Ұлы ақын Абай Құнанбаев туралы ақпарат


Абай Құнанбаев
АБАЙ (Ибраһим) Құнанбаев [(29. 7(10. 8) . 1845, казіргі Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы-23. 6(6. 7) . 1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) ] -ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Ақынның арғы бабасы - Олжай батыр. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 үрпак тарайды. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібак, Топай, Торғай туады. Бүлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған: Сол Айпара ана балаларына:
"Шынжыр балақ, шүбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібашм,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірө да оңбас Торғайым", -деген сипаттама берген (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы, А., 1985, 26-6) . Анасы айтқанындай, Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыршзбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбайдың әйелі - Зереден Қүнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған. Оның бәйбішесі. Күңкеден-Қүдайберді, інісі Қүттымүхамбетке айттырылып, калыңдық кезінде жесір қалған соң, өзі алған екінші әйелі Үлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан Халиулла, Ысмағүл туады. Қартайған шағында үйленген кіші өйелі Нүрғанымнан ұрпақ жоқ. А-дың "Атадан алтау, анадан төр-теу . . . " едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел анасы атанған "кәрі әжесі" Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, өзіл - калжыңға шебер, жөн - жобаға жетік өз анасы Үлжанның төрбиесінде өсті.
Абай бала кезінде ширақ, пысык болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зерекгігімен, ынтальшығымен ерекшеленген. Шортанбай, Дулат, Бұкар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Үлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Түрпанның інісі) Тонтайдың өлерінде қожамолдаларға карап: "Жазыла - жазыла қожамолдадан да үят болды, енді өлмесек болмас" -дегені халық аузында мәтел боп кеткен. Құнанбай қажының да кеңінен толғап сөйлер терендігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшьшардың да назарына іліккен. Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінін және туыстарының балаларын оқытқан. А. сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Рабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы каладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бүл түста М. О. Әуезовтің: өзі түстас үлкен - кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейіңді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бірақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа карамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дөріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады . . . Оқуға кірген соңақ тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындары болады . . . Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған - деген тұжырымы болашақ ұлы акынның қалыптасу кезеңін айғақтайды.
А. бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы баскаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, М. Е. Салтыков - Щедрин, . Н. А. Некрасов, М. Ю. Лермонтов, Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевский, И. С. Тургенов, Н. Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған керек, туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлендері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай А-дың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы А. әке ықпалымен әкімшілік - билік жұмыстарына араласады. Ол әке қасында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан - жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндьшығын айқын түсініп, соған қарсы батыл кимылдар жасаған. Алайда оның тамыры теренде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің құрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара кымқиғаш айтыстарға түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған. А. болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 - 78 ж. Қоңыркөкше еліне болыс болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, өділдік таразысын тең ұстауға күш салды. А. кейіннен, 1886ж. Е. П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. А. 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарымқатынаста болған. А. ел ісіне араласкан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семей ген. -губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізідді. Осы съезде төбе би болып сайланған А-ға "Семей қазақтары үшін қылмысты істерге карсы заң ережесін" әзірлеу тапсырылды. А. бастаған комиссия барлығы 93 - баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында әдет зандарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық - зомбылыққа негізделген заңына да ұксамайтын, өзгеше құжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құңды. Бірақ А-дың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890 ж. Байғүлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренш қыстауының шетіндегі Шу деген жерде А-ға қарсы дұшпандық. әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1891 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, А. өміріне қастандык жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың бар жиренішті сырын, өзінін қарсы екендігін Сенатқа жазған хаттында айғақты деректерме дөлелдеп береді. (Абай. Энциклопедия. А., 1995, 49-бет Ел баскару қызметінде барды әділ болып, халыққа: ойлаған, «тура биде тігі жоқ» принципін ұстанған. Ғұмырының соңына қарапенделік шаруалардан аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыққа арнаған.
А. үш өйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан - Ақылбай, Әбдрахман, Күлбадан, Әкімбай, Мауия, Райхан; екінші әйелі Әйкерімнен - Түрагүл, , Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Үшінші алған әйелі Еркежаннан - ұрпак көрген жоқ.
"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен ұзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне - бірін қарама-карсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа карсы койып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге тұрмайды деп санаған. Табиғат өзгереді, кұриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді философтар да айтқан. "Адам өлмес" деп бірден кесіп айтқан ойын А. төмендегідей жалғастырады: . . . "Ол бірақ қайтып келіп ойнап - күлмес, "Мені" мен "менікінің" айрылғанын, "Өлді" деп ат қойыпты еңкей білмес"
. . . Дәл осы өлеңінде "мен" және "менікі" деген үғымдарды А. ажыратып, дәлірек айкындамайды. Келесі шумақта: . . . "Көп адам дүниеге бой алдырған" Бой алдырып аяғын көп шалдырған, " - дей келіп, алғашқы ойын енді тікелей жалғастырғандай: "Өлді деуге сыяма, ойландаршы, Өлмейтүғын артына сөз қалдырған . . . " - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге сыяды. А. "Өлең сөздің патшасы өлеңінде тез түзелді, тындаушы сен де түзел!" -деп жұртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындык сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қазақ өмірінің сол кездегі жағдайында толық сенім арту қиын да еді. А. оны жақсы түсінді, мүны оның "Мен жазбаймын елеңді ермек үшін" деген елеңіндегі мына шумақтар толық дәлелдейді: " . . . Шу дегенде қүлағың тосаңсиды, Өскен соң мүндай сезді бұрын көрмей". Бұдан біз ақын өлең - жырларындағы жаңа, соны ой - пікірлерді жұртшылықтын қалай қабыддайтынына ерекше жөн бергенін айқын аңғарамыз. Өлең - жырға көңіл қоятын қауымнан мән - жайын түсініп байыбына жетуді талап етті "Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей". А. ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қансонарда бүркітші шығады аңға", ''Қалың елім, казағым, кайранжұртым", "Жаз", (Жаздыгүні шілде болғанда) "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдындағы келер заман" секілді өлендерінін кай - кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата - анаға көз куаньш", "Сағаттың шықылдағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып ескенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықтым бір жым - жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім ұзын қайын құлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. А. өлеңдерінің көбіне тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топқа жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған А. соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлеңдер такырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр өленде әр қырынан ашылады. А. дың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, керкемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі жөне әрқайсысының бір - біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
А-дың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, аксақалды"), "Күз" ("Сұр бұлт түсі суық каптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгүн шілде болғанда"), "Жазғытұры" ("Жазғытұры калмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмқн - мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан өр түрлі болып шыққан. Сондай - ақ өлең сөз, ән - күйдің мәнін, ақындық өнердің касиетін бағалайтын, тақырыбы жағынан бір - біріне жалғас " Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол", "Мен жазбаймын өленді ермек үшін", "Көңіл құсы қүйқылжыр шартарапқа", "Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамның кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір - бірінен өзгеше сипат алған. Осындай бір - біріне ұқсамайтын әр өлеңінде ақынның өнерпаздық түлғасы өр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", "Көктұман алдыңдағы келер заман", "Сағатгың шықылдағы емес ермек" деген сияқты өлендерін оқығанда А. ойшьш акын екен деп тандансак, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсің, кө-ңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлендерді оқығанда, А. асқан сыршыл лирик ақынау деп тамсанамыз. Ал "Қансонарда бүркітші шығады аңға", "Жаздыгүн шілде болғанда", "Желсіз түнде жарық ай", "Жазғытұры қалмайды кыстың сызы" сияқты өлендерге назар салсақ А-дың өмір қүбылыстарын сөзбен мүсіндеп, жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер ақын екеніне ден коямыз. "Сабырсыз, арсыз, еріншек", "Бөтен едде бар болса", тағы сондай туындыларға карап нағыз сықақшыл, өткір мысқылға шебер ақын осындайақ болар десек, "Мәз болады болысың" атты өленді еске түсіріп, әжуалап келемеждеудің мұндай да өте нөзік, өтімді түрі болатынына тәнті боламыз. "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" атты өлеңдердің қазақ поэзиясында қалыптасқан насихат, өсиет үлгісіндегі нұскалардан мазмұны да, ойды бейнелеп айту тәсілі де мүлдем өзгеше екені көңіл аударады. Ал "Сен мені не етесің", "Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілері екені айқын аңғарылады. А-дың әр өлеңінде оның осындай ақындық түлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешелігі болады десек, олар іштей астасып жаткан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылдық бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегінезгеше өрнектеуге шеберлікте әбрі ұштасып келетіні анық көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz