МҰХТАР БАҚТЫГЕРЕЕВ



1 Мұхтар Бақтыгереевтің өнердегі орны
2 Қазақстанның халық артисі Мұхтар Бақтыгереев шеберлігі
1984-жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болған Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрының бір топ артистері арасыңда есімі кеңінен таныс Мұхтар Бақтыгереевтің өнердегі орны өзіндік деңгейге көтерілген айшықты да жетекші тұлға екендігіңде ешкімнің дауы болмаса керек. Кеудесі керік, ойы ұшқыр, шығармашылық қиялға бай, адуын да алымды өнерпаздың өмір жолы, өнер соқпағы өзінен кейінгілерге үлкен сабақ.
1933-жылы Атырау қаласында дүниеге келген жас нәрестенің ғұмырлық жұлдызы өнер аспанында жарқырап тұрар шағын алдын-ала кезіне елестетіп, осынау қара домалақ ауыл баласының ұлттық сара өнерімізде азаматтық үлкен тегеурін танытарлығына кім куәгерлік ете қойды дейсіз? Әншейінде өзіміз айта беретін "өнерге аңсай келіп еді, шелдей келіп еді" деп тоғыта салатын таптаурын сөзді Мұхтар сынды сонау алыс ортадан, терең түкпірден тырысып, тырмысып, назарға ілінген табиғи талант иелеріне кездейсоқ телу орынсыз секілді. Шынайы өнерпаз тасты тіліп, топтан озып кезге түсер болар, көңілді еріксіз бұрғызар болар. Көңіліңді, көкейіңді баурағаны сол емес пе, бұл күнде қазақ сахна, кино өнеріндегі Мұхтар Бақтыгереев жолы кімді болса да сүлесоқ қалдырмайды. Оның ойынын көрген жан әр жолы қиял-ғажайыпқа кенелгендей керемет хал кешеді. Демек, өнер адамы турасындағы аз ғана сәттік толғау өткен күндерге еріксіз жетелегендей болады. Небәрі он бес жасында Гурьев облыс аралық музыкалық драма театрының сахна жұмыскерлігіне жараған жасөспірім қайсар жеткіншек екі жылдық еңбек нәтижесінде сол ұжымдағы ең сүйкімді жанға айналып үлгерді.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
МҰХТАР БАҚТЫГЕРЕЕВ
(1933)

1984-жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болған Республикалық
балалар мен жасөспірімдер театрының бір топ артистері арасыңда есімі
кеңінен таныс Мұхтар Бақтыгереевтің өнердегі орны өзіндік деңгейге
көтерілген айшықты да жетекші тұлға екендігіңде ешкімнің дауы болмаса
керек. Кеудесі  керік, ойы ұшқыр, шығармашылық қиялға бай, адуын да алымды 
өнерпаздың  өмір жолы, өнер соқпағы өзінен кейінгілерге үлкен сабақ.
1933-жылы Атырау қаласында дүниеге келген жас нәрестенің ғұмырлық жұлдызы
өнер аспанында жарқырап тұрар шағын алдын-ала кезіне елестетіп, осынау қара
домалақ ауыл баласының ұлттық сара өнерімізде азаматтық үлкен тегеурін
танытарлығына кім куәгерлік ете қойды дейсіз? Әншейінде өзіміз айта беретін
"өнерге аңсай келіп еді, шелдей келіп еді" деп тоғыта салатын таптаурын
сөзді Мұхтар сынды сонау алыс ортадан, терең түкпірден тырысып, тырмысып,
назарға ілінген табиғи талант иелеріне кездейсоқ телу орынсыз секілді.
Шынайы өнерпаз тасты тіліп, топтан озып кезге түсер болар, көңілді еріксіз
бұрғызар болар. Көңіліңді, көкейіңді баурағаны сол емес пе, бұл күнде қазақ
сахна, кино өнеріндегі Мұхтар Бақтыгереев жолы кімді болса да сүлесоқ
қалдырмайды. Оның ойынын көрген жан әр жолы қиял-ғажайыпқа кенелгендей
керемет хал кешеді. Демек, өнер адамы турасындағы аз ғана сәттік толғау
өткен күндерге еріксіз жетелегендей болады. Небәрі он бес жасында Гурьев
облыс аралық музыкалық драма театрының сахна жұмыскерлігіне жараған
жасөспірім қайсар жеткіншек екі жылдық еңбек нәтижесінде сол ұжымдағы ең
сүйкімді жанға айналып үлгерді. Ол осы театр сахнасында "Миллионерде"
Баймағамбет, "Қозы Көрпеш — Баян сұлуда" Қодар, "Асауға — тұсауда"
Петруччио, М. Ақынжанов пен Қ, Қуанышбаевтың "Майрасында" Аңдамас рольдерін
ойнады. Оның өнерге, оның шебер орындаушыларына деген іңкәр таза пейілі
күннен-күнге маздай түскен еді. Сол өзіне біткен өжеттігі, тіл алғыш
қағылездігі, ойлы ұғынықтылығы, тындырымдылығы бәрі-бәрі "бас қоса" келіп
оны лезде осылайша актерлік кұрам сапынан бірақ шығарғантын. Алғаш рет
сахна, өнер, артист, театр деген бұрындары бейнетаныстау мехнаттармен
біржола бетпе-бет келген жас дарынның жан дүниесі сан өзгеріп, балауса
балбыраған уыз арманын алыстан, аулақтан іздеуге итермеледі. Бірлі-жарым
ақыл берген ағайынды-туыс, аға біткен оның аста-наға, Алматыға жол тартуын
жөн керген. Сонымен актерлік әліппенің түңғыш тілашарлық сауатын аталмыш
облыстық театрда сезініп байқаған Мұхтар 1953 пен 1956 жылдар аралығын
Алматы театр училищесінің шәкірттері қатарында өткізді. Үздік шәкірт
атанған қабілетті жас сол 1956 жылдан бастап Балалар мен жасөспірімдер
театрында тынымсыз да, қиындығы да жетерлік актер еңбегін бастан кешіріп,
өнер көшімізді алға сүйреушілердің бірі болып келеді. Қырық жылға тақап
қалған шығармашылық тұрақты қызмет орны — оның өмірден таңдап тапқан баға
жетпес асылы, мұраты. Мақсат, мұратсыз ғұмыр — бос өткен бір белгісіз
күндердің мағынасыз тізбегі де. Киноэкран мен театр сахнасында өзі
кескіндеген 125-тен астам кісі характерлері жан-жүрек, жүйке тамырларына
салмақ салғанда, бір жақсысы, әйтеуір туа бітті өз мінез-құлқынан көз жазып
қалмай келе жатқанына куанатыны да бар. Кейде Мұхтар қиялға кеткенде осыны
да ойлайды. Оңашада ой құшағына сүңгиді. Өткеніне есеп беріп, езі сомдаған
кейіпкерлерімен тіл қатысқандай ерекше бір күйге енетін тұстары болады.
Әсіресе, қолы қалт етіп, көзін жұмды-ақ, әлдеқайдағы бір елестерге ерік
тиді дей беріңіз. "Қаракөз, қарыңдасымдағы" Ақынның әнін айтсаңызшы,
шіркін! Неткен поэтикаға жомарт, лирикалық табиғат еді?! "Шұғадағы" қатыгез
Қарасай болыс, "Ақан сері — Ақтоқтыдағы" қараулықтан да кенде емес,
діндәрлікті уағыздаған Науан Хазірет, "Қар қызындағы"— сиыршы шал,
"Ақбөпедегі" Қүдияр, "Аягез арудағы" Шатшәлекей, "Жас Абайдағы" Құнанбай,
"Гамлеттегі" Клавдий, "Қашқар қызындағы" Уәли, "Ай тұтылған түндегі"
Дәруіш, "Тау қызындағы" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗДАРЫ
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің өзекті мәселелері
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Ұлы отан соғысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мерекелері
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Эйн Рэндтің өмірі мен өнегесі
Дубляж және дыбыстандыру
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Пәндер