Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өмірбаяны
2. Реформалар
3. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
4. Кітаптардың авторы
5. Басқа лауазымдары мен мансаптары
6. Отбасылық жағдайы
7. Әуестігі
8. Президент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан.2030” жолдауы
Пайдаланылған әдебиеттер
ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңында Қазақстандағы қара металлургияның флагманы – Қарағанды металлургия комбинатын тұрғызу үшін мыңдаған жас комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына жиналды. Сол кезде комсомолдың Орталық Комитеті бүкілодақтық екпінді құрылысқа жастарды шақырып, Үндеуін жариялаған. Бесжылдықтың балғасын солқылдатып соққалы жатқан Теміртауға ару Алатаудың етегінен жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы да құрбы-құрдастарымен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласына алты айлық оқуға жіберіледі. Мақсат – металлургия комбинатынан ауыр мамандықтың қыр-сырын үйреніп қайту.
Днепродзержинск облыс орталығы Днепропетровскіден 50-60 шақырым қашықтықта орналасқан екен. Өнеркәсіптің қыз-қыз қайнаған ордасы. 200 мыңнан астам тұрғыны бар. Жұмысшы табының патшалығы дерсің. Халқы қарапайым. Түріңе қарап нәсілге бөлмейді. Егерде сіз Теміртау қаласындағы металлургия комбинатын көріп, сонсоң Украина жеріндегі алып өндіріс ошағына барсаңыз, екеуінің егіз қозыдай екендігін аңғарып, таңқалар едіңіз. Өйткені, Теміртаудағы зауыт Днепропетровскідегі комбинаттың көшірмесі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының “Әділеттің ақ жолы” атты кітабын( Алматы, “Қазақстан”, 1991) бұрын да оқығанбыз. Ұшақ ішінде, қала берді екі жағын ақ қайыңдар көмкерген «Днепетровск-Днепродзержинск» тасжолында жеңіл машинада отырып, тағы бір рет парақтап шықтық. “…Микола Литошка деген тамаша украин жігіті екен. Ол тіпті бізбен бірге Қазақстан Магниткасына да келді. Теміртауда бірге жұмыс істедік. Қазақстанның алғашқы шойынын қорыттық. Рас, армиядағы қызметінен кейін ол өзінің туған жеріне кетті. Бірақ, бір-бірімізді осы уақытқа дейін ұмытпаймыз, хат жазысып тұрамыз. Оны қалай ұмытарсың – Миколаның ата-анасы мені өздерінің өкіл баласы етіп алған болатын. Литошкалардың жұмысшы семьясы Днепродзержинскінің шет жағындағы өз үйлерінде тұратын. Мен онда күн сайын дерлік жиі барып тұратынмын. Жексенбі күндерді құр жібермейтінмін”( 52-бет) – деп еске алыпты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев( 1991).
1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы:
Атамұра, 2006.
2. «Ақмола облысы» энциклопедиясы
3. Қазақ энциклопедиясы", 5 том
4. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
5. Қазақ энциклопедиясы
6. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өмірбаяны
2. Реформалар
3. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
4. Кітаптардың авторы
5. Басқа лауазымдары мен мансаптары
6. Отбасылық жағдайы
7. Әуестігі
8. Президент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы
Пайдаланылған әдебиеттер

СӨЖ-дің өзектілігі:
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) –
дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және
биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық
мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты.
Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол
1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық
референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру
Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы,
сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру
құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ
соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды.
СӨЖ-дің мақсаты:
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның
пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған
жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып
есептеледі.
СӨЖ-дің хронологиясы:
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол
жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы,
2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы
болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

Кіріспе
ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңында Қазақстандағы қара металлургияның
флагманы – Қарағанды металлургия комбинатын тұрғызу үшін мыңдаған жас
комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына жиналды. Сол кезде комсомолдың
Орталық Комитеті бүкілодақтық екпінді құрылысқа жастарды шақырып, Үндеуін
жариялаған. Бесжылдықтың балғасын солқылдатып соққалы жатқан Теміртауға ару
Алатаудың етегінен жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы да құрбы-құрдастарымен бірге
Украинаның Днепродзержинск қаласына алты айлық оқуға жіберіледі. Мақсат –
металлургия комбинатынан ауыр мамандықтың қыр-сырын үйреніп қайту.
Днепродзержинск облыс орталығы Днепропетровскіден 50-60 шақырым қашықтықта
орналасқан екен. Өнеркәсіптің қыз-қыз қайнаған ордасы. 200 мыңнан астам
тұрғыны бар. Жұмысшы табының патшалығы дерсің. Халқы қарапайым. Түріңе
қарап нәсілге бөлмейді. Егерде сіз Теміртау қаласындағы металлургия
комбинатын көріп, сонсоң Украина жеріндегі алып өндіріс ошағына барсаңыз,
екеуінің егіз қозыдай екендігін аңғарып, таңқалар едіңіз. Өйткені,
Теміртаудағы зауыт Днепропетровскідегі комбинаттың көшірмесі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының “Әділеттің ақ жолы” атты кітабын(
Алматы, “Қазақстан”, 1991) бұрын да оқығанбыз. Ұшақ ішінде, қала берді екі
жағын ақ қайыңдар көмкерген Днепетровск-Днепродзержинск тасжолында жеңіл
машинада отырып, тағы бір рет парақтап шықтық. “...Микола Литошка деген
тамаша украин жігіті екен. Ол тіпті бізбен бірге Қазақстан Магниткасына да
келді. Теміртауда бірге жұмыс істедік. Қазақстанның алғашқы шойынын
қорыттық. Рас, армиядағы қызметінен кейін ол өзінің туған жеріне кетті.
Бірақ, бір-бірімізді осы уақытқа дейін ұмытпаймыз, хат жазысып тұрамыз. Оны
қалай ұмытарсың – Миколаның ата-анасы мені өздерінің өкіл баласы етіп алған
болатын. Литошкалардың жұмысшы семьясы Днепродзержинскінің шет жағындағы өз
үйлерінде тұратын. Мен онда күн сайын дерлік жиі барып тұратынмын. Жексенбі
күндерді құр жібермейтінмін”( 52-бет) – деп еске алыпты Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев( 1991).

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев өмірбаяны

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті.
1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында
дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық
оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық
инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының
академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің
құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол
жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы,
2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы
болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы
Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж.
дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.
Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып
қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Реформалар
Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) –
дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және
биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық
мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев
басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың
тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен
аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор
еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану
құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы
сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана
конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-
жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені
күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы
өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды.
Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге
асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық
таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру
мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға
көмектесті.
1992 жылдың басында Назарбаев Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен даму стратегиясын әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы
саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық
тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-
бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау
жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге
асты.
Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиясы мемлекет дамуының басым
бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде
қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және
халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі
ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй
құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік
бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық
даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды.
Дүниежүзілік сарапшыларарасында қазақстандық үлгі термині пайда болды.
Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.
Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды.
Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас
тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті
қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы
(ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің
бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған
Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс
жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің,
өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006
жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Қазақстан менеджмент институты
Экономика және болжау институты
Қожа Ахмет Иасауи атындағы Қазақ-түрік университеті
Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті
Ұлттық Мемлекеттік заң университеті
Назарбаев Университетi
бірқатар лицейлер мен колледждер
Президенттік Болашақ бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар
дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік Дарын сыйлығы тағайындалған.
Кітаптардың авторы
Н.Назарбаев бірқатар ғыл. еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму
мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
Важнейшее условие интенсификации (А., 1983),
Стальной профиль Казахстана (А., 1984),
Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления (А., 1988),
Без правых и левых (М., 1991), Стратегия развития Казахстана как
суверенного государства (А., 1992),
Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку (М., 1992),
Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана (А.,
1993),
Нарық және әлеуметтік-экон. даму (А., 1994),
Ғасырлар тоғысында (А., 1996),
Евразийский союз: идеи, практика, перспективы (М., 1997),
Тарих толқынында (А., 1997),
О времени, о судьбах, о себе... (Лондон, 1997),
Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации
(М., 2002),
Бейбітшілік кіндігі (А., 2002),
Сындарлы он жыл (А., 2002),
В сердце Евразии (А., 2005).

Басқа лауазымдары мен мансаптары
Экономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының
академигі
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ОБСЕ-нің бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замануый технологияны, соның ішінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдану
ҚР Президентінің ұсынған ұзақ мерзімді Стратегиялары және олардың тарихи маңызы
Экономиканың өрлеуі
Мектеп оқушыларының модельдеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Биология сабақтарында Lesson planning hour технологиясын қолдануды зерттеу
Жаңа әдіс тәсілдерді тәжірибеде қолданылуын зерттеу
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы
Қазақ тілі сабағында жаңа технологиялардың тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау
Пәндер