Испания (Espana)
1 Тарихы
2 Экономикасы.
3 Өнері.
4 Әкімшілік құрылысы
4.1 Ең ірі қалалар
5 Әдебиеті.
6 Сілтемелер
7 Жұрты
8 Тілдер
2 Экономикасы.
3 Өнері.
4 Әкімшілік құрылысы
4.1 Ең ірі қалалар
5 Әдебиеті.
6 Сілтемелер
7 Жұрты
8 Тілдер
Испания Корольдігі – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Х.Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том
Мазмұны
1 Тарихы
2 Экономикасы.
3 Өнері.
4 Әкімшілік құрылысы
4.1 Ең ірі қалалар
5 Әдебиеті.
6 Сілтемелер
7 Жұрты
8 Тілдер
9 Тағы қараныз
Испания (Espana), Испания Корольдігі – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Астанасы – Мадрид қаласы (5 млн.). Бұған қоса Барселона (1,8 млн.), Валенсия (1 млн.), Севилия (750 млн.), т.б. ірі қалалары бар. Ұлттық мейрамы 12 қазан – Испан ұлты күні (Х.Колумбтың 1492 жылы Американы ашқан күні). Ұлттық ақшасы – песета.[1]
Тарихы
Испания жерінде ежелгі адамдар палеолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 10-мыңжылдыққа дейін) тіршілік ете бастаған.И. жерінде құрылған ең ежелгі мемлекет – Тартесс (б.з.б. 1 мыңжылдықтың бас кезінде болған). Ел территориясына б.з.б. 7 ғасырда финикиялықтар мен гректер келіп қоныстана бастады. Б.з.б. 5 – 3 ғасырларда Пиреней арқылы кельттер келді. Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында Испания жерінің көпшілігі Карфаген мемлекетіне бағынды. Б.з.б. 2 ғасырда Карфагенді Рим империясы ығыстырып, б.з.б. 21 – 19 жылы қазіргі Испания аумағын түгелімен бағындырды. Рим империясы үстемдігі кезінде елде испан-рим ақсүйектері пайда болды. Кейін Испанияға вандалдар, аландар, свевтер басып кіріп, Солтүстік-батыста Свев корольдігі құрылды. Аландар мен вандалдар оңтүстікке, ал 429 жылы Солтүстік Африкаға қоныс аударды. 5 ғасырдың 2-жартысында вестготтар королі Эйрих (466 – 84) Пиреней түбегін түгелімен басып алды. 585 жылы вестготтар Свев корольдігін толығымен бағындырды. 711 – 18 жылы Пиреней түбегін арабтар (мавр деген ортақ атпен белгілі болған араб және бербер тайпалары) жаулап алып, Омейя әулетіне бағынышты әмірлік құрды. 756 жылы омейялықтар тәуелсіз Кордова әмірлігін, 929 жылы Кордова халифатын құрды (қ. Кордова халифаты). 1031 жылы Кордова халифаты көптеген ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. 11 ғасырда түбектің Солтүстік мен шығысындағы ұсақ христиан иеліктері біртіндеп біріге бастады. Сөйтіп, солтүстікте Кастилия, оңтүстікте Арагон корольдіктері құрылды. Олар біртіндеп Испаниядан арабтарды ығыстыра бастады. 13 ғасырдың ортасында елде тек Гранада әмірлігі ғана қалды. 1479 жылы Леон-Кастиль және Арагон-Каталон корольдіктері әулеттік неке негізінде бір мемлекетке бірікті. 1492 жылы 12 қазанда 10 жылға созылған соғыстан кейін Гранада әмірлігі жаулап алынды. Бұл күн Х.Колумбтың Американы ашып, ұлы жаңалықтар дәуірінің басталуымен тура келді. 16 ғасырдың 1-жартысында испандар Мексиканы, Перуді, Боливияны, Чилиді, т.б. Оңтүстік Америка жерлерін басып алды. Еуропада Испания құрамына Нидерландия қосылды (1516). Испан королі Карл Қ 1519 жылы Қасиетті Рим империясының императоры тағына отырып, Испандар әлемдегі ең ірі мемлекетке айналды. Мануфактуралар құрылып, испан қалалары жібек тоқитын, былғары шығаратын, қару-жарақ жасайтын ірі орталықтарға айналды. Елде монархия орнады. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап Испания әлсірей бастады. Революция нәтижесінде Нидерландия Испандардан 1581 жылы бөлініп шықты, 1588 жылы атышулы испан флоты – “Жеңілмейтін армада” Англиядан күйрей жеңілді. 17 ғасырда ел экономикасы онан сайын құлдырап кетті. 18 ғасырда бұрынғы испан иеліктері Англия, Франция, Австрия, т.б. мемлекеттердің өзара күресі нысанына айналды. Испан мұрагерлігі үшін күрес (1701 – 14) француз королі Людовик XҚV-нің немересі Филипп V-нің Испандар тағына отыруымен аяқталды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция басталғаннан кейін, Испания билеушілері 1793 жылы Франциямен соғыс бастады. Бірақ жеңіліске ұшырап, өздері француздардың ықпалына көшті. И. енді Франция жағында Англия мен Португалияға қарсы соғысты. Бұл Испандардың Америкадағы отарларымен байланысын нашарлатып жіберді. Үкімет елге француз әскерлерінің кіруіне рұқсат беріп, өзіне халықтың наразылығын туғызды. Бірінші испан революциясы (1808 – 14) елден француздарды қуу және либералдық реформалар жүргізу мақсатын көздеді. Конституция қабылданып (1812), ұлт-азаттық күрес және революция нәтижесінде ел 1814 жылы 18 мамырда толық азат етілді. Бірақ елге оралған король Фердинанд VҚҚ конституцияның күшін жойып, Америкадағы испан отарларындағы көтерілістерді басу үшін әскер жіберді. Екінші испан революциясы (1820 – 23) кезінде Фердинанд VҚҚ көтерілісшілердің талабын орындап, 1812 жылғы конституцияны қалпына келтірді. Конституцияға сәйкес 1820 жылы 9 шілдеде ашылған кортестер (парламент) көптеген прогресшіл заңдар қабылдады. Бұл революция Қасиетті одақтың шешімі бойынша француз интервенттері қолымен (1823 жылы сәуір – қыркүйек) басылды. Елде абсолюттік монархия қалпына келтірілді. Осы кезде испан армиясы Америкада жеңіліске ұшырап, Куба мен Пуэрто-Рикодан басқа барлық отарларынан айырылды. 1833 жылы Испандарда азамат соғысы басталып, ол Үшінші испан революциясына (1834 – 43) ұласты. Революция кезінде барлық ортағасырлық сарқыншақтар (инквизиция, майорат, т.б.) толығымен жойылып, елде конституциялық монархия орнады. 1840 жылдан бастап өнеркәсіп төңкерісі басталды: металлургия, машина жасау з-ттары, т. ж-дар салына бастады. Төртінші (1854 – 56) және бесінші (1868 – 74) испан революцияларын республикашыл күштер жасады. Тұңғыш республика құрылғанымен (1873 – 74), ол ұзақ өмір сүре алмады. 1874 жылғы төңкерістен кейін үкімет басына қайтадан Бурбондар әулеті келді. 20 ғасырдың басында Испандарда ірі өнеркәсіп монополиялары пайда болды. Елге шет ел капиталы көптеп келе бастады. Республикашылар күресті тоқтатқан жоқ. 1931 жылы 14 сәуірде елде республика орнап, алтыншы испан революциясы (1931 – 39) басталды. 1931 жылы сәуір – 1933 жылы күз аралығында елді республикашыл-социалистер блогы басқарды. Олар а. ш-нда реформа жүргізді, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, т.б. шаралар жасады. Оған қарсы оңшыл күштер 1933 – 35 жылы фашистік блокқа бірігіп, елде 32 айға созылған азамат соғысы басталды (қ. Испаниядағы азамат соғысы). Испандарда генерал Франконың диктатурасы орнап, саяси партияларға тыйым салынды. 2-дүниежүз. соғыс кезінде генерал Франко Германия мен Италияға көмектесіп, соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен тығыз байланыс орнатты. 1947 жылы ел корольдік болып жарияланды. генерал Франко өлгеннен кейін (1975), Испандарда конституциялық монархия құрылды. Саяси тұтқындар түрмелерден босатылып, саяси партиялардың қызметіне рұқсат етілді. 1977 жылы 15 маусымда тұңғыш рет демокр. парламент сайлауы өтіп, Конституция қабылданды. 1979 жылы сәуірде алғашқы заңды үкімет жасақталды. 1981 жылы ақпанда әскерилердің мемл. төңкеріс ұйымдастыру әрекеті жүзеге аспай қалды. 1982 жылы қазанда өткен сайлауда Ф.Гонсалес бастаған социалистер жеңіске жетіп, өз үкіметін құрды. Олар 1983, 1986, 1993 жылдары өткен сайлауда да жеңіске жетті. Тек 1996 жылы өткен сайлауда ғана консервативтік Халық партиясы (Х.М. Аспар) жеңіске жетті.
Экономикасы.
Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испандар Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі бойынша 8-орын алады. Елде машина, кеме жасау, ұшақ шығару, электртехникасы, химия, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау-кен өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда. Ел экономикасында мемл. сектордың үлесі – 30%. Ел пайдалы қазбаларға бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. А. ш. жақсы дамыған. Шарап (дүние жүзінде 3-орында), цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі, көкөніс, т.б. өсіріледі. Зәйтүн майын шығарудан Испандар дүние жүзінде 1-орында. Мал ш. да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық-түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын И-ға 62 млн. шет ел туристері келеді. Негізгі сауда серіктестері Еур. одақ елдері (импорттың – 61%, экспорттың – 68,5%-ы), АҚШ (7,4% және 5,1%), Латын Америкасы(4% және 5,4%). Алтын-валюта қоры 72,6 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде (1997). Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы орнады. 1998 жылы 13 ақпанда И. королі Хуан Карлос Қ Алматыда болып қайтты. 2000 жылы 30 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан Карлос Қ-мен және үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті. Кездесу барысында саяси, экон., мәдени байланыстар жөнінде 6 құжатқа қол қойылды.
Өнері.
Испания жеріндегі ең көне ескерткіштер палеолит дәуірінен сақталған. Неолит дәуірінен қыш ыдыстар, иберлерден тас қамалдардың қалдығы мен өрнектелген құмыралар сақталған. Рим империясы үстемдігінен қалған театрлар мен ғибадатханалардың орны кездеседі. Мавритан өнерінің үлгісімен салынған құрылыстар да бар (Кордовадағы мешіт, 10 ғасырдың аяғы). Испаня өнерінің дербес қалыптасуы 8 – 9 ғасырлардан басталады. Осы кезде Испандарның Италия, Франциямен мәдени байланысы күшейді. Тас қорғандар мен қамалдар салуда француздардың тәжірибесі қолданылды. 10 – 12 ғасырларда құрылысқа кірпішті пайдаланды. 13 ғасырдың 1-жартысында Бургос пен Леонда ғибадатханалар салына бастады. 14 ғасырда Испандарда мудехар стиліндегі архитектура қалыптасты. Сол кездегі Испандар бейнелеу өнеріне тән қасиет – тұрмыстық детальдарға ден қою, жалпы пішін мен бет-бейненің шынайылығын қадағалау – каталон мектебінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz