Ұлттық қолөнер
I Тарау Ұлттық қолөнер
1.1Ұлттық қолөнер эстетикалық тарбиенің негізі
1.2Қолөнер бұйымдарының жасалу жолдары
II Тарау Құрақ құрау
2.1Құрақ құрау оның түрлері және қолданылуы
2.2Құрақ құраудың технологиясы
2.3Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.Құрақ құраудың әдісі.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер.

Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ХІХ ғасырда Петропавлдың, Көкшетаудың, Төменгі Новгородтың және т. б. қалалардың көрмелерінің көркі болғаны анық. Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Керемет сырмақ, текемет, төсеніш, алаша, тұскиіз, қабырғаға ілінер кілемдер және т. б. киізден жасалған бұйымдар көздің жауын алар қазақша ою- өрнектермен әсемделіп, жануарлар бейнелері, өсімдіктер суреттері, әртүрлі геометриялық сызулармен өрнектелген.
Қазақ халқының қол өнерінің ең көп тараған түрі – құрақ. Кезінде оны апа, әжелеріміз бірден пішіп, қырқып, құрастыра берген. Құрақ – сан түрлі қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.
Құрақ түрлері:
«Ай» құрақ «Тырна» құрақ
«Шаршы» құрақ «Майда» құрақ
«Үшбұрыш» құрақ «Гүл» құрақ
«Ботакөз» құрақ «Ою» құрақ
«Жұлдызша» құрақ «Мүйіз» құрақ
Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларына құрақ құрау технологиясын түсіндіру..
Зерттеудің обьектісі: құрақ құрау
Зерттеу мақсаты: білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына құрақ жасау технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру және құрақ жасау технологиясының әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-қолөнер туралы түсінік
-құрақ құрау оның түрлері және қолданылуы туралы түсінік
-құрақ құраудың жасалу технологиясын түсіндіру.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтежелерін жалпы орта мектепте бейнелеу өнерінің пән мұғалімдері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері.
Алматы 1992ж.
2. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері.
Алматы «Қазақстан» 1995ж.
3. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3.
4. Нұрғалиев Н. Шаңырақ-үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж.
5. Рондели Л.Д. Народное декоративно-прикладное искусство. Алма-Ата 1984г.
6. Әмірғазин Қ. Қолданбалы көркем өнер.
Алматы «Рауан» 1992ж.
7. Қазақстан мектебі. Халықтың қолөнер туралы.
Алматы 1991ж №7 63-65 беттер.
8. Ералина А. Халық шеберлері шығармашылығын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану.
Шымкент 1997ж.
9. Тәжімұратов Шебердің қолы ортақ.
Алматы
10. Арғынбаев.Х. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбектері.
Алматы. Өнер 1987 ж.128 бет.
11. Әбдіғаппарова Ү.М. Қазақтың ұлттық ою өрнектері. (оқу құралы)
Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет.
12. Еспенбетов.Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу.
Бастауыш мектеп. № 9; 10 бет. Алматы 1988ж.
13. Еспенбетов.Б. Ұрпағымыз ұмытпасын.
Бастауыш мектеп. № 1; 27-28 бет. Алматы 1990ж.
14. Еспенбетов.Б. Халықтың қол өнері туралы.
Қазақстан мектебі № 7 63-65 бет. Алматы 1991 ж.
15. Народное декоративно-прикладное искусство казахов.
Под.ред. Н.Б.Нурмухамедова. Аврора 1970 г. 207 стр.
16. Казыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа.
Алматы; Қазақстан 1973 г. 223 стр.

Кіріспе:
Зертеудің көкейкестілігі.
Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ХІХ ғасырда Петропавлдың, Көкшетаудың, Төменгі Новгородтың және т. б. қалалардың көрмелерінің көркі болғаны анық. Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Керемет сырмақ, текемет, төсеніш, алаша, тұскиіз, қабырғаға ілінер кілемдер және т. б. киізден жасалған бұйымдар көздің жауын алар қазақша ою- өрнектермен әсемделіп, жануарлар бейнелері, өсімдіктер суреттері, әртүрлі геометриялық сызулармен өрнектелген.
Қазақ халқының қол өнерінің ең көп тараған түрі - құрақ. Кезінде оны апа, әжелеріміз бірден пішіп, қырқып, құрастыра берген. Құрақ - сан түрлі қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі - ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.
Құрақ түрлері:
Ай құрақ Тырна құрақ
Шаршы құрақ Майда құрақ
Үшбұрыш құрақ Гүл құрақ
Ботакөз құрақ Ою құрақ
Жұлдызша құрақ Мүйіз құрақ
Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларына құрақ құрау технологиясын түсіндіру..
Зерттеудің обьектісі: құрақ құрау
Зерттеу мақсаты: білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына құрақ жасау технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру және құрақ жасау технологиясының әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-қолөнер туралы түсінік
-құрақ құрау оның түрлері және қолданылуы туралы түсінік
-құрақ құраудың жасалу технологиясын түсіндіру.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтежелерін жалпы орта мектепте бейнелеу өнерінің пән мұғалімдері мен педогогикалық практика кезінде студенттер пайдалана алады
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау Ұлттық қолөнер
1.1Ұлттық қолөнер эстетикалық тарбиенің негізі
Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден. Сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды енгізу арқылы. Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаз аз.
Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу, жүн,қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына дерлік ортақ ою-өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан ерекшелейтін ою-өрнек.
Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин, В.Радлов, М.В.Рындин т.б. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен олардың жасаған тұжырымының бәріде қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т.Бәсенов былай дейді: Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды. Осыған қарағанда осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр ғалымдары көп еңбектер жасай бастады. Мысалы, ою-өрнекті зерттеген ғалымдардың еңбектерін біріктіріп Қазақ ою-өрнектері атты жаңа энциклопедия жарық көрді. Оның авторы М.Ш.Өмірбекова (Алматы кітап 2003) [1.3б]
Кітапқа мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Автор айтқандай қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара тұрады. [1.26б]
Белгілі өнертанушы В.Чеплев: Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты деп жазады. [1.25б]
Шынында да қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласын табу қиын, қисса-жырлар мен дастандарда, батырлардың ат-әбзелдерін немесе арулардың киімдері мен күймесін суреттегенде тыңдаушының көз алдынан ғажайып нақыштар өтері анық. Осындай әсемдік әлемін өз көзімен көрген ғалым А.С.Фелькерзам қолөнерді, әсіресе, кілемді терең зерттей келе, Азияны Үлкен этнографиялық музей деп атаған. [1.26б]
Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау құндылық бүгінде азаматтығымыздың нысаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз. Өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе, бірі білмейді.
Мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз. Өнер мектеп өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады.
Бейнелеу өнеріндегі әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс-әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы істейді.
Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял - қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып табылады.
Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін жастардың санасына осы күннен бастап сіңірту қажет. Ол үшін көркем педагогикалық білім беретін оқу орындарында суретші-ұстаздарды даярлаудың сапасын арттыру қажет. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезекте жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылатын, оны айырықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беруді басты міндет етіп қою қажеттілігіне басты назар аударылған. Тұжырымдамада былай делінген: Жоғары білім беру мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру. Ғылым мен техниканың жаңа қазіргі уақыттағы саласы ғылыми техникалық өркендеудің жобалы-өндірістік үрдістеріне қатысушылардың әрқайсысының кеңістіктік ойлау қабілетін ерекше талап етеді. [2.39б]
Суретші-ұстаз яғни бейнелеу өнерінің оқытушысы тәуелсіз Қазақстанның көркем педагогикалық білімі мен мәдениетінің жай-күйін анықтаушы тұлға. Осы тұлғаны дайындап, қызығушылығының, эстетиқалық білім мен тәрбиесінің дамуындағы басты түйіні бола алатын және болуы қажет болатын мықты тұтас жүйе бұл бейнелеу өнері бойынша маман сүретші мұғалім дайындайтын қазіргі таңда Бейнелеу өнері кафедрасы болып табылады.
Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет жасай алмайды. Сондықтан, қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта мектепте колөнерге үйрететін ұстаздың біліктілігеп артыру, оларға шығарлашылықпен жүмыс жасауға арнайы кәбінеті, әдістемелік қоры, қазақ тіліндегі оқу құралдары, көркем іс-әрекеттер үшін қажетті материалдар алуға көмектесу қажет. Жоғары оку орындарының Бейнелеу өнері мамандығына түскен студенттер тек мектепте көркем эстетикалық оқу-тәрбие жұмыстарын болашақ жастарды тәрбиелеуге арнайтын ұстаз болумен қатар, еңбек ақысы жақсы фирмаларда дизайнер-суретші болып еңбек етіп жүр.
Қазіргі кейбір жастарымыз суретші-ұстаз болған өздерінше қор деп санайды, қаржыгер, заңгер болсам деп армандайды, менің ойымша, суретші-ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін табиғаттың тек адамға берген бір сыйы екенін ұмытпағанымыз жөн. Жоғарыда айтылған мәселелер шешімін табу үшін біріншіден, суретші-ұстаздардың кәсіби дайындығын, білім беру сапасын арттыру, екіншіден, суретші-ұстаздардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдағы статусын яғни заңды құқығын көтеру керек, үшіншіден, ұлттық өнер мен мәдениетке деген қамқорлықты күшейту және мемлекет тарапынан қаржылай көмекті күшейту қажет.
1.2Қолөнер бұйымдарының жасалу жолдары
Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ХІХ ғасырда Петропавлдың, Көкшетаудың, Төменгі Новгородтың және т. б. қалалардың көрмелерінің көркі болғаны анық. Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Керемет сырмақ, текемет, төсеніш, алаша, тұскиіз, қабырғаға ілінер кілемдер және т. б. киізден жасалған бұйымдар көздің жауын алар қазақша ою- өрнектермен әсемделіп, жануарлар бейнелері, өсімдіктер суреттері, әртүрлі геометриялық сызулармен өрнектелген. Сонымен бірге ертоқымды күміспен, сүйекпен әсемдейтін, қамшы өретін, асыл бұйымдар жасайтын шеберлер де болған. Біртендеп тұрғылықты өмір салтына көше бастағандық олардың өнерлеріне басқаша бағыт бере бастады.
Ағаш шеберлерінің өнері де өте жоғары бағаланды. Олардың қолынан шыққан бұйымдар сол замандағы омір салтына, тұрмыс- тіршіліне байланысты болды. Сүйектен ойылып өрнектелген, асыл тастармен апталған заттар халық шеберлерінің мәртебесін көтерді.
Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі - кесте тігу. Бірақ ерекшелігі - кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.
Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі - киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда - шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем - арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген. Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын оралығы - Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды деген ұғым емес. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу өнері жайлы қысқаша тоқталып отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды жарияланған еңбектер баршылық.
Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен-ақ әрқайсысының бір-бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау қиын емес.
Алматыдағы кілем фабрикасы республикамыздағы сюжетті ою-өрнекті кеңінен пайдалана отырып, кейде тіпті сирек кездесетін кілем түрлерін де шығарып бірден бір үлкен мекемеге айналуда. Азғана уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу өнері толығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге жетті. Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады. Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің жүлдегері болған. Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ, соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып, ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдік.
Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады.
Кергі ағаш - кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі - 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы - 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.
Белағаш - кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы - керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып, былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы, жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ - белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Керілген желі - төсек жіптің белағашының екі басына тіреліп қойылады.
Еркек жіп - кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі жіптері.
Ұрғашы жіп - керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері.
Күзу - керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен еркек жіпті жалғстырып тұратын жіп.
Тарту жіп - белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.
Шатыс - керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.
Шалу - керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.
Арқау - еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.
Жіп шалу - кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.
Жіп жалғау - керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау. Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.
Сирексіту - керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі жіптерінің арасын ажырату.
Тоқпақ - керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені бір жағынан тараққа ұқсайтындығы бар.
Қайшы - керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды.
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде жез ши деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек).
Шым ши тоқу - қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайылығымен көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын Шаршы ою деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі - кейбір геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонағанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды - ши ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алдында ши сабағының қабығын аршуды айтады. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастырудың да шеберлер тізу деп атаған.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін арнаулы орын бұрыңғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.
II Тарау Құрақ құрау
2.1Құрақ құрау оның түрлері және қолданылуы
Қазақ халқының қол өнерінің ең көп тараған түрі - құрақ. Кезінде оны апа, әжелеріміз бірден пішіп, қырқып, құрастыра берген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz