Шарт ұғымы және оның ережелері



1. Шарт ұғымы
1.1. Шарт ұғым және оның түрлері
1.2. Шарттың мазмұны, формасы
2. Шарт туралы жалпы ережелер
2.1. Шартты жасасу, өзгерту және тоқтату
2.2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.
Еліміздегі жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды әр саланы қамтып, азаматтардың күнделікті өмір сүруіне қажетті құқықтық жағдай туғызды. Соның бірі ретінде Қазақстан Республикасында қолданып жүрген нормативтік құқықтық актілердің қолданыс аясы бойынша көлемдігі азаматтық құқық болып табылады.
Еліміз нарықтық экономикаға өту саласында мемлекеттік шектік монополистік ролінен негізгі өндірушіден елімізде шығарылған товарларды жеткізушіге және бөлушіге және жеке бөлушіге экономикалық қатынастарды жүргізу аясын кеңейтуге тыйым салудан бас тартты және азаматтық құқықтық мүліктік қатынастарды реттеу аясының кең көлемде жүргізілуіне жол ашты.
Тақырыптың маңыздылығы. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілер арасында белгілі бір шартты міндеттемелік қатынастар арасында құқықтық жағдайы болды, бұл қатынасты реттеуге шарттық құқық қолданылады. Шарттық құқықпен нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін яғни бір тұлға басқа тұлғадан белгілі бір әрекетті жасауға талап етуге, ал екінші тұлға мұнда қойылатын талапты орындауға міндетті мәнін белгілейтін құқық саласы екенін көрсетеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың (нақты шартты орындамағаны үшін жауаптылық) бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Диплом жұмысының объектісі. Азаматтық құқықтағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Диплом жұмысының пәні шарттың орындалуын қамтамасыз ету және оның негізгі әдістері арқылы көрінеді.
Жұмыста автор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің құқықтық және теориялық мәселелеріне талдау жасау арқылы маңызды мән-жайларын ашып көрсеткен. Сонымен қатар шарттың орындалуын қамтамасыз ету еліміздің экономикасына тиімді болып отырғанына терең түсінік берілген. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыруға талдау берілген. Жұмыс барысында айтылған ойларды тәжірибеде қолдануға болады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2008 жыл
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008
3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер): 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген,-Алматы: Баспа,2007
4. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң 24 наурыз 1998 жыл
5. Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 27 желтоқсан 1994 жыл
6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003 жыл
7. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы » туралы Заңы 2 шілде 2003 жыл
8. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заң 28 сәуір 1997 жыл
9. Қазақстан Республикасының Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы 22 желтоқсан 1995 жыл
10. «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 желтоқсан 1991 жыл
11. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы «Шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында құқықтық жағдайы» 19 маусым 1995 жыл
12. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Заңы 4 шілде 1992 жыл
13. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң 19 шілде 1997 жыл

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Шарт ұғымы және оның ережелері
1. Шарт ұғымы
1.1. Шарт ұғым және оның түрлері
1.2. Шарттың мазмұны, формасы
2. Шарт туралы жалпы ережелер
2.1. Шартты жасасу, өзгерту және тоқтату
2.2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
Кіріспе
Тақырыптың өзекттілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының негізі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.
Еліміздегі жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды әр саланы қамтып, азаматтардың күнделікті өмір сүруіне қажетті құқықтық жағдай туғызды. Соның бірі ретінде Қазақстан Республикасында қолданып жүрген нормативтік құқықтық актілердің қолданыс аясы бойынша көлемдігі азаматтық құқық болып табылады.
Еліміз нарықтық экономикаға өту саласында мемлекеттік шектік монополистік ролінен негізгі өндірушіден елімізде шығарылған товарларды жеткізушіге және бөлушіге және жеке бөлушіге экономикалық қатынастарды жүргізу аясын кеңейтуге тыйым салудан бас тартты және азаматтық құқықтық мүліктік қатынастарды реттеу аясының кең көлемде жүргізілуіне жол ашты.
Тақырыптың маңыздылығы. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілер арасында белгілі бір шартты міндеттемелік қатынастар арасында құқықтық жағдайы болды, бұл қатынасты реттеуге шарттық құқық қолданылады. Шарттық құқықпен нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін яғни бір тұлға басқа тұлғадан белгілі бір әрекетті жасауға талап етуге, ал екінші тұлға мұнда қойылатын талапты орындауға міндетті мәнін белгілейтін құқық саласы екенін көрсетеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың (нақты шартты орындамағаны үшін жауаптылық) бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Диплом жұмысының объектісі. Азаматтық құқықтағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Диплом жұмысының пәні шарттың орындалуын қамтамасыз ету және оның негізгі әдістері арқылы көрінеді.
Жұмыста автор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің құқықтық және теориялық мәселелеріне талдау жасау арқылы маңызды мән-жайларын ашып көрсеткен. Сонымен қатар шарттың орындалуын қамтамасыз ету еліміздің экономикасына тиімді болып отырғанына терең түсінік берілген. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыруға талдау берілген. Жұмыс барысында айтылған ойларды тәжірибеде қолдануға болады.
Жұмыстың міндеттері. Шарт заң талаптары және шарт талаптарына сәйкес ал мұндай талаптар шартта болмаған жағдайда-іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе басқа талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс.
Шарт бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі.
Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады.
Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне негізделеді.

1. Шарт ұғымы

Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:
шартты жасау еркіндігі;
шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Азаматтық құқықтық шарттар азаматтардың қоғамдық қатынасқа түсу барысында ерекше рөл атқарады. Шарт жасасу азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір жолы болып табылады. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (Азаматтық кодекс 378 бап). Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.
Шартқа отырудың құқықтық қағидаттары бар. Шартқа отыруда тараптар ерікті, сонымен қатар шартқа отырғаннан кейін белгілі бір заңдылықтарды орындау қажеттілігі туындайды, яғни шарттың құқықтық рәсімделуі. Шарттың тараптары болып кез келген тұлға табылады, бірақ бұл жағдайда әрекетқабілеттік есепке алынуы керек. Шартқа отыруда тараптар шарт жағдайларын анықтап алуы қажет. Шарттың ережелерін тараптар өз қалаулары бойынша белгілейді.
Шарттың пәні болып әр түрлі жағдайлар табылады (сату, айырбастау, қызмет көрсету, жұмыс атқару т.с.с).
Кез клген шарт түсіндіруді қажет етеді, яғни шарт мазмұны тараптарға айқын болуы керек.
Шарттардың нысаны жазбаша, ауызша болуы мүмкін.
Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады ол ҚР АК-ның 228-бабында айқындалған.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді.

1.1. Шарт ұғым және оның түрлері
378-бап. Шарт ұғымы
1. Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.
2. Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.
3. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады
Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шартта байланыста. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар ендірушілер мен таратушыларға дербестік негізде тауар-ақша айналымында барабарлық (эквиваленттік) және етемелік принциптерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысан болып табылады.
Шарт дегеніміз — азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндет-темелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді. Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де ажыратылады. Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқыққатынасы ретіндегі міндеттеме шарттаң, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін. Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады. Шарт әр түрлі болып келеді:
Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Өзара шарттар жағдайында екі тарап та кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады. Осындай негіздерде тауар жеткізілімі, сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға оның сатып алған заттарын беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа сәйкес сатып алушы сатып алған заттар үшін келіскен соманы төлеуге міндетті (осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі егер заңда, шартта немесе міндеттеменің мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа да міндеттемені бір мезгідде орындау жүктелетіндігінен көріңеді (АК-тің 284-бабы).
Консенсуалды шарт тараптардың барлық мәнді бөліктер бойынша келісімге қол жеткізген сәтінде жасалды деп есептеледі. Нақты шартты жасау үшін келісімге кол жеткізуден басқа тараптардың заттарды немесе ақшаны беру өткізу түріндегі нақты іс-қимылы талап етіледі. Осылайша заем, тауар жеткізілімі және т. б. шарттар жасалады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.
Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-ның 384-бабы).
1.2. Шарттың мазмұны, формасы
Шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез келген ережені анықтауға құқылы.
ҚР АК-ның баптарына жүгінсек 382-баптың 1-тармағыңда императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны занда тікелей міндеттелген болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орыңдауға міндетті[76].
Шарт мазмұнына қатысты мысал келтіретін болсақ, АК 282-бапта ақша міңдеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген немесе АК 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Соңдықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты АҚШ долларымен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысал келтірейік, АК-ның 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Негізінен алғанда олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар болып келеді. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қаңдай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Онда, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашаңда дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттың елеулі ережелерін қарастырып өтейік. Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл — шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
Жалпы алғанда ҚР АК 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.
Ережелердің елеулі больп табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Олар брокер-диллер мен оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіңдегі клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт ұғымы
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт
Шарт ұғымы және оның түрлері
Жалға алу шарты
Шарттың ұғымы мен оның маңызы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ (ЖАЙ СЕРІКТЕСТІК)
Мәміле ұғымының қоғамдағы маңызы
Міндеттемелер ұғымы және олардың пайда болу негіздері
Пәндер