Канаданың үлгісі


Канаданың үлгісі
Солтүстік Америкадағы мемлекет. Британь Ынтымағының құрамына кіреді. Солт. Американың солт. Бөлігін және Ванкуве, Корелево Шарлотта, Ньюфаундленд, Кейп-Бретон, Антикости, Принс-Эдуард аралдарын, Канаданың арктикалық архипелагін алып жатыр. Оңтүстікгінде және солт. батысында АҚШ-пен шектеседі. Солтүстігі - Солт. Мұзды мұхит, Батысы Тынық мұхит, шығысы атлант мұхиты. Жері 9976, 1 мың км 2 . Халқы 21, 8 млн. Астанасы - Оттава қаласы.
Канада да Қазақстан секілді жерге бай, ал сол жер көлемімен есептегенде халқының саны шағын мемлекет. Ел аумағы 9976 шаршы шақырымды (бізден үш есе үлкен), халқының саны 30 миллион адамды (бізден екі есе көп) құрайды. Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 5, 5 адамнан келсе, Канадада 3 адамнан келеді.
Тағы бір ұқсастық жағы, Канада да табиғи шикізат көздеріне өте бай. Темір, металл, мұнай, тағы басқа пайдалы кен орындары өзіне ғана емес сыртқа шығарып сатуға молынан жетеді.
Канада да біз секілді ірі индустриялық-аграрлық ел. Сыртқа бидай және басқа да өнімдер экспорттаумен айналысады. Ал табиғи климаттық жағдайы біздің солтүстік өңірлерге келіңкірейді.
Егер Қазақстан Қытай мен Ресей секілді екі алып елдің ортасына орналасса, Канада әлемдік держава АҚШ-пен көрші. Әрине, мұндай көршіліктің жақсылықтарымен қатар қолайсыздықтары да аз емес. Сондықтан канадалық саясаткер Пьер Трюдоның “біз өз саясатымызда пілмен қатарласа ұйықтаған тышқан секілді үлкен көршіміздің әрбір қимылы мен қозғалысын үнемі бағып отыруға мәжбүрміз. Өйткені піл қаншалықты бейбітсүйгіш әрі кеңпейілді болса да, оның ұйқыдағы күйінде бізге қарай аунап түсуінен құдай сақтасын”, деген сөзі көп жағдайдан сыр аңғартқандай.
Дегенмен, Канада осы қиын көршіліктің өзін тиімді пайдалану арқылы АҚШ-тай алыптың экономикалық қуатынан өз тіршілігі үшін үлкен нәр ала білді. Соның нәтижесінде ол әлемдегі ең дамыған индустриялық-аграрлық елге айналды.
Осыдан екі жылдай уақыт бұрын “Қазақстан: Батыспен үнқатысу” атты халықаралық конференцияға қатысқан Канаданың бұрынғы Премьер-министрі Жан Кретьен өзінің Қазақстандағы даму барысына айрықша ықылас қоятындығын айта келе мұның себебін былай деп түсіндірген болатын: “Бүгін сіздердің елдеріңіздің алдынан кешегі біздер секілді үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Сіздердің табиғи ресурстарыңыз бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Сіздердің географиялық орналасуларыңыз да ел экономикасын нәрлендіретіндей өте бір ұрымтал тұста тұр. Менің елім Канада өзінің АҚШ-пен көршілігін басты экономикалық артықшылығына айналдыра білді. Әрине, алыппен көрші болу оңай емес. Дегенмен, бүгінгі жаһандық экономикада халықаралық сауда мен оның барлық тиімді жақтары туралы әңгіме қозғалып жатқанда географиялық орналасу жөнінде адасуларға орын болмауы тиіс. Оның үстіне сіздердің геосаясаттағы маңыздылықтарыңыз екі көршілеріңізден де әріде жатыр. Қарқынды дамып келе жатқан тағы бір алып ел Индиямен, ресурсқа бай Таяу Шығыспен жақын орналасуларыңыз, Орталық Азиямен көршіліктеріңіз әлемнің көз тіккен осы бір нүктесінде өте маңызды рөл ойнай алатындықтарыңызды білдіреді”, деген еді.
Міне, осы Канадада халықтың 80 пайызы қалаларда қоныс тепкен (ал бізде әзірге 53 пайызы ғана) . Канада урбандалудың жоғары деңгейіне жеткен ел. Біздегідей даласы кең болса да Канада халқы неге қалаларға шоғырланып алған? Бұл Қазақстан үшін де ой саларлық мәселе. Әрине, канадалық үлгіні арнайы зерттеу, бізге келетін, келмейтін тұстарын айқындау керек. Қанша айтқанмен, даму тарихы мен саяси жүйесі, араласатын ортасы мен мекен еткен құрлығы бөлек ел. Сондықтан біз назар аударуға болатын кейбір мәселелерді ғана сөз етпекпіз.
Канаданың астанасы Оттавада 1 миллион адам мекендесе, елдің ең үлкен қалалары Монреальда 3 миллион 200 мың, Торонтода 3 миллион 100 мың, Ванкуверде 1 миллион 850 мың, Эдмонтонда 1 миллион, Калгариде 800 мың, Виннипегте 700 мың, Квебекте 700 мың тұрғын бар. Ел халқының 40 пайыздан астамы осы үлкен қалаларда қоныс тепкен.
Әлем елдерінде “қала” деген ұғымның біртұтас өлшемдері қалыптаспаған. Көптеген елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінен тыс тұрған және халық көбірек шоғырланған елді қала деп атайды. Біздің осы кезге дейінгі түсінігімізде көп қабатты үйлері мен мәдени-әлеуметтік ғимараттары мол кездесетін, ол үйлер бір орталықтан жылытылатын елді мекендер қала аталса керек еді. Ал енді дамыған батыста қала адамдары көпқабатты үйлерден қашып, алдында жері бар бір-екі қабатты жеке үйлерге шығып жатыр.
Сондай-ақ қаланың тағы бір өлшемі адамдар санына да қатысты. Ресейде қала атану үшін елді мекенде 12 мың адамның, Жапонияда 30 мың адамның болуы қажет болса, Канада үшін тұрғын саны 1 мыңнан асса жетіп жатыр. Біз үшін Канаданың осы бір тәжірибесі қызықты. Өйткені, мұндай шағын қалалар бізде жоқ. Оның есесіне бізде тұрғындар саны 10-15 мыңға жетсе де ауыл аталатын елді мекендер жеткілікті.
Канадада қаланы қалыптастырудың басты өлшеміне адамдардың саны емес, қалаға тән инфрақұрылымдардың болуы алынады. Канада - байтақ дала мен шағын қалалар елі. Жердің молдығы мен халық санының аз болуы осы үлгіні тиімді етеді.
Ал өз тәуелсіздігіне енді ие болып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жаңа бастаған Қазақстан жағдайында ауыл еңсесі енді ғана түзеліп келеді. Көптеген ауылдарда әзірге мектеп пен емханадан басқа дұрыс жұмыс орындары да болмай отыр. Бірінші кезектегі міндет ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. Үкімет осыған күш салуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz