Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы



1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс.хан шапқыншылығы.
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңырат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізу үшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды .

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1. Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан
территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының
шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан
– байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында
болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп
өмір сүрді. Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі
мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық
қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді:
нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар -
монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды.
Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян
Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы
қоңырат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізу үшін,
тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын
женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына
біріктірді. Егер бұрын Моңғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар
деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты) белгілі болса, енді мемлекеттің
нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады
да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді
жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-
хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды.
Шыңғыс хан деген сөз моңғолша көктен жаралған деген ұғымды білдіреді.
Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды .
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру
принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол
қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке
бөлінді. Әрбір округ түменге (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың
адамнан тұрды, мыңдар – он жүзден, ал жүздер, - ондықтан құралды.
Қасиетті аңызға сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны
қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 мыңға жіктелді. Бұдан
басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден
тұратын кешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар
мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдына қойған басты мақсаты
– ішкі саяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан
халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің
мудделерінен шығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды
феодалдық кіріптарлыққа салу.
Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардың алғашқы жаулап алудың құрбаны
болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен
баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да
орманхалықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған
моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса,
одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт
Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде
Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227
жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкіл
иелігінен іс жүзінде айырылды.
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың
құрылуы.
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия
жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы
Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор
мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған
отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта
болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғысханның вассалдарымыз
деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының
жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды
өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғысхан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы
тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни
құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған
найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен
оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы
Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік
Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге Отырар
опаты деп аталатын жағдай себеп болды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және
басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500
түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді.
Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп
күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан
Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл
талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген
жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге
қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл
жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен
Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды
қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы
қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы
қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей
мен Бұхараға қарай бет алды.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II
Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып,
өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға
лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін
тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін
барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның
алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей
бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан
Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды.
Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары
табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар
қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент,
Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары
да қырғыңға ұшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы
қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның
әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін
моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға
қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы
қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта
Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс
Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер
Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды,
половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-
талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ
даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225
жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде
Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың
құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде
осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға
Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай
моңғол атының тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай
Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі
жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер
Жошы ұлысы деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария,
Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай
аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға
алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын
алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді.
Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға
бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды.
Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (
далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай
ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
1227 жылы 25 тамызда Тангуттарға қарсы 2-ші рет жасаған жорық кезінде
ауырып Шыңғыс-хан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін балалары мен
немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді.
1225 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс
Еворпаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерлерін Шыңғыс-
ханның мұрагер немересі Жошының баласы Батый (Бату) басқаратын болды. Батый
атасы Шыңғыс-хан сияқты өте қатал және қанқұмар жаулап алушы еді.
Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік
бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму
дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар
дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын
Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші
топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде
күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне
Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың
азаттық күресі етек алады.
Соңғы уақытта Шыңғыс хан жайлы ақылға қонбайтын сыбыстар тарала
бастады. Соның ішінде Шыңғыс ханның зиратын қазбау жөнінде пікірлер
айтылады, егер осындай жағдай орын алса, соғыс басталады деген лақап сөз
тарады. Осындай сыбыстар келесідей деректерге сәйкесті пайда болып отыр.
1940 жылы Гитлер “Барбаросса” жоспарына қол қойды. Осыған сәйкес 1941
жылдың 21-22 маусымында, яғни түнге қарай, Германия тұтқиылдан КСРО-ға
шабуыл жасауы тиіс еді. 1941 жылы осы соғыс “Барбаросса” жоспарына сәйкес
21-22 маусымның түнгі уақытында басталды. Осы түнгі уақытта тарихшылар мен
археологтар Самарқандағы Темірланның зиратын қазған. Темірланның зираты
қазылмаған жағдайда, соғыс болмас еді деген пікірлер тарады. Бұл, әрине,
ақылға симайтын нәрсе. Бірақ осындай ақылға симайтын болжам қазіргі уақытта
Шыңғыс ханның зираты туралы айтылып жүр. Мұндай адам түсіне алмайтын ақымақ
пікірлер мен ойларды Шыңғыс ханның қас жаулары таратып жүр. Олардың
арасында танымал адамдар да бар.
Бүкіл әлемге хабарларын ағылшын, француз, италян және испан, неміс,
орыс тілдерінде тарататын халықаралық Еуропалық телекомпания адамзаттың
дамуы жөнінде мәлімдеме жасады.
Ағылшын ғалымдары ұзақ әрі күрделі зерттеулер нәтижесінде алғашқы
жылқылардың Қазақстанның солтүстігінде пайда болғанын анықтады. Сондай-ақ,
алғашқы адамзаттың дамуы тарихында жылқылар үй малы ретінде қолға
үйретілген. Ағылшын ғалымдары мұндай шешімге көне арбалардың және
үзеңгілердің топырақ арасынан аршылып алуы нәтижесінде келді. Ағылшын
ғалымдарының пікірі бойынша, қазақтар жер бетіндегі ең көне халықтардың
бірі болып табылады. Сондықтан Қазақстан тарихы қайтадан жазылуы тиіс.
Өйткені қазақтар адамзат қоғамы және өркениеттің дамуына айтарлықтай үлес
қосты. Адамзат өркениеті жабайы жануарларды қолға үйретуден басталған еді.
Бұл мәлімет қазақтың тарихына жаңаша өзгерістер әкеліп, қазақты жер
бетіндегі адамзат өркениетін құруға және дамытуға үлкен үлес қосқан көне
халықтардың бірі ретінде көрсетіп отыр. Өркениеттің бастауы Таяу Шығыста
және ежелгі Мысырда пайда болған деген жалпыадамзаттық пікірді жоққа
шығарып отыр. Қазақ халқының тарихын қамтитын түркі өркениеті ғұндар
тарихынан бастау алады.
Ғұндар түркі қағанаттарына бөлінді, Батыс түркі қағанатын құрған
оғыздар батысқа кетіп қалды. Ал қазақтар мен татарлар Шығыс түркі
қағанатының негізін салды. Бұл құрылым өз кезегінде көптеген жекелеген
руларға бөлініп кетті. Ал Шыңғыс хан осы рулардың көпшілігін жеке бір ортақ
мемлекетке біріктірді. Қазақ рулары Еуразияның ұлан-ғайыр алқабында Днепр
өзенінен бастап Манчжурияға дейінгі аймақта, сонымен қоса қазіргі Казақстан
жерінде өмір сүрді. Шыңғыс хан құрған мемлекеттей елді тек көптеген жылдық
мемлекеттілік тәжірибесі бар және тарихы сонау ежелгі замандардан
басталатын, қазіргі кезде саны жарты миллионнан аспайтын өте аз моңғол
халқы емес, қазақ және татар рулары құрды. Моңғолдар 100 жыл бұрын
тәуел–сіздікке қол жеткізе отырып, осы күнге дейін адамзат өркениетінің
заманауи талаптарына сәйкес келетін мемлекет құра алған жоқ.
Моңғолдардың жартысынан көбі қазіргі кезеңде киіз үйді мекен етеді, ал
тұрғындардың білім деңгейі өте төмен дәрежеде. Осы жайында орыс тарихшысы
Александр Бушков Шыңғыс хан және беймәлім Азия кітабында жазған еді.
Яғни, Шыңғыс ханның тегі түркі болғандығына сүйенейік... Шыңғыс ханның
моңғол болуы мүмкін емес. Осы жерде түркілер жайында мәселе қозғалып отыр.
Өте ірі көлемде дүниені жаулап алу үшін тек қана үлкен орда ғана емес,
сонымен бірге бес қаруы сай, дайындығы мол әскер керек. Моңғолдар ұлттық
салт-дәстүр мен мемлекеттіліктен жұрдай болғандықтан, олар аз уақыт ішінде
әскер құрып үлгере алмас еді, осылайша бізде Азияда ХІІІ ғасырда
мемлекеттілікті құру, кәсіби әскерді жасақтау, басқарушылық жүйені
ұйымдастырудың тәжірибесіне кім ие болған деген ең қарапайым мәселенің
шешімін тапқандаймыз... Бұл сұрақтың жауабын іздеп жатудың қажеті шамалы.
Сұрақтың жауабы анық. Олар, әрине, сан ғасырлық қағанат пен мемлекет кұру
тәжірибесі бар түркі тайпалары екені сөзсіз. Демографиялық есеппен XXI
ғасырды ХІІІ ғасырмен салыстыратын болсақ, онда сол кездегі моңғолдардың
саны 50-60 мың адамды ғана құрайтын. Ал Шыңғыс ханның әскері 300 мың адамға
дейін жететін. Моңғолдарға ақиқатты ажыратып алудың уақыты келгендей,
сондықтан да олар өзге халықтың тарихына таласпаулары тиіс.
Одан әрі Александр Бушков былай деп жазады: “Моңғол жазуы ХVІІ ғасырда
қалыптасты. Сондықтан да қазіргі кезеңде Шыңғыс ханға жақын болып келетін
ешқандай жылнама деректер жоқтың қасы”.
Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті жайлы кейінгі кітаптарымда қазақ
халқын аяусыз қырған, 1932-33 жылдары Қазақстанда жаппай аштықты
ұйымдастырған, ядролық полигон ұйымдастыруға қолайлы адамзат баласы
мекендей бермейтін Сібірдің кең өлкесі барына қарамастан, қазақ жерінде
ядролық полигон ашқан, Қазақстанға көптеген халықтарды зорлап, күштеп қоныс
аудартқан Иосиф Сталиннің жеке тапсырмасы бойынша Ресей тарихшысы Козиннің
Шыңғыс ханның шығу тегі моңғол деп келтірген түпнұсқаларындағы
бұрмалаушылыққа тоқталып өтемін.
Марко Полоның “Әлемнің ғажайыптары кітабындағы” Шыңғыс хан ұрпақтары
жайында
Өткен ғасырлардағы мемлекет қайраткерлерінің өмір тарихы Шыңғыс ханның
тарихындай дәрежеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
Шыңғыс хан шапқыншылығы
Монғол дәуіріндегі қазақ даласы
Қазақстан Монғол империясының құрамында
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы
Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы
«Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы мен құлауы
Моңғол мемлекеті
Пәндер