Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері


Тақырып : Стратегиялық жоспарлаудың ғылыми-теориялық негіздері.
Жоспар
- Жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
- Қазақстандағы индикативті жоспарлау
- Индикативтік жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Пайдаланылған әдебиеттер
- Жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
Өзінің жұмыс істеу үшін кез келген экономика тұрақты экономикалық өсуді ұстап отыру үшін экономикалық жүйені, нығайтуға және тұрақтандыруға ұмтылу үшін қолдануға болатын басқарудың ең пәрменді тетіктерін пайдалануды көздейді. Бұл үшін оларды ылғи іздеу керек.
Мұндай тетіктер көп. Бірақ, басқарудың шеберлігі - қажетті кезеңде бір немесе бірнеше тетікті таңдап, олардың қолданылуы экономикалық қалыпты жұмыс істеуге әкелетінінде болып тұр. Осындай өзін-өзі тарихи ақтаған тетіктердің бірі-жоспарлау. Басқару жүйесінде ол экономикалық тәуелсіздік пен экономикалық өсу жолына түскен әлемнің көптеген елдерінде ХХ ғасырдан бастап кеңінен қолданыла бастады.
Халық шаруашылығын жоспарлаудың бұрынғы тәжірибесін екі тұрғыдан бағалауға болады. Бір жағынан, ол волюнтаристік (өмірдің негізі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағым) және нұсқаушылық (директивті) сипатта болады. Мемлекеттік жоспарларға заңды күш берілді, бекітілген көрсеткіштердің біреуін орындамаудың өзі өті жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады. Мемлекеттік жоспар экономикалық үстемдіктің формасын, бұрынғы кеңестік республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуында бүркеленбеген құлдырауды өзінше көрсететін. Бұл жерде экономикалық үстемдіктің жоспарында жоспарлаудың өзі басқарудың әдісі ретінде емес, керісінше субъект (мемлекет, үкімет) шешуші рөл атқаратын.
Жоспарлау процесінің өз болмысынан туындайтын волюнтаризмді атап көрсеткен И. Кант: “Жоспар құру жеңіл және даңғой іс, сол арқылы өзің атқара алмайтынды талап етіп, өзінше шығармашылық дана түр танытасың, өзің жөндей алмайтынды бетіне басасың, өзін қайдан табарыңды білместен, бірдеңе ұсынасың…” деп жазды. Мұндай жоспарлау жоғарыдан экономика дамуының барлық салалары мен аймақтарының ерекшеліктерін және әлеуметті мүмкіндіктерін мұқият жеке зерттемей беретін, шектеулі параметрлерді зорлап міндеттейтін (тотальды) барлығын жаппай қамтитын жүйеге тән. Жоспарлау объективті экономикалық заңдарды бейнелеуге, адамдардың еркіне сүйеніп, тежелуге тиісті емес, өйткені ол бұлардың органикалық бірлігі, мұнда өзгеріс мәніне субъективті фактор ие болады. Экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылатын ғылыми жоспарлудың мәні де осында. Жоспарланатын процестердің жиынтық негізінде халықтың қажеттіліктерін көрсететін басқарудың осы объектісінің іс жүзіндегі нақты әлеуметтік-экономикалық процестері жатады.
Жоспарлауға басқару элементі ретінде қарау жөніндегі басқа ұстаным басқару жүйесінен өзіне-өзі бас тартпаудан емес, оның жаңа, көбінесе нарықтық жағдайларға бейімделуі мен бұл жүйенің сапалық, шығармашылық өзгеруінен тұрады. “Процесті қозғайтын, өндіргіш күштердің дамуын кұшті тездететін және тиімділікті арттырудың тетігі меншіктілік формасының емес, экономикалық немесе шаруашылық тетігі болып табылады. Еркіндікті дәл сол дамытады, пысықтықты көтермелейді, тәуекелділікті тудырады” (Л. Абалкин) . Осындай күшті тетіктердің бірі жоспарлау болып табылады. Ол меншік түріне, басқару объектісінің орналасу кеңістігіне қарамастан қолданылады.
Жоспарлау - кез келген шаруашылық қызметі жетістігінің маңызды бөлігі. Оны елемеу кәсіпкерге қымбатқа түседі:өйткені фирма істері бойынша ол байланысқандардың барлығы, тұтынушылар, бәсекелестер, банктердің өз жоспарлары бар және кәсіпкер оларды ескеруге міндетті; сонымен қатар өз қызметін жоспарлауы тиіс. Жоспар, сондай-ақ қызметкерлерге жеке өзіне қойылатын талаптар туралы, фирманың мақсаттары мен міндеттері жайлы айқын түсінігі болуы үшін де керек. Егер жоспарла жүйе принциптерінен бас тартылса, егер меншік плюрализмі (дүниенің негізі бірімен-бірі байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ рухани мәндерден турады деп санайтын ғылымға жат философиялық концепция) жағдайында қандай да болсын жоспарлау өткенге оралу деген қатып қалған қағидашыл (догматизм) пікірді ұстанса, алға қарай жылжу өте қиын болады. Мұндай пікір көптеген экономикалық жағынан дамыған елдерде жоспарлауды қолданумен оп-оңай теріске шығарылады. Сөз индикативті жоспарлауды тиімді қолдану жайында.
