Қыздарға әсемдік жарасады



1 Бет жуудың да тәртібі бар
2 Шашқа масканы өзің жаса
3 Қас пен кірпігің күтімсіз қалмасын
4 Айнадан абай бол!
5 Түктен арыламын деп..
Әдемілік, әсемдік жайлы ойламайтын әйел заты болмайды. Дегенмен, күйбең тірлікте ажарың мен бет күтіміңе қарауға кейде уақыт жетпей жатады. Әрине, қалтаңызда қаражат болып, қаладағы қаптаған сұлулық салондарына бас сұқсаңыз, сымбаттанып сала беретініңіз даусыз. Әйтсе де үйде жүріп-ақ күтіне білу, көрікті бола түсу өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.
Бетті жиі жуса, тері құрғап кетуі мүмкін. Сондықтан оны кейде арнайы сұйықтармен сүрткен жөн. Мәселен, кешке жуылған бетті таңертең тек түнгі кремді кетіру үшін бет тазалайтын сүтігенге батырылған мақтамен сүрту керек. Ал майлы бетті жуудан қашпағаныңыз абзал. Себебі, майлы бетке судың пайдасы орасан. Сонымен қатар бетті кез келген иіс сабынмен жууға болмайды. Оның құрамындағы қышқылдар нәзік бет терісіне өзіндік зиянын тигізуі мүмкін.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қыздарға әсемдік жарасады
Әдемілік, әсемдік жайлы ойламайтын әйел заты болмайды. Дегенмен, күйбең тірлікте ажарың мен бет күтіміңе қарауға кейде уақыт жетпей жатады. Әрине, қалтаңызда қаражат болып, қаладағы қаптаған сұлулық салондарына бас сұқсаңыз, сымбаттанып сала беретініңіз даусыз. Әйтсе де үйде жүріп-ақ күтіне білу, көрікті бола түсу өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.
Бет жуудың да тәртібі бар
Бетті жиі жуса, тері құрғап кетуі мүмкін. Сондықтан оны кейде арнайы сұйықтармен сүрткен жөн. Мәселен, кешке жуылған бетті таңертең тек түнгі кремді кетіру үшін бет тазалайтын сүтігенге батырылған мақтамен сүрту керек. Ал майлы бетті жуудан қашпағаныңыз абзал. Себебі, майлы бетке судың пайдасы орасан. Сонымен қатар бетті кез келген иіс сабынмен жууға болмайды. Оның құрамындағы қышқылдар нәзік бет терісіне өзіндік зиянын тигізуі мүмкін. Құрамында спирті мол ласьондар тек майлы бетке арналған. Себебі, майлы бет оның құрамындағы күшті қышқылдарға төтеп бере алады. Ал көпіршік (пенка) мен гельдің әр түрлі бетке арналған түрлері болады.Олар терідегі макияждан қалған қалдықтарды жақсы тазалайды.
Ал құрамында хлоры бар сумен бет жууға болмайтынын әрбір арудың білгені жөн. Ол бетті қатты құрғатып, теріні бүлдіруі әбден мүмкін. Сондай-ақ хлорланған су бетке тез әжім түсіреді. Сондықтан бетті лажы болса, қайнаған, жылы суға жуған дұрыс.
Косметологтар кез келген қыз-келіншектің бетін аптасына бір рет скрабпен тазалап тұруына кеңес береді.
Шашқа масканы өзің жаса
Шашыңыз жиі түсіп, сынып, сәндеуде қиындықтар туғызып жүрсе, арнайы маска дайындап, жағып отырыңыз. Маска жасау көп уақытыңызды алмайды.
Мысалы, пияздан жасалған маска шашқа төзімділік сыйласа, лимон қышқылынан жасалатын маска шашты жылтыратып, әдемі ете түседі.
Ол үшін бір лимон шырынын бір қасық сүзбемен араластырып, оған майдалап туралған қияр мен ара балын қосады. Қоспаны бас терісіне жағып, он минуттан соң жуып тастайды.
Ал пияз шырынынан жасалатын маскаға бір жұмыртқаның сарысын араластырып, шаштың түбіне жағып қойсаңыз, шашыңыздың түсуінен құтыласыз.
Ал сәнделген шашты бекітуге лимон шырынын пайдалануға болады. Шашты бұйраламас бұрын оған лимон шырынын жағады. Демек, лимон шырыны лак ретінде қолданылады деген сөз. Оны әзірлеу үшін лимонды бөлшектейді де 200 мл. суда қайнатады. Судың жартысы буланып, ұшып кетуі тиіс. Содан соң ерітіндіні сүзіп алып, оның үстіне спирттің немесе арақтың бірнеше тамшысын тамызады. Осыдан соң салынған бұйраның әдемі түсетіндігіне күмәніңіз болмасын.
Шашыңыз көп қышып, қайызғақтана берсе, өсімдіктен жасалатын масканы пайдаланып көріңіз.
Ол үшін шетен жемісін, бақбақ және жалбыз жапырақтарын ұсақтап, уатып, біркелкі ботқа түрінде араластыру керек. Осы қоспаны басқа жағып, он минуттай ұстайды. Одан соң тарақты батырып, тарасаңыз, қоспа теріге сіңіп, қайызғақтың болмауына септігін тигізеді.
Қас пен кірпігің күтімсіз қалмасын
Қас пен кірпіктерді тек көз аурулары болмаған кезде ғана бояуға болады. Ал бояуды тұзды жылы сумен немесе физиологиялық ерітінділермен жуады.
Қасқа және кірпіктерге бояу жағар алдында оны арнайы байқаудан өткізіп алған ләзім. Ол үшін бояуды құлақтың артындағы тері қабатына жағып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Театр ұжымдық өнер
Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ - ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Қыз бала психологиясы
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні
Қазақтың ұлттық киімі
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Отбасы – отанымыздың ошағы
Жеткіншектік жастағы қыздардың өзін-өзі тәрбиелеуінің педагогикалық шарттары
Пәндер