Кәсіпорынды басқарудың негізгі қаржылық құралдары



1 Қаржы жүйесінің бастапқы буыны
2 Қаржы менеджменті
3 Капиталды бюджеттендіру (капиталдық бюджеттендіру)
4 ДИВИДЕНДТТІК САЯСАТТЫ АНЫҚТАУШЫ ФАКТОРЛАР
Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашьшық жүргізуші субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-әрекеттері ақылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы — тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
1. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. Алматы, 1999.
2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғарғы оқу орындарына арнылған оқулық. Алматы, 2005.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынды басқарудың негізгі қаржылық құралдары
Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашьшық жүргізуші
субъектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс
істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары
қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде
көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы
ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл
қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және
іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-әрекеттері ақылы жүзеге
асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды
құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп
отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан
қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті
ұғымы — тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынының,
кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі
жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы
менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті
службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға,
оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды
сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей
етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады:
жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және
қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікгі, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған
қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты,
жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді.
Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып
табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің
рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс
істеуі, көсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу
кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге
мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері
нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы
субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық
элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан
ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы,
өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік
қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы
менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем
талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.б.),
барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен
жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу,
кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және
операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты
нысандар мен өдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы
құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге
болады:
1) ақша қаражатгарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және
мақсатын анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін,
тәсілдерін тандау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-
жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысында бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және
бағалау.
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен, яғни
жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда
болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекеддікті талдау оның көздері мен
себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын
өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады.
Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен
анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық
түрін — өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет
етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи
сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар,
банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының,
бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған)
шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны,
өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол
жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған
шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға
төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қоржынын
әртараптандырудың ерекше маңызы бар.
Хеджерлеудің көмегімен қаржы тәуекелдігін (қатерін) барынша азайтудың
техникасы қолданылады. Бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен
қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржы
ысыраптарына соқтыратын мән-жай болған кезде қатысушы залал шеккен
ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы
мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фьючерстер, пайыздық
айырбастар (своптар) сияқты және т.б. пайдаланылады.
Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру
болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру
шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін сақтық
төлемі қамтамасыз етіледі.
Қаржы менеджментінде маңызды объект ақша ағыны — құн (Д-Т-Д')
нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық
процестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы
ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақша түсімі мен жылыстауы)
құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржы ресурстары), сондай-ақ
басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады.
Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және
қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түскен түсім-ақша, онан кейін несие
ресурстары, әр түрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауы
дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал құндылықтарын сатып
алу, қызметкерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу, несиелерді өтеу, салықтар
мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.), сондай-ақ ұзақ мерзімді
инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Қаржы менеджментінде ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша)
межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға
айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның "уақытша құнының" барлығы
есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып
алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара
қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға компаундингілеу — күрделі
пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау —
пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі
құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның
құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет.
Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента
төлемдерінің, жүйелі жарналардың, кірістердің және басқа ақша операциялары
есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен төленулері
жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, "капиталды бюджеттендіру",
"табыстылықтың ішкі мәлшерлемесі" тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақьптың белгілі бір мезгілі ішінде
тіркелген межелдемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.
Капиталды бюджеттендіру (капиталдық бюджеттендіру) - өтеудің
қарастырылған мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін қайтаруларымен
жабылатын ақша қаражаттарының бір жолғы жылыстауы. Бюджеттендіру
тұжырымдамасы негізгі активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде
пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақша қаражаттарьшың ұзақ мерзімді
және ірі жұмсалымы жөнінде шешімдер қабылдаудың процесі.
Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру
және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді тандау үшін
және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың қолданыстағы нарықтық
мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның болжамы
үшін жүргізіледі.
Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі кәсіпорынның қаржылық жай-күйін
талдау болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын
(рентабелділікті, төлем қабілетін, несиені өтеу қабілетін), оның рыноктағы
жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет. Талдауға қажетті
ақпараттар бухгалтерлік баланста қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
туралы есепте (пайда және зияңдар туралы есепте), ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ толығырақ ақпарат қолданылады.
Көрсеткіштерді, коэффициенттерді, нормаларды — қаржы-экономикалық
механизмнің элементтерін қадағалап отыру кәсіпорындардың жұмысын оперативті
басқаруға және бақылауға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың әдістері мен нысандары
Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру
Құрылған кәсіпорынды басқару
Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы энергетикалық кәсіпорнының шаруашылық қызметін басқаруды талдау
Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қаржылық менеджменттің маңызы
Пәндер