргізудің
алғашқы кезеңін өзгеріссіз қалдырады.

ҚР ҚІЖК-нің 40-тарауындағы сот талқылауының жалпы шарттарына мыналар
жатады:

сот талқылауының тікелей және ауызша болуы (ҚР ҚІЖК-ніңЗ11-бабы);

сот талқылауының жариялылығы (ҚР КІЖК-нің 29-бабы);

екі жақтың теңсіздігі (ҚР ҚІЖК-нің 21, 23-баптары);

сот құрамының өзгертілмеуі (ҚР ҚІЖК-нің 312-бабы);

запастағы судья (ҚР ҚІЖК-нің 313-бабы);

төрағалық етушінің өкілеттігі (ҚР ҚІЖК-нің 314-бабы);

сотталушы адамның қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің 315-бабы);

Қорғаушы мен мемлекетгік айыптаушының басты сот талқылауына катысуы (ҚРҚІЖК-
нің 316, 317-баптары);

Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің 318-бабы);

азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына
қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің 319-бабы);

басты сот талқылауының шегі (ҚРҚІЖК-нің 320-бабы);

басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата тұру (ҚР
ҚІЖК-нің 321-бабы);

бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу (ҚР ҚІЖК-нің 322-бабы);

Істі қосымша тергеуге жіберу (ҚР ҚІЖК-нің 323-бабы);

басты сот талқылауында істі тоқтату (ҚР ҚІЖК-нің 324-бабы);

басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 325-бабы);

басты сот талқылауының тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 326-бабы);

басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын
шаралар (ҚР ҚІЖК-нің 327-бабы);

басты сот талқылауының хаттамасы және ескертпелері (ҚР ҚІЖК-нің 328, 329-
баптары);

басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді қарау (ҚР ҚІЖК-нің 330-
бабы);

Соттың талқылауы қылмыстық процесс принциптерінің негізінде құрылған.
Сот процесінде қылмыстық процестің негізгі бөлігі орындалады. Бұндай
жағдайда жалпы сот талқылауының түрлерін қарастырып, оның қысқаша
мінездемесін беру керек.

1.3.Басты сот талқылауының басты шарттары.

Сот талқылауының тікелей болуы сот іске қатысы бар адамдардың барлығын
тыңдап, дәлелдерді жариялауы тиіс. Сот отырысы кезінде келтірілген
дәлелдердің негізінде ғана сот үкім шығара алады. Сот төрешісі тек
материалдық дәлелдемелермен және басқа да іс хаттамасымен танысып қана
қоймайды, сонымен қоса ол міндетті түрде оларды қарауға, сотталушылардан,
жәбірленушілерден жауап алуға, сарапшыларды тыңдауға, хаттамалар мен езге
де құжаттарды тексеруі тиіс. Соттың өзімен зерттелмеген және хаттамада
көрсетілмеген дәлелдерге сот жүгіне алмайды.

Сондай-ақ жәбірленушіден, куәгерден заңсыз алынған мәлімдемелері
қабылдауға жіберілуі мүмкін, ал егер сот құрамы өзгертілген жағдайда сот
отырысында алынған дәлелдер үкім шығаруға негізсіз, себебі, сот талқылауы
сот әрекетін жаңадан, төрағалық етушіні, сот төрешісін, прокурорды,
қорғаушыны және басқаларын таныстырудан бастауы керек.

Ауызша түрде жауаптармен тергеу жұмыстарының хаттамасы, тексеру
актілері, өзге де құжаттарды тексеру жұмыстары сот талқылауының басты
шарттарының бірі. Сот міндетті түрде сотталушыдан, жәбірленушіден,
куәгерден жауап алған кезде ауызша сұрақ қойып, одан жауапты ауызша алып,
оны ауызша талқылайды. Сонымен қатар процестегі жекеленген істер жазбаша
орындалады.

Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы сот отырысына қатысып
отырғандардың іс жөнінде заңда көрсетілген, дәлелдеуге негіз болатын
мәлімдемелер мен дәлелдерге қанық болады. Бұл - куәгерлердің,
айыпталушының, жәбірленушінің және басқаларының жауаптары. Тек ерекше
жағдайларда ғана, яғни ҚР ҚІЖК-нің 353-бабында көрсетілген жағдайда ғана
олардың айғақтары жария етілуі мүмкін.

Жариялылық — бұл сот талқылауындағы сөз бостандығы. Сот отырысына
халықтың қатысуына, сот процесінің жүруіне, естігендері мен көргендері
жайлы бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісуге болады. Сот кеңесінен басқа
процестің барлығы да жариялылық принципі негізінде жүзеге асады.

Сот талқылауының үзілмеуі, басталған іс жөнінде шешім қабылдамайынша сот
басқа іске көшуі мүмкін емес. Жан-жақтылық — сот тергеуі істің барлық
мүмкіндіктерін, айыпталушыны әшкерелейтін де ақтайтын да шараларды тексеруі
тиіс.

Істің толықтылығы істі дұрыс дәлелдеуге қажетті және жеткілікті мән-
жайларды зерттеу үшін шараларды қолдануға міндетті.

Объективтілік — бұл күні бұрын пішілген ой шығару, бейтараптық, айыптау
немесе ақтау тараптарының біржақтылығы. Сот құрамының өзгертілмеуі, істі
бір сот төрешісі немесе сот терешілерінің сол бір құрамы қарауы тиіс. (ҚР
ҚІЖК 312-бап). Сот төрешілерінің бірінің сот талқылауына қатысуды
жалғастыруы мүмкін болмаған кезде ол басқа сот төрешісімен ауыстырылып,
істі қайтадан бастайды. Тек ҚР ҚІЖК-ніңЗІЗ-бабында қарастырылған
жағдайларда ғана сот төрешісі ауыстырылады. Запастағы сот төрешісі сот
талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап қатысуы шарт, егер сот
төрешілерінің бірі денсаулық немесе т.б. себептермен кету жағдайларында сот
төрешісі алмастырылады.

Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы сот төрешісін
шақырту істі талқылаудың дайындық кезінде шешіледі. Сот отырысының дайындық
кезеңіңде запастағы сот төрешісін шақыру не шақырмау мәселесі шешіледі.

Төрағалық етушінің басты сот талқылауындағы өкілеттігі. Сот отырысын
басынан аяғына дейін төрағалық етеді. Төрағалық етуші барлық сот
талқылауында сұрақтар қойып, ұжымдық шешімге байланысты кеңесті басқарады.
Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде қабылданған шешімді хабарлайды. Ол сот
отырысында процестің жүру тәртібін хабарлайды және де процестің заң
негізіндегі тәртіп пен реттілікті сақтауын қамдайды. Төрағалық етуші сот
отырысына басшылық жасайды, әділ соттың мүддесіне объективтілік пен
бейтараптылықты сақтай отырып, істің жай-күйін жан-жақты және толық зерттеу
үшін қажетті жағдайларды жасап, соттың тәрбиелік әсерін қамтамасыз етеді.
Төрағалық етушіге сот отырысы залындағы тәртіп міндеттеледі (ҚР ҚІЖК 314-
бап).

Төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары
мен міндетгері және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді.

Ескерте кететін бір жайт, төрағалық етушінің шешімі сот талқылауына
қатысушы адамдардың барлығына да міндетті. Осылардың бірі төрағалық
етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіру сот
отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР ҚІЖК-нің 314-бабының 3-бөлігі).

Сотталушы адамның басты сот талқылауына қатысуы. Басты сот талқылауы
сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Сотталушы келмеген кезде іс
кейінге қалдырылуы тиіс. КР ҚІЖК-нің 315-бабына сәйкес сот дәлелді
себептерсіз келмеген сотталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты
бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы, мысалы, ешқайда
кетпеу қолхаты күзетпен ұстауға өзгертіледі. Күзетпен ұстаудағы сотталушы
сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот істі қорғаушының міндетті түрде
қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.

Бір ескере кететін жайт, мынадай ерекше жағдайларда, сотталушы
болмағанда істі талқылауға жібере алады: егер сотталушы ауырлығы шағын
қылмыс жасағаны үшін істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе,
сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болса немесе сотқа келуден
бас тартқан жағдайларда ғана жол беріледі.

Қорғаушының басты сот талқылауына қатысу тәртібі мен шарты. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 16-бабыңда айтылғандай айыпталушының құқығын
қорғауға, ҚР ҚІЖК-нің 69-бабында көрсетілгендей тұтқынға алғаннан немесе
айып тағылғаннан бастап заңды түрде қорғаушы көмегіне жүгінуге болады.

ҚР ҚІЖК-нің 316-бабында қорғаушының басты сот талқылауына қатысу
шарттары мен тәртібі мынадай:

Сотталушының қорғаушысы дәлелдерді зерттеуге катысады, сотқа айыптаудың
мәні және оның дәлелдегені жөнінде, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін
немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот
талқылауыңда туындаған басқа да мәселелер бойынша өз пікірін айтады.

Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкін болмаған
кезде істі талқылау кейінге қалдырылады, оны ауыстыру тек сотталушының
рұқсатымен ғана жүзеге асады. Егер сотталушы шақырған қорғаушының катысуы
ұзақ уақыттың ішінде мүмкін болмаса, сот басты сот талқылауын кейінге
қалдырылады.

Айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан
жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.

Іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына дайындалу үшін қажетті
уақыт беріліп және ол іске өзі кіріскеннен кейін сот талқылауы жаңадан
басталады.

ҚР ҚІЖК-нің 317-бабына сәйкес мемлекеттік айыптаушының (прокурор) басты
сот талқылауына қатысу шарты мен тәртібіне мыналар жатады:

прокурордың басты сот талқылауына катысуы міңдетті;

жеке айыптау ісіне прокурордың қатысуы міндетті емес;

күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше
прокурор қолдауы мүмкін;

егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін
еместігі немесе денсаулығына байланысты басқа прокурормен ауыстырылуы
мүмкін.

Прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін
уақыт бере алады, бірақ ол осы уақытқа дейін сотта жасалған іс-әрекеттерді
қайталауға әкеп соқтырмайды.

Айыптауды қолдай отырып, прокурор:

дәлелдерді ұсынып және оларды зерттеуге қатысады;

айыптаудың мәні бойынша өзінің пікірін баяндайды;

сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің
шешімін береді;

сотқа қылмыстың заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы
ұсыныс айтады;

Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық
мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды
немесе оны қолдайды.

Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық
жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын
басшылыққа алады.

Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу кұқығын бұзбайтын
болса, прокурор айыптауды өзгерте алады немесе егер айыптау сот
талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға
міндетті, ол үшін оның себептерін түсіндіруі керек.

Прокурор айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға
келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті. Бұл жағдай
сот талқылауын жалғастыруға негіз бола алады. Мемлекеттік айыптаушының
айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол
беріледі.

Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан
жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Бұл жағдайда
сот істің тоқтатылғаны жайлы үкім шығаруы керек. Ал егер жәбірленуші
айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен
айыпталушыны айыпты не айыпсыз деп шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске
одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі не заңды
өкілі арқылы қолдайды.

Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тарткан кезде сот
айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі тоқтатады.
Айыптаудың қалған бөлігінде іс жалпы тәртіппен қаралады.

Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды
талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.

Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы. Егер дәлелсіз себептермен
жәбірленуші сот талқылауына келмеген жағдайда сот істі жалғастыруы немесе
кейінге қалдыруы мүмкін. Ол үшін жәбірленушінің сот талқылауына қатыспауы
істің барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғауға әсер етпеуі керек.

Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оны айғақ беру үшін белгілі уақытта
келуге міндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Бұндай
жағдайда жәбірленуші сотқа келу уақытын белгілеуі міндет. Жеке айыптау ісі
бойынша жәбірленушінің сот отырысына себепсіз келмеуі істі қысқартуға әкеп
соғады. Ал егер сотталушының өтініші бойынша іс мәнісі жөнінде
жәбірленушінің қатысуынсыз қаралуы мүмкін.

1.4.Басты сот талқылауының шегі. Заң бойынша сот талқылауының шегі тек
қана сот тараптарының қатысуымен айыптау бөлімінде шығарылған үкіммен
шектеледі.

ҚР ҚІЖК-нің 320-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей басты сот талқылауы
тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана
жүргізіледі.

Басты сот талқылауының шегі өзгертілуге болмайды. Сот тек
сотталушылардың ісін қарап (айыпты немесе айыпсыз) үкім шығарады.

ҚР ҚІЖК-нің 320-бабының 2-бөлігінде сот талқылауының шегі соттың айыпты
деп таныған бөлігімен шектеледі. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы
сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы
бұзылмаған жағдайда ғана жол беріледі.

Сот талқылауының шегі сот отырысында тағайындалған айыптаумен шектеледі.
Егер айыптау сот қаулысымен өзгертілген болса, онда сот айыптау қорытындысы
бойынша соттың қайта қарауына құқығы жоқ.

Басты сот талқылауы барысында алдын ала тыңдау сатысында бастапқы
айыптауды неғұрлым ауыр айыптауға өзгерту сотталушының жағдайын нашарлатуы
мүмкін. Мұнымен қатал жазаның тағайындалатыны түсінікті болады. Бірақ
қылмыстық заң қарастыратын айыптаудың тым ауыр жазасын қолдануға
жіберілмейді. Қылмыстық кодекстің айрықша бөлімінің ең жоғарғы және ең
төменгі шегінде жасалған іс әрекеттің, жоғарыда қарастырылған қосымша жаза
немесе ауыр жаза қолданылған кезде айыптауды өзгерту мүмкін емес.

Барлық жағдайда айыптауды өзгерту үшін қылмыстық істі қосымша тергеуге
жібереді.

Егер айыптау және қылмыстың кейбір жағдайларын ескеріп, сотталушының
жазасын жеңілдететін жағдайлар болған кезде сот сол бойынша үкім шығарып,
сотты әрі қарай жалғастыруға құқылы.

1.5.Басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата
тұру. Сот отырысына шақырылған адамдардың, сотталушы, жәбірленуші,
қорғаушы, куәгерлер және т.б. шақырылған адамдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты сот талқылаулары
Басты сот талқылауының жалпы шарттары
Басты сот талқылауының ашылуы
Сот үкімі және басты сот талқылауы
Басты сот талқылауын тағайындау туралы мəселені шешу жəне сот отырысына дайындық əрекеттер
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
Басты сот талқылауын тағайындау
Сот тергеуіндегі дәлелдемелерді зерттеу
Қылмыстық іс жүргізу жүйесіндегі сот тергеуі
Сот тергеуінің қысқартылган тәртібі
Пәндер