Қылмыстық ізге түсудің мазмұны мен маңызы


Қылмыстық ізге түсудің мазмұны мен маңызы
Заңға сәйкес қылмыстық ізге түсу(айыптау) -«қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі» деп түсіну қажет(ҚІЖК 7-бабының 13-тармағы) . Қылмыстық ізге түсу органдары- «прокурор(мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы»(ҚІЖК 7-бабының 14-тармағы) . Сот осы органдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазастан Республикасындағы прокуратура туралы» Заң күші бар Жарлығының 46-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді сотқа дейінгі кезеңдерде жүзеге асырушы прокурор:
-оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін қажетті басқа да іс-әрекеттер жасауға хақылы;
-қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден бас тартады;
-анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді береді;
-заңда көзделгенжағдайларда тергеу, анықтама, сондай-ақ жедел- іздестіру қызметін жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне санкция береді;
-жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысады;
-қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізеді;
-істі сотқа жібереді;
Прокурор істі сотқа жіберген кезде қылмыстық ізге түсу функциясы өзгешелеу жүзеге асырылады. Сотта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуы мемлекеттік айыптауды қолдау түрінде болады. Басқа барлық жағдайларда прокурор заңдылықты қадағалайды.
Қылмыстық ізге түсуді тергеушінің, анықтау органының, анықтаушының жүзеге асыруының прокурор қызметінен айырмашылығы-прокурор қылмыстық ізге түсуді заңдылықты қдағалау міндеттерін шешумен ұштастырады. Сонымен бірге, аталған органдардың қызметі негізінен қылмыстық ізге түсуге бағытталған. Басқа барлық функциялар олар үшін екінші дәрежелі сипатта болады.
Басы айырмашылық мынада: қылмыстық ізге түсу қылмысқа қатысты емес, ал қылмыс жасаған адамға қатысты жүзеге асырылады. Демек, қылмыс жасаған адамды анықтамастан қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық ізге түсу немесе қылмысчтық ізге түсуді қозғау басталғанының дәлелі болып табылмайды. Адам тек қылмыс жасағанының белгілері бар жағдайда ғана қудаланады. Қылмыстық ізге түсу адамның кінәлі екендігі жөніндегі ұғыммен өзара байланысты.
Сонымен қылмыстық ізге түсу функцияларының белгілері мынадай:
-іс-әрекеттің қылмыстық заңда қылмысты деп, қылмыстық жаза қолдануға лайықты деп танылуы;
-қылмыстық істі тоқтату, қылмыстық ізге түсуді тоқтату үшін негіздедің жоқтығы;
-адамның кінәлі екенін қуаттайтын қажетті дәлелді базаның болуы.
Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық ізге түсудің үш нысаны көзделген:
-қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыру(ҚІЖК 34-бап) ;
-қылмыстық ізге түсуді жеке-жариялы түрде жүзеге асыру(ҚІЖК 34-бап) ;
-қылмыстық ізге түсуді жариялы түрде жүзеге асыру(ҚІЖК 32-бабының 4-бөлігі) .
Нысандарға бөлу жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығының белгілеріне негізделген(ҚІЖК-нің 32-бабының 1-бөлігі) .
Жеке түрде жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бітісуіне орай қысқартылуға тиіс. Қылмыстық ізге түсу жеке түрде Қылмыстық кодексте көзделген мына қылмыстар бойынша жүзеге асырылады:
-денсаулыққа қасақана зиян келтіру(105-бап) ;
-қорқыту(112-бап) ;
-денсаулыққа абайсыздан зиян келтіру(11-бап) ;
-зорлау) 120-баптың 1-бөлігі) ;
-нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану(121-баптың 1-бөлігі) ;
-жыныстық қатынас жасауға, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету(123-бап) ;
-жала жабу(129-бап) ;
-қорлау(130-бап) ;
-балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асыраға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалғарту(136-бап) ;
-еңбекке жарамсыз жұбайын(зайыбын) асыраудан әдейі жалтару(140-бап) ;
-жеке өмірге қолсұғушылықты бұзу(142-бап) ;
-дәрігерлік құпияны жария ету(144-баптың 1, 2-бөліктері) ;
-тұрғын үйге қолсұғушылықты бұзу(145-баптың 1-бөлігі) ;
-бөтен адамның мүлкін абайсыздан жою немесе бүлдіру(188-баптың 1-бөлігі) ;
-көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу(300-баптың 1-бөлігі) .
Аталған құрамдарды қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылатын істерге жатқызу бұзылған құқықты белгіленген қылмыстық іс жүргізу тәртібімен қалпына келтіру мүмкіндігімен, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органдарының жанжалды соттың араласуынсыз-ақ шешуінің мүмкіндігімен байланысты. Бұл әрекеттердің қоғамдық қауіптілік дәрежесі оншалықты жоғары емес және жәбірленушінің ерік білдіруінсіз уәкілетті органдар мен адамдардың араласуын қажет етпейді.
Жоғпарыда аталған қылмыстардың белгілерінің байқалуы, егер жесалған әрекет дәрменсіз немесе басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын жағдайда ғана қылмыстық ізге түсуді міндетті түрде қозғауды қажет етеді(ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігі) .
Жеке-жария түрде жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсуді Қылмыстық кодексте көзделген мына қылмыстар бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған жағдайда бастауға және қылмыстық іс бойынша іс қозғауға болмайды:
-денсаулыққа қасақана зиян келтіру(103-баптың 1-бөлігі) ;
-денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру(104-баптың 1-бөлігі) ;
-заңсыз аборт жасау(117-баптың 1, 2-бөліктері) ;
-бала асырып алу құпиясын жария ету(135-бап) ;
-қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану(139-бап) ;
-дәрігерлік құпияны жария ету(144-баптың 3-бөлігі) ;
-сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету(176-баптың 1, 2-бөліктері) ;
-интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу(184-баптың1-бөлігі) ;
-бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру(188-7-баптың 1-бөлігі) ;
-бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру(188-баптың 2-бөлігі) ;
-заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау(189-бап) ;
-коммерциялық немесе банктік құпиянықұрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету(200-бап) ;
-мәміле жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүр ету(226-баптың 1-бөлігі) ;
-компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламалар жасау, пайдалану және тарату(227-баптың 2-бөлігі) ;
-өкілеттіктерді теріс пайдалану(228-бап) ;
-жекеше нотариустардың және аудиторлардың өкілеттіктерді теріс пайдалануы(229-баптың 1-бөлігі) ;
-өзінше билік ету(327-баптың 1-бөлігі) .
Жеке және жеке жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық ізге түсуді қорғау шарттары үйлеседі. айырмашылық мынада:
Жеке-жариялы айыптау істер бойынша қылмыстық ізге түсу бірінші рет қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласып, оған келтірген зиянның есебін толтырған жағдайда ғана, тоқтатылуы мүмкін(ҚК 67-бап) .
Прокурор жеке-жариялы айыптау ісі бойынша және жәбірленушінің шағымы болған кезде ғана іс қозғауға мына жағдайлар құқылы:
-егер әрекет дәрменсіз немесе не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғайтын болса;
-егер әрекет басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса(басқа адамдар, қоғам немесе мемлекет мүдделері елеулілігінің ара жігін ажырату өлшемдері материалдық -құқықтық сипат алып отыр және қылмыстық құқық курсында қаралған) .
Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсу(ҚК 228-232-баптары) сол ұйым немесе уәкілетті орган басшыларының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады(ҚІЖК 35-бабы) .
Осы қылмыстар бойынша қылмыстық ізге түсудің ерекшеліктері бар:
- қылмыстық іс жүргізу заңында, жеке айыптау істері бойынша орын алып отырғанындай, тараптардың бітісуіне орай істі қысқарту көзделмеген;
- коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын өзге де ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
Қылмыстық ізге түсу процедурасынан істердің осы категориясы
бойынша үзінділер коммерциялық және мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын өзге ұйымдар мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін ерекше кепілдіктер жасау қажеттігіне қатысты келтірген.
Жариялы жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу жеке және жеке-жариялы қылмыстық ізге түсу көзделгенінен басқа барлық қылмыстар үшін көзделген( ҚІЖК 32-баптың 4-бөлігі) .
Қылмыстық ізге түсудің барлық нысандары үшін біріңғай жалпы талаптары белгіленген(ҚІЖК 36-бабы), олар мыналар:
1) қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзіреті шегінде:
а) қылмыс оқиғасын белгілеу шараларын қолдануға;
ә) қылмыс дәлелденген жағдайда кінәлі адамды айыпталушы ретінде тартуға;
б) әділ жаза қамтамасыз ету үшін заңда белгіленген шараларды қолдануға;
в) қылмыстық ізге түсуді анықтау негіздемелері бойынша тоқтатуға негіздер бар болса, кінәсіз адамды ақтау шараларын қолдануға міндетті;
2) қылмыстық ізге түсу органы жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыспен келтірген зиянды өтеу шараларын қолдануға, олар үшін:
а) жәбірленушінің құқық субъектілігінің танылуы жөніндегі оның құқығының жүзеге асырылуына кедергі жасамауға;
ә) адамның жәбірленуші деп танылуы үшін құқық негіздемелерінің бар(немесе жоқ) екенін анықтау, оның тергелетін іс шеңберіндегі статусын іс жүргізу барысында орнықтыру;
б) жәбірленушіге оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, жәбірленушінің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін заңда көзделген шараларды қолдану;
в) жәбірленушінің қылмыспен келтірген зиянды өтеу жөніндегі талаптардың орындалуы үшін қылмыстық негіздемелердің бар( немесе жоғын) белгілеу;
г) қылмыспен келтірілген зиянды өтеудің заңда белгіленген шараларын қолдану;
д) қылмыстық ізге түсу органдарының өз өкілеттіктерін қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсіз, қылмыстық іс жүргізу заңына қатаң сәйкес жүзеге асырылуы;
3) қылмыстық іс бойынша объективті зерттеу жүргізу кедегі келтіру мақсатында қылмыстық ізге түсу органдарына қандай түрде болса да ықпал жасаған жағдайда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру;
4) қылмыстық ізге түсу органдарының заңды талаптарын барлық мемлекеттік органдардың, ұйымбардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауға міндеттілігі.
Заңда қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар көзделген. Ол жағдайларға түпкілікті сипат берілген және оларға кеңейтілген түсініктеме беруге болмайды, әйтпесе заңдылықтың бұзылуы мүмкін. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар екі топқа бөлінген:
1) қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар (ҚІЖК 37-бабы) ;
2) қылмыстық ізе түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар(ҚІЖК 38-бабы) . Осы жағдайлардлың бөлінуі бірнеше топтағы императивке және екінші топтағы факультативке негізделген.
Жағдайлардың аталған топтарының еекшеліктері мен айырмашылықтары мынадай:
Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар(37-бап)
1. қылмыстық іс қозғауға болдырмайтын, алқозғалған іс тоқтатылуға тиіс жағдайлар:
1) қылмыс оқиғасы болмауы;
2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
3) егер ол жасаған әрекеті үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары;
4) мерзімнің ескіруіне байланысты;
5) осы Кодекстің 33-бабының екінші бөлігінде және 34-бабының екінші бөлігінде көзделген жеғдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 33-бабының бірінші бөлігінде жіне 34-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуы;
6) жеке айыптаушының- Осы кодекстің 33-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы;
7) өзі туралы белгілі бір айыптауы бойынша соттың заңды күшіне енген үкіміне қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
8) белгілі бір айыптау бойынша қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;
9) қылмыстық қорғау оған медициналық сипаттау мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;
10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты;
11) іс бойынша іс жүргізуқайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;
12) Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамдарға қатысты.
2. Қылмыстық іс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшін барлық мүмкіндіктер сарқылса, олардың бар екендігі дәлелденбеген кезде де осы баптың бірінші бөлігінің 1 және 2-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша қысқартылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz