Қазақстан Республикасының Парламенті негізі


Кіріспе ... ... ... ... ...3

Қазақстан Республикасының Парламенті.
1. Парламенттің мәртебесі, кұрамы және құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Парламенттің құзыреттері, палаталарының бірлескен мәселелері ... ... .8

Қорытынды ... ... ... ... ... 13
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
"Парламентаризм - демократияның негізгі бөлігі". ТМД мемлекеттерінде парламентаризмнің орналуы өте күрделі процесс бодды. 90-жылдардың басында ТМД-ға мүше мемлекеттерде парламенттік және президенттік биліктердің қақтығысы байқалды. Кейбір жағдайларда бұл ашық соқтығыстарға әкеп соқтырды. Әрине бұл дағдарыстарды шешу үшін тек қана конституциялық жағдай жасап ған қоймай, олардың пайда болу себептерін жою керек еді.
Ал енді ғана егемендігі мен тәуелсіздігін алған жас Қазақстан үшін бұл органның маңызы өте зор, себебі Парламент мемлекеттік биліктің маңызды тармағы-заң шығару билігін- жүзеге асырады. Егер мемлекеттік биліктің бұл тармағы өз қызметін дұрыс әрі сапалы жүзеге асыра алмаса мемлекетімізде авторитарлық немесе одан да сорақысы тоталитарлық саяси режим орналуы мүмкін.
Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған "бір буынды" өкілетті органның орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары орган ретінде 1937 жылғы КСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде таныды.
Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР Конституциясында көрсетілген респулика құзырындағы барлық мәселелерді шешуге құқылы болды. Басқаша айтқанда, Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі барлық мәселелерді шешуге құқылы болды. Жоғары өкілді органның бірынғай билігінің мәні, міне осында. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Парламенттей болмады, өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған жоқ.
1.Н.Ә.Назарбаев. на пороге 21- века. Алматы. 1996. 182-бет;
2. Н.Ә.Назарбаев Доклад на 2-ой сессии Ассамблеи народов
Казахстана. Политика. 1995. N 2. 11-бет;
3.С.Зиманов. Конституция и Парламент РК. Алматы. 1996. 55-бет;
4. Ө.Қ.Қопабаев. Шетелдердің конституциялық құқығы. Алматы.
1998. 63-бет;
5. ҚР Конституциясы. 30.08.95. 23-бет;
6. ҚР Конституциясына түсініктеме. Алматы. 1999. 258-бет;
7. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Регламенті. Алматы. 1996.;

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 13 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

‭ ‬Қазақстан Республикасының Парламенті.
Парламенттің мәртебесі,‭ ‬кұрамы және құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Парламенттің құзыреттері,‭ ‬палаталарының‭ ‬бірлескен мәселелері ... ... .8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Кіріспе
"Парламентаризм‭ ‬-‭ ‬демократияның негізгі бөлігі‭"‬.‭ ‬ТМД‭ ‬мемлекеттерінде парламентаризмнің орналуы өте күрделі процесс‭ ‬бодды.‭ ‬90-жылдардың басында ТМД-ға мүше мемлекеттерде‭ ‬парламенттік және президенттік биліктердің қақтығысы‭ ‬байқалды.‭ ‬Кейбір жағдайларда бұл ашық соқтығыстарға әкеп‭ ‬соқтырды.‭ ‬Әрине бұл дағдарыстарды шешу үшін тек қана‭ ‬конституциялық жағдай жасап ған қоймай,‭ ‬олардың пайда болу себептерін жою керек еді.

Ал енді ғана егемендігі мен‭ ‬тәуелсіздігін алған жас Қазақстан үшін бұл органның маңызы өте‭ ‬зор,‭ ‬себебі Парламент мемлекеттік биліктің маңызды тармағы-заң шығару билігін-‭ ‬жүзеге асырады.‭ ‬Егер мемлекеттік биліктің‭ ‬бұл тармағы өз қызметін дұрыс әрі сапалы жүзеге асыра алмаса‭ ‬мемлекетімізде авторитарлық немесе одан да сорақысы‭ ‬тоталитарлық саяси режим орналуы мүмкін.
Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған‭ "‬бір буынды‭" ‬өкілетті органның орнына келді.‭ ‬Жоғарғы‭ ‬Кеңес жоғары орган ретінде‭ ‬1937‭ ‬жылғы КСР Конституциясымен‭ ‬белгіленді.‭ ‬Қазақ КСР-ның‭ ‬1978‭ ‬жылғы Конституциясы да‭ ‬Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары органы ретінде‭ ‬таныды.‭
Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР‭ ‬Конституциясында көрсетілген респулика құзырындағы барлық‭ ‬мәселелерді шешуге құқылы болды.‭ ‬Басқаша айтқанда,‭ ‬Жоғарғы‭ ‬Кеңес‭ ‬еліміздің‭ ‬мемлекеттік‭ ‬өміріндегі‭ ‬барлық‭ ‬мәселелерді‭ ‬шешуге құқылы болды.‭ ‬Жоғары өкілді органның бірынғай‭ ‬билігінің мәні,‭ ‬міне осында.‭ ‬Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі‭ ‬Парламенттей болмады,‭ ‬өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы‭ ‬заң мемлекеттік билікті заң шығару,‭ ‬атқару және сот‭ ‬тармақтарына бөлу принциптерін жариялады.‭ ‬Осының‭ ‬нәтижесінде Парламент және парламентаризм құруға қарай‭ ‬маңызды бір қадам жасалды.
Қазақстан Республикасының‭ ‬1993‭ ‬жылғы Конституциясы‭ ‬Жоғарғы Кеңесті республиканың бірден бір заң шығарушы және‭ ‬өкілді органы деп таныды.‭ ‬Конституцияның Жоғарғы Кеңеске‭ ‬кең өкілеттік бергендігі сондай,‭ ‬мемлекеттік билікті бөлісу‭ ‬принципі шын мәнінде мүлдем болған жоқ.‭ ‬Сонымен бірге‭ ‬тежемелік және тепе-теңдік жүйесі де орнықтырылмады.‭
Сөйтіп,‭ ‬1993‭ ‬жылғы Конституция мемлекеттік биліктің қайшылықты‭
‬құқықгық базасын жасады.‭ ‬Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы‭ ‬Кеңес,‭ ‬әрине,‭ ‬өз қызметін толық атқара алмады.‭ ‬Жаңа ұлттық‭ ‬қүқықтық саясатты негізіне алған заңдарды‭ ‬12-шақырылған‭ ‬Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі қабылдады.‭ ‬Алайда,‭ ‬Жоғарғы Кеңес Парламент бола алған жоқ және Қазақстанда‭ ‬парламенттік республика орныққан жоқ.‭ ‬Н.Ә.Назарбаевтың‭
‬пікірінше,‭ ‬Қазақстан үшін парламенттік республиканың‭ ‬орнықтырылмағаны,‭ ‬онда‭ "‬...парламентаризмнің‭ ‬дәстүрі мен мәдениеті,‭ ‬көп партиялылықтың дамыған жүйесі‭ ‬болмады және,‭ ‬ең бастысы,‭ ‬мұның бәрі халықтың‭ ‬қалың‭ ‬көпшілігінің санасы‭ ‬қабылдамады.‭ ‬Бүгінгі таңда бізде ол жоқ‭"‬.‭ ‬Бұл үшін уақыт керек.‭
Қазақстан‭ ‬Республикасының‭ ‬Парламенті
1.1‭ ‬Парламенттің мәртебесі,‭ ‬құрамы және құрылуы
Биліктің әлеуметтік мазмұны‭ ‬-‭ ‬бұл жауапкерлішік.‭ ‬Бұл,‭ ‬әдетте,‭ ‬міндеттемені бұзудың немесе борышын орындамаудың‭ ‬нәтижесі ретінде белгілі бір салдарлардың пайда болуын білдіреді‭ ‬(мысалы,‭ ‬өз міндеттімелерін дұрыс жүзеге асырмағаны үшін‭ ‬парламент үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді,‭ ‬сол себепті‭ ‬үкімет демалысқа кетуі мүмкін‭)‬.‭ ‬Биліктің әлеуметтік мазмұны‭ ‬сонда,‭ ‬билік қоғамдық арнауын ақтайды,‭ ‬ал ол құратын‭ ‬органдардың қызметі қоғамдық мүдделерге сай келеді.
Биліктің саяси мазмүны мүнадай функциялары арқылы‭ ‬ашылады:
әлеуметтік топтардың,‭ ‬діни‭ ‬конфессиялардың,‭ ‬еңбек‭ ‬колективтерінің және басқа да ұйымдардың,‭ ‬бірлестіктердің‭ ‬мүдделерін келістіру‭;
жеке топтарды,‭ ‬ұлттық общиналарды,‭ ‬қоғамдық және‭ ‬мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын табу және интеграциялау‭;
басқару‭ ‬аппаратын‭ ‬құру,‭ ‬соның‭ ‬ішінде мемлекеттік‭ ‬органдарды құру.
Биліктің саяси функциялары көп жағдайда оның‭ ‬ұйымдастырылуын және белгілі тәртіпке келтірілген қызметін‭ ‬сипаттайды.
Биліктің экономикалық мазмүны‭ ‬-‭ ‬бұл меншік,‭ ‬жеке‭ ‬тұлғаның,‭ ‬халықтың және мемлекеттің қаржылық және басқа да‭ ‬ресурстық мүмкіндіктері.‭ ‬Материалдық және рухани‭ ‬құндылықтарға ие адам экономикалық билікке де ие болады.‭ ‬Биліктің экономикалық күші оның қоғамдық байлықтарында‭ ‬және ол еңбектің,‭ ‬шаруашылық қызметінің еркіндігі негізінде‭ ‬құрылады.
Биліктің құқықтық мазмұны орындауға міндетті заңды‭ ‬нормативтік актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.‭ ‬Биліктің құқықтық мазмұны мемлекеттік билік нысанын‭ ‬қабылдаған кезде көрінеді.
Биліктің мазмұны мен мәнін сипаттау үшін оның‭ ‬нысандары мен түрлерінің маңызы өте зор.‭ ‬Билік әртүрлі‭ ‬нысандарда жүзеге асырылады.‭ ‬Мысалы жалпы халық билігі‭ ‬-‭ ‬бұл‭ ‬бұқаралық билік,‭ ‬мемлекет билігі‭ ‬-‭ ‬саяси,‭ ‬ал жергілікті аумақтық‭ ‬бірліктің билігі‭ ‬-‭ ‬жергілікті билік.
Биліктік құзыреттің көпшілігін халық тікелей өзі емес,‭ ‬мемлекет және оның органдары арқылы жүзеге асырады.‭ ‬Мемлекеттік билік‭ ‬-‭ ‬саяси сипаттамаға ие билік‭; ‬барлық‭ ‬қоғамның‭ ‬мүдделерін‭ ‬білдіреді‭; ‬мәжбүрлеуге‭ ‬сүйенеді,‭ ‬заң‭ ‬қабылдаумен‭ ‬байланысты‭; ‬тәуелсіздікке‭ ‬ие‭ ‬және‭ ‬мемлекеттің‭ ‬бұкіл аумағында міндетті күші бар.
Қоғамдық‭ ‬-‭ ‬саяси практикада мемлекеттік билік үш негізгі‭ ‬функцияларды жүзеге асырады:
зандарды даярлау және қабылдау‭ (‬заң шығару функциясы‭);
заңдарды орындау‭ (‬атқару функциясы‭);
3.‭ ‬белгіленген процессуалдық нормаларға сәйкес нақты зандық‭ ‬істерді‭ ‬шешу арқылы зандарды тікелей қолдану‭ (‬сот төрелігі‭ ‬функциясы‭)‬.
Аталған функцияларға байланысты мемлекеттің барлық‭ ‬органдары заң шығару,‭ ‬атқару және сот билігіне бөлінеді‭[‬1‭]‬.
Биліктің әлеуметтік мазмүны‭ ‬-‭ ‬бұл жауапкерлішік.‭ ‬Бұл,‭ ‬әдетте,‭ ‬міндеттемені бұзудың немесе борышын орындамаудың‭ ‬нәтижесі ретінде белгілі бір салдарлардың пайда болуын білдіреді‭ ‬(мысалы,‭ ‬өз міндеттімелерін дұрыс жүзеге асырмағаны үшін‭ ‬парламент үкіметке сенімсіздік вотумын білдіреді,‭ ‬сол себепті‭ ‬үкімет демалысқа кетуі мүмкін‭)‬.‭ ‬Биліктің әлеуметтік мазмұны‭ ‬сонда,‭ ‬билік қоғамдық арнауын ақтайды,‭ ‬ал ол құратын‭ ‬органдардың қызметі қоғамдық мүдделерге сай келеді.
Биліктің саяси мазмұны мұнадай функциялары арқылы‭ ‬ашылады:
‭ ‬4.‭ ‬әлеуметтік‭ ‬топтардың,‭ ‬діни‭ ‬конфессиялардың,‭ ‬еңбек‭ ‬колективтерінің және басқа да ұйымдардың,‭ ‬бірлестіктердің‭ ‬мүдделерін келістіру‭;
5.‭ ‬жеке‭ ‬топтарды,‭ ‬ұлттық общиналарды,‭ ‬қоғамдық және‭ ‬мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын табу және интеграциялау‭;
6.‭ ‬басқару‭ ‬аппаратын‭ ‬құру,‭ ‬соның‭ ‬ішінде‭ ‬мемлекеттік‭ ‬органдарды құру.
Биліктің саяси функциялары көп жағдайда оның ұйымдастырылуын және белгілі тәртіпке келтірілген қызметін сипаттайды.
Биліктің экономикалық мазмұны‭ ‬-‭ ‬бұл меншік,‭ ‬жеке‭ ‬тұлғаның,‭ ‬халықтың және мемлекеттің қаржылық және басқа да‭ ‬ресурстық мүмкіндіктері.‭ ‬Материалдық және рухани‭ ‬құндылықтарға ие адам экономикалық билікке де ие болады.‭ ‬Биліктің экономикалық күші оның қоғамдық байлықтарында‭ ‬және ол еңбектің,‭ ‬шаруашылық қызметінің еркіндігі негізінде‭ ‬құрылады.
Биліктің құқықтық мазмұны орындауға міндетті занды‭ ‬нормативтік актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.‭ ‬Биліктің құқықтық мазмұны мемлекеттік билік нысанын‭ ‬қабылдаған кезде көрінеді.
Биліктің мазмүны мен мәнін сипаттау үшін оның‭ ‬нысандары мен түрлерінің маңызы өте зор.‭ ‬Билік әртүрлі‭ ‬нысандарда жүзеге асырылады.‭ ‬Мысалы жалпы халық билігі‭ ‬-‭ ‬бұл‭ ‬бұқаралық билік,‭ ‬мемлекет билігі‭ ‬-‭ ‬саяси,‭ ‬ал жергілікті аумақтық‭ ‬бірліктің билігі‭ ‬-‭ ‬жергілікті билік.
‭ ‬Биліктік құзыреттің көпшілігін халық тікелей өзі емес,‭ ‬мемлекет және оның органдары арқылы жүзеге асырады.‭ ‬Мемлекеттік билік‭ ‬-‭ ‬саяси сипаттамаға ие билік‭; ‬барлық‭ ‬қоғамның мүдделерін білдіреді‭; ‬мәжбүрлеуге сүйенеді,‭ ‬заң‭ ‬қабылдаумен байланысты‭; ‬тәуелсіздікке ие және мемлекеттің‭ ‬бүкіл аумағында мүндетті күші бар.
Қоғамдық‭ ‬-‭ ‬саяси практикада мемлекеттік билік үш негізгі‭ ‬функцияларды жүзеге асырады:
1.‭ ‬зандарды даярлау және қабылдау (заң шығару функциясы);
2.‭ ‬заңдарды орындау‭ (‬атқару функциясы‭);
3.‭ ‬белгіленген процессуалдық нормаларға сәйкес нақты зандық‭ ‬істерді шешу арқылы заңдарды тікелей қолдану‭ (‬сот төрелігі‭ ‬функциясы‭)‬.
Аталған‭ ‬функцияларға‭ ‬байланысты‭ ‬мемлекеттің‭ ‬барлық‭ ‬органдары заң шығару,‭ ‬атқару және сот билігіне бөлінеді.‭[‬2‭]
Қазақстан Республикасы Конституциясының‭ ‬49-бабына сәйкес Парламент‭ ‬-‭ ‬Қазақстан Республикасының заң шығару‭ ‬қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган.
Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган‭ ‬болып табылады.‭ ‬Мұндай нысандама Қазақстан‭ ‬Республикасының‭ ‬1993‭ ‬жылғы Конституциясының Жоғарғы‭ ‬Кеңестің бірден бір заң шығарушы орган ретіндегі‭ ‬сипаттамасынан ерекшеленеді.‭ ‬Қазақстан Республикасының‭ ‬1995‭ ‬жылғы Конституциясында Парламент бірден бір заң шығарушы орган болып есептелмейді.‭ ‬Себебі Конституцияда көзделген‭ ‬жағдайларда‭ ‬Президент‭ ‬заң‭ ‬шығару қызметін‭ ‬атқара‭ ‬алады.‭ ‬Сонымен бірге Президенттің заң шығарушылық қызметінің‭ ‬өкілеттік берілген және тәуелділік сипатта болатындығын да атап‭ ‬айтқан жөн.‭
Парламент өзінің заң шығару өкілеттігін берген‭ ‬жағдайда ғана Президент заң қабылдай алады.‭ ‬Егер Парламент‭ ‬зәру заңдарды шұғыл қабылдай алмайтындай болса,‭ ‬Президент‭ ‬заң күші бар Жарлық шығаруға құқылы.‭ ‬Екі жағдайдың екеуінде‭ ‬де Президенттің заң шығару өкілеттігі уақытша сипатта болады.‭ ‬Парламент тұрақты жұмыс істейтін заң шығару органы болып‭ ‬табылады.
Заң шығару қызметімен бірге Парламент,‭ ‬шектеулі көлемде‭ ‬болса да,‭ ‬атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады.‭ ‬Парламент Республиканың бюджетін және оның орындалуы‭ ‬жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді,‭ ‬бюджетке өзгерістер‭ ‬мен толықтырулар енгізеді.‭ ‬Парламент Үкіметтің бағдарламасын мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметтің қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бірінші рет‭ ‬Парламенттің екі палаталық‭ (‬Сенат және Мәжіліс‭) ‬құрылымын‭ ‬бекітті‭ ‬.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Парламент‭ ‬құрамын анықтай келе алдымен Сенатты,‭ ‬содан кейін Мәжілісті‭ ‬атайды.‭ ‬Бұл Конституция Сенатты жоғарғы Палата,‭ ‬Мәжілісті‭ ‬төменгі Палата деп танитынын‭ ‬білдіреді ме‭? ‬Конституцияда‭ ‬мұндай ұғым пайдаланылмағанымен,‭ ‬іс жүзінде былайынша да,‭ ‬нақты да Сенат Жоғары Палатаның қызметін,‭ ‬ал Мәжіліс-төменгі Палатаның қызметін атқарады.‭ ‬Айталық Мәжіліс‭ ‬қабылдаған заң жобалары заң деп аталмайды,‭ ‬заң жобасы күйінде‭ ‬қалады.‭ ‬Ол Сенат қабылдағаннан кейін заң болады.‭ ‬Сонымен‭ ‬бірге Сенатты да жоғарғы Палата деп толық сеніммен есептеуге‭ ‬болар ма екен.‭ ‬Мемлекет өмірінің көптеген аса маңызды‭ ‬мәселелері Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында тепе-теңдік жағдайда қаралады және шешіледі.‭ ‬Сондықтан‭ ‬Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі дербес те,‭ ‬бірлескен де‭ ‬өкілеттікке ие.‭ ‬Осыған орай үш Регламент:‭ ‬Сенаттың Регламенті,‭ ‬Мәжілістің Регламенті және Парламенттің Регламенті‭ ‬қабылданған.‭[‬3‭]
Парламенттің тұрақтылық негіздегі іс-әрекеті оның үзіліссіз‭ ‬жұмыс істейтіндігін білдіреді.‭ ‬Парламенттің сессиясы‭ ‬қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталады және маусымның‭ ‬соңғы жұмыс күнінде аяқталады.‭ ‬Парламент депутаттары Палата‭ ‬басшыларының рұқсатымен депутаттық міндетін атқарудан бос уақытта Конституцияда көзделген өзге де ақылы қызметтермен шұғылдана отырып,‭ ‬тек депутаттық қызметті ғана орындайды.
Сенат Сенатқа сайланған депутаттардан және Президент‭ ‬тағайындайтын жеті депутаттан құрылады.
Сенаттың депутаттығына кандидаттарды ұсыну сайлау‭ ‬тағайындалған күннің ертеңіне басталады және сайлау өткізілетін‭ ‬күннен бір ай бұрын аяқталады.‭ ‬Сенаттың депутаттығына‭ ‬кандидаттарды‭ ‬ұсыну облыстық,‭ ‬қалалық‭ (‬республикалық‭ ‬маңызы бар қалаларының және Республика астанасының‭)‬,‭ ‬аудандық және қалалық мәслихаттарда және өзін-өзі‭ ‬ұсыну‭ ‬тәртібімен жүргізіледі.
Сенаттың депутаттағына кандидат болып мәслихаттардың‭ ‬депутаттары,‭ ‬сондай-ақ тандаушылардың қолдауына ие болған‭ ‬кезде тиісті облысында,‭ ‬республикалық маңызы бар қаласында‭ ‬немесе астанасында тұратын азаматтар‭ ‬ұсына алады.‭ ‬Сенаттың‭ ‬депутаттылығына кандидатты‭ ‬ұсыну туралы шешім тиісті‭ ‬мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен‭ ‬қабылданады.‭
Сенаттың депутаттығына кандидаттарды тиісінше‭ ‬облыстық,‭ ‬қалалық‭ ‬(республикалық маңызы бар қаланың және‭ ‬астананың‭) ‬сайлау комиссиялары тіркейді.
Мәжіліске жетпіс жеті депутат сайланады.‭ ‬Алпыс жеті‭ ‬депутат бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша‭ ‬сайланады.‭ ‬Бір мандатты аумақтық сайлау округтері‭ ‬Республиканың әкімшілік‭ ‬-‭ ‬аумақтық бөлінісі және‭ ‬сайлаушылардың саны шамамен бірдейлігі ескеріле отырып‭ ‬құрылады.‭ ‬Мәжіліске депутаттар сайлау бойынша барлығы алпыс‭ ‬жеті сайлау округі құрылады.‭ ‬Он депутат Мәжіліске бара‭ ‬-‭ ‬бар‭ ‬жүйе бойынша партиялық тізім негізінде сайланатын болды.‭ ‬Бұл‭ ‬үшін біртұтас сайлау округі құрылады.‭ ‬Мәжілісте көпшіліктің‭ ‬қолдауына ие болған,‭ ‬саяси көзқарасы кең айқындалған‭ ‬депутаттар болады.
1999‭ ‬жылдың‭ ‬10-шы қазанында Парламент Мәжілісіне‭ ‬сайлаулар өткізілді.‭ ‬Сайлаулар‭ ‬67‭ ‬сайлау округтерінде өткізідді.‭ ‬Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде‭ ‬566‭ ‬адам тіркелді.‭ ‬9‭ ‬саяси партиялар тіркелді.‭ ‬Республика бойынша сайлаушылар‭ ‬тізіміне‭ ‬8.411.752‭ ‬азамат тіркеліп,‭ ‬оның‭ ‬62.56‭ ‬проценті сайлауға‭ ‬қатысты‭ ‬.
‭"‬Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер‭ ‬мен толықтырулар енгізу туралы‭" ‬1998‭ ‬жылғы‭ ‬7‭ ‬қазандағы‭ ‬Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сенаттың өкілеттік мерзімі алты жылға дейін,‭ ‬ал Мәжілістің өкілеттік мерзімі‭ ‬-‭ ‬бес‭ ‬жылға дейін ұзартылды.‭ ‬Идея бойынша бұл Парламенттің‭ ‬кәсібилігіне,‭ ‬мәні мен рөлінің артауына жәрдемдесуге тиіс.
Сайлау қүқығы белсенді және бәсең сайлау құқығына‭ ‬бөлінеді.‭ ‬Мәжіліс депуттарын сайлау жалпыға бірдей,‭ ‬тең‭ ‬және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы‭ ‬жүзеге асырылады.‭ ‬Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы‭ ‬Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымының өкілеттік‭ ‬мерзімі аяқталуға кемінде екі ай қалғанда өткізіледі.‭[‬4‭]
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде‭ ‬жасырын дауыс беру жолымен сайланады.‭

2.‭ ‬Парламенттің‭ ‬құзыреттері,‭ ‬палаталарының‭ ‬бірлескен мәселелері

Конституция Парламенттің тұтас құзыретін,‭ ‬Сенаттың‭ ‬ерекше құзыретін және Мәжілістің ерекше құзыретін белгілейді.‭ ‬Бұл арада,‭ ‬тұтас алғанда Палаталардың бірлесіп шешетін‭ ‬мәселелерді қарастырайық.
Парламент Палаталарының‭ ‬1996‭ ‬жылғы‭ ‬20‭ ‬мамырдағы‭ ‬бірлескен отырсында қабылданған Қазақстан Республикасы‭ ‬Парламентінің Регламенті Палаталардың бірлескен отырысын‭ ‬өткізудің шарты мен тәртібін,‭ ‬Сенат және Мәжіліс‭ ‬регламенттерімен реттелмеген мәселелерді қарау кезінде олардың‭ ‬өзара қарым-қатынасының,‭ ‬Палаталардың бірлескен органдарын қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру механизмін‭ ‬белгілейді.
Қазақстан Республикасының Парламенті өз жұмысын‭ ‬сессиялық тәртіппен жүзеге асырады.‭ ‬Парламент сессиясы‭ ‬Палаталардың,‭ ‬Палаталар Бюроларының,‭ ‬тұрақты комитеттердің‭ ‬және Палаталардың бірлескен комиссияларының бірлескен және‭ ‬жеке отырыстарынан тұрады.‭ ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының парламенті
Қазақстан Республикасының Парламенті құрылымы
Қазақстан Республикасының парламенті жұмысы
Қазақстан Республикасының парламенті туралы
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттілігі
Қазақстан Республикасының Парламенті-заң шығарушы орган
Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мағлұмат
Қазақстан Республикасының парламенті және заң шығару билігінің конституциялық негізі
Тәуелсіз Қазақстан парламенті
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь