Шет елдердің конституциялық құқығының пәні



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
2.2.Шет елдердің Конституциялары
2.3.АҚШ.тың конституциялық құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлемдегі жаңа экономикалық, саяси, әлеуметтік нақтылығын сипаттайтын шет елдердің конституциялық құқығының қалыптасуы демократия мен азаматтық қоғамның дамуы мәселелеріне арналған жаңа ғылыми зерттеулердің қажеттілігін тудырады.
Қазіргі уақытта конституциялық құқығы ғылымында конституциялық құқықтық пәні мен әдістері, конституционализм мен парламентаризм теорияларының сұрақтары жан-жақты зерттеліп, құқықтық. әлеуметтік мемлекеттің арнайы белгілері талқылануда, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері, оларды қамтамасыз ету кепілдіктері жаңа тұрпатта қарастырылуда.
Аталмыш курс Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық заңнамасын жетілдіру үшін аса қажет болатын өркениетті мемлекеттердің конституциялық-құқықтық даму тәжірибесін талдау аясындада маңызды
Конституциялық заңнаманың қарқынды дамуын, конституциялық құқықтық қатынастардың күрделілігі мен сан қырлылығы ескеріле отырып, дәрістік және семинар сабақтарының тақырыптық жоспарларында тәлімгерлермен шет елдердің конституциялық құқығының маңызды мәселелерін теоретикалық тұрғымен қатар тәжірибелік тұрғыдан да зерттелуі қарастырылған.
1. Абельдинов А.К., Копабаев О.К. Конституционкое право зарубежных стран. Алматы: «Жеті жарғы». 1997.
2. Алексеев СС Теория права. М.: Юридическая литература. 1993.
3. Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М.. 1998.
4. Божқараұлы А Шетел конституциялық құқығы. Қарағанды: 2005.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1.Шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығының пәні,‭ ‬қайнар көздері және жүйесі
2.2.Шет елдердің Конституциялары
2.3.АҚШ-тың конституциялық‭ ‬құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған‭ ‬әдебиеттер тізімі
‭ ‬Кіріспе

Әлемдегі жаңа экономикалық,‭ ‬саяси,‭ ‬әлеуметтік нақтылығын сипаттайтын шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығының‭ ‬қалыптасуы демократия мен азаматтық‭ ‬қоғамның дамуы мәселелеріне арналған жаңа‭ ‬ғылыми зерттеулердің‭ ‬қажеттілігін тудырады.
Қазіргі уақытта конституциялық‭ ‬құқығы‭ ‬ғылымында конституциялық‭ ‬құқықтық пәні мен‭ ‬әдістері,‭ ‬конституционализм мен парламентаризм теорияларының сұрақтары жан-жақты зерттеліп,‭ ‬құқықтық.‭ ‬әлеуметтік мемлекеттің арнайы белгілері талқылануда,‭ ‬адам және азаматтың‭ ‬құқықтары мен бостандықтары мәселелері,‭ ‬оларды‭ ‬қамтамасыз ету кепілдіктері жаңа тұрпатта‭ ‬қарастырылуда.
Аталмыш курс‭ ‬Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық заңнамасын жетілдіру‭ ‬үшін аса‭ ‬қажет болатын‭ ‬өркениетті мемлекеттердің конституциялық-құқықтық даму тәжірибесін талдау аясындада маңызды
Конституциялық заңнаманың‭ ‬қарқынды дамуын,‭ ‬конституциялық‭ ‬құқықтық‭ ‬қатынастардың күрделілігі мен сан‭ ‬қырлылығы ескеріле отырып,‭ ‬дәрістік және семинар сабақтарының тақырыптық жоспарларында тәлімгерлермен шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығының маңызды мәселелерін теоретикалық тұрғымен‭ ‬қатар тәжірибелік тұрғыдан да зерттелуі‭ ‬қарастырылған.
Конституииялық‭ ‬құқықтығы нормаларын терең зерттеу,‭ ‬олардың‭ ‬әрекет етуінің механизмі мен ерекшеліктері‭ ‬ұғыну болашақ заңгерлердің‭ ‬қызмет ету саласына байланыссыз аса‭ ‬қажет.‭ ‬Сондықтан шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығы‭ ‬Заңтану‭ ‬мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттерімен оқылады.
Шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығы‭ ‬ғылымы‭ ‬Қазақстан Республикасында айтарлықтай кең таралған.‭ ‬Мәселен,‭ ‬шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығының жекелеген мәселелеріне‭ ‬қазақстандық авторлардың мақалалары арналған шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығы бойынша Л.К.Абельдиновтың.‭ ‬Ө.Конабаевтың,‭ ‬А.Божқараұлының оқулықтары жарық көрген.
‭ ‬Шет елдердің конституциялық‭ ‬құқығының‭ ‬пәні,‭
қайнар көздері және жұйесі.

2.1.‭ ‬Конституциялық құқық ұғымын түсіну және оның құқық ғылымы саласындағы алатын орны
Әрқашан да конституциялық‭ ‬құқық заң салаларының негізгі бір тармағы ретінде ерекше мәртебеге ие.‭ ‬Өйткені,‭ ‬конституциялык‭ ‬құқық негізгі заң нормаларының‭ ‬өте маңызды белгілерін,‭ ‬атап айтқанда,‭ ‬адам мен азаматтардың занды мәртебесін,‭ ‬мем-лекеттік органдардын‭ ‬ұйымдастырылуы мен саяси‭ ‬құрылымдық жүйесін және‭ ‬өзін-өзі басқарушы органдарды,‭ ‬сондай-ақ‭ ‬белгілі бір елдің тұтас‭ ‬құрылысын анықтайды.Белгілі бір мемлекеттің заң жүйесіндегі конституциялық‭ ‬құқық сол елдегі‭ ‬қоғамдық‭ ‬қарым-қатынастарды реттеуде ерекше орын алады.‭ ‬Конституциялық‭ ‬құқық кешенді түрде:‭ ‬адамдар мен адамдар‭ (‬азаматтар‭) ‬арасындағы,‭ ‬қоғам мен мемлекет арасындағы‭ ‬қатынастарды реттейді,‭ ‬басқару тетіктерімен мемлекеттің‭ ‬құрылысын анықтайды,‭ ‬мемлекеттік билік пен‭ ‬өзін-өзі басқарудың негізгі принциптерін жүзеге асырады.Конституциялық‭ ‬құқықты заң салаларының басқа тармақтарынан бөліп керсететін‭ ‬әдіс‭ ‬құқықтық реттеу‭ ‬әдісі.‭ ‬Ол саяси тәртіптердің мәні мен сипатын тереңірек түсінуге жол ашады.
Конституциялық‭ ‬құқықтың институттары.‭ ‬Белгілі бір мемлекеттің негізгі‭ ‬қоғамдық‭ ‬қарым-қатынасын‭ ‬құрайтын субъектілер сол елдің конституциясы арқылы айқындалады‭ (‬мысалы,‭ ‬Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес‭ ‬қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне:‭ ‬Қазақстан Республикасының азаматтары,‭ ‬Парламент,‭ ‬Үкімет,‭ ‬Президент,‭ ‬т.б.‭ ‬жатады‭)‬.
Конституциялық‭ ‬құқық нормалары.‭ ‬Бұл ең алдымен мемлекеттің‭ ‬өзі‭ ‬үшін және‭ ‬қарым-қатынастың негізгі субъектілеріне арналып мемлекет тарапынан бекітілген‭ (‬жалпыға міндетті‭) ‬қағида-ережелер.
Конституциялық‭ ‬құқықтың негіздеріне-‭ ‬құқықтық нормативтік актілер‭;‬ соттық преценденттер‭;‬ құқықтық дағдылар‭;‬ халықаралық және мемлекет ішіаралық келісімдер жатады.
Құқықтық нормативтік актілер‭ ‬өз кезегінде:‭ ‬заңдарға,‭ ‬атқарушы‭ ‬өкіметтің нормативтік актілеріне,‭ ‬сот органдары мен конституциялық бақылау‭ (‬қадағалау‭) ‬органдарының нормативтік актілеріне,‭ ‬парламент регламенттеріне,‭ ‬жергілікті‭ ‬өзін-өзі басқарушы актілерге бөлінеді.
Заңдар‭ ‬өз алдына:‭ ‬негізгі‭ (‬конституция‭)‬,‭ ‬конституциялық,‭ ‬органикалық және‭ ‬әдеттегі болып бөлінеді.
Конституция,‭ ‬яғни,‭ ‬мемлекеттің негізгі заңы‭ ‬өз кезегінде-‭ ‬адамдар мен азаматтардың‭ ‬құқық мәртебесін‭;
басқару нысаны мен мемлекеттің‭ ‬құрылым түрін‭; ‬саяси жүйесін‭;
конституциялық органдарды‭ ‬ұйымдастыру мен‭ ‬қызметі принциптерін‭;
қоғамдық‭ ‬қарым-қатынастардың ең маңыздыларын реттейді.
Конституциялық заңдар.‭ ‬Қазіргі дәуірдегі‭ ‬әр түрлі еддердің конституциясына көз жүгірткенімізде олардың алуан түрлі сипатта‭ ‬әрі‭ ‬әр түрлі мәнде екеніне көз жеткіземіз.‭
Мысалы,‭ ‬Ресей Федерациясы Конституциясының‭ ‬108-бабы бойынша бұл елдегі федеральдық конституциялық зандар конституцияда белгіленген тәртіп бойынша‭ ‬қабылданвды.‭ ‬Бұл федеральдық конституциялық заңдар Федерация Кеңесі мүшелерінің жалпы санының төрттен‭ ‬үш бөлігінен кем емес және Мемлекеттік Дума депутаттарының жалпы санының‭ ‬үштен екі бөлігінен кем емес дауыс берілгенде‭ ‬ғана‭ ‬қабылданады.‭ ‬Қабыдданған заңдар,‭ ‬Конституцияның‭ ‬4-бабына сәйкес,‭ ‬бүкіл Ресей Федерациясы территориясында ең жоғарғы‭ (‬үстінен‭ ‬қараушылық‭) ‬күшке ие болады.‭ ‬Ал,‭ ‬Қырғыз республикасында Жоғарғы Кенес‭ (‬Парламент‭) ‬депутаттарының жалпы санының‭ ‬үштен екісінен кем емес дауыс бергенде конституциялық заңдар‭ ‬қабылданады.‭ ‬Жай заңдар,‭ ‬Кырғызстан Республикасы Конституциясының‭ ‬66-бабына сәйкес,‭ ‬депутаттардыц басым көпшілігі дауыс берсе‭ ‬қабылдана береді.‭ ‬Біздің республикамызда да осы іспетгі түрде заң кабылдау рәсімі‭ ‬өткізіледі.
Органикалық заңдар.‭ ‬Кейбір елдерде мемлекеттік органдардың мәртебесін конституциясының бланкетті баптары негізіңде органикалық‭ (‬байланыстырғыш‭) ‬заңдар белгілейді.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Франция Конституциясы бойынша органикалық зандар парламенттің екі палатасының да‭ ‬өкілеттігін,‭ ‬олардың санын,‭ ‬сайлау шарттары мен акы төлеуді белгілеп береді.‭ ‬Сол‭ ‬үшін де бұл елде парламент‭ ‬қаржыға тиісті зандарды тек органикалық заңдарға сай‭ ‬қабылдайды.‭ ‬Ал,‭ ‬енді Марокко корольдігінде органикалық зандар шектеулі зандар,‭ ‬декрет зандар,‭ ‬дахирлерге‭ (‬король актілері‭) ‬қарағанда‭ ‬қоғамдық‭ ‬қарым-қатынастардың ете маңызды тұстарын реттейді.
Жай заңдар.‭ ‬Мұндай нормативтік актілер‭ ‬өз елі ішінде Конституциялық не органикалық зандар‭ ‬қодданбаған жағдайда‭ ‬қолданылады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Өзбекстан Республикасының Эстон Республикасының және т.б.‭ ‬елдердін зан шығарушылық тәжірибесінде Конституция бойынша тек жай зандар шығару‭ ‬қалыптаскан.
Кейбір елдердің нормативтік‭ ‬құқықтық актілері парламент кызметін уакытша аткарып,‭ ‬заң күшіне ие болады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Кубаның Мемлекеттік Кеңесі декреттері,‭ ‬Вьетнам‭ ‬Ұлттық жиналысы,‭ ‬Испания‭ ‬өкіметінін заң шығару актілері,‭ ‬сол сиякты біздің елімізде де Президент,‭ ‬Конституцияда карастырылғандай,‭ ‬заң күшіне ие жарлыктар мен зандар жариялай алады.Атқарушы‭ ‬өкіметтің нормативтік актілеріне мемлекет басшысының Жарлықтары мен шешімдері және т.б.‭ ‬құжаттары,‭ ‬өкімет пен онын ведомстволарынын бұйрықтары мен декреттері,‭ ‬т.б.‭ ‬жатады.Парламент палаталары регламенті негізінен олардын‭ ‬қызмет тәртібін,‭ ‬ішкі‭ ‬құрылыс-жүйелерін,‭ ‬депутаттардын ахлактық‭ (‬этикалық‭) ‬ережелерін,‭ ‬т.б.‭ ‬анықтайды.‭ ‬Өзін-өзі басқару органдарының актілері көпшілік алдындағы билікті жүзеге асыруға байланысты‭ ‬қоғамдық‭ ‬қарым-катынасты жиі реттеп отырады.Сот преценденті,‭ ‬белгілі бір іс бойынша сот шешімі‭ ‬үлгі ретінде танылып‭ ‬әрі екіншіден осы іспетті істерді‭ ‬қарағанда басшылыққа алынады.‭ ‬Англия,‭ ‬АҚШ,‭ ‬Үндістан,‭ ‬т.б.‭ ‬елдерде консти-туциялық‭ ‬құқықтың негізі есебінде‭ ‬қаралады.Көп елдерде конституциялық‭ ‬құқық негізі ретінде‭ ‬құқықтық дағдылар‭ (‬әдет-ғұрып‭) ‬алынады.‭ ‬Бірақ,‭ ‬бұлардың бәрі мемлекет тарапынан санкцияланып,‭ ‬жалпыға міндетті ережелерге айналуы тиіс‭ (‬мысалы,‭ ‬Англия мен Индияда‭ ‬өкіметтік жүйені түзуде конституциялық келісімдер,‭ ‬т.б.‭ ‬жасалады‭)‬.Әрине,‭ ‬халықаралық келісімдер‭ (‬сол мемлекеттің‭ ‬өз конституциялык заңдарын басшылыққа ала отырып‭) ‬сол елдің сыртқы саяси принциптері мен мақсаттарына сай жасалады.Мысалы,‭ ‬Ресей,‭ ‬Эстония,‭ ‬Болгария сияқты және т.б.‭ ‬елдердің негізгі‭ ‬ұлттық заңдарынан осы елдер бекіткен халықаралық шарттардын басымдылығы анық.
Ал,‭ ‬1995‭ ‬жылы күшіне енген‭ ‬Қазақстан Республикасының Ата Заңында‭ (‬4-бап,‭ ‬4-тармақ‭)‬:‭ "‬Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша,‭ ‬оны‭ ‬қолдану‭ ‬үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан баска реттерде,‭ ‬тікелей‭ ‬қолданылады‭" ‬-‭ ‬делінген.‭ ‬Сейтіп,‭ ‬бекітілген халықаралық шарттар республика зандарынан басым келеді.Франция Республикасының‭ ‬1958‭ ‬жылғы Конституциясы бойынша да:‭ "‬Шарттар мен келісімдер‭ ‬өзіне лайықты бекітілгеннен немесе куатталғаннан кейін,‭ ‬екі жақ ол шарт не келісімді‭ ‬қолданатын жағдайда,‭ ‬жарияланған кезден бастап ішкі заңдардан гөрі басымдық күшке ие болады‭" (‬55-бап‭)‬.‭ ‬Мемлекет ішіндегі келісім-шарттар,‭ ‬әдетте,‭ ‬федеративті мемлекеттер конституциясында субъектілер арасындағы‭ ‬құқыктық‭ ‬қатынастарды бекіткеніне жүгінеді.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Ресей Федерациясы Конституциясының‭ ‬66-бабына сәйкес облыс не елке‭ ‬құрамына енетін автономиялық округтердің‭ ‬өзара‭ ‬қарым-қатынасы сол автономиялық округтердегі‭ (‬өлкедегі‭) ‬мемлекеттік билік органдары арасындағы келісімдермен реттеледі.
Шетелдік заң‭ ‬әдебиеттері сонымен‭ ‬қатар атақты заңгер‭ ‬ғалымдардың еңбектерінде Конституциялык‭ ‬құқық‭ ‬негізіне‭ (‬мысалы,‭ ‬Англия,‭ ‬т.б.‭ ‬елдер‭) ‬жатқызады.‭ ‬Ал,‭ ‬Ресейдің заң‭ ‬ғылымдарының доктринасы бұл елде Конституциялык кұқықтың негізі ретінде емес,‭ ‬қайта дәлелдемеге‭ ‬қосымша толықтырғыш ретінде‭ ‬қарастырылады.‭ ‬Енді‭ ‬өз елімізді алсақ,‭ ‬біздер атақты Төле,‭ ‬Казыбек,‭ ‬Әйтеке секілді билердің доктринасын конституциялык‭ ‬құқықтың негізіне жатқызамыз.Сол сиякты кейбір елдер‭ (‬мысалы:‭ ‬Алжир,‭ ‬Ватикан,‭ ‬Сауд Арабиясы,‭ ‬Иран,‭ ‬т.б.‭) ‬конституциялык кұкық негізіне діни кағидалар жинағын да кіргізеді.Шетелдердің мемлекеттік тәжірибесінде онан да‭ ‬өзге зандардың конституциялык‭ ‬құқықтар негізі ретінде алынатыны жасырын емес.

2.2.‭ ‬Шет елдер мен ҚР конституциялық құқығының айырмашылықтры.

Оқу пәні ретінде шетелдердің конституциялык‭ ‬құқығы‭ ‬Қазақстандағы барлық заң институттарында оқытылады.‭ ‬Бұрын,‭ ‬кеңес‭ ‬өкіметі түсында,‭ ‬жоғары заң оқу орындарында жеке пән ретінде‭ "‬Буржуазиялық және‭ ‬өркендеп дамыған елдердің мемлекетгік‭ ‬құқығы‭" ‬және‭ "‬Шетелдік социалистік елдердің мемлекеттік‭ ‬құқығы‭" ‬деп арнайы белек оқытылды.‭ ‬Алайда,‭ ‬соңғы жылдардағы тарихи‭ ‬өзгерістер бұл пәндердің,‭ ‬теориялық тұрғыдан да,‭ ‬тәжірибелік тұрғыдан да,‭ ‬мәнін жойды.‭ ‬Біз бұл оқулықта таяу және алыс шетелдердің конституциялык кұқықтарын жаңа көзқараспен карап,‭ ‬тұжырымдар жасаймыз.‭ ‬Өйткені,‭ ‬дамыған‭ ‬өркениетті елдердің конституциялык‭ ‬құқықтарымен катар‭ ‬Қазакстан Республикасына‭ ‬ұқсас елдердің мемлекеттік‭ ‬құрылымдарын білудің де пайдадан басқа зияны жоқ.‭ ‬Оның‭ ‬үстіне,‭ ‬бұл елдермен‭ ‬қарым-қатынастарымыз күн санап арта түсуде,‭ ‬осыған орай олардын конституциялық заңдарын білу елдік зиялылығымызды білдіреді.‭ ‬Біз бұл оқулықта шетелдердің конституциялык‭ ‬құқықтарын‭ ‬өз республикамыздың конституциялык‭ ‬құқығымен салыстыра‭ ‬қараймыз.‭ ‬Ондағы мақсатымыз-Республикамызда‭ ‬құқықтық-демократиялық мемлекет орнықтыру барысына кажет көптеген пайдалы мәселелердің басын ашу.

3.Шет елдердің Конституциялары.

Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердін негізгі саяси-құқықтық‭ ‬құжаты‭ ‬әрі нормативтік‭ ‬құқықтық ережелерінің‭ ‬өзара‭ ‬қабысқан жиынтығы саналып,‭ ‬ең жоғары заң күшіне ие болады.‭ ‬Сондай-ақ,‭ ‬бұл заңдар‭ ‬қоғамдық‭ ‬қарым-қатынастарды,‭ ‬саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып,‭ ‬мемлекеттік және‭ ‬өзін-өзі басқару органдарын институттандыру принциптерін көздейді.Сайып келгенде,‭ ‬Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады.‭ ‬Конституция‭ ‬-‭ ‬мемлекеттің негізгі заңы,‭ ‬ол басымдық ететін‭ ‬қогамдық күштердің еркін білдіре отырып,‭ ‬сол елдіцң‭ ‬қоғамдық және мемлекеттік‭ ‬құрылысын,‭ ‬құрылымын,‭ ‬сонымен‭ ‬қатар‭ ‬әр түрлі‭ ‬қоғамдық органдардың‭ ‬қызметін көрсетеді.‭
Мемлекеттік‭ ‬құқықтық‭ ‬әдебиеттерді зерттеу барысында мына елдердің:‭ ‬АҚШ‭ (‬1787‭ ‬ж.‭)‬,‭ ‬Франция‭ (‬1791‭ ‬ж.‭) ‬негізгі заңдары-‭ ‬мемлекеттік конституциялары алғаш‭ ‬қабылданғандар‭ ‬қатарына,‭ ‬ал кейінгі‭ ‬қабылданғандарына:‭ ‬Норвегия‭ (‬1814‭ ‬ж.‭)‬,‭ ‬Бельгия‭ (‬1831‭ ‬ж.‭)‬,‭ ‬Аргентина‭ (‬1853‭ ‬ж.‭)‬,‭ ‬Люксембург‭ (‬1868‭ ‬ж.‭)‬,‭ ‬Швейцария‭ (‬1874‭ ‬ж.‭) ‬едцерінің конституциялары жатады.‭ ‬Екінші дүние жүзілік соғыс алдында‭ ‬қабылданып,‭ ‬қазірге дейін күшін сақтаған конституцияларды атасақ,‭ ‬олар:‭ ‬Австралия,‭ ‬Мексика,‭ ‬Ливан,‭ ‬Ирландия,‭ ‬т.б.‭ ‬елдерге тән.‭ ‬Ал енді,‭ ‬Азия,‭ ‬Африка,‭ ‬Латын Америкасы елдеріне келсек,‭ ‬олардың басым көпшілігі дүние-жүзілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін‭ ‬қабылданған конституциялар.
Мемлекеттану‭ ‬ғылымы‭ ‬ұғымында конституция екі негізгі‭ ‬мағынада‭ ‬қаралады:
Әуелгісі-‭ ‬заңдық конституция‭ (‬мемлекеттің негізгі заңы ретінде бекітілген тәртіппен түзіліп,‭ ‬қабылданады‭) ‬-‭ ‬сол елдің мемлекеттік сипатын,‭ ‬саяси жүйесін,‭ ‬мемлекеттік және‭ ‬өзін-өзі басқару органдарының‭ ‬ұйымдасуы негізі мен‭ ‬қызметін анықтай Вестник Межпарламентской Ассамблеи,‭ ‬1994,‭ №‬1,40-бет.отырып,‭ ‬адамдар мен азаматтардың‭ ‬құқықтық жаиларын тәртіптеп береді.‭ ‬Былайша айтқанда,‭ ‬зандық конституция белгілі бір мемлекеттегі‭ ‬қоғамдық‭ ‬қарым-қатынас жүйелерін‭ ‬қағидалап тұжырымдайды.Әлбетте,‭ ‬зандық конституция процесі түзілген кездегі тәжірибеде барлық‭ ‬құқыктық тетіктер жинақталып,‭ ‬дәл саралана алмауы мүмкін.‭ ‬Мұндай жағдайдың‭ ‬өзінде де коғамдық‭ ‬қатынас-тарды басқаратын‭ ‬құқықтық тетік мемлекеттану‭ ‬ғылымында нақтыланып конституция деп санала береді.‭ ‬Бірақ,‭ ‬күнделікті ағымдағы‭ ‬қажетті‭ ‬өзгертулер зандық конституцияға енгізіліп отыруы тиіс.
