Қаржылық есеп беру туралы сипаттама
1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
3. Қаржылық есеп беруді жасау
4. Консолидалынған (консолидацияланған) қаржылық есеп беруді жасау

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сөнімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік орғандар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы орғандардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсінікшілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын) бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының козғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сөнімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге койылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.).
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету" (2 БЕС); "Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру" (3 БЕС) және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру" (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті орғандарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы орғанына, мемлекеттік статистика орғандарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық орғандарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
§ 2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтіжесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметгерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу) –бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы орғандардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
- жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
- кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы орғандардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау орғандарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы женіндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде материалдық жауапты адамдар түгедеу комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгедеу комиссиясының қарауына беріледі және оны кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы (пересортицасы) бойынша олардың артық не кем шығуын есепке (зачетка) алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұқият негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын растауға немесе ездерінің толық келіспейтінідігі туралы хабарлама жасайды.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк мекемелерімен, қаржы және салық орғандарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша кәсіпорынның балансында реттелмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық, және дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен-жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уақыттан бері және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетка жатқызылады, бірақ зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
- артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
- құндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпте бекітілген нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым шығындарына көшіріліп жазылады;
- материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің кем шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шыққан мүліктер және ысыраптардан келген зияндар шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының қолда бар құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.
Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық түскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.
§ 3. Қаржылық есеп беруді жасау
Жоғарыда айтканымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сөнімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
-инвесторлар — жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігі анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- кредитор — алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін (мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар — кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- сатып алушы — кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер — кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер — тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
- Мемлекеттік орғандар — кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, ойткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық — жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндетемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы орғандарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.
Есеп берудің мәліметтері
Пайдалылығы
Экономикалық ресурстары
(активтер құрылымы)
Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық құрылымы
(кәсіпорыннын қарызы
мен меншік капиталынын ара
қатынасы)
Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда ақша қаражатын мүлделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны
тартудың потенциалдық икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем
қабілеттілігінің коэффициенті
Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау
Рентабельділік пен іскерлік
белсенділігінің коэффициенті
Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау
Қаржылық жағдайының
Өзгеруі
Қаржылық, инвестициялық, оперативтік
қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған
ақша ағынын бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында (жазбасында) баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі — мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін — заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив — бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, "ноу-хау", гудвилл және т.б.); сондай-активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға, аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер — бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге кұқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
Меншік капиталы – бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі — бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс — бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс — бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру — шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар — бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар — өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану — бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:
- кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
бастапкы құны — активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан) қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
ағымдағы құны — активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
сату құны—активтер өзінің сатылған кұны (ақша қаражатының сомасы) бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;
дисконтталған кұны — активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе қорытындыланады);
баланстык құны — актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Енді біз қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі мен мазмұнын және соған тіркеме ретінде берілетін түсініктеме хаттамасын қарастырамыз.
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.
Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің өзара зачет жасалуы рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек, немесе бұрып қоюға болмайды (мысалға, дебиторлық қарызды, кредиторлық қарызбен жабуға болмайды).
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.
Кәсіпорынның балансы
1 қаңтар 2002ж.
Ұйымның атауы Цемент ААҚ
Мекен жайы Алматы қ., Түркебаев к., 47 үй
Шаруашылық нысаны ААҚ
Мемлекеттік мүлікті басқару орғаны
Өлшем бірлігі мың теңге
Берілу мерзімі
Нақты берілген мерзімі
кодтары
Активтер
Баб кодтары
Жыл басындағы кезеңге
Жыл соңындағы кезеңге
І Бөлім. Ұзақ мерзімді активтер:
Материалдық емес активтер
Бастапқы құны (10)
010
1025
26791
Жинақталған амортизациясы (11)
011
103
303
Қалдық құны (010-011)
012
922
26488
Негізгі құралдар:
Бастапқы құны(121-125 шоттар)
020
Жер (121)
7435
7508
Ғимараттар мен қондырғылар(122)
8497
21983
Машиналар мен құрал-жабдықтар(123)
27767
34304
Басқа да негізгі құралдар(124-125)
4488
7680
Жинақталған амортизациясы(13)
021
1734
6862
Қалдық құны(020-021)
022
46453
64613
Аяқталмаған құрылыс(126)
030
281
Инвестиция(14)
040
бас (еншілес) серіктестік
тәуелді серіктестік
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар
050
Жиыны
090
47373
91382
ІІ Бөлім. Ағымдағы активтеу
8203
21854
Материалдар (20)
100
412
1868
Аяқталмаған өндіріс(21)
101
Тауарлар(22)
102
Дайын өнім(221)
110
7791
19986
Басқа ТМҚ(223)
120
Дебиотрлық қарыздар:
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарызы(борышы)(30)
130
12781
34447
бас (еншілес) және тәуелді серіктестердің дебиторлық қарызы(32)
140
Басқа да дебиторлық қарыздар(33)
150
оның ішінде ҚҚС(331)
151
Болашақ кезеңнің шығыстары(34)
160
15
390
Берілген аванстар(35)
170
Қаржы инвсестициясы(40)
180
Ақша қаражаттары(41,42,43,44,45)
190
11541
10194
оның ішінде есеп айырысу қаражаты(44)
191
11541
10194
вударылған ақша қаражаттарының жолдағысы(41)
200
валюталық шоттағы ақша қаражаты(43)
210
Басқада ағымдағы активтер
220
576
Жиыны
230
32340
67401
Барлығы
240
79915
138843
Пассивтер
Баб кодтары
Жыл басындағы кезеңге
Жыл соңындағы кезеңге
І Бөлім. Меншік капиталы
Жарлық капиталы(50)
300
35312
59529
310
320
Қосымша төленегн капитал(53)
330
Қосымша төленбеген капитал(54)
340
Резервтік капитал(55)
350
Таратылмаған табыс(жабылмаған)
Өткен жылдардағы(562)
360
(6323)
Есептік жылдағы(561)
370
(6323)
14519
Негізгі құралдар, орталықтандырылған күрделі салымдардың есебінен пайдалануға берілген және еншілес(бас) кәсіпорындардан тегін алынған негізгі құралдар(64105, 64202)
380
Жиыны
390
23939
67725
ІІ Бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді несиелер(60)
400
Ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар
410
7943
45804
Кейінге қалдырылған салықтар
420
Жиыны
430
7943
46643
ІІІ Бөлім. Ағындағы міндеттемелер
Қысқа мерзімді несиелер(60)
440
13728
Кредиторлық қарыздар:
Бюджетпен есеп айырысу(63)
450
1043
2098
Соның ішінде ҚҚС (633)
451
Кейінге қалдырылған салықтар
452
Еншілес (тәуелді) серіктестердің кредиторлық қарызы(64)
460
Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу(65)
470
Алынған аванстар(66)
480
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу(67)
490
28073
41077
Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу(681)
500
Еңбеккерлердің демалысы бойынша қарыздарын есептеу(685)
510
Басқа да кредиторлық қарыздар(62,68)
520
Басқалары(68)
530
139
1295
Жиыны
540
42933
44470
Барлығы
550
79915
153343
Басшы
Бас бухгалтер
Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қажылық-шаруашылық қызметінің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады:
өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен табыс; ҚҚС, акциздер және басқа міндетті төлемдер мен салықтар шегертілген түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және студан жасалған жеңілдіктерді қоспағанда;
өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
жалпы табыс-өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен табыстан өнімніңнақты өзіндік құнын алып тастағаннан соң шығатын қаржылық нәтижесі;
- кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіңдік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;
- негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) - жалпы табыс пен кезең шығыстарының айырмасы;
- негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян) - кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан, субсидии т. б.).
- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы - негізгі және негізгі емес қызметтерін біріктіргеннен алынған табыс ;
-табыс салығы бойынша шығыс - 11 БЕС салынған, соның ережесіне сәйкес есептік кезең үшін анықталған табыс салығы бойынша шығысы;
- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы (зияны) — салық салынғанға дейінгі табыстан табыс салығы бойынша шығысын шегергеннен соң алынған табысы (зияны);
- төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) - есептік кезеңде орын алған төтенше жағдайдың сальдоланған нәтижесі;
Цемент ААҚ
(атауы)
Алматы қ., Туркебаев к., 47 үй
(мекен жайы)
ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ
1 қаңтар 2002ж
Көрсеткіштер атауы
Сызық жолының №
Табысы
Шығысы
Сатылған өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен түсім
01
3948098
Х
Сатылған өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны
02
Х
1845829
Жалпы табыс (01-02)
03
102269
Кезең шығыстары – Барлығы:
04
Х
77486
оның ішінде:
жалпы және әкімшілік шығыстары (82)
05
Х
50480
Сату бойынша шығыстары (81)
06
Х
16556
Пайыз бойынша шығыстары (83)
07
Х
10450
Негізгі қызметтен түскен табыстары (зияндары) (03-04)
08
24783
Негізгі емес қызметтен түскен табыстары (зияндары) (70-84)
09
1730
4053
Салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (08+09)
10
22460
Заңды тұлғадан ұсталынған табыс салығы (85)
11
Х
7097
Кейінге қалдырылған салықтар
12
Х
844
Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен түскен табысы (10-11)
13
14519
Төтенше жағдайдан алынған табысы (зияны) (86)
14
Таза табысы (зияны) (12±13)
15
14519
- таза табыс (зиян)— есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.
Сонымен, қаржылық,-шаруашылық қызметінің нәтижелері: 70- "Негізгі қызметтен түскен табысы", 72 - "Негізгі емес қызметтен түскен табысы", 80 - "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны", 81 - "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату барысында жұмсалған шығыңдары", 82 - "Жалпы және әкімшілік шығындары", 84 - "Негізгі емес қызмет бойынша шыққан шығындары", 85 - "Табыс салығы бойынша шыққан шығындары", 71 - "Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға байланысты шегерімдер, сондай-ақ баға шегерімдері", 86 -"Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан келген табыстары (зияндары)", 87 - "Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан түскен табысы (зияны)" шоттарының деректерінің негізінде шығарылады. Басқаша айткаңда, есеп беруге қажетті барлық деректерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс тапқан мәліметтерден тікелей алынады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніңдегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражатпен оның эквиваленттері көрсетіледі.
№4 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес субъекттер жасаған "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының молшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлама мен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының езгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.
Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректор) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.
Таза табысты (зиянды) түзету
Таза табысты түзететін операциялар
Түзетуді жүргізудің тәртібі
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы
Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді.
Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері; дебиторлық қарыздар, қорлар (запастар), болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер т.б.
Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетеді.
Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері (қысқа мерзімді банкі несиелерін қоспағанда), кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағымының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру - жанама әдіс
1 қаңтар 2002ж
№3 нысаны
Кәсіпорын, ұйым Цемент ААҚ
Өндіріс саласы (қызмет түрі) өндіріс
Өлшем бірлігі: мың теңге
Көрсеткіштер
Сызық жолының коды
Сомасы
Операциялық қызметтен алынған ақша қаражатының қозғалысы
Таза табыс
Таза табысты салыстыру үшін жасалатын түзетулер
Есептелген тлзу сомасы
Ұзақ мерзімді активтерді сатқаннан алынған нәтижесі
Тауарлы-материалдық запастардың өзгерісі
Кредиторлық қарыздардың өзгерісі
Басқа да активтердің өзгерісі
Басқа да түсімдер
Басқа да төлемдер
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы
2. Инвестициялық қызметтен алынған ақша қаражатының қозғалысы
2.1 Түскен ақша қаражаттары
Негізгі құралды, материалдық емес активтерді және басқа мерзімді активтерді сатқаннан түскен табыс
Қаржылық инвестицияны сатқаннан түскен табыс
Басқа да түсімдер
2.2 ақша қаражатының есептен шығуы
Негізгі құралдарды сатып алу
Материалдық емес активтерді сатып алу
Қаржылық инвестицияны сатып алу
Басқа да төлемдер
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz