Оңтүстік Қазақстан облысының құрлымы



1 Басқарманың негізгі міндеттері
2 ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы
3 Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер
4 Мемлекеттік органдардағы семинарлар мен кеңестер
5 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және оқыту.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын ала 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып жатыр. Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан.
1932 жылы 10 наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы-Шымкент қаласы. Облыста 12 селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 жұмысшы поселкесі, 933 селолық және ауылдық елді мекен бар.
1999 жылғы 13 қарашадағы № 280 Президент жарлығына сәйкес ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы болып құрылды.

Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады
• Өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
•Мемлекеттік қызмет міндетін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай –ақ заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық және өзге де актілер қабалдау;
• Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық құрылымдары (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік орагндар ) мемлекеттік қызмет кадрларының жай- күйіне мониторинг;

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысының құрлымы
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран
ойпатының шығысын ала 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның
солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң
даласы алып жатыр. Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына
орналасқан.
1932 жылы 10 наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы-Шымкент қаласы.
Облыста 12 селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен
басқа), 13 жұмысшы поселкесі, 933 селолық және ауылдық елді мекен бар.

Сурет галереясы

ҚР Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы-
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
ОҚО-дағы тәртіптік кеңесінің
төрағасы
Болат Фазылұлы Үркімбаев

1999 жылғы 13 қарашадағы № 280 Президент жарлығына сәйкес ҚР Мемлекеттік
қызмет істері Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы
болып құрылды.

Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады
· Өз құзіреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік
саясатты іске асыру;
·Мемлекеттік қызмет міндетін жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық
базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай –ақ заңдарда
белгіленген тәртіппен өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық және өзге
де актілер қабалдау;
· Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық
құрылымдары (бұдан әрі – жергілікті мемлекеттік орагндар ) мемлекеттік
қызмет кадрларының жай- күйіне мониторинг;
· Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде жергілікті мемлекеттік
органдардың қызметін үйлестіру;
· Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы
заңдарды сақтауын бақылау ;

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы- ҚР
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО-дағы тәртіптік кеңесі
мемлекеттік қызметкерлерінің тізімі

*********************************** *********************************** ***
*********************************** **************
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы- ҚР
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО-дағы тәртіптік кеңесі
басшыларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі

*********************************** *********************************** ***
*********************************** **************

Ақпарат

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасы- ҚР
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Тәртіптік кеңесінің 2008 жылдың 1 ақпанында өткізілген семинар-кеңесі
2008 жылдың 1 ақпанында қала, аудан, маслихат аппарат басшыларының,
кадр, заңгер және аумақтық, жергілікті мемлекеттік органдарының кадр,
заңгер қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің аумақтық басқармасы –Тәртіптік кеңесі Мемлекеттік қызмет
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды талқылау жөнінде кеңейтілген семинар
-кеңес өткізілді.Семинар кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің аумақтық басқармасының бастығы-ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің ОҚО-дағы тәртіптік кеңестің төрағасы Б.Үркімбаев
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары, мемлекеттік
тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын
сақтау жөнінен қабылданған шаралар жөнінде түсіндірме берді.
Өз кезеңінде облыстық салық комитетінің басқарма бастығы М.Харченко
Мемлекеттік қызметшілердің электронды түрде мәлімдемелерді (декларация)
тапсыру жөнінде баяндама жасады. Баяндама барысында М.Харченко
мемлекеттік қызметшілердің декларацияны электронды түрде қалай
толтыратындығы жөнінде түсіндіріп өтті.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің әкімшілік
реформа бөлімінің бастығы Л.Керімбекова халыққа тікелей қызмет
көрсететін мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету
стандарттарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыру жөнінде сөз
сөйледі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің
бастығы Г. Бекбергенова мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының
санаттары бойынша тізілімі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының
санаттарына үлгілік біліктілік талаптары, мемлекеттік әкімшілік
қызметтің кадр резерві, мемлекеттік қызметшілерді оқыту жұмысын
ұйымдастыру жөнінде түсіндірме берді.

Аталған семинарда басқарма бастығының орынбасары А.Нұрсейітов
мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен
толықтырулар (жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктер, мемлекеттік
қызмет өткеру ережесі, тәртіптік жаза қолдану ережесі), мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерді тестілеу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер,
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесі және
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық басқармасының web-сайты
туралы ақпарат берді.

Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ. Құлажанов сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өткен болса, хатшылықтың
қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсу күрес туралы заңдылықтардың
сақталуын бақылау бөлімінің бастығы Ж. Әлібеков аумақтық басқарма –
тәртіптік кеңес хатшылығымен мемлекеттік органдарды тексеру барысында
анықталған заңбұзушылықтарға талдау жасады. Семинар кеңестің
қорытындысында қатысушылырдың түрлі сұрақтарына ұйымдастырушылар
тарапынан тиянақты жауаптар берді.
Семинар жұмысына жергілікті БАҚ-тар қатысып, ол туралы тиісті ақпараттар
таратты, соның ішінде Отырар, Айғақ телеарналары арқылы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы
тәртіптік кеңесінің 2008 жылғы 31 қаңтарда өткізілген мәжілістің
ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер
· 2007 жылдың 5 желтоқсанында өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің ОҚО-дағы Тәртіптік кеңесі мәжілісі шешімдерінің орындалуы
туралы. Хабарламашы: Қ.Құлажанов
·Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау
бөлімінің бастығы Пернешова Зәуре Рысалқызының тәртіптік ісі туралы
Хабарламашы:Қ.Құлажанов
·Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарының,
мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуына
жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша орын алған құқық бұзушылықтар
туралы. Хабарламашы: Ж.Әлібеков
·Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімінің
меңгерушісі Жолдыбаев Сыдықбай Лесбекұлының тәртіптік ісі туралы.
Хабарламашы: Ж.Әлібеков
·Сарыағаш қаласының әкімі Қалмырзаев Ергалидің Қасымбекұлының тәртіптік
ісі туралы. Хабарламашы: Ж.Әлібеков
·Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Құралова Әлия Дөкенбайқызының
тәртіптік ісі туралы Хабарламашы: Ж.Әлібеков
·Ақжар ауылдық округінің әкімі Қайыпжанов Рашид Үсіпханұлының тәртіптік
ісі туралы Хабарламашы: Қ.Құлажанов
·Бозай ауылдық округінің әкімі Бектұрғанов Рәджәбәлі Саттарұлының
тәртіптік ісі туралы Хабарламашы: Қ.Құлажанов
·Дарбаза ауылдық округінің әкімі Бейсен Разақтың тәртіптік ісі туралы.
Хабарламашы: Қ.Құлажанов
·Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Абдураимов Нұрлан Сейдурасулұлының
тәртіптік ісі туралы. Хабарламашы: Ж.Әлібеков
·Ошақты ауылдық округі әкімі аппаратының маман – жер инспекторы
Намазбаев Мұрат Аманқұлұлының тәртіптік ісі туралы Хабарламашы:
Қ.Құлажанов
·Сарыағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтарының,
мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуына
жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша орын алған құқық бұзушылықтар
туралы. Хабарламашы:Қ.Құлажанов
·Сарыағаш аудандық маслихаты аппаратының жетекші маманы Айымбетова
Қатира Дүйсенбекқызы тәртіптік ісі туралы Хабарламашы: Ж.Әлібеков
·Сарыағаш аудандық маслихаты аппаратының бөлім меңгерушісі Мейірқұлов
Абдрахман Анарбайұлының тәртіптік ісі туралы Хабарламашы: Ж.Әлібеков
Бірінші мәселе
Тәртіптік кеңестің бұдан бұрынғы, 2007 жылдың 5 желтоқсанында өткізілген
мәжілісінің шешімдерінің орындалуы туралы мәселелерді қарау. Хабарламаны
Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Қ.Құлажанов ұсынады.
Екінші мәселе
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі
аппаратында (бұдан әрі – Аппарат) тексеру жүргізу барысында Аппараттың
ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бастығы Заурекүл Рысалақызы
Пернешова өзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, жұмыс
барысында мемлекеттік қызмет және өзге де қолданыстағы заңнамалардың
сақталуын қамтамасыз етпегені анықталған.
Атап айтқанда, Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-
шаралар жоспары қабылданғанымен, аталған іс-шаралар жоспары бойынша
тиісті жұмыстар толық атқарылмаған.
Кадр қызметіне жауапты З.Пернешова Аппараттың мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерін аттестациядан өткізуге дайындық барысында төменде
көрсетілген кемшіліктерге жол берген.
Аттестация ережесінің бұл талабы бұзылып, З.Пернешова Аппараттың
қызметкерлері Е.Сматлаева, И.Галаев, К.Омарова, М.Әзікенова,
Л.Джұмаділлаева және Н.Бектұрсыновтарды 22.10.2007 жылы аттестациядан
өткізу барысында түзілген хаттамаларға, олармен әңгімелесу жүргізілгені
туралы мәліметтердің (сұрақтар мен жауаптар) енгізілуін қамтамасыз
етпеген.
ҚР Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Заңының талабы сақталмай, Аппаратқа 19.07.2007 жылы № 58р кіріспен
тіркелген Шымкент қаласы Қаратөбе шоссе 38 үйінің тұрғыны У.Елшібаевтың
өтініші лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып
тексеру талап етілмесе де, 05.08.2007 жылы бірақ қаралған және де оған
тиісті түрде жазбаша жауап берілмеген.
Тәртіптік кеңес мәжілісінің шешімімен ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-
намыс кодексінің 1 тармағы 2 және 5 тармақшаларының талаптарын бұзғаны
үшін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау
жұмысы бөлімінің бастығы Заурекүл Рысалақызы Пернешоваға сөгіс түріндегі
тәртіптік жазаны қолдану Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі
Н.Қалмырзаевқа ұсынылып отыр.
Үшінші мәселе
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық
басқармасы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңесінің 2007
жылғы арналған жұмыс жоспары негізінде өткен жылдың желтоқсан айында
Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызмет
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтары мен мемлекеттік
қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарының орындалуына тексерулер
жүргізілді.
Жүргізілген тексерулер барысында бірнеше заңбұзушылықтар орын алғандығы
анықталды және заңбұзышылыққа жол берген мемлекеттік қызметшіге қатысты
тәртіптік іс қозғалды және бұл тәртіптік іс бүгінгі мәжілістің күн
тәртібіне енгізілген.
Орын алған заңбұзушылықтар бойынша және де оларды болашақта болдырмау
мақсатында жергілікті жерлерде қабылдаған іс-шаралар туралы Шымкент
қаласы әкімі аппаратының жетекшісі К.Қадырбековтің есебі Кеңес
мәжілісінде тыңдалатын болады.
Төртінші мәселе
Сарыағаш ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадырлық бөлімінің
меңгерушісі Жолдыбаев Сыдықбай Лесбекұлы өзінің қызметтік міндеттерін
тиісті дәрежеде орындамай, жұмыс барысында мемлекеттік қызмет және өзге
де қолданыстағы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етпеген.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Заңының 6-бабы, 1-тармағында Барлық мемлекеттік органдар және лауазымды
адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге
міндетті деп айтылғанына қарамастан, Сарыағаш ауданы әкімін
аппараттының отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері
қаралмаған.
Аудан әкімдігі тарапынан келешектегі ұзақ мерзімге арнап сыбайлас
жемқорлыққа қатысты іс-шаралар жоспары жасалғанымен, тоқсандық және
жылдық жоспарлары түзілмеген.
Өз кезегінде Аппарат жоспарда көрсетілген мерзімде аталған мәселелер
бойынша облыс әкімі аппаратына мәліметтер бермеген.
Сонымен қатар, жергілікті мемлекеттік органдары басшыларының сыбайлас
жемқорлыққа қатысты жоспардың орындалуы бойынша есептері аудан әкімдігі
отырысының күн тәртібіне енгізілмеген.
Тәртіптік кеңес мәжілісінің шешімімен ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-
намыс кодексінің 1 тармағы 5 тармақшасының талабын бұзғаны үшін Сарыағаш
ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадырлық бөлімінің меңгерушісі
Жолдыбаев Сыдықбай Лесбекұлына сөгіс түріндегі тәртіптік жазаны қолдану
Сарыағаш ауданының әкімі Ұ.Сәдібековке ұсынылды.
Бесінші мәселе
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің
аппаратында тексеру жүргізу барысында Сарыағаш қаласының әкімі
Қалмырзаев Ерғали Қасымбекұлы өзінің қызметтік міндеттерін тиісті
дәрежеде орындамай, жұмыс барысында мемлекеттік қызмет және өзге де
қолданыстағы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз етпегені анықталған.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға
арналған өңірлік жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Аппаратың іс-шаралар
жоспары әзірленбеген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске байланысты
Аппаратта тиісті жұмыстар жүргізілмеген.
Қала көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселері бойынша
дөңгелек үстелдер және семинарлар ұйымдастырылмаған.
Аппаратың бас маманы Р.Қамбаров мемлекеттік қызметке 2005 жылғы қараша
айында қабылданған болса, мемлекеттік қызметте болуына байланысты
шектеулерді тек 2006 жылы 20 қазанда қабылдаған.
Тәртіптік кеңес мәжілісінің шешімімен ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-
намыс кодексінің 1 тармағы 5 тармақшасының талабын бұзғаны үшін Сарыағаш
қаласының әкімі Қалмырзаев Ерғали Қасымбекұлына сөгіс түріндегі
тәртіптік жазаны қолдану Сарыағаш ауданының әкімі Ұ.Сәдібековке
ұсынылды.
Алтыншы мәселе
Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауыл округі әкімі аппаратында тексеру жүргізу
барысында ауыл округінің әкімі Алия Дүкенбайқызы Құралова өзінің
қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, жұмыс барысында
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалардың бұзылуына жол бергендігі анықталған.
Атап айтқанда, Жартытөбе ауыл округі әкімі аппаратында (бұдан әрі –
Аппарат) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған
өңірлік жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Аппаратың іс-шаралар жоспары
әзірленбеген.
ҚР Жер Кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43 бабы 12 тармағына сәйкес
жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға табысталады.
А.Құралова Жер Кодексінің аталған талабын бұзылып, кәмелетке (18 жасқа)
толмаған Т.Тилагановқа (01.12.1989 ж.т.) жер беру туралы 24.08.2007
жылғы №138 шешім шығарып, Т.Тилагановқа заңсыз артықшылық көрсеткен.
Аппараттың бас маманы Б.Арыстанов бұдан алдынғы аттестациядан 24.03.2004
жылы өтіп, мемлекеттік қызметте кезекті үш жыл өтпегеніне қарамастан,
Б.Арыстанов аттестациядан 19.03.2007 жылы өткізілген. А.Құралова
Аппараттың бас маманы Б.Арыстановты 19.03.2007 жылы аттестациядан өткізу
туралы өкім шығармаған. Азамат Р.Маманазаровтың 15.02.2007 жылғы №37
кіріспен тіркелген өтініші қаралғанымен, А.Құралова тарапынан өтініш
иесіне белгіленген тәртіппен жауап берілмеген. Осы тектес
Л.Мирзаюсуповтың 10.05.2007 жылғы №74 кіріспен тіркелген өтініші да
жауапсыз қалған. Тәртіптік кеңес мәжілісінің шешімімен ҚР Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 12 бабы 1 тармағының 4 және 10
тармақшаларының талаптарын бұзғаны үшін Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауыл
округінің әкімі Алия Дүкенбайқызы Құраловаға қатаң сөгістүріндегі
тәртіптік жазаны қолдану Сарыағаш ауданының әкімі Ұ.Сәдібековке
ұсынылсын.
Жетінші мәселе
Сарыағаш ауданы Ақжар ауыл округі әкімі аппаратында тексеру жүргізу
барысында ауыл округінің әкімі Рашид Үсіпханұлы Қайпжанов өзінің
қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, жұмыс барысында
мемлекеттік қызмет және өзге де қолданыстағы заңнамалардың сақталуын
қамтамасыз етпегені анықталған. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік жоспарын жүзеге асыру
жөніндегі Аппаратың іс-шаралар жоспары әзірленбеген.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының 9 бабы 1 тармағында
Мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген
міндеттерді атқаруға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын
адамдар тұрғылықты жері бойынша салық органына: табыстары туралы
мәлімдеме ... табыс етеді деп көрсетілген. Алайда, Р.Қайпжанов
24.04.2007 жылғы №9 өкімімен Аппараттың бас маманы-заңгері міндетін
уақытша атқарушы қызметіне, табыстары туралы мәлімдемені салық органына
уақытылы тапсырмаған Б.Бөртебаевты қабылдаған. Б.Бөртебаев табыстары
туралы мәлімдемені салық органына тек 21.05.2007 жылы тапсырған.
Р.Қайпжанов Аппараттың бас маманы Т.Абдибаев пен маманы Б.Қалдыбекті
аттестациядан өткізу туралы өкім шығармаған. Бұдан басқа, Р.Қайпжанов
Тәртіптік жаза қолдану ережесінің нормаларын бұзып, Аппараттың тәртіптік
комиссиясын осы уақытқа дейін құрмаған. Тәртіптік кеңес мәжілісінің
шешімімен үшін Сарыағаш ауданы Ақжар ауыл округінің әкімі Рашид
Үсіпханұлы Қайпжановқа ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің
1 тармағы 2 және 5 тармақшасының талабын бұзғаны үшін ескерт түріндегі
тәртіптік жазаны қолдану Сарыағаш ауданының әкімі Ұ.Сәдібековке
ұсынылды.
Сегізінші мәселе
Бозай ауылдық округінің әкімі Рәджәбәлі Бектұрғанов өз іс-әрекеттерімен
қолданыстағы заңдылықтардың бұзылуына жол беріп, ҚР мемлекеттік
қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтамаған. Аппаратта сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспары түзілмеген. Соның
салдарынан, Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 8 тамызында №822
санды қаулысымен қабылданған Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік жоспарын
жүзеге асыру жөніндегі Сарыағаш ауданы әкімдігінің іс-шаралар
жоспарының (бұдан әрі - Іс шаралар жоспары) талаптары орындаусыз
қалған. Аппараттың қызметшілері М.Қошуақов пен Қ.Амановты 2007 жылдың 21
желтоқсанында аттестациядан өткізген де, Аттестация өткізу ережелерінің
бірқатар талаптарының бұзылуына жол берілген. Аппаратта азаматтардың
өтініштері көп болмағанымен, кейбір арыздар мемлекеттік органның
өтініштерді тіркеу кітабына тіркелмеген. Атап айтқанда, 2007 жылдың 30
қаңтардағы ауыл тұрғындарының (барлығы 25 адам) Зеңгі-Ата өндірістік
коопертивінің қарамағындағы мәдениет сарайды мемлекет алу жөніндегі
аудан және ауыл округі әкіміне жазған арызы, 2007 жылдың 15 наурызындағы
оралман Е.Тетебаевтың квота, не болмаса үй сұраған аудан әкімі арқылы
түскен өтініші тіркеуге алынбаған. Тәртіптік кеңес мәжілісінің шешімімен
ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің 1 тармағы 2
тармақшасының талаптарын бұзғаны үшін Бозай ауылдық округінің әкімі
Рәджәбәлі Бектұрғановқа сөгіс түріндегі тәртіптік жазаны қолдану
Сарыағаш ауданының әкімі Ұ.Сәдібековке ұсынылды
Тоғызыншы мәселе
Сарыағаш ауданы Дарбаза ауыл округі әкімі аппаратында тексеру жүргізу
барысында ауыл округінің әкімі Разақ Бейсенұлы Бейсен өзінің қызметтік
міндеттерін тиісті дәрежеде орындамай, жұмыс барысында мемлекеттік
қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалардың
бұзылуына жол бергені анықталған.
Атап айтқанда, Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010
жылдарға арналған өңірлік жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары түзілгенімен, тексеру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күреске байланысты Аппаратта тиісті жұмыстар жүргізілмеген. Р.Бейсен Жер
Кодексінің аталған талабын бұзып, кәмелетке (18 жасқа) толмаған
А.Ауезовқа (16.04.1990 ж.т.) жер беру туралы 17.11.2007 жылғы №26-а
шешім шығарып, А.Ауезовқа заңсыз артықшылық көрсеткен. Осы тектес заң
бұзушылық, кәмелетке (18 жасқа) толмаған М.Байғозиеваға (10.04.1990
ж.т.) жер беру туралы 30.11.2007 жылғы №43 шешім шығару барысында да
орын алған.
Р.Бейсен Жер кодексінің 43 бабы 2 тармағының талабын сақтамай, Сарыағаш
аудандық жер бөлу комиссиясының қорытындысы болмай тұрып (қорытындысы
02.05.2007 жылы ғана берілген), Р.Бейсен Казтелерадио АҚ-на жер
учаскесін уақытша пайдалануға беру туралы 30.04.2007 жылғы №7 шешім
шығарған. Р.Бейсен Аппараттың маманы Қ.Балабековты 06.12.2007 жылы және
бас маман Ө.Бейсенді 28.02.2007 жылы аттестациядан өткізу туралы ауыл
өкім шығармаған.
Тәртіптік кеңес мәжілісінің шешімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы Заңының 12 бабы 1 тармағының 4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы аймақтардың шөл зонасы
Қырғыстан Республикасы туристік өлкетануы
Жерге орналастыру және жерге орналастыруды жобалау
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының табиғат қорғау ісіндегі рөлі
Каспий жағалауындағы проблеммалар
Топырақ картасын құрастыру
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Жергілікті бюджет және оның қалыптасуының негіздері
Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр
Сырдария өзені атырауының физикалық-географиялық жағдайын талдау арқылы iрi сауармалы егiншiлiк аймағының геоэкологиялық мәселелері мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдары
Пәндер