Мамай батыр


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мамай батыр

Мамай Жұмағұлұлы (1702-1799) - Жоңғар шапқыншылығында батылдығымен танылған батырлардың бірі. Абылай ханның сенімді үзеңгілес серігі. Орта жүз Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан.

Жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырында, Алқакөл сұлама» болып қазақ халқының есінде мәңгілікке қалды. Сыр бойына - қолөнер, -сауда орталықтары болған, қазақ хандығының материалдық құндылықтары жинақталған, саяси орталығы Оңтүстік Қазақстан аймағына 30 мың қолмен жоңғарлар басып кірді. Жоңғар шапқыншылығы кенеттен басталғаны соншалық, әшейіндегі балажан қазақ балаларына да қарамастан бытырай қашты. Халық көптеп қырылды. Бес мың отбасы тұтқынға алынды. Жоңғар билігіне түскен халық салық төледі, қазақ халқының көп бөлігі қашып, Бұқар мен Хиуаны, Самарқандты паналады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес барлық күшті біріктіруді талап етті. Сол кезде қалыптасқан тарихи жағдайдың өзі батырлық пен ержүректілікті, батылдықты алдыңғы қатарға қойды. Барлық жүздер мен ру - тайпаларда соғыс ісі мамандыққа айналып, әр рудың өз батыры, қолбасшысы шыға бастайды. Солардың ішіндегі ерекше көзге түскендер Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Жәнібек батыр, Есет батыр, Мамай батырлар еді.

Мамай батыр Жұмағұлұлы Сырдария өзенінің жағасында туған. Жоңғар шапқыншылығы басталған кезде Тобықты руы туған жері Шыңғыстауды тастап, Оңтүстік Қазақстанның Сырдария алқабын паналауға мәжбүр болды.

Мамай бала күннен өз тұстастарының арасынан ақылдылығы мен дене бітімі жағынан ерекше көзге түскен. Өзінің батырлық қасиеттерімен он үш жасынын бастап көріне бастаған. Жас жігіт жоңғарлармен шайқаста ерекше батылдық пен ержүректілік, ептілік танытып, жеке жеңістерімен әйгілі қазақ батыры Қанжығалы Бөгенбайдың ықыласына бөленеді.

1723 жылғы жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақтың үш жүзі жауға соққы беру үшін барлық күш-жігерін біріктіруге күш салысады. Кейінгі жылдар - жоңғарларға қатты соққы берумен тарихта қалған жылдар. Солардың ішіндегі ең үлкен шайқас Мамай батыр қатысқан - Аңырақай шайқасы. Қазақ жерінің көптеген бөлігін жаудан азат етіп, жеңістің алды болды. Осы ұрыста қазақ халқы өзінің бірлігі мен ынтымақтастығын сезінді.

Абылай ханмен бірлесе отырып, Мамай батыр бірнеше шайқастарға қатысқан. 1731 жылы Мамай батырмен бірге қазақтың белгілі батырлары Қабанбай, Бөгенбай қатысқан Балқаш көлінің маңайында ірі шайқас болды. Қазақ әскеріне Абылай хан қолбасшылық жасады. Қазақ батырлары бірлесе отырып, жоңғарларды Батыс Қазақстаннан бастап, Ертістен асыра қуды. Қазіргі Абай ауданы Қызыл ту ауылының маңында Шаған өзенінің бойында ірі қақтығыс болып, «Шаған шайқасы» деген атпен тарихта қалды. Осы тарихи шайқастардың барлығында Мамай батыр Абылай ханның сенімді үзеңгілес серігі бола білді.

Аңыздарға қарағанда Мамай батыр 102 шайқасқа қатысып, жеңіп шыққан. Қазақ қолбасы Абылай хан Мамай батырға алмас қылыш сыйға тартқан деседі. Бір қызығы, Мамай 92 жасында жекпе - жекке шығып, жеңіске жеткен. Одан кейін бес жыл өмір сүріпті. 1799 жылы Мамай батыр 97 жасында Архатта қайтыс болған. Мамай батырдың қалдырған өсиеті бойынша жүрегі туған жері Маян Қорық қыстағында, ал денесі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи күмбезіндегі Әзірет Сұлтан жолаушыханасында Қабанбай мен Бөгенбай батырлар жатқан жерге жерленген.

Мамай батыр жайлы Ә. Әлімжанов кітап жазса, белгілі режиссер, Халық қаһарманы Ә. Мәмбетов кітап желісімен «Жаушы» кинофильмін түсірген. Сегізсері Баһрамұлының баласы Мұсайын «Ер Мамай», белгілі айтыс ақыны Қ. Алтынбаев «Мамай батыр» дастандарын жазған. Батырдың тоғыз ұлынан қалған ұрпақтары Шығыс Қазақстанның Арқат, Қарауыл, Қасқабұлақ, Көкбай ауылдарында және Семей қаласында тұрады. Семей қаласындағы бір көшеге Мамай батырдың есімі берілген.

2009 жылы Алматыда Мамай батырдың 300 жылдығына орайластырылған жазушы Қайрат Бегалиннің «Мәмлүктер» («Мамлюки») атты кітабының тұсаукесері болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шалкиіз жырау
Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық мені арқылы танимыз
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы. Қызыл тілдің шешені Қазтуған жырау. Шәлгез (Шалкиіз) жырау. Жиембет жырау
Ортағасырлық мәдениет және мемлекет қайраткерлері: асан қайғы, қазтуған, шалкиіз және жиембет жыраулар
Доспамбет жырау
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Қырымның қырық батыры жырының лексикалық сипаты
Шалкиіз Тіленшіұлы
Хикая, оның жасалу жолы
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz