Мемлекеттік меншік құқығы ұғымы



1 Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
2 Мемлекеттік меншік құқығының мазмұны
3 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
4 Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Дамыған елдер экономикасындағы мемлекеттік сектордың өзіндік салмағы әрқашан қомақты болған, әсіресе ол энергетика, көлік, космонавтика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым, жазалау аппаратын ұстау және с.с. қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез келген мемлекеттің қалыпты өмір өмір сүруі үшін қандайда бір төтенше жағдайларға (әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға, техногендік сипаттағы апаттарға, эпидемияға,т.б.) арналған материалдық резерв (азық – түлік, отын т.б.) болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардың мемлекеттің қолына шоғырлануы және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік – қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай атқаратындығында, ол қоғамның жкономикалық дамуының әмбебап реттегіші болып табылатын рынокка қатты теріс әсер етпеуі тиіс.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік  меншік  құқығы  ұғымы
Мемлекеттік  меншік  құқығы  дегеніміз  мемлекеттің  заң  актілерімен  танылған  және  қорғалатын,  өзіне  тиесілі  мүлікті  өз  қалауы  бойынша  иемдену,  пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығы.
Дамыған  елдер  экономикасындағы  мемлекеттік  сектордың  өзіндік  салмағы  әрқашан  қомақты  болған,  әсіресе  ол  энергетика,  көлік,  космонавтика,  әлеуметтік  сала  және  инфрақұрылым,  жазалау  аппаратын ұстау  және  с.с.  қаржыны  көп  керек  ететін  салаларда.  Кез  келген  мемлекеттің  қалыпты  өмір  өмір  сүруі  үшін  қандайда  бір  төтенше  жағдайларға  (әскери  әрекеттерге,  табиғи  апаттарға,  техногендік  сипаттағы  апаттарға,  эпидемияға,т.б.)  арналған  материалдық  резерв  (азық – түлік,  отын  т.б.)  болуы  керек.  Сондықтан  материалдық  ресурстардың  мемлекеттің  қолына  шоғырлануы  және  тіптен  мемлекеттік  кәсіпкерлік – қалыпты  жағдай.  Мәселе  мемлекеттің  өз  мүліктік  қызметін  қалай  атқаратындығында,  ол  қоғамның  жкономикалық  дамуының  әмбебап  реттегіші  болып  табылатын  рынокка  қатты  теріс  әсер  етпеуі  тиіс.
Мемлекеттік  меншік  құқығының  субъектілері
Мемлекет  меншік  құқығының  ерекше  субъектісі  болып  табылады.  Бұл  оның  жоғарғы  абстрактілігімен  және  формальділігімен  анықталады.  Көптеген  әртүрлі  сипаттағы  функцияларды  жүзеге  асырудың  қажеттігі  және  бірдей  бағынышты  мемлекеттік  органдардың  тармақталған  жүйесі  мемлекеттік  меншік  құқығын  іске  асыратын  субъектілердің  көп  болуын  алдын  ала  анықтады.  Сондықтан  оларды  екі  деңгейге  бөлген  дұрыс:  кімді  білдіреді,  соның  деңгейі  және  кім  білдіреді,  соның  деңгейі.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасының  заңнамасы  өз  атынан  әрекет  ететіндей  құқығы  бар  мемлекеттік  меншіктің  екі  субъектісін  қарастырады:  бүтіндей  Қазақстан  Республикасы  және  әкімшілік - аумақтық  бөліністер.  Яғни,  азаматтық  айналымда  бұл  субъектілер  мемлекеттік  меншік  құқығын  көтеретіндер  болып  саналады.  Атқарылатын  міндетке  қарай  мемлекет  аталған  субъектілердің  біреуінің  атынан меншік  иесінің  құқық  өкілеттігін  жүзеге  асырады.
Қазақстан  Республикасы  және  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  заңды  тұлғалар  емес.  Бірақ,  мемлекетке  және  әкімшілік - аумақтық  бөліністерге  заңды  тұлғалардың  азаматтық  заңдармен  реттелетін  қатынастарға  қатысуын  анықтайтын  нормалар,  егер  заң  құжаттарынан  өзгеше  норма  туындамайтын  болса,  қолданылады. (АК – ның  114 — бабы).  Қазақстан  Республикасы  және  әкімшілік - аумақтық  бөлініс  азаматтық  құқық  субъектілері  ретінде  АК-ның  және  басқа  азаматтық  заң  құжаттарының  заңды  тұлғалардың  азаматтық  айналымға  қатысуын  анықтайтын  нормаларының  шеңберінде  әрекет  етеді.  Бұлар,  бәрінен  бұрын,  шарт  жасасу  тәртібі,  келтірген  зиян  үшін  жауаптылық,  меншік  құқығы  жайындағы  АК-ның  жалпы  сипаттағы  баптары.  Бұл  жалпы  ережеге  жатпайтындар да  бар.  Біріншіден,  Қазақстан  Республикасының  және  әкімшілік-аумақтық  бөліністердің  мәртебелерінің  ерекшеліктерін  және  құқық  өкілеттіктерінің  ауқымын  ескеру  қажет.  Мысалы,  мемлекетке  және  әкімшілік-аумақтық  бөлініске  заңды  тұлғаларды  тіркеу  туралы  нормалар  таралмайды.  Бұл  субъектілер  қандайда  бір  есепке  тіркелусіз,  Конституциямен  конституциялық  заңдар  негізінде  әрекет  етеді.  Екіншіден,  АК – ның  өзіндегі  бірқатар  баптар  Қазақстан  Республикасы  қатысатын  құқықтық  қатынастарға  жатады  немесе  оған  қандай  да  бір  азаматтық – құқықтық  міндеттемелер  жүктейді (АК-ның  9-бабының  5-т,  104-бабының  6-т, 266-бабы).
Мемлекет  және  әкімшілік-аумақтық  бөлініс,  ерекше  субъектілер  ретінде,  азаматтық  құқық  қатынастары  субъектісінің  барлық  құқытарына  ие  және  құқықсубъектілікте  тек  күшіндегі  заңдармен  ғана  шектеледі.  Заңнамада  анықталған  жағдайларда,  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  азаматтық  құқық  қатынастарында  мемлекет  мүддесін  білдіре  алады.
Қазақстан  Республикасының  смемлекеттік  өкімет  билігі  мен  басқару  органдары  өздерінің  осы  органдардың  мәртебесін  айқындайтын  заң  актілерінде,  ережелерде  және  өзге  де  құжаттарда  белгіленген  құзіреті  шегінде  Қазақстан  Республикасының  атынан  өз  әрекеттері  арқылы  мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттер  алып,  оларды  жүзеге  асырады,  сотта  өкілдік  ете  алады(АК-ның  111-бабының  2-тармағы).
Үкімет  бұл  контексте  алғы  шепте  тұр.  Оның  құқықтық  мәртебесі  18.12.1995  жылғы  №2688  “Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  туралы”Конституциялық  заңда  белгіленген.  Осы  Заңның  9 – бабының  8-тармақшасына  сәйкес  Үкімет  “ммелекеттік  меншікті  басқаруды  ұйымдастырады,  оны  пайдалану  жөнінде  шаралар  қарастырып  оларды  жүзеге  асырады,  Қазақстан  Республикасының  аумағында  мемлекеттік  меншік  құқығының  қорғалуын  қамтамассыз  етеді”.  Яғни  Үкімет  мемлекеттік  меншік  субъектісі  ретінде  мемлекет  атынан  өкілдік  ала  алады.  Сонымен  қатар  ол  мемлекеттік  мүлікті  иемденуге,  пайдалануға  және  оған  билік  етуге  қатысты  кез  келген  әрекетті  жасай  алады,  мәмілелер  жасайды,  мемлекеттік  мүлікті  бөліп  таратады  және  қайта  бөледі.
Үкімет  жүйесінде  Қаржы  министрлігінің  орны  ерекше.  Мемлекеттік  меншік  субъектісінің  көптеген  функцияларын  :Үкімет  Қаржы  министрлігіне  берген.  Мысалы,  республикалық  қазынаның  қаражаты  ҚР  Қаржы  министрлігінің  қарамағында  болады,  ол  оған  мемлекет  атынан  билік  жасайды.  Бұл  функцияларды  тікелей  Қаржы  министрлігінің  Қазынашылық  комитеті  орындайды.  Ол  Үкіметтің  1999  жылғы  24  мамырдағы  N626  Қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Қаржы  министрлігінің  Қазынашылық  комитеті  туралы  Ережесінің  негізінде  әрекет  етеді.  Қазынашылық  комитет  республикалық  бюджетті  орындау  және  мемлекеттік  бюджеттен  тыс  қорлар  мен  қаражаттарға  есептік – кассалық  қызмет  көрсету,  мемлекеттік  бюджет – қаражат  пен  мемлекеттік  бюджеттен  тыс  қорлар  мен  қаражаттың  мақсатты  пайдалануына  қаржылық  бақылау  жөніндегі  арнайы  функцияларды  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  орган  болып  табылады.
Меншік  иесінің  құқық  өкілеттігін  жүзеге  асыратын  орталық  атқару  органдары  жүйесіндегі  маңызды  орынды  мемлекеттік  мүлікті  басқару  және  оны  жекешелендіру  жөніндегі  мемлекеттік  орган  алады,  оның  аты  да,  ведомстволық  бағыныштылығы  да  ауық – ауық  өзгеріп  тұрады.
Меншік  иесі  функциясын  өзге  де  орталық  атқарушы  билік  органдары  орындайды.  Мысалы,  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорындарға  қатысты  мемлекеттік  меншік  иесі  субъектісінің  функциялары  министрліктерге,  мемлекеттік  комитеттерге,  ведомстволарға  және  министрліктердің  кейбір  департаменттеріне  және  Үкімет  өкілеттік  берген  өзге  органдарға  жүктелген.
Заңнамада  көзделген  реттер  мен  тәртіпте  Қазақстан  Республикасының  арнайы  тапсырмасымен  оның  атынан  өзге  де  мемлекеттік  органдар,  заңды  тұлғалар  мен  азаматтар  өкілдік  ете  алады  (АК – ның  111 – бабының  2 — тармағы).  Мысалы,  мемлекет  қатысқан  акционерлік  қоғамға  мемлекет  атынан  акционер – мемлекет  функциясын  орындауға  уәкілеттік  берілген  тұлға  тағайындалады,
Жергілікті  өкілдік  және  атқарушы  органдар  заң  құжаттарында,  ережелерде  немесе  сол  органдардың  мәртебесін  анықтайтын  өзге  құжаттарда  белгіленген  өз  құзіреті  шегінде  әкімшілік- аумақтық  бөлініс  атынан  әрекет  етіп  мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттер  иемдене  алады,  сотта  оның  мүддесін  қорғай  алады.  Заңнамада  көздеглген  ретте  және  тәртәпте,  арнаулы  тапсырма  бойынша  жергілікті  мемлекеттік  орргандар,  заңды  тұлғалар  (мемлекеттік  еместерді  қоса)  мен  азаматтар  да  әкімшілік – аумақтық  бөліністің  мүддесін  білдіре  алады.  Мысалы,  әкімшілік – аумақьық  бөлініс  қатысқан  акционерлік  қоғамға  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  атынан  акционер — әкімшілік – аумақтық  бөліністің  мүддесін  қорғауға  құқық  берілген  тұлға  тағайындалады.  Заңнама  тікелей  сондай  құқық  берген  мемелекеттік  органдармен  заңды  тұлғалар  ғана  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  атынан  азаматтық  құқық  қатынастарына  кіре  алады.  Азаматтық  айналымда  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  атынан  әрекет  жасай  алатын  билік  және  басқару  органдарына,  бірінші  кезекте,  маслихаттар,  әкімат,  атқарушы  биліктің  аумақтық  органдары  (облыстық  әділет  басқармасы,  облыстық  қаржы  басқармасы,  мемлекеттік  мүлікті  басқары  жөніндегі  аумақтық  комитет ) жатады.
Мемлекеттік  меншік  құқығының  мазмұны
Меншік  құқығының  мамұны  құқықтар  мен  міндеттердің  жиынтығымен  анықталады.”Меншік  иелерінің  өз  құқықтырын  жүзеге  асыру  көлемі  мен  шектері,  оларды  қорғау  кепілдіктері  заңмен  белгіленеді  ”  (Конституцияның  6 – бабының  2- тармағы ).  Яғни,  мемлекет,  мемлекеттік  меншік  объектілерінің  бірден – бір  меншік  иесі  ретінде,  азаматтық  құқықтарды,  сондай – ақ  міндеттерді  жүзеге  асырудың  шектері  мен  қорғауды  заң  арқылы  өзі  үшін  өзі  анықтайды.
АК – ның  188 – бабының  2 – тармағына  сәйкес  өз  мүлкін  иелену,  пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығы  меншік  иесіне  берілген.  Азаматтық  айналымда  мемлекет  екі  субъект  арқылы  берілген:  Қазақстан  Республикасы  және  әкімшілік – аумақтық  бөлініс,  олар  мемлекеттік  меншікті  іске  асыра  отырып,  өз  аттарынан  әрекет  етеді.  Сондықтан  субъектік  құрамның  күрделілігі  меншік  иесінің  құқық  өкілеттіліктерін  мемлекеттік  меншіктің  аталған  субъектілерінің  бірі  болып  табылатын  мемлекет  пен  олардың  мүддесін  білдіруі  мүмкін  тұлға  арасында  бөлуді  көздейді.
Мемлекеттік  меншікті  иелену  құқығы  дегеніміз – мүлікті  іс  жүзінде  иемденуді  жүзеге  асырудың  заңмен  қамтамасыз  етілген  мүмкіндігі.  Мемлекет,  материалданбаған  ерекше  субъект  ретінде,  барлық  реттерде  иемдену  құқығының  титулын  сақтайды,  өз  мүлкін  іс  жүзінде  иемденуді  мемлекеттік  органдар  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырады.  Мемлекеттің  иемдену  құқығы  туралы  мәселе  заң  әдебиеттерінде  дау  туғызады.  Мысалы,  А.  В.  Венедиктов  иемдену  дегенді  затқа  іс  жүзінде  үстемдік  жасау  құқығы,  “затты  қолда  ұстау”  құқығы  деп  түсінеді.  Сондықтан  ол  ммелекет  ұшан – ғайыр  өз  мүлкін  тікелей  емес,  тек  өз  органдары  арқылы  ғана  иемденеді  дейді.
Мемлекеттік  меншікті  пайдалану  құқығы  дегеніміз – ммелекеттік  мүліктен  оның  пайдалы  табиғи  қасиеттерін  алудың,  сондай – ақ  одан  пайда  алудың  заңмен  қамтамасыз  етілген  мүмкіндігі.  Пайда  табыс,  өсім,  жеміс,  төл  түрінде  және  өзге  формаларда  болуы  мүмкін.  Мемлекеттік  мүлікті  пайдалану  әртүрлі  формада  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  заңмен  жол  берілген  салада  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  мемлекеттік  органдарға  мемлекеттің  жер  учаскелерін  жалға  және  пайдалануға  беруі,  пайдалы  қазбалар  өндіруі,  ғимараттар  мен  құрал – жабдықтарды,  жиһазды  пайдалануға  беруі  кең  таралған.
Мемлекеттік  меншікке  билік  жасау  құқығы  дегеніміз  мүліктің  заңдық  тағдырын  анықтаудың  заңмен  қамтамасыз  етілген  мүмкіндігі.  Айналымда  жүрген  мемлекеттік  мүліктің  деніә  ақша  қаражаты  болғандықтан,  әдетте,  пайдалану  және  билік  жасау  құқық  өкілеттіктері  біріне  бірі  сәйкес  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖЕКЕ
Меншік экономикалық категория түрінде
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Меншік құқығы және оралымды басқарудың заттық құқықтар ретіндегі ұғымы
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны
Пәндер