Конституция уақытша және тұрақты болады.‭ ‬Уақытша конституция‭ ‬әдетте белгілі бір мерзімге‭ ‬қабылданады,‭ ‬Мысалы,‭ ‬Таиланд Конституциясы‭ ‬1959‭ ‬жылы тұрақты конституцияны кабылдағанға дейін күшінде бодды.‭ ‬Көп едцердің конституциясы тұрақты конституция болып табылады.‭ ‬Алайда,‭ ‬бұл тұрақтылық ол конституцияға‭ ‬өзгертулер,‭ ‬толықтырулар енгізуге,‭ ‬тіпті кайта‭ ‬қарауға бөгет бола алмайды.
Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді.‭ ‬Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың‭ ‬әр түрлі бірлестіктеріне еркіндік пен кең кұқықтар беруімен кезге түседі.‭ ‬Ал,‭ ‬авторитарлық конституциялар негізінен азаматтардың саяси‭ ‬құқығы мен еркіндігін шектеп,‭ ‬тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.Әрбір конституция‭ ‬өзіндік ерекшеліктерге ие.‭ ‬Дегенмен,‭ ‬көптеген конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а‭) ‬конституция халықтық‭ ‬өкімет принциптерін жариялайды.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Бельгияның‭ ‬1831‭ ‬жылғы Конституциясының‭ ‬25-бабын-да:‭ "‬Барлық билік халықтан келіп шығады.‭" ‬делінсе,‭ ‬Италия Республикасының Конституциясының‭ ‬1-бабында:‭ "‬Италия‭ ‬-демократиялық республика...‭ ‬Тәуелсіздік тек халыққа тиісті‭"‬-‭ ‬дейді.‭ ‬Ал,‭ ‬Испания Конституциясының‭ ‬1-бабында бұл елдегі‭ ‬ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады.‭ ‬Өзбекстан Республикасы Конституциясының‭ (‬1992‭ ‬ж.‭) ‬7-бабында:‭ "‬Мемлекеттік биліктің бірден-бір‭ ‬қайнар көзі‭ –‬халық‭ ‬болып табылады‭"‬,‭ ‬-‭ ‬деп жазылған.‭ ‬Тунис Республикасының Конституциясының‭ (‬1959‭ ‬ж.‭) ‬3-бабыңда:‭ "‬Тәуелсіздік‭ ‬құқық тек тунис халқына тән‭ ‬әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады‭"‬-‭ ‬деп жазылған.
б‭) ‬Конституция адамдар мен азаматтардың‭ ‬құқықтық жағдайларын реттейді.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар.‭ ‬Ол‭ "‬Құқық Декларациясы‭" ‬деп аталады.‭ ‬Венесуэланың Конституциясында‭ (‬1953‭ ‬ж.‭) "‬Жеке және коғамдық‭ ‬құқықтар мен міндеттер‭" ‬деген бөлім болса,‭ ‬ал‭ ‬Өзбекстан Конституциясында:‭ "‬Адамдар мен азаматтардың негізгі‭ ‬құқықтары,‭ ‬еркіндігі және міндеттері‭" ‬атты тарау бар.
в)Конституция билікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың пәні
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Шет елдердің конституциялық құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Мамандықтың пәндер каталогы
Конституциялық құқықтың негіздері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Пәндер