Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қыпшақ хандығы.
2. Хандықтың құрылуы.
3. Қыпшақтардың өзара саяси қарым.қатынасы.
4. Наймандар ұлысы.
5. Керейттер ұлысы.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ далаларында ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпалар бірлестігінің үстемдігі орнады. Содан бері бұл жерлер Дешті Қыпшақ (Қыпшақтар елі) деп атала бастады.
Өзінің күші мен билігін сезген көп санды жауынгер қыпшақтар ең алдымен Сырдария өзенінің ағысы бойындағы, үстірт қыратындағы және Еділ-Жайықтың сағасындағы керуен жолдарына бақылау орнатты. Құмандармен (қомандар, қимақтар) бірігіп алып, қыпшақтың тоқсаба және бұржоғлы рулары өз жорықтарында оңтүстік орыс далаларына дейін жетіп, Кавказға, Византия шекарасына дейін бақылау орнатты. Сонымен, қыпшақтық рулар мен тайпалардың бірлестіктері екі үлкен елге: батыстық және шығыстық болып бөлінді. Бөліну Еділ өзені бойынша өтті.
Осы заманғы Қазақстанның үлкен бөлігі Шығыс-қыпшақ ұлысы болып табылады. Шығыс және Батыс қыпшақтық ұлыстарды хандар басқарды. далаларынан моңғолдық қуғындаулардан үндістанға кеткен ұлы ханның баласы Дели сұлтандығында Елбөрі хан атанады, ол сонымен бірге қимақтар шахы болды. ¦лы ханның әкесі Елбөріні біріктіруде өзінің өкімет билігімен және күшімен белгілі болады және ұлы хан деген атаққа ие болады, ал оның атасы Елбөрі Аварлар (Абарлар) ханының ұрпағы еді".
1. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б.
2. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993, 187 б.
3. Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003, 39-56 беттер
4. www.kk.encyclopedia.kz
5. kk.wikipedia.org

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қыпшақ хандығы.
2. Хандықтың құрылуы.
3. Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы.
4. Наймандар ұлысы.
5. Керейттер ұлысы.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ далаларында ХІ ғасырдың басында қыпшақ тайпалар бірлестігінің
үстемдігі орнады. Содан бері бұл жерлер Дешті Қыпшақ (Қыпшақтар елі) деп
атала бастады.
Өзінің күші мен билігін сезген көп санды жауынгер қыпшақтар ең
алдымен Сырдария өзенінің ағысы бойындағы, үстірт қыратындағы және Еділ-
Жайықтың сағасындағы керуен жолдарына бақылау орнатты. Құмандармен
(қомандар, қимақтар) бірігіп алып, қыпшақтың тоқсаба және бұржоғлы рулары
өз жорықтарында оңтүстік орыс далаларына дейін жетіп, Кавказға, Византия
шекарасына дейін бақылау орнатты. Сонымен, қыпшақтық рулар мен тайпалардың
бірлестіктері екі үлкен елге: батыстық және шығыстық болып бөлінді. Бөліну
Еділ өзені бойынша өтті.
Осы заманғы Қазақстанның үлкен бөлігі Шығыс-қыпшақ ұлысы болып
табылады. Шығыс және Батыс қыпшақтық ұлыстарды хандар басқарды. далаларынан
моңғолдық қуғындаулардан үндістанға кеткен ұлы ханның баласы Дели
сұлтандығында Елбөрі хан атанады, ол сонымен бірге қимақтар шахы болды. ¦лы
ханның әкесі Елбөріні біріктіруде өзінің өкімет билігімен және күшімен
белгілі болады және ұлы хан деген атаққа ие болады, ал оның атасы Елбөрі
Аварлар (Абарлар) ханының ұрпағы еді".
Қыпшақ мемлекетінің саяси-әкімшілік орталығы Орда болды, ол "Орда"
деп те аталды және ежелгі уақыттардан ол екі қанатқа бөлінді: оң қанат -
Жайық өзеніндегі Орда, Сығнақтағы сол қанат - Сырдарияның жағалауындағы
Орда. Барлық мемлекеттік және әкімшілік жұмысты "ақсүйек" әулетінің
адамдары жүргізді, олар шаруашылықты басқарды және басқа елдермен және
қалалармен хат жазысты. Қыпшақтар хат таныған. Сол кездің көптеген тарихи
құжаттарында және әдебиет пен ғылым шығармаларында үндістан мен Қытай
ғалымдарымен, арабтармен және еуропалықтармен хат жазысқан авторлар,
ақындар және ғалымдар ретінде еске алынады. Мысал ретінде бұған Аль-
Фарабидің шыққан тегі жөнінен қыпшақ екенін айтсақ та жеткілікті.

Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы (11 ғ.б.-1219 ж.). "Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі
түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9
ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.
656 ж. Батыс түркі қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік
жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің
басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ
тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ.
Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді
болды.
11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және
куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ
хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал
мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар
даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда
болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды.
Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың
тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен
этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық
әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті
тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.
Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: қимақ тайпалық
бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ.
соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле
тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.
Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде,
шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен
Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар
тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік
-қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ
теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана
бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-
шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар
негізінде құралды.
Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық
қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар
өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың
атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол
басқыншылығы тоқтатып тастайды.
Қоныстануы. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай
мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін,
оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік-батыс Сібірдің орманды
дала аймағына дейінгі территорияны мекендеді. 11 ғ. 2 ж. қыпшақтар
Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орналасты, олармен бірге оғыздар да көшіп-
қонып жүрді. Қыпшақтардың 11 ғ. ортасында батысқа қарай жылжыуының бастапқы
кезеңі Махмұд Қашқари картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың
мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі
солтүстік-батыс жерлері көрсетілген. Еділ өзені қыпшақ елінің ішінде
қалған. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте
Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан
жерден Қанжек бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар
арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады.
Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқаппен Алтай тауларының
жоталарын қамтыған. 12 ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ
тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады.

Хандықтың құрылуы.
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын
әулеттік ру ел- бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне
түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық
өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ
қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталыпы
Торғай даласында болса керек. Билевші ақсүйек топтың (хандар, тархан,
басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған.
Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға
жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігінде болған.
Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды. Құлдар соғыс
тұтқындарынан құралды. Олардың бірқатары сатылып, жартысы жалшы, малай
ретінде пайдаланылған.

Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы.
1065 ж. салжықтардың билеушісі Алп Арслан қыпшақтарға қарсы
Маңғыстауға жорық жасайды. Нәтижесінде қыпшақтардың бір бөлігі хорасан
салжықтарына тәуелді болып қалады. 11 ғ. соңы мен 12 ғ. басында Жент,
Янгикент, төменгі Сырдың тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдернің қолына
қараған. 1133 ж. Жент қаласынан Дешт қыпшақ даласына тереңдетіп соққы
жасаған Атсыз (хорезмшахы) қыпшақтарды талқандайды. Осы 12 ғ. ортасынан
бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған басты
жайттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында хорезмге бейімделушілер
қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өзара әулеттік
қырқыс күшеюінен болды.
12 ғ. 2 жартысынан әсіресе Текеш (1172-1200) билеген дәуірден бастап,
хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындасуды мақсат етті. Қыпшақ хандары мен
хорезмшах әулеті өзара туысқандық неке байланысын орнатуға көшті. Қыпшақ
ханы Жанкеші -қызы Теркенхатынды хорезмшах Текешке береді. Қаңлы тайпалар
бірлестігі 13 ғ. басында саяси тәуелсіздікке ұмтылып, қыпшақ хандығының
саяси бірлігіне нұсқан келтірген. Хорезмшахтардың басты әскери күші
қыпшақтар мен қаңлылар болды. 13 ғ. басында хорезмшахтар сарайында
қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік маңызды роль атқарған. Хорезмшах Аладдин
Мұхаммед соның қызына үйленген болатын. Қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтар
мемлекеттік және әскери қызметпен қамтамасыз еткеннен кейін, олардың
мүддесін қорғап отырды. Бұл қыпшақ қоғамында шиеленістерді күшейтті.
Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған хорезмшах
Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына 13 ғ. басында Сығанақ облысы да
кіреді. Сығанақтан айрылып қалса да, қыпшақ хандары хорезмге қарсы
күрестерін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешт-қыпшақ
еліне Мұхамед хорезм шах көп рет жорық жасайды. 1216 жылы Қадырханға қарсы
аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай
даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан
Шыңғысхан қолымен кездесіп қалады.
Наймандар ұлысы.
11-13 ғасырларда Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІРЛЕСТІГІ
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
Қарахан, қыпшақтардағы билеу жүйесі, жер иелену түрлері және мемлекеттігі дамыған орта ғасырдағы көшпелі саяси бірлестіктер
Қазіргі қазақ мемлекеттігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
Алғашқы түркі мемлекеттері
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы
14-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Пәндер