Индикативті жоспарлау әкімшілік тәсіл болып саналмайды. Егер индикативті жоспарлаудың рөлі әкімшілік ету деп түсінілсе, бұл - жаңылысу. Ол ойластырылған стратегияның бар болуы сияқты, макро-, мезо-, және микродеңгейде жүріп жатқан әртүрлі процестердің қиысуы ретінде қарастырылуы тиіс. Дерективті жоспарға қарағанда индикативті жоспарда шаруашылық жүргізуші субъектілер орындауға міндетті тапсырмалар болмауы керек және басқарудың көптеген буындарының қатысуымен жасалады. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркін, дербес жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және алда тұрған жұмыс үшін бағдар болып табылады.
Индикативті жоспарлау мынадай түрлерді қиыстыру (үлестіру) рәсімдерінің (процедураларының жиынтығы ретінде шығады)
Макроэкономикалық жоспарлау-өндірістін біріккен тәсілі немесе жаңа уақыттың экономикалық шындықты бейнелейтін қазіргі заманны нылыми категориясы. Барлық фазалары (өндіріс, бөліс, айырбас, тұтыну) біртұтутас деп алынатын кеңейтілген өндіріс макроэкономикалық жоспарлаудың ерекшелікті көлемі болып табылады. Макрожоспарлау мемлект жасайтын болжамдарды, бюджет жоспарларды макробағдарламаларды қамтиды. Бюджеттік-жоспарлық реттеу мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік болжау макрожоспарлаудың дамуын мемлекеттік болжау макро жоспарлаудың құрамдастары болып табылады.
Жоспарлаудың осы деңгейіндегі субъект болып макроэкономикалық меншік иесі шығады, оның стратегиялық мақсаты-дамудың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілік белгілеріне сай беретін экономикалық өсуі.
Аумақтық жоспарлау индикативті жоспарлау турі ретінде мемлекет деңгейіндегі (макрожоспарлау), бірақ аймақтық және жергілікті билік деңгейінде жүзеге асырылатын процестерді қамтиды. Оның негізгі айрмашылығы-аумақ пен халықтың ерекшеліктерін ең көп шамада ескеруге тиісті жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасына негізделеді.
Мезожоспарлау-салаларда, сала тармақтарында, аумақтық-өндірістік кешендерде, ірі корпорацияларда және т. б. болып өтетін процестерді қамтитын индикативті жоспарлаудың бір түрі.
Микрожоспарлау-менеджменттің ең көп тараған түрі. Ол микро деңгейде қолданылады және кәсіп орының жоспарларында жүзеге асырады. Бұл деңгейде жоспарлау мәселелерінің ерекше көңіл бөлінеді, өйткені нақтылы кәсіп орында пайда болатын процестер, тауардың (өнімнің ) тағдырын, оның бәсекеге қабілеттілігін, ақыр сонында экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.
Индикативті жоспарлаудың әр қилы түрлерінің мәңі жайлы айтқанда, олар экономиканың мемлекеттік бағдарлануының маңызды элементті екндігінің түйіндеуге болады. Мемлекет -экономикалық өмірдің басты дирижері.
Индикативті жоспарлаудың түсінігің анықтауға арналған бірнеше амал-тәсілдердің бар екендігін еске сала кеткен жөн. Біріншіден, ол кәсіпорынының дербестігі кезіндегі макрожоспарлау ретінде түсіндіріледі. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі экономикалық дербестік жағдайында, бірақ жоспар белгіленген белгілі бір бағдар мен атқарылады. Екіншіден, индикативті жоспарлау жеке кәсіпорындардың мемлекет қалыптастыратын міндеттерді орындауға беймделуі болып табылады. Бұл - мемлекеттің жеке кәсіпорындарға жалпы мемлекеттік мүдделердегі осындай бағдарламаларды орындауға беймделген мемлекеттік бағдарламаларға айналған өзіндік мемлекеттік тапсырысы. Индикативті жоспардың бұл негізгі міндеті - ақпараттың бағдарлаушылық және ол мәнісі жағынан себептемелік болып табылады. Үшіншіден, индикативті жоспарлауда мемлекет мен мемсектар үшін міндетті тапсырмалар бар. Төртіншіден, ол мемлекет пен экономиканың басқа субъектілердің іс-әрекеті мен мүдделерін үйлестірудің тетігі болып саналады. Индикативті жоспарлаудың дәл сол үйлестіретін міндетті ісі негіз болып табылады.
Жоспарлы қызмет барысында даму стратегиясы, ұзақ мерзімді болжаулар, орташа мерзімдік және ағымдағы жоспароар жасалады. Жоспарлаусыз дамудың үйлесімділігі қамтамасыз етілмейді. Ал үйлесімді салалардың, қызмет өрістерінің мынадай арақатынастарына жетуді білдіреді: олардың өндірісінде мыналар:ұзақ келешектегі макроэкономикалық дамудың ең тез қарқыны; елде, аймақтарда өнім мен көрсетілетін қызметті өндіру мен тұтынудың тепе-теңдігіне жету, еңбек нарығы, капитал, жердің дамуы қамтамасыз етіледі.
Жоспарлаудың ең ғаламдық міндеттеріне зерттеушілер мыналарды жатқызады: қоғамдық қажеттіліктерді анықтау; оларды қанағаттандыру үшін салынатын ресурстар (материалдық, еңбек, қаржылық) жиынтығын айқындау; өндіріс өрістері, салалары, түрлері арасындағы үйлесімді дамуды қамтамасыз ету; ресурстарды қолданудың тиәмділігін арттыру.
Бұл міндеттер іс жүзінде дамуда едәуір жетістіктерге жеткен барлық елдердің жоспарлау жүйесінде шешіледі.
Осылайша, жоспар мен нарық бірін-бірі жоққа шығармайды, ғылыми және іс жүзінде қызық болып көрінеді, экономикалық тетіктегі жоспарла жіне нарықтық институттарды ұтымды үйлестіру мәселелері халық шаруашылығының тиімді жұмыс істеу мен дамуын қамтамасыз етеді.
- Қазақстандағы индикативті жоспарлау.
Экономикалық тетіктер элементтері бірі ретінде жоспарлауды қолдану посткеңестік кеңестіктегі Қазақстанның артықшылықтарынің бірі болып табылады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтің басты назарында.
Елде мемлекеттік бағдарламалар мен ұзақ мерзіділер жоспарлар жасау мәселелерімен шұғылданатын органдар құрылды. 1999 жылдың 13 қазанында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі (тікелей Президентке бағынатын мемлекеттік орган) және экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттік құрылды, кейіннен ол экономика мен сауда министрлігі болып қайта құрылды. Қазірде экономика мен бюджет жоспарлау министрлігі жұмыс істеуде.
Стратегиялық жоспарлар жөніндегі агенттік кезінде дамудың әр бір негізгі бағыттарын нақтылайтын басым бағыттар тобын анықтаумен шұғылданды. Ол Президент бекіткен жеті басым бағыттар тобы бойынша үш жылдық стратегиялық жоспарларды әзірлеуді жүргізді. Бұрынғы мемелекеттік жоспарлардан айырмашылығы агенттік жоспарларды тек министрліктер, ведомстволар мен әкімшіліктерге яғни, тек мемлекеттік органдар үш ғана әзірлейтін еді.
Қазақстанның индикативті жоспарлау жасауда белгілі бір тәжірибесі бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасының әлеуметтік -экономикалық дамуының 1996 -2000 жж. арналған индикативті жоспары жасалды. Ол макроэкономикалық аспекті, сыртқы саясат, институтциональды өзгерістерді (жекешелендіру нарықтық инфроқұрылым, кәсіпкерлік сектордың дамуының) қамтиды. Екінші кезеңде мыналар көзделді: экономиканың құрылымдық саясатын мемлекеттік қолдауды жандандыру, елдің жағымды төлемдік балансын қамтамасыз ету, нарықтын кең жүйесін жан-жақты дамыту, белсенді әлеуметтік саясат жүргізу. Қазақстан Республикасының экономикасның -әлеуметтік салаларын дамытудын маңызды мақсаты индикаторлары анықталды. Жоспардың көптеген бағдарлары орындалды, соның ішінде, ішкі жалпы өнімнің өсуі, мұнай-газ секторының алға озып шығып, дамуы, инвестиция үйірудің жоғары қарқыны және т. б. Қазақстан Республикасының 2001-2005 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының жобасы жасалады. Онда әлеуметтік-экономикалық саясаты мақсаттары мен маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерді халық шаруашылығының негізгі салаларының дамытуды, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік және салалық бағдарламаларды дамытуды болжау бар.
Индикативті жоспарларда бар экономикалық саясатын негізгі бағыттарын басқарудың белгілі бір тетіктерін әзірлеу жолымен іске асырылады. ҚР Президентінің “елдегі жағдай және сыртқы, ішкі саясаттың 2002 жылға арналған негізгі бағыттары туралы” халыққа жолдауында біз іс жүзінде шешуге тиісті барлық басты міндеттер “Қазақстанның 2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуында” баяндалғаны атап көрсетілген. Оның ой жемісі шаралар мен бағадарламаларда, сонымен қатар орта мерзімде және қысқа мерзімде келешекке арналған жоспарларда үнемі айқындалады. “2030-стратегиясын” орындау үшін еліміздің он жылдық стратегиялық жоспары жасалды. Жоспарлаудың сипатын, мазмұның, көк жиегін, оның әдіснамалық және әдістемелік негізін шындап жақсарту қажет. Белгілеу басқарудың жоспарлық тәсілін кеңінен қолдануға мүмкіндік беретіндей өте анық және негізді.
2001ж. 4 желтоқсанда ҚР Президентінің жарлығымен 2010 ж. дейіңгі Қазақстан Республикасы Дамуының стратегиялық жоспары бекітілді және үкіметке, барылық мемлекеттік органдарға, облыс әкімдеріне өз қызметтерінде осы жоспарды басшылыққа алу ұйғарылып тапсырма берілді. Қабылданатын мемлекеттік және аймақтық жоспарладың стратегиялық жоспарлармен үйлесін қамтамасыз етуге бағдарлану өте тамаша, бұл индикативті жоспардың ең басты міндеті ісі болып табылады.
Стратегиялық жоспарды дамудың нақты бағыттары айқындалған. Срнымен бірге ұлттық экономиканың бәсекеге мүмкіншілікті негіздерін жасау; жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) кемінде екі еселеніп ұлғаюына жету; тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету; ұлттық капиталдың экономиканың шешуші салаларына әсерін күшейту және т. б.
ХХІ ғ. жағдацында стратегиялық даму тек ұзақ мерзімді цикл-стратегиялық жоспарлау негізінде ғана жүзеге асады. Қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттер бұо мәселелерді бюджеттік жоспарлау жолымен шешеді. Оны дұрыс түсіну атқарушы билікке стратегиялық даму мәселелерін тактикалық іс-әрекет тәләне жәрдемдеседі.
Республика жаңа орган - ҚЗ Экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс істеуде. Оның негізгі мақсаты - мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, бұған мемлекеттік кірістер мен шығыстарды жоспарлау ғана емес, оларды сайма-сай, үйлесімді бөлу де керек. Бюджеттік жоспралау орта мерзімді үш жылдық іске асырылады.
- Индикативті жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.
Шет елдердегі индикативті жоспарлау түрлерінің эволюциясы назар аудартады. Оларды бұл процесс ондаған жылдарға созылады. Индикативті жоспарлау түрлерінің эволюциясы тұрғысынан алғанда мемлекеттік кірістердің ҰЖӨ -ге ұлғаю шамасына қарай экономикалық өсу қарқыны мен үйлесіміне бюджет ықпалының күшеюіне байланысты конъюктуралық түрі бірінші болады.
Әлемдік тәжірибе дағдарысты уақытта, дамудың үлкен, шұғыл кездерінде мемлекет еркін нарықтық “өз еркімен көңіл білдіруге” кедергі келтіріп, кең ауқымды міндеттерді өз мойнына алатынын айғақтады. Ф. Рузвельт (АҚШ Президенті) осылайша кейнсиан ережесін қолданды, бұған өндірісті жоспарлау, бюджет шығыстарын ұлғайту, ішкі нарықты кеңейту кіреді. Жоспарлау АҚШ-та көбірек дамыды. Орталықтандырылған жоспарлау екі шығу көзінен: муниципальды және аймақтық деңгейдегі жоспарлау; ірі фирмалар деңгейінде жоспарлаудан бастау алады. Алғашқы бесжылдық жоспар АҚШ-та 1928 ж. қабылданды, ол индустрияның жаңа ірі саласы авиацияны дамытуға арналды. Жоспарлы тапсырмаларды белгілегенде ешқандай волюнтаризмге жол берілмейді.
Индикативті жоспарлауды қолдануда Францияның бай тәжірибесі бар. 1946 ж. бастап жалпы мемлекеттік жоспарлар жасала бастады. Олардың жасалуын жоспар жөніндегі бас комиссариат ұйымдастырды. Жоспарлаудың француздық жүйесінің негізін қалаушының атымен “Моне жоспары” деп аталған бірінші мемлекеттік жоспар 1947 ж. 1953 ж. дейін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта он бірінші бесжылдық жоспар іске асуда. Бұл жоспарлар дерективті сипатта болмаса да, жалпы алғанда ел осы жоспарлардың бағыттың ұстанады және бұл елді экономикалық прогреске әкелген, басқарудың қуатты тетіктерінің бірі болып қызмет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz