Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
1. Қолданылу саласы
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Балық және балық өнiмдерiнiң базардағы
айналымының шарттары
4. Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
6. Балық аулайтын және балық
өңдейтiн кемелерге қойылатын талаптар
7. Балық және балық өнiмдерiн өндiру процесiне
қойылатын қауiпсiздiк талаптары
8. Сақтауға және көлiк құралдарына қойылатын
қауiпсiздiк талаптары

Осы "Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының жiктеуiшi бойынша кодтармен пайдаланылатын барлық өндiрiлетiн (дайындалатын) және әкелiнетiн (импортталатын) балық және балық өнiмдерiнiң түрлерiне қолданылады.
Осы Техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнiмдердiң қауiпсiздiгiне, соның iшiнде аквадақылдары өнiмдерiне, балық және балық өнiмдерiн өндiру процестерiне, орамасына, таңбалауына және айналымына талаптар белгiлейдi.
2. Осы Техникалық регламент талаптары:
1) балықтарды көбейту және өсiру (жетiлдiру) процестерiне;
2) балалар үшiн арнайы тағайындалған (соның iшiнде емдәмдiк және емдiк-профилактикалық) тағамдарға, балық және балық өнiмдерiне;
3) балықтан әзiрленген биологиялық активтi және тағамдық қоспаларға;
4) балықтан әзiрленген азықтық және техникалық өнiмдерге қолданылмайды.
3. Балық және балық өнiмдерiн бiрдейлендiру ондағы бiрдейлендiру белгiлерiнiң бар-жоғын қарап, тексеру арқылы жүргiзiледi.
Өнiмдердi зерттеу және сынақтан өткiзу үшiн сынама алу және бiрдейлендiру өнiмдердiң нақты атауына талаптар белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды пайдалану арқылы мынадай жолмен жүргiзiледi:
өнiм партиясын сипаттаушы құжаттарды талдау;
өнiмдi зерттеу және сынақтан өткiзу;
өнiмдi қарап (органолептикалық) тексеру;
заттаңбасында, тұтыну ыдысында, қосымша бетiнде өнiммен бiрге ұсынылған мәтiн түрiндегi ақпаратты зерделеу.
4. Нәтижесiнде балық және балық өнiмдерi адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн қауiптi ерекшелiкке ие болатын неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:
1) балық және балық өнiмдерiнiң құрамында химиялық ластағыштардың болуы;
2) құрамында улы элементтер, пестицидтер, радионуклидтер, басқа да зиянды заттар мен олардың қалдықтарының болуы;
3) балық және балық өнiмдерiнiң микробиологиялық және паразитологиялық контаминациясы;
4) құрамында пайдалануға тыйым салынған тағамдық қоспалар мен гендiк инженерия өнiмдерiнiң болуы.
5. Балық және балық өнiмдерiн дайындауда және өндiруде:
кәсiпорынның орны мен аумағын таңдау, балық және балық өнiмдерiн дайындайтын өндiрiстiк аймақтарды (үй-жайларды) орналастыру және жабдықтау;
шикiзатты өңдеуге дайындау;
персоналды, жабдықтарды және тұрмыстық үй-жайларды дайындау;
балық және балық өнiмдерiн өндiру, сақтау және олардың айналымы кезiнде туындайтын барлық ықтимал қатерлерi ескерiлуi тиiс.

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9
қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он екi ай
өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2009 жылғы 19 мамырдағы
N 743 қаулысымен
бекiтiлген
"Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық
регламентi
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын
талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) осы
Техникалық регламентке қосымшада көрсетiлген Қазақстан Республикасының
Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының жiктеуiшi бойынша
кодтармен пайдаланылатын барлық өндiрiлетiн (дайындалатын) және әкелiнетiн
(импортталатын) балық және балық өнiмдерiнiң түрлерiне қолданылады.
Осы Техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнiмдердiң
қауiпсiздiгiне, соның iшiнде аквадақылдары өнiмдерiне, балық және балық
өнiмдерiн өндiру процестерiне, орамасына, таңбалауына және айналымына
талаптар белгiлейдi.
2. Осы Техникалық регламент талаптары:
1) балықтарды көбейту және өсiру (жетiлдiру) процестерiне;
2) балалар үшiн арнайы тағайындалған (соның iшiнде емдәмдiк және
емдiк-профилактикалық) тағамдарға, балық және балық өнiмдерiне;
3) балықтан әзiрленген биологиялық активтi және тағамдық қоспаларға;
4) балықтан әзiрленген азықтық және техникалық өнiмдерге
қолданылмайды.
3. Балық және балық өнiмдерiн бiрдейлендiру ондағы бiрдейлендiру
белгiлерiнiң бар-жоғын қарап, тексеру арқылы жүргiзiледi.
Өнiмдердi зерттеу және сынақтан өткiзу үшiн сынама алу және
бiрдейлендiру өнiмдердiң нақты атауына талаптар белгiлейтiн стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттарды пайдалану арқылы мынадай жолмен
жүргiзiледi:
өнiм партиясын сипаттаушы құжаттарды талдау;
өнiмдi зерттеу және сынақтан өткiзу;
өнiмдi қарап (органолептикалық) тексеру;
заттаңбасында, тұтыну ыдысында, қосымша бетiнде өнiммен бiрге
ұсынылған мәтiн түрiндегi ақпаратты зерделеу.
4. Нәтижесiнде балық және балық өнiмдерi адамның денсаулығы мен
қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн қауiптi ерекшелiкке ие болатын
неғұрлым ықтимал қатерлерге мыналар жатады:
1) балық және балық өнiмдерiнiң құрамында химиялық ластағыштардың
болуы;
2) құрамында улы элементтер, пестицидтер, радионуклидтер, басқа да
зиянды заттар мен олардың қалдықтарының болуы;
3) балық және балық өнiмдерiнiң микробиологиялық және
паразитологиялық контаминациясы;
4) құрамында пайдалануға тыйым салынған тағамдық қоспалар мен гендiк
инженерия өнiмдерiнiң болуы.
5. Балық және балық өнiмдерiн дайындауда және өндiруде:
кәсiпорынның орны мен аумағын таңдау, балық және балық өнiмдерiн
дайындайтын өндiрiстiк аймақтарды (үй-жайларды) орналастыру және жабдықтау;
шикiзатты өңдеуге дайындау;
персоналды, жабдықтарды және тұрмыстық үй-жайларды дайындау;
балық және балық өнiмдерiн өндiру, сақтау және олардың айналымы
кезiнде туындайтын барлық ықтимал қатерлерi ескерiлуi тиiс.
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының "Ветеринария
туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi, "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, "Тамақ өнiмдерiнiң
қауiпсiздiгi туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес терминдер мен
анықтамалар, сондай-ақ мыналар пайдаланылады:
1) аквадақыл өнiмдерi - бақыланатын жағдайда өсiрiлген немесе
жетiлдiрiлген балық және балыққа жатпайтын объектiлер;
2) балық консистенциясының бұзылуы - еттi сүйектен ажырату кезiнде
паста тәрiзденiп, бұлшық ет құрылымының бұзылуы салдарынан балық
консистенциясының өзгеруi;
3) жаңа ауланған балық - алыну кезiнде сақталу шарты тек салқындату
болған балық және балық өнiмдерi;
4) балық өнiмi - тағамдық мақсатта қолдануға арналған табиғи немесе
өңделген түрдегi балық
5) балық шикiзаты - азық өнiмдерiн дайындау үшiн қолданылатын тiрi,
шикi, салқындатылған, мұздатылған балық
6) жүзу базасы (жүзу құралы) - бортындағы балық аулау өнiмдерi бiр
немесе бiрнеше орау, салқындату, мұздату, етiнен сылыну, кесу
операцияларынан өтетiн кез келген кеме;
7) жасанды өнiм - органолептикалық көрсеткiштерi табиғи өнiмге
сәйкестендiрiлген балық және балыққа жатпайтын объектiлердi пайдалану
арқылы дайындалған өнiм;
8) контаминация - тамақ өнiмдерiне түскен кезде оларды қолдануға
қасақана емес қауiптi және жарамсыз ететiн балық және балық өнiмдерiнiң
табиғаты биологиялық және химиялық бөгде заттармен ластануы;
9) мұздату кемесi - бортындағы балық және балық өнiмдерi
салқындатудан өтетiн барлық кемелер;
10) мұздатылған балық - мұздатуға ұшыраған, осы жерде өзiне тән
сапаны сақтау үшiн температурасы жеткiлiктi төмендетiлген және кейiн сату
уақытын қоса алғанда, тасымалдау, сақтау және өткiзу кезiнде осы төмен
температураларда сақталған балық
11) мұздату - тиiстi құралмен өнiмнiң қалыңындағы температурасы -18оС-
тан аспайтындай етiп жүзеге асырылатын технологиялық процесс;
12) сүйектен еттi ажырату - балық ұзынынан екi бөлiкке бөлiнетiн, ал
қабығы, басы, омыртқасы, иық және қабырға сүйектерi, жүзу қанаттары, iшкi
құрылысы алынатын, терiсi алынатын немесе қалдырылуға болатын балықты
бөлудiң түрi;
13) салқындатылған балық - өнiмнiң бұлшық ет қалыңындағы ұлпасы
температурасының -1оС-тан -5оС-қа дейiн төмендеуiн қамтамасыз ететiн
салқындату процесiнен өткен балық
14) салқын ысталған балық - алдын ала тұздалған балықтан түтiнмен,
түтiнсiз немесе аралас әдiспен +40оС температурада ысталған және ысталған
иiсi мен дәмi бар өнiм;
15) тiрi балық - дене, жақ, желбезек қақпағының табиғи қимылы бар
табиғи немесе оған жақын келетiн тiршiлiк ортасында жүзетiн балық
16) таза су - құрамында судың биоресурстарына зиян келтiруге
қабiлеттi мөлшерде микроорганизмдер, зиянды заттар мен уытты планктондар
болмайтын теңiз немесе тұщы, соның iшiнде залалсыздандырылған (тазартылған)
су;
17) ыстықтай ысталған балық - толық пiсiрiлген, алдын ала тұздалған
балықтан дайындалған түтiнмен, түтiнсiз немесе аралас әдiспен +80оС-тан
жоғары температурада өңделген және ыстың иiсi мен дәмi бар өнiм.
3. Балық және балық өнiмдерiнiң базардағы
айналымының шарттары
7. Балық және балық өнiмдерiн iшкi сауда объектерiлерiнде
орналастыруда олардың осы Техникалық регламенттiң талаптарына,
ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-гигиеналық ережелер мен
нормаларға сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өнiмнiң қауiпсiздiгiн және
бақылануын растайтын құжаттардың (ветеринариялық сертификат, тауарлық
iлеспе жолдама құжаттама) болуын қамтамасыз ету қажет.
8. Балық және балық өнiмдерiн өткiзу адамның денсаулығы мен өмiрiне
арналған өнiмдердiң және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
ветеринария, денсаулық сақтау, тамақ өнiмдерi мен сауда қызметiндегi
нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүргiзiлуi тиiс.
9. Сапасына күмән келтiретiн нақты белгiлерi бар, консистенциясы
бұзылған, олардың қауiпсiздiгiн, шыққан жерiн және сапасын растайтын iлеспе
құжаттары жоқ, жарамдылық мерзiмi белгiленбеген немесе бiткен, сондай-ақ
балық және балық өнiмдерiнiң қасиетi мен таңбалануы Қазақстан
Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi және техникалық реттеу
саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, ветеринариялық-
санитариялық сараптама жасау үшiн алынады.
10. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы
заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын құжаттары жоқ
балық және балық өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
11. Пайдалануға жарамсыз және адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi
балық және балық өнiмдерiн жою Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң
қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
4. Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
12. Балық және балық өнiмдерiндегi микробиологиялық және
паразитологиялық контаминация мен химиялық ластауыштардың, уытты
элементтердiң, пестицидтердiң, радионуклидтердiң, басқа да зиянды заттар
мен олардың қалдықтарының, азық қоспалары мен гендiк инженерия өнiмдерiнiң
құрамы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және ветеринария
саласындағы заңнамасында белгiленген деңгейден аспауы тиiс.
13. Тiрi балық тағамдық өнiм ретiнде сатылар алдында табиғи тiршiлiк
ортасынан алынуы тиiс не табиғи тiршiлiк ортасынан алынғаннан кейiн
тiршiлiк әрекетi аяқталатын мерзiмнен аз уақыт iшiнде сатылуы тиiс.
14. Балық аулау өнiмiне жататын тiрi балық айналымға жiберу алдында
асқазаны мен iшегiнде азық болмау үшiн биологиялық тазалау кезеңiнен өтуi
тиiс.
Жеке бөлiктерiнiң құрамында адам денсаулығына қауiптi заттары бар
балық зиянды бөлiктерi алынып, кейiннен жойылуы арқылы бөлшектенуi тиiс.
Айналым сатысында балық және балық өнiмдерiнiң құрамында адам
денсаулығы үшiн қауiптi гельминттер мен олардың құрттары болмауы тиiс.
Балық өнiмдерiн дайындау үшiн Саnthigаsteridае, Diodontidае, Моlidае,
Tеtrаоdontidае тұқымдастығының балықтарын шикiзат ретiнде пайдалануға
болмайды.
Мұздатылған балық және балық өнiмдерiнде терең сусыздануы салмағының
10%-ынан аспауы тиiс.
5. Балық және балық өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың
ғимараттарына, аумақтарына қойылатын қауiпсiздiк талаптары
15. Балық және балық өнiмдерiн қайта өңдейтiн жаңадан салынатын және
қайта жаңартылатын кәсiпорындарды (бұдан әрi - кәсiпорындар) орналастыру
және пайдалануға беру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және
ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсiпорын аумағы қоршалған, аббаттандырылған, көгалдандырылған және
тазалықта ұсталуы тиiс.
16. Өндiрiстiк үй-жайлардың орналасуы технологиялық процестердiң
ағымдылығын қамтамасыз етуi және шикiзат пен қалдықтардың ағымының дайын
өнiмнiң ағымымен қиылысу мүмкiндiгiн болдырмауы тиiс.
17. Балық және балық өнiмдерiн өндiру процесiнде пайдаланылатын су
"Халыққа арналған ауызсудың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық
регламентiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
18. Кәсiпорын үй-жайлары желдеткiш, сумен қамтамасыз ету және кәрiз
жүйелерiмен жабдықталуы тиiс.
19. Кәрiз жабдығы, дренажды арналар балық және балық өнiмдерiнiң және
қоршаған ортаның ластану қатерiн болдырмайтындай жобаланып, құрастырылуы
тиiс.
20. Кәсiпорындардың өндiрiстiк цехтарын, учаскелерiн, бөлiмшелерiн,
қосалқы және қойма үй-жайларын жоспарлау кезiнде өндiрiстiк бақылау
жүйесiн, соның iшiнде балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне, сондай-
ақ жинау, жуу және залалсыздандыру сапасына ветеринариялық-санитариялық
бақылау жүргiзу мүмкiндiгi қарастырылады.
21. Кәсiпорынның қуаттылығы мен қызмет түрiне қарамастан, өндiру
(дайындау) процесiнде:
1) технологиялық процестердiң ағымдылығы;
2) лас процестердiң тазаларынан оқшаулануы қамтамасыз етiледi.
Балық өнiмдерiн өндiру (дайындау) цехтары ауаның жағымсыз иiстерiн,
шаңын және басқа да ластануларды жою үшiн мәжбүрлi желдеткiшпен
жабдықталады.
22. Балықпен жанасатын барлық беттерi тоттануға төзiмдi, су
өткiзбейтiн материалдардан жасалуы тиiс және ашық түспен боялған, тегiс
жеңiл жуылатын болуы тиiс. Қабырғалар мен арақабырғалар тегiс және
технологиялық процестердi қамтамасыз ету жеткiлiктi биiктiкте болуы тиiс.
Төбеде және iлулi арматураларда кiрдiң жиналуы, тамақ өнiмдерiне
бөгде заттардың түсуiне және ылғалдың немесе көгерудiң пайда болуына жол
берiлмейдi.
Кәсiпорынның барлық үй-жайларындағы едендерi тегiс, жылтыр, су
өткiзбейтiн материалдармен жабылады және ағынды сулардың кәрiзге түсуiн
қамтамасыз ететiндей құрастырылуы тиiс.
Терезелердiң конструкциясы кiрдi барынша азайтуға жеткiзетiндей болуы
тиiс, есiктерде тегiс өзiне жұқтырмайтын беткейлерi болуы тиiс, еден мен
қабырғалар арасындағы қосылған жер оңай тазалану үшiн қол жетiмдi болуы
тиiс.
23. Кәсiпорын қауiпсiздiк белгiлерiмен жабдықталып, цех iшiндегi
құбыржолдары олардың арналуы бойынша "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық
түстерге, белгiленулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар"
туралы техникалық регламентiне сәйкес айрықша түстерге боялады.
6. Балық аулайтын және балық
өңдейтiн кемелерге қойылатын талаптар
24. Балық аулайтын кемелердiң құрылысы өнiмдердiң трюмдық, ағымдық
сумен, түтiнмен, отынмен, мұнай өнiмдерiмен, жағармай материалдарымен
байланысқа түспеуiн қамтамасыз ету қажет, үшкiр бұрыштары мен шығыңқылары
барынша аз болып, қарқынды ағымды қамтамасыз етуi тиiс.
Балық аулау өнiмдерi жанасатын жабдық беттерi мен материалдар
тоттануға төзiмдi материалдардан жасалып, тегiс және жуу мен
(дизенфекциялауға жеңiл болуы тиiс. Бетiндегi қаптамасы берiк және уытты
емес болуы тиiс.
Өнiмдердi 24 сағаттан астам уақыт iшiнде сақтауға арналып жобаланған
және жабдықталған кемелер балық аулау өнiмдерiн сақтау үшiн трюмдармен,
цистерналармен немесе контейнерлермен жабдықталуы тиiс.
Сақталынатын балық аулау өнiмдерiн контаминациядан сақтау үшiн
трюмдар машина бөлiмшелерiнен және экипажға арналған бөлiмшелерден
арақабырғалармен бөлiнуi тиiс. Трюмдар мен контейнерлер өнiмдi
қанағаттанарлық гигиеналық жағдайда сақталуын, қажет болған жағдайда ерiген
судың азық өнiмдерiмен жанаспауын қамтамасыз етуi тиiс.
Балық өнiмдерiн салқындатылған таза теңiз суында салқындатуға
арналған кемелерде цистерналар цистернаның барлығында бiртектi
температураға жеткiзу құралдарымен жабдықталуы тиiс. Бұндай құрылғылар
балықты таза теңiз суына салғаннан кейiн температурасы алты сағаттан кейiн
+3оС және 16 сағаттан соң 0оС аспайтын суыту дәрежесiне жетiп,
температураның мониторингiн және тiркелiмiн жасауға мүмкiндiк беруi тиiс.
Балық аулау өнiмдерiн салқындату кезiнде ветеринариялық-санитариялық
ережелер мен нормалар сақталуы тиiс.
25. Балық аулау өнiмдерiн салқындатуға арналған мұз таза немесе ауыз
суынан дайындалуы тиiс. Қолданғанға дейiн ол ластануына жол берiлмейтiн
жағдайда сақталуы тиiс.
26. Балық аулау өнiмдерi аулағаннан кейiн бiр сағаттан кешiктiрмей
мұзбен немесе мұздатылғын сумен салқындатылуы тиiс.
27. Температуралық жағдай мүмкiндiк беретiн болса, кiшi кемелер
балықты мұзсыз түсiре алады. Мұндай балық ауланған сәтiнен бастап 12 сағат
iшiнде түсiрiлiп, температурасы -1оС мен +4оС аралығында ұсталынуы тиiс.
28. Балық аулау өнiмдерiн сумен салқындату кезiнде оны таза
салқындатылған суда сақтау керек. Салқындатудың мұндай әдiсi кеме бортында
үш тәулiктен артық қолданылмайды.
Егер балық аулау кемелерi балық аулау өнiмдерiмен бiрге қолданылатын
сумен қамту құрылғысы бар болса, ол жеткiзiлетiн судың ластануының алдын
алатын етiп орнатылуы тиiс.
29. Кемеге құстардың, жәндiктердiң немесе басқа жануарлардың,
паразиттер мен зиянкестердiң түсуiне жол берiлмеуi қажет.
7. Мұздатқыш кемелерге, мұздатқыш камераларға және мұздатқыштарға қойылатын
талаптар
30. Мұздату кемелерiнде:
температураны -18оС-қа дейiн тез төмендететiн жеткiлiктi қуаттылығы
бар мұздатқыш жабдықтар;
балық аулау өнiмдерiн трюмдарда сақтағанда -18оС-тан аспайтын
температураны ұстап тұратын жеткiлiктi қуаттылығы бар салқындату жабдықтары
болуы тиiс. Сақтау трюмдары температураны тiркеу құрылғыларымен
жабдықталады. Санау құрылғысының температураны көрсетушi тетiгi трюмдағы ең
жоғары температурасы бар аймақта орналасуы тиiс.
Тоңазытқыш камералардың және мұздатқыштардың iшкi қабырғалары мен
төбелерi оларға балық аулау өнiмдерiн тиеу алдында санитарлық өңдеуден
өткiзiледi.
Тоңазытқыш және мұздатқыш камераларына салған кезде балық аулау
өнiмдерi ағаштан жасалған торларға қатарланып немесе еденнен биiктiгi 8
сантиметр болатын тұғырықтарға қойылады. Қатарлар суыту қабырғалары мен
аспаптарынан 30 сантиметр алыс қашықтықта орналастырылуға тиiс. Қатарлар
арасында өтетiн жол қалдырылады.
Егер балық аулау кемелерiнде балықпен бiрге пайдаланылатын су беру
құрылғысы болса, онда ол жеткiзiлетiн судың ластануын болдырмайтындай етiп
орнатылуы тиiс.
8. Жүзу базасына (жүзу құралдарына)
қойылатын қауiпсiздiк талаптары
31. Жүзу базаларында (жүзу құралдарында), аз мөлшерде болса да
мыналар болуы қажет:
тамақты күн көзi мен қыздырғыш элементтерден және кез келген
контаминация көздерiнен сақтайтындай етiп жобаланған балық аулау өнiмдерiн
бортқа қабылдау үшiн резервке алынған және оңай тазаланатын қабылдау
аймағы.
санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн балықты қабылдау
аймағынан жұмыс аймағына беру жүйесi;
өнiмдердiң кез келген контаминациясын болдырмайтындай етiп құрылған,
балық аулау өнiмдерiн дайындау және өңдеу үшiн жеткiлiктi кең, оңай
жиналатын және дезинфекцияланатын жұмыс аймағы;
дайын өнiмдердi сақтау аймағы;
өнiмдердi дайындау және өңдеу аймақтарынан бөлек буып-түю
материалдарын сақтау орны;
қалдықтарды жоюға арналған арнайы жабдықтар немесе адамдардың
тұтынуына жарамсыз аулау балық өнiмдерiнiң қалдықтарын сақтауға арналған
камералар, бұл ретте қалдықтар кемеде 24 сағаттан артық сақталмауы тиiс;
орналасуы сумен жабдықтау жүйесiмен жанаспайтын су жинау құрылғысы;
Балық аулау өнiмдерiн өңдеумен шұғылданатын персоналдың қолын жууға
арналған жабдық.
Балық аулау өнiмдерiн мұздатуды жүзеге асыратын жүзу базасында (жүзу
құралдарында) мұздату кемелерi үшiн талап етiлетiн жабдықтар болуы тиiс.
9. Жабдыққа және метрологиялық қамтамасыз етуге
қойылатын қауiпсiздiк талаптары
32. Цехтарда жабдықтардың орналасуы қиылысу арқылы ластануды барынша
азайтатындай болуы тиiс және технологиялық процестер толығымен кеңiстiкке
немесе уақытқа бөлiнуi тиiс.
Өнiмдi өңдейтiн орындардың барлық беттерi улы емес материалдардан
жасалуы тиiс, тегiс, су өткiзбейтiн болуы, балық шырышының, қабықтарының,
iшкi құрылыстарының жиналуын барынша азайту және физикалық ластану қаупiн
төмендету үшiн жақсы жағдайда ұсталуы тиiс.
Балықты сумен өңдейтiн орындарда салқын ауыз судың берiлуi ретке
келтiрiлген болуы тиiс. Мұзды сақтауға жәненемесе өңдеуге арналған тиiстi
жабдық болуы тиiс.
33. Аспаптар және жұмыс жабдықтары, өңдеу тақталары, ыдыстар,
конвейерлiк белбеулер және пышақтар тамақ өнiмдерiмен жанастыруға рұқсат
етiлген, оңай тазаланатын және залалсыздандырылатын материалдардан
дайындалуы тиiс. Шикiзатпен және дайын өнiмдермен жанасатын металл
құрастырмалар тот баспайтын материалдардан жасалуы тиiс.
Кәсiпорындардағы жабдықтар осы Техникалық регламенттiң талаптарына
сәйкес технологиялық операциялардың орындалуын және қауiпсiз тамақ
өнiмдерiнiң дайындалуын қамтамасыз ететiндей орналастырылуы тиiс.
Балық өнiмдерiн өндiру кезiнде пайдаланылатын жабдықтар оның
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн конструктивтiк және пайдалану
сипаттамаларына ие болуы тиiс.
34. Жабдықтардың құрастырмасы және жасалуы оны жууға,
дезинфекциялауға және қоршаған аймақты жинауға мүмкiндiк беруi тиiс. Жуу
және дезинфекциялау ластану қатерiн болдырмау үшiн қажеттi жиiлiкпен
жүргiзiлуi тиiс. Жуу және дезинфекциялау кестесiн (жиiлiгiн) кәсiпорын
басшысы бекiтедi.
Жабдықтар тиiстi бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылуы тиiс.
35. Технологиялық процестердi өлшеу және бақылау құралдары
өлшемдердiң бiрыңғайлығын қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнде
белгiленген тәртiппен кезеңдiк тексерiстен немесе калибрлеуден өткiзiлiп
отырады.
Сынабы бар бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.
Шыныдан жасалған өлшеу аспаптары металл қаптармен жабдықталуы тиiс.
36. Жаңа, сондай-ақ жөнделген және қайта жаңғыртылған технологиялық
жабдықтармен жұмыс оны тек қана санитарлық өңдегеннен және мiндеттi
микробиологиялық бақылау жүргiзiлгеннен кейiн жүргiзiлуi тиiс.
37. Жерге тереңдей орналастырылған тұздауға ерiтуге, сулауға арналған
чандардың қабырғалары еден үстiнде 50 сантиметрден кем емес биiктiкте
жоғары тұруы тиiс.
Чандардың түбi төгiлетiн тесiкке еңкiш, өңделген тұздықтың толық
ағуын қамтамасыз етуi тиiс.
Тұздауға қолданылатын контейнерлер тотығуға төзiмдi немесе полимерлi
материалдардан жасалуы тиiс.
Ерiтiлген, жуылған, тұздалған балықтан су ағуға арналған стелаждар
еденнен кемiнде 40 сантиметр биiктiкте орналасуы тиiс.
38. Ыстау камералары көрсеткiштерi арнайы журналға енгiзiлетiн
дистанциялық өлшегiш-бақылау құралдарымен жабдықталуы тиiс.
39. Уылдырық цехы технологиялық процестiң ағымдылығын қамтамасыз
ететiн жеке үй-жайда жобалануы тиiс. Банкаларға және бөшкелерге уылдырықты
орау бөлек жүргiзiлуi тиiс.
10. Балық және балық өнiмдерiн өндiру процесiне
қойылатын қауiпсiздiк талаптары
40. Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi оны өндiру процесiнде:
1) балық және балық өнiмдерiн өндiрудiң барлық сатыларында
(учаскелерiнде) оларды жүзеге асырудың технологиялық процестерi мен
режимдерiн таңдау;
2) өндiрiлетiн тамақ өнiмдерiнiң ластануын болдырмайтын технологиялық
процестердiң оңтайлы дәйектiлiгiн таңдау;
3) технологиялық жабдықтардың жұмысын бақылау;
4) балық өнiмдерiн өндiруге қажеттi шикiзат және тағамдық қоспаларды
сақтау шарттарын сақтау;
5) балық және балық өнiмдерiн өндiру процесiнде пайдаланылатын
өндiрiстiк үй-жайларды, технологиялық жабдықтарды және мүкәммалдарды балық
өнiмдерiнiң ластануын болдырмайтын жағдайда ұстау;
6) өндiрiстiк үй-жайларды дезинфекциялаудың, дезинсекциялаудың және
дератизациялаудың балық және балық тағамдарын өндiруде пайдаланылатын
технологиялық жабдықтар мен мүккәмалдарды санитариялық өңдеудiң және
дезинфекциялаудың, тәсiлiн және кезеңдiлiгiн таңдау. Санитарлық өңдеу,
дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау балық өнiмдерiнiң
ластану қауiпiн болдырмау үшiн жеткiлiктi кезеңдлiкпен жүргiзiлуi тиiс.
Санитарлық өңдеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау
кезеңдiлiгiн өндiрушi белгiлейдi;
7) осы Техникалық регламент талаптарының орындалуын растайтын
құжаттаманы жүргiзу және сақтау арқылы қамтамасыз етiледi.
41. Балық өнiмдерiн өндiру кезiнде денсаулық сақтау саласының
уәкiлеттi орган тiркеуден өткiзген тағамдық қоспаларды ғана пайдалану
қажет.
42. Балықты басынан ажырату және iшек-қарнынан тазарту ветенариялық-
санитарлық және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып жүргiзiлуi
тиiс.
Балықты бөлшектеу және турау балық етiнiң контаминациясын және
бұзылуын болдырмайтындай етiп жүргiзiлуi тиiс. Жұмыс үстелiнде еттiң
жиналуына жол берiлмейдi, олар дайындалғаннан кейiн одан әрi өңдеуге
жiберiледi.
43. Балық өнiмдерiн өндiруде пайдаланылатын шикiзат ветеринариялық-
санитарлық және санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес келуi
тиiс.
44. Кемелерде балауса балықтар (шикiзат) өндiру мынадай талаптарға
сәйкес келуi тиiс:
адам денсаулығына қауiптi гельминттар табылған, улы балықтар,
ауланған балықтар су түбi топырағымен немесе мұнай өнiмдерiмен
контаминацияланған жағдайда осы Техникалық регламентте белгiленген
тұтынушының денсаулығына қауiптi тағам шығару мүмкiндiгiнiң алдын алатын
шаралар қабылдануы тиiс;
барлық жiберiлген бұзушылықтар тiркелiп, ауланған балықтарды немесе
дайын өнiмдерi портқа түсiру кезiнде тиiстi тұлғаға хабарлануы тиiс;
түсiру процесi өнеркәсiптiк балық аулау өнiмдерiнiң контаминациясын
болдырмауы, күн көзiнен және атмосфералық әсерлерден қорғауды және оны
сақтаудың тиiстi температуралық жағдайын қамтамасыз етуi тиiс.
45. Салқындатылған балықты өндiруде мынадай талаптар орындалуы тиiс:
тунец, парусник, макрель, марлин, қылыш-балық және шемiршектi
балықтар ауланғаннан соң тез арада қансыздандырылуы тиiс;
бекiре балықтарының (стерлядтан басқасы) қансыздануы және iшкi
құрылысы мен сфинктерi алынуы тиiс;
қара балық, илиша, осман және храмуль тек iшек-қарнынан тазаланып
дайындалады; iшкi құрылысы, уылдырық, шәует және қара жабыны мұқият
тазаланады және жойылады, илиша мен храмуляның бастары алынуы және жойылуы
тиiс;
ұзындығы 53 сантиметрден жоғары жайын балықтар iшек-қарнынан
тазаланып дайындалады.
46. Мұздатылған балық және балық өнiмдерiн өндiру кезiнде мынадай
талаптар орындалуы тиiс:
мүшелеу учаскесi ауызсумен немесе таза сумен қамтамасыз етiлуi тиiс;
мұздату -30оС-тан жоғары емес температурада өнiмнiң қабатына жеткенге
дейiн -18оС-тан жоғары емес температурада жүргiзiледi;
мұздатуды табиғи жағдайда балық ауланған орында табиғи жағдайда -12оС-
тан жоғары емес температурада мұзды, жақсы желдетiлген алаңда немесе желдiң
өтiнде жүргiзуге болады.
Балық және балық өнiмдерiн мұздату қажеттi өндiрiстiк сатыларды
аяқтағаннан кейiн жүргiзiлуi тиiс. Шикiзат өндiрiске түскен сәттен бастап
мұздатқышқа салынғанға дейiн 4 сағат өтпеуi тиiс.
47. Тұздалған және маринадталған өнiмдердi дайындау кезiнде салмағы 1
киллограмнан асатын тоғанда өсiрiлген балық тұздау алдына бөлшектенуi тиiс.
Тазалау, тұздықты дәмдеу және салқындату бекiтiлген өндiрiс
технологиясына сәйкес жүзеге асырылғаны жөн.
48. Ақ амур, тұқы, жайын және дөңмаңдайдан жасалған ысталған,
қақталған, кептiрiлген тағам өнiмдерi оларды бөлшектегеннен соң ғана
дайындалады.
Ыстықтай ыстау кезiндегi балық қабатындағы температура +80оС-тан кем
болмауы тиiс.
Дайын өнiмдi +20оС-тан жоғары емес температураға дейiн тез суытып,
буып-түйедi және тоңазытқыш камераға жiбередi. Ыстықтай ысталған балықты +2-
ден -2оС-қа, салқындатып ысталған балықты 0-тан -5оС-қа дейiнгi
температурада сақтайды.
Ыстық ысталған балықты мұздатылғанға дейiн 12 сағаттан артық сақтауға
жол бермейдi.
Ыстықтай және жартылай ыстық ысталған балықтарды қайта буып-түюге
тыйым салынады.
49. Балық уылдырығы таза ыдысқа жиналып, цехқа салқындатылған күйiнде
жеткiзiледi.
Уылдырықты салғаннан бастап оны пастерлегенге дейiнгi уақыт 2
сағаттан аспауы тиiс.
Бекiре балығының уылдырығы тек тiршiлiк белгiлерi бар тiрi
балықтардан дайындалған шикiзат уылдырығынан дайындалады.
50. Балық, балық шикiзатын өнеркәсiптiк қайта өңдеу және балық
өнiмдерiн өндiру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының
талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
51. Балық өнiмдерiн өндiру процесiнде алынған қалдықтар су өтпейтiн
танбаланған ыдыстарға жиналуы және жиналу өндiрiстiк үй-жайлардан жойылуы
тиiс.
Қалдықтар шикiзаттан және дайын өнiмдерден бөлек салқындатылатын
камераларда сақталуы тиiс. Қалдықтарды салқындатпай жабық ыдыста 2 сағаттан
артық емес сақтауға болады.
Қалдықтарды сақтау және жою шарттары тамақ өнiмдерiнiң ластануына,
адамның өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiруiне, сондай-ақ қоршаған ортаның
ластану мүмкiндiгiне жол бермеуi тиiс.
11. Балық және балық өнiмдерiнiң буып-түйiлуiне, таңбалауына
қойылатын талаптар
52. Балық және балық өнiмдерiн буып-түю, таңбалау "Буып-түюге,
таңбалауға затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс түсiруге қойылатын
талаптар" техникалық регламентiне сәйкес жүргiзiледi.
53. Балық және балық өнiмдерiн буып-түю олардың ластануына жол
бермейтiн жағдайларда жүргiзiлуi тиiс.
Балық өнiмдерiнiң орамы оның қауiпсiздiгiн және жарамдылық мерзiмi
iшiнде бiрдейлiк белгiлерiнiң өзгермеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
54. Орама материалдары мен ыдысы:
Балық және балық өнiмiнiң органолептикалық қасиеттерiн бұзбауы;
тамақ өнiмдерiмен жанасуға рұқсат етiлген материалдардан жасалуы;
жеткiлiктi түрде берiк болуы;
санитарлық-гигиеналық шарттарын сақтай отырып, жеке үй-жайларда
сақталуы тиiс.
55. Жеңiл тазаланатын және дезинфекцияланатын ыдыстарды қоспағанда
ыдыс қайта қолданылмауы тиiс.
Мұзбен салқындатылатын өнiмдi сақтау үшiн пайдаланылатын ыдыс ерiген
судың жақсы ағымын қамтамасыз етуi тиiс.
56. Тұтыну орамасына:
осы өнiмдi дайындау кезiнде пайдаланылмаған балықтар мен басқа да
ингридиенттердiң суретiн салуға;
жасанды жолмен әзiрленген тамақ өнiмдерiне балық және балық
өнiмдерiнiң суретiн, атауын салуға тыйым салынады.
57. Таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиiс:
кәсiпшiлiк ауданына тиесiлiлiгi;
балықтың ұзындығы мен салмағы (iрi, орташа немесе ұсақ):
бөлшектеу түрi;
мұздатылған өнiм үшiн таза салмағы қабыршық немесе арнайы сақтандыру
жабынының салмағы есепке алынбай көрсетiледi. Қатқан мұз немесе сақтандыру
жабынының салмақтық үлесi жеке көрсетiлуi тиiс;
егер осындай ақпараттың болмауы тұтынушыны жаңылыстыруға ұшыратуы
мүмкiн болса, ерекше жағдайы немесе өңдеу түрi;
иондаушы сәулеленудi пайдалану туралы ақпарат;
тұздылық деңгейi (аз тұздалған, әлсiз тұздалған, орташа тұздалған,
қатты тұздалған);
сұрып (бар болса) немесе санаты (мұздатылған балық етi үшiн);
"вакуумда оралған" немесе "газды ортада оралған" деген жазуының болуы
(орамада вакуум немесе газды орта пайдалану кезiнде).
12. Сақтауға және көлiк құралдарына қойылатын
қауiпсiздiк талаптары
58. Шикiзатты, дайын өнiмдi, орама және қосалқы материалдарды сақтау
үшiн кәсiпорындарда қойма үй-жайлары жабдықталады.
Тамақ шикiзаты мен қосалқы материалдарды сақтау үшiн сөрелер,
тұғырықтар пайдаланылады. Тамақ шикiзаты мен қосалқы материалдарды еденге
қоюға жол берiлмейдi. Барлық қойма үй-жайларын таза ұстау кезең-кезеңiмен
дезинсекция және дератизация жасалуға қажет.
59. Арнайы сақтау шарттары бар балық және балық өнiмдерiн сақтауға
арналған үй-жайлар мен жабдықтар, осы өнiмдердi сақтау шартын бақылайтын
бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталуы тиiс. Температура көрсеткiштерiн
жазып отыратын термометр орнату ұсынылады.
60. Балық және балық өнiмдерiн тасымалдау санитарлық-эпидемиологиялық
қызметтiң аумақтық органдары берген санитарлық паспорты бар арнайы
жабдықталған көлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарына мынадай талаптар қойылады:
балық және балық өнiмдерiмен жанасатын көлiк құралының iшкi бетi
немесе кез келген басқа бөлiктерi өнiмнiң қауiпсiздiгiне және тұтынушының
денсаулығына әсер етпейтiн материалдардан жасалады және тегiс, жеңiл
тазаланатын және дизенфекциялануы тиiс;
көлiк құралдары өнiмдi жәндiктерден және шаңнан тиiмдi қорғауды
қамтамасыз ететiн құралдармен жабдықталып, сұйықтықтың дренажын болдырмау
үшiн су өткiзбейтiн болуы тиiс;
бақылау-өлшеу құралдарымен жарақталуы тиiс.
61. Қажеттiлiгiне карай тиеу арасында көлiк құралдарына жәненемесе
контейнерлерге тазалау және дезинфекциялау жүргiзiлуi тиiс.
62. Балық және балық өнiмдерiн сақтау кезiнде мынадай шарттарды
сақтау қажет:
салқындатылған балық ерiп тұрған мұз темперетурасына жақын
температурада сақталуы тиiс;
мұздатылған балық және балық өнiмдерi -18оС-тан жоғары емес
температурада сақталуы тиiс;
консервiлердi өндiруге арналған тұздықтағы бөлшектенбеген,
мұздатылған балық -9оС-тан жоғары емес температурада сақталуы мүмкiн;
тiрi балық оның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда ұсталынып, сату
мерзiмiне шек қойылмауы тиiс. Ыдыстар судың сапасын өзгертпейтiн
материалдардан жасалуы тиiс.
63. Сақтау үшiн осы Техникалық регламенттiң, тамақ өнiмдерiнiң
қауiпсiздiгi саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң
талаптарына сай келетiн және қауiпсiздiкпен қадағалауды қамтамасыз ететiн
құжаттары бар (ветеринариялық сертификат, гигиеналық қорытынды, тауарлық-
iлеспе құжаттама) балық және балық өнiмдерi қабылданады.
64. Балық және балық өнiмдерiн сақтау кемiргiштердiң, құстардың,
жәндiктердiң кiруiн болдырмайтын арнайы бөлiнген, осы мақсатқа
жабдықталған, жабық, таза, осы өнiмнiң сақтау шарттарын бақылау үшiн арнайы
өлшеу-бақылау құралдарымен жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.
Сақтау кезiнде балық және балық өнiмдерiн су және кәрiз құбырларының,
жылыту құралдарының жанында, тiкелей еденде, сондай-ақ қойма үй-жайларынан
тыс жерде жиып қоюға жол берiлмейдi.
Өнiмдi сақтауға арналған үй-жайларда, соның iшiнде тоңазытқыш
камераларда үнемi механикалық тазалау, жуу, дезинфекция, дезинсекциялық
және дератизациялық шаралар жүргiзiлуi тиiс.
13. Сәйкестiктi растау
65. Балық және балық өнiмдерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес ерiктi
түрде жүзеге асырылуы мүмкiн.
14. Қолданысқа енгiзу мерзiмдерi мен шарттары
66. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнiнен
бастап он екi ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
15. Өтпелi ережелер
67. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтiк құқықтық
актiлер оларды осы Техникалық регламентке сәйкес келтiргенге дейiн осы
Техникалық регламенттiң талаптарына қайшы келмейтiн және ұлттық қауiпсiздiк
мүдделерiн қорғау, адамның өмiрi немесе денсаулығын және қоршаған ортаны
қорғауды қамтамасыз ету мақсатына сәйкес келетiн бөлiктерiнде орындауға
жатады.
Техникалық регламентiне
қосымша
Балық және балық өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық
қызметiнiң тауар номенклатурасының кодына сәйкес тiзбесi
ҚР СЭҚ ТН коды Позицияның атауы
0301 Тiрi балық:
0301 10 декоротивтiк балығы
0301 10 100 0 тұщы су балығы
0301 10 900 0 теңiз балығы
өзге де тiрi балықтар:
0301 91 патшабалық (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss,
Oncorhynchus clarki, Oncorhynchus aguabonita,
Oncorhynchus gilae, Oncorhynchus apache және
Oncorhynchus chrysogaster):
0301 91 100 0 Oncorhynchus apache және Oncorhynchus
chrysogaster түрлерi
0301 91 900 0 өзгесi
0301 92 000 0 жыланбалық (Anguilla spp.)
0301 93 000 0 тұқы балық
0301 99 өзгесi:
тұщы су балығы:
0301 99 110 0 тынық мұхитының албырты (Oncorhynchus nerka,
Oncorhynchus gorbuscha, Oncorhynchus keta.
Oncorhynchus tschawytscha, Oncorhynchus
kisutch, Oncorhynchus masou және Oncorhynchus
rhodurus), атлантикалық албырт (Salmo salar) дунай
албырты (Hucho hucho)
0301 99 19 өзгелерi:
бекiре балықтары:
0301 99 191 0 шабақтар
0301 99 198 0 өзгелерi
0301 99 199 0 өзгесi
0301 99 900 0 теңiз балығы
0302 Жаңа ауланған немесе суытылған балық, 0304-тауар
позициясындағы балық сүбе етiнен және өзге де еттен
басқа:
албырт балықтар, бауырдан, уылдырықтан және сүтшелерден
басқа:
0302 11 патшабалық (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss,

Oncorhynchus chrysogaster)
0302 11 100 0 Oncorhynchus apache және Oncorhynchus
chrysogaster түрлерi
0302 11 900 0 өзгесi
0302 12 000 0 тынық мұхитының албырты (Oncorhynchus nerka,
Oncorhynchus gorbuscha, Oncorhynchus keta,
Oncorhynchus tschawytscha, Oncorhynchus kisutch,
Oncorhynchus masou және Oncorhynchus rhodurus),
атлантикалық албырты (Salmo salar) және дунай
албырты (Hucho hucho)
0302 19 000 0 өзгелерi
түйетабан тәрiздiлерi (Pleuronectidae, Bothidae,
Cynoglossidae, Soleidae, Scophthalmidae және
Citharidae), бауырдан, уылдырықтан және сүтшелерден
басқа:
0302 21 сүтiл (Reinhardtius hippoglossoides,
Hippoglossus hippoglossus, Hippoglossus
stenolepis):
0302 21 100 0 қара сүтiл, немесе көк қабықты (Reinhardtius
hippoglossoides)
0302 21 300 0 атлантикалық сүтiл (Hippoglossus hippoglossus)
0302 21 900 0 тынық мұхитының ақ қабықты (Hippoglossus
stenolepis)
0302 22 000 0 теңiз түйетабаны (Pleuronectes platessa)
0302 23 000 0 теңiз тiлi (Solea spp.)
0302 29 өзгелерi:
0302 29 100 0 мегрим (Lepidorhombus spp.)
0302 29 900 0 өзгелерi
тунец (Thunnus), скипджек, немесе жолақ тунец (Euthynnus
(Katsuwonus) pelamis), бауырдан,
уылдырықтан және сүтшелерден басқа:
0302 31 ұзын жүзбеқанатты тунец, немесе альбақор (Thunnus
alalunga)
0302 31 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 31 900 0 өзгесi
0302 32 сары жүзбеқанатты тунец (Thunnus albacares):
0302 32 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 32 900 0 өзгесi
0302 33 скипджек, немесе жолақ тунец:
0302 33 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 33 900 0 өзгесi
0302 34 үлкенкөздi тунец (Thunnus obesus):
0302 34 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 34 900 0 өзгесi
0302 35 көк тунец, немесе кәдiмгi (Thunnus thynnus)
0302 35 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 35 900 0 өзгесi
0302 36 оңтүстiк көк тунец (Thunnus maccoyii):
0302 36 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 36 900 0 өзгесi
0302 39 өзгелерi:
0302 39 100 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 39 900 0 өзгелерi
0302 40 000 0 майшабақ (Clupea harengus, Clupea pallasii), бауырдан,
уылдырықтан және сүтшелерден басқа:
0302 50 нәлiм (Gadus morhua. Gadus ogac, Gadus
macrocephalus), бауырдан, уылдырықтан және сүтшелерден
басқа:
0302 50 100 0 Gadus morhua түрi
0302 50 900 0 өзгелерi
өзге де балықтар ,бауырдан, уылдырықтан және сүтшелерден
басқа:
0302 61 сардиндер (Sardina pilchardus, Sardinops spp.),
сардинелла (Sardinella spp.), килька немесе шпроттар
(Sprattus sprattus):
0302 61 100 0 Sardina pilchardus сардиндер түрлерi
0302 61 300 0 Sardinops сардиндер; сардинелла (Sardinella
spp.)
0302 61 800 0 килька немесе шпроттар (Sprattus sprattus)
0302 62 000 0 пикша (Melanogrammus aeglefmus)
0302 63 000 0 сайда (Pollachius virens)
0302 64 000 0 скумбрия (Scomber scombrus, Scomber
australasicus, Scomber japonicus)
0302 65 акулалар:
0302 65 200 0 тiкенектi акула Squalus acanthias
0302 65 500 0 мысықты акула Scyliorhinus spp.
0302 65 900 0 өзге де акулалар
0302 66 000 0 жыланбалық (Anguilla spp.)
0302 69 өзгесi:
тұщы су балығы:
0302 69 110 0 тұқы
0302 69 19 өзгесi:
бекiре балықтары:
1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 69 191 0 мүшеленбеген
0302 69 192 0 желбезексiз және iшкi құрылыссыз
0302 69 193 0 өзге де мүшелеумен
0302 69 198 0 өзгелерi
0302 69 199 0 өзгесi
теңiз балығы:
Euthynnus балығы, скипджека, немесе тунец
жолақ (Euthynnus (Katsuwonus) pelamis) балықтары,
0302 33 субпозицияның:
0302 69 210 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0302 69 250 0 өзгелерi
теңiз алабұғасы (Sebastes spp.):
0302 69 310 0 Sebastes marinus түрлерi
0302 69 330 0 өзгесi
0302 69 350 0 Boreogadus saida балық түрi
0302 69 410 0 мерланг (Merlangius merlangus)
0302 69 450 0 мольва (Molva spp.)
0302 69 510 0 минтай (Theragra chalcogramma) немесе күмiстi
сайда (Pollachius poilachius)
0302 69 550 0 анчоустар (Engraulis spp.)
0302 69 610 0 теңiз табан балығы (Dentex dentex және Pagellus spp.)
мерлуза (Merluccius spp.) немесе американдық
жiптәрiздi жүзбеқанатты нәлiм (Urophycis spp.):
Merluccius мерлуза:
0302 69 660 0 капсты мерлуза (ұсақсулы) (Merluccius
capensis) және намибийялық мерлуза (тереңсулы)
(Merluccius paradoxus)
0302 69 670 0 жаңаеланды мерлуза (Merluccius australis)
0302 69 680 0 өзгесi
0302 69 690 0 американдық жiптәрiздi жүзбеқанатты нәлiм Urophycis
0302 69 750 0 кәдiмгi теңiз табан балығы (Brama spp.)
0302 69 810 0 ауыздық (Lophius spp.)
0302 69 850 0 путассу (Micromesistius poutassou немесе Gadus
poutassou)
0302 69 860 0 оңтүстiк путассу (Micromesistius australis)
0302 69 870 0 семсер балық (Xiphias gladius)
0302 69 880 0 клыкач (Dissostichus spp.)
0302 69 910 0 ставрида (Caranx trachurus, Trachurus trachurus)
0302 69 920 0 қара конгрио (Genypterus blacodes)
0302 69 940 0 лаврак (Dicentrarchus labrax)
0302 69 950 0 аурата (Sparus aurata)
0302 69 990 0 өзгелерi
0302 70 000 0 бауыр ,уылдырық және сүтшiлер
0303 Мұздатылған балық, 0304-тауар позициясындағы балық сүбе
етiнен және балық еттен басқа:
тынық мұхитының албырты (Oncorhynchus nerka,

бауырдан, уылдырықтан және сүтшiлерден басқа:
0303 11 000 0 қызыл немесе нерка (Oncorhynchus nerka)
0303 19 000 0 өзгелерi
өзге де албырттар, бауырдан ,уылдырықтан және сүтшелерден
басқа:
0303 21 патшабалық (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss,

0303 21 100 0 Oncorhynchus apache және Oncorhynchus
chrysogaster түрлерi
0303 21 900 0 өзгесi
0303 22 000 0 атлантикалық албырт (Salmo salar) және дунай
албырты (Hucho hucho)
0303 29 000 0 өзгелерi
түйетабантәрiздiлерi (Pleuronectidae, Bothidae,

0303 31 палтус (Reinhardtius hippoglossoides,
Hippoglossus hippoglossus. Hippoglossus
stenolepis)
0303 31 100 0 қара палтус, немесе көк қабықты палтус (Reinhardiius
hippoglossoides)
0303 31 300 0 атлантикалық палтус (Hippoglossus hippoglossus)
0303 31 900 0 тынық мұхитының ақ қабықты палтус (Hippoglossus
stenolepis)
0303 32 000 0 теңiз түйетабаны (Pleuronectes platessa)
0303 33 000 0 теңiз тiлi (Solea spp.)
0303 39 өзгелерi:
0303 39 100 0 түйетабан (Platichthys flesus)
0303 39 200 0 мегрим (Lepidorhombus spp.)
0303 39 300 0 Rhombosolea түрiнiң балығы
0303 39 800 0 өзгелерi
тунец (рода Thunnus), скипджек немесе жолақ тунец
(Euthynnus (Katsuwonus)pelamis), бауырдан, уылдырықтан
және сүтшелерден басқа:
0303 41 ұзын жүзбеқанатты тунец немесе альбақор (Thunnus
alalunga):

0303 41 110 0 мүшеленбеген
0303 41 130 0 желбезексiз және iшкi құрылыссыз
0303 41 190 0 басқа мүшелеубен (мысалы, "басы жоқ"):
0303 41 900 0 өзгесi
0303 42 сары жүзбеқанатты тунец (Thunnus albacares):

мүшеленбеген:
0303 42 120 0 әрбiреуiнiң салмағы 10 кг
0303 42 180 0 өзгесi
желбезексiз және iшкi құрылыссыз:
0303 42 320 0 әрбiреуiнiң салмағы 10 кг артық
0303 42 380 0 өзгесi
басқа мүшелеубен (мысалы, "басы жоқ"):
0303 42 520 0 әрбiреуiнiң салмағы 10 кг артық
0303 42 580 0 өзгесi
0303 42 900 0 өзгесi
0303 43 скипджек, немесе жолақ тунец:

0303 43 110 0 мүшеленбеген
0303 43 130 0 желбезексiз және iшкi құрылыссыз:
0303 43 190 0 басқа мүшелеубен (мысалы, "басы жоқ"):
0303 43 900 0 өзгесi
0303 44 үлкен көздi тунец (Thunnus obesus):
0303 44 110 0 1604 тауарлық позицияның өнеркәсiптiк өндiрiлетiн өнiмдер
үшiн
0303 44 130 0 мүшеленбеген
0303 44 190 0 желбезексiз және iшкi құрылыссыз:
басқа мүшелеубен (мысалы, "басы жоқ"):
0303 44 900 0 өзгесi
0303 45 көк немесе кәдiмгi тунец (Thunnus thynnus):

үшiн:
0303 45 110 0 мүшеленбеген
0303 45 130 0 желбезексiз және iшкi құрылыссыз:
0303 45 190 0 басқа мүшелеубен (мысалы, "басы жоқ"):
0303 45 900 0 өзгесi
0303 46 оңтүстiк көк тунец (Thunnus maccoyii):

0303 46 110 0 мүшеленбеген
0303 46 130 0 желбезексiз және iшкi құрылыссыз: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz