Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан



1 Қазақстанның көнетас (палеолит) дәуірі
2 Қазақстанның ортатас (мезолит) дәуірі
3 Қазақстанның жаңатас (неолит) дәуірі
4 Пайдаланылған әдебиет
Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка). Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.
Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі — бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер. Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі.
Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Бұлардан табылған тас құралдарды А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай түрағынан табылған ең көне құралдармен бірқатар уақытта жасалған деп есептеген.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
  
1 Қазақстанның көнетас (палеолит) дәуірі
2 Қазақстанның ортатас (мезолит) дәуірі
3 Қазақстанның жаңатас (неолит) дәуірі
4 Пайдаланылған әдебиет

Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
Қазақстанның көнетас (палеолит) дәуірі
Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде көнетас (палеолит) дәуірінің үш аймағы
белгілі. Олар: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу); Батыс Қазақстан
(Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарка).
Тас дәуірінің осы үш аймағының өзіндік ерекшеліктері болғанымен,
олардағы тас өндірісінің жалпы даму бағыты ұқсас.
Қазақстанның палеолит дәуірінің ескерткіштері екі түрлі: бірінші түрі —
бірнеше мәдени қабаттан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық
қазбалар арқылы зерттеуге болады. Мұндай ескерткіштер біздің жерімізде
санаулы ғана. Олар: Қаратаудағы Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Түркістан
маңындағы Көшқорған, Қарағанды облысындағы Батпақ, Шығыс Қазақстан
жеріндегі Шульбинка. Екінші түрі — ашық жер бетінде жатқан ескерткіштер.
Қазақстанның палеолит дәуірінің көпшілік ескерткіштері осындай ашық, жер
бетінде жатқан ескерткіштерге жатады. Бұл далалы аймақ Қазақстан
палеолитінің өзіндік ерекшелігі болып есептеледі.
Тас дәуіріне жататын тарихи тұрақтардың ең көнелері — Маңғыстау түбегіндегі
Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойында. Бұлардан табылған тас
құралдарды А.Г.Медоев Шығыс Африкадағы Олдувай түрағынан табылған
ең көне құралдармен бірқатар уақытта жасалған деп есептеген. Бүл пікірді
тас дәуірінің казіргі белгілі мамандары да қолдайды. Сонда Шақпақата және
Арыстанды тұрақтары бұдан шамамен б. з. д. 840—140 мың жыл
бүрын Қазақстан жерін мекендеген адамдардың тіршілігінің іздері.
Орта палеолиттің келесі кезеңі немесе археологиялық мәдениеті — ашель. Оның
хронологиялық шектері бұдан б. з. д. 140—40 мың жыл бұрынғы уақыт. Бұл
дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның барлық аймағында ұшырасады.
Палеолит дәуірінің үшінші хронологиялық кезеңін мустье деп атайды. Мустье
дәуірі мөлшермен б. з. д. 40 мың жыл бұрын басталып, б. з. д. 12 мың жыл
бұрын аяқталды. Бұл дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның, әсіресе орталық
және оңтүстік аймақтарында көптеп кездеседі.
Мустье дәуірінде тас құралдардың түрі көбейді, олардың жергілікті
ерекшеліктері пайда болды. Мустье дәуіріне тән деп есептелетін тас құралдар
Қаратаудағы Қосқорғаннан және Шыңғыстау тұрақтарынан табылған. Жалпы,
мустье дәуіріне тән құралдар — әр түрлі үшкіртастар. Оларды тасты өңдеу
арқылы жасаған, кейде ұштарын ретушь әдісімен екінші рет өңдеп өткірлеген.
"Ретушь" әдісі дегеніміз — тас құралдың жүзіне ұсақ кертіктер (ара жүзі
сияқты) жасау арқылы өткірлеу. Мустье дәуірінде тағы бір көп пайдаланылған
құрал — түрлі қырғыштар. Олардың сыртқы пішіні сопақша, үшбүрышты, ұзынша
төртбүрышты. Қырғыштардың да жүзін ретушь әдісімен өңдейді.
Сонымен қатар мустье дәуірінде де дөңгелек нуклеустер, екі жақ бүйірі
қырналған атпатас құралдар кездеседі. Әсіресе Орталық
Қазақстан ескерткіштерінде көбірек кездесетін атпатас құралы Орталық
Азияның көп жеріне тән.
Шығыс Қазақстанның Шульбинка маңынан археологтар тұрақтың орнын тапқан.
Онымен көршілес аймақтарда мустье дәуіріне жататын тұрақтар
кездеседі. Ғалымдар оны: "мустьеліктердің шеберханалары, тұрақтары" дейді.
Бұл — мустье дәуірі адамдарының бір орыннан екінші орынға жылжып кезе
бермей, ұзақ уақыт бойы бір жерде қоныстанып отырғандығын көрсетеді.
Қазақстан жерінде соңғы палеолит ескерткіштері тым аз кездеседі. Ғалымдар
Бұл жағдайды соңғы палеолит кезіндегі құрғақшылықтың күшейіп, суазайып,
яғни табиғи жағдайдың адам өмір сүруі үшін өте қолайсыз болуымен
байланыстырады. Мустье заманынан бері адамдар мекендеген, кейіннен
Ш.Уәлихановтың құрметіне аталған
тұрақтан жоғары палеолит адамдары тіршілігінің ізі табылған. Бұл тұрақ
Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойында. Тұрақтың ең бірінші
қабатын зерттеушілер соңғы палеолитке жатқызады. Бұл қабаттан тұрпайылау
жасалған ірі қырғыштармен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Түркеш кағанаты
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Мезолит және неолит ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Палеолит дәуірі
Археологиялық мәдениеттер
Қазақстан территориясындағы тас ғасыры
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қазақстандағы тас дәуірі
Ежедгі тас дәуірі
Пәндер