Маникюр мен педикюр


Маникюр мен педикюр
Қазіргі уақытта қыздар арасында тырнақ күтімі маңызды рөлді атқарып келеді.
Жай ғана ұқыпты, әдемі боялған тырнақтармен ешкімді таң қалдыра алмайсың.
Қыздар сұлулық салондарына маникюр мен педикюр жасату үшін көбірек жазылады.
Бірақ сізге сұлулық салондарына барып емес, үйде қалай күтім жасау керек екенін білу артық етпейді!
1. Тырнағыңыздағы бұрынғы боялған бояуды арнайы кетіру сұйықтығымен өшіріңіз.
Бұрынғы лактың үстіне жаңа лакты бояудың қажеті шамалы. Тырнағыңыздың жақсы болуы үшін сізге ацетонсыз сұйықтық(жидкость) қолдануыңызға кеңес берем.
Егер сізде ацетонсыз сұйықтық жоқ болса, оны іздеп бас қатыруыңыздың керегі жоқ, қолыңызда барын қолданыңыз. Лакты өшірмес бұрын сұйықтықты мақтаға аз жағыңыз.
2. Енді сіз тырнағыңызды дұрыстап, көлемі мен ұзындығын өзгерткіңіз келсе, онда еппен тырнағыңызға өзіңізге ұнайтын форма беріңіз және жұмсақ пилочка қолданыңыз. Тырнаңызды тым ұзын етудің және өте төрт бұрышты ету қажет емес. Және пилочкаларды арнайы дүкендерден немесе дәріханалардан алыңыз, базарларда тұрған арзан әрі сапасы төмен пилочкаларға әуес болмаңыз.
3. Егер сіз тырнағыңыздың айналасындағы еттерін алғыңыз келсе, онда алдымен 3 минут жылы арнайы суға салып жібітіп алыңыз. 3-минуттан көп салмаңыз, суға көп салсаңыз, теріңізге зиян келтіреді. Ал аяқтың тырнақтары қолдың тырнақтарына қарағанда көлемі үлкен әрі қаттырақ келгендіктен, оны суға көбірек жууыңызға тура келеді.
4. Аяқтың тырнақтарының ұзындығын арнайы маникюр қайшысы арқылы алыңыз. Тырнақты өте қысқа етіп ешқашан қимаңыз, тырнаққа дөңес көлем бергенге қарағанда, төртбұрышты көлем берген жақсы.
5. Ал енді қолыңыз бен аяғыңызға керемет жұмсақтық беретін ғажап сәт те келіп жетті. Қолыңызды сабын мен жуып, құрғақ теріге арналған сергітетін креммен майлаңыз, ал табаныңызды пемзамен қырып, одан соң сабынмен жуып, скраб жағыңыз.
6. Тырнағыңызға лакты боямас бұрын алдымен лак қою болмау үшін, аздап сұйықтық немесе таза спирт қосыңыз.
7. Егер сіз тырнағыңызды бірнеше қабатпен бояғыңыз келс, онда міндетті түрде әрбір қабатын кептіріңіз. Тырнақтың 4-қабаты болады:негізі, 2-түрлі түсті бояуға арналған, және соңғысы жылтыр бояуға арналған.
Тырнақ күтімімен айналысып, әрқашан әдемі көрініңіздер!!!
Арулар, құлақ түріңіздер!
Сіздерге қысқаша ғана шолу жасап өтейін.
Халал косметиканың жаңа түрінің негізін Канадалық визажист-Лейла Мандиқалаған екен. Канадада туып өскен, визажист мамандығы бар Лейла, белгісіз себептермен мұсылман еліне көшіп барады екен. Ол елде біраз тұрақтап ислам дінін қабылдайды. Ислам дінін зерттей келе ол қыз мұсылмандар үшін шошқа еті мен спирттік ішімдіктердің тыйым салынғандығын біледі. Және де, ол елдегілердің әйелдері кәдімгі біздің қолданып жүрген «Mary Kay», «Oriflame», «Avon» сынды фирмалардың косметикаларының сатылымда екенін байқайды. Әрине, оның ішінде мұсылмандарға жат харам нәрселер бар, мысалы спирт, шошқа майы міндетті түрде… Ал ондай косметиканы жағар болсақ спирт пен шошқа майы терімізге сіңіп, организмге тарайды. . (құдай сақтасын) Осы жағдайды пайдаланып Лейла Манди халал косметиканы өндірушілерді жинап, компания құруға бекінеді. Бірақ бұл фирмаға дейін Амара дейтін де компания болған, бірақ интернетте видеоларынан басқа мәлімет таппадым. Компания атын жалғыз кіршіксіз таза деген мағынамен-«OnePure»деп атайды.
OnePure-барлық иманы бар қыздарға арналған, Құрандағы тыйым салынған заттарсыз, яғни-Карминсыз(кошенилден алынатын, әлемдегі ең кең таралған қызыл рең беретін бояғыш зат, ол затты тіпті 2006 жылы Coca Cola-ға қосылатыны туралы анықталды), алкогольсіз және шошқа майы бар заттарсыз косметика. Бұл сауда линиясын Malaysian Islamicқолдаған екен. Қазірде OnePure маркасынан бағасы 125 АКШ доллары, яғни бізше18500 тенгетұратын, құрамында ағартқыш лосьондар, тониктер, ылғалдандырғыш гельдер мен көз айналасына жағатын кремдері бар жол сөмкесін шығаруда.
Мен өзім дым косметика қолданбаймын, сондықтан да сатып алып көрмеппін әлі, сондықтан да қыздар, әлі де кеш емес, косметичкаларыңызды жаңартып көріңіздер, таза, халал нәрсемен қолданайық!Өз қалаңыздағы дүңгіршектерде немесе арнайы мүсылмандарға арналған дүкен болса сұрастырып көріңіздер!
Назар аударғандарыңызға рахмет!
Шашы ұзын арулар қашан да нәзіктік пен сұлулықтың нышаны болған. Шаш - әр қыздың көркі. Шашының ұзын болғанын қаламайтын қыз жоқ шығар. Алайда оны өсіруге кейбіреулердің шыдамы жетпей жатады. Назарларыңызда шаштың өсуін бәсеңдететін жағдайлар.
Шашты сәндегенде фен, плойка, түзулеткішті қолдану
Аптасына бірнеше рет осы құралдарды пайдалансаңыз, шашыңыздың саулығы құртылатыны анық. Шаш ыстық әсерінен қатты зақымданады. Жұқаланып, сынғыш болады. Шаш түсуі көбейіп, жылтырын жоғалтады. Бұл шаштың 88 пайызын құрайтын керотиннің азаюына байланысты. Шашын өсіремін деген қыз бұл құралдарға "жоқ" деп, одан алған зақымын орынға келтіру керек.
Кеңес: Аптасына екі рет протеин маскасын қолданыңыз. Шаш кептіргенде фен қолдансаңыз, ыстық емес жылы ауа ағынын пайдаланыңыз. Ал плойкамен шаш бұйралағанда, оның алдында термо қорғаушы сұйықтықты шашыңызға жағыңыз.
Шашты бояу не "химия" істеу
Шаштың бірқалыптығы жалықтырып, түсін ауыстырып, мелирование не "химия" істеп пе едіңіз? Басында ұнатып, ал енді шаштың зақымданғанын көріп, қамықтыңыз ба? Әрине химияны не бояуды кетіретін амал жоқ. Алайда бұл шашты да күтіп, зақымданған шаштарға арналған сусабын мен сұйықтықтарды қолданыңыз.
Кеңес: Дүкен аралап, зақымданған шаштарға арналған сусабын, маскалар және қосымша сұйықтықтар алыңыз.
Бас терісінің зақымдануы
Қайызғақ, бас терісінің қышуы, шаш тамырының ауруы - бас терісінің зақымдану белгілері. Шаштың саулығы мен түрі оның тамырының саулығына ғана байланысты. Сондықтан ол шаш өсу тездігіне тікелей жауап береді.
Кеңес: Қолданатын сусабыныңыздың құрамында мырыш болсын. Бас терісінемассаж жасап, шаш тамырын берік қылатын арнайы сұйықтықтарды маусымына бір рет қолданып отырыңыз.
Басыңыздан қиын жағдай өтті ме?
Жұмыста, сабақта қиындықтарға тап болып, не отбасыңызда жағымсыз жағдай орын алды ма? Бұның бәрі сіздің денсаулығыңызға әсерін қалдырып, шашқа да өз зақымын тигізеді. Осының әсерінен шашыңыздың шамадан көп түсуі жаңалық емес. Адамның стресс жағдайындағы шаш өсуі 4 есе кеміп, түсіп қалуға да барады.
Кеңес: Демалып, қиындықтарды ұмытуға тырысыңыз. Ол үшін сүйікті бір іспен айналыссаңыз болады. Мысалға спорт не би көңіліңізді көтеріп, денсаулығыңызға да пайдалы болады. Стресспен күресе алған кезде өзіңіз де байқарсыз, жалпы денсаулығыңыз, сонымен қатар шашыңыз сізді өз жағдайымен қуантады.
Бар жағдай жасасаңыз да, шашыңыз өсуге асықпайды ма?
Генетика, тамақтану ерекшеліктері, тұратын жеріңіз. Бұның бәрі де шаш өсуіне өз әсерін тигізе алады. Денсаулығыңыздағы болған қиындықтар, қатаң диета, не шамадан көп жұмыс шашыңызға зақымын тигізбей қоймайды.
Кеңес: Шашқа тек сырттай емес, іштей де көмек беріңіз. Тамақтануыңызды ретке келтіріп, йод, кальций, темір және омега-3 қышқылдарына бай тағамдарды рационыңызға қосыңыз. Дәрумендерге бай табиғи тағамдарды көптеп жеңіз.
- Қыздардың әдемілігін, келбетін одан әрі сымбатты ету үшін бет күтімі маңызды ма?
- Әрине. Бояу жағумен беттің барлық кемшілігін жасыру мүмкін емес. Ол үшін арулар да өзінің ажарына күтім жасағаны жөн. Қалай дерсіз? Бетке маска, массаж қажет. Мәселен, Қытай, Корея елдерінің қыздары өте сымбатты. Беттері тегіс, тап-таза. Олар ерте жастан бет күтіміне ерекше мән береді. Косметологтардың көмегіне сүйенеді. Суда өсетін тағамдарды көп жейді. Ал бізде көптеген жасөспірім қыздар «боянғанның жөні осы екен» деп бар бояуды бетіне үйіп-төгеді. Ол дұрыс емес. Жасөспірім қыздардың бет терісі өте нәзік, сезімтал келеді. Мұндай кезде тональді кремді көп қолдануға болмайды. Керісінше, күннен, суықтан қорғайтын арнайы кремдер жағып, жиі-жиі маска жасап тұру керек. Немесе бет массажына барған дұрыс.
- Сіз қандай кеңес бересіз?
- Арулар әдемі болғысы келсе, таңертеңгілік бетін суық сумен жусын. Ең дұрысы, косметикалық мұзды қолдану. Егер мұндай мұз болмаса, арнайы шөптер қосып, қайнатылған суды мұз салғызшқа қатырып қоюға да болады. Теріңіз майлы болса, сабын немесе тазартқыш лосьон қолданыңыз. Ал құрғақ және қалыпты терілер үшін бетті минералды су немесе салқындатылған қайнаған сумен шайған пайдалы. Су кеппей тұрып, теріңізге сәйкес келетін крем жағып алыңыз. Мұндайда крем теріге тезірек сіңеді. Тек осыдан кейін таңғы макияжға кірісуге болады.
- Қалай және қай уақытта боянған дұрыс?
- Адамның жанарынан ішкі жан дүниесін байқауға болады. Сондықтан қыз-келіншектер ең алдымен, көздің дұрыс боялуына ерекше мән беруі керек. Көптеген арулар көздің айналасын қара қарандашпен бояу арқылы үлкейтіп көрсетемін деп ойлайды. Бұл қате түсінік. Біріншіден, қара түс көзді әрдайым кішірейтіп көрсетеді. Екіншіден, қара түспен көздің асты-үстін айналдырып шығу дұрыс емес. Қазір жаз айы болғандықтан, ашық түстермен бояну керек. Перламутрлі түстер көзді үлкейтеді әрі әдемі етеді. Қара, қой көзді қыздар алтын түсті реңкпен боянғаны дұрыс. Бұл оларға жарасымды. Бұрын қастарын жіңішкертуге құмартушы арулар көп еді. Қазір сәнде - табиғи қастар. Сол себепті қасты баттастырып боямай, табиғи қалпын сақтап, білінер-білінбестей етіп, қарындашпен жүргізіп шығу жеткілікті. Ерінге де күтім керек. Далап жаққаннан гөрі жазғы күндері ерінге арналған блес жағып қойсаңыз болады. Ал беттегі тональді крем жұқа әрі тегіс болу үшін дымқыл спонжды қолданған дұрыс. Бұл тек кеңес қана. Ал макияж жасаудың жөні бөлек. Оны «клиенттің» киген киіміне және баратын жеріне ыңғайлап жасаймыз. Жалпы, әйел заты әдемілікті жақсы көреді ғой. Сұлу жүрген әйел өзін жақсы сезінеді. Көңіл күйі көтеріңкі жүреді.
Терінің қоректенуі
Теріні тазартқасын, оның қоректенуімен айналасу қажет. Есте сақтау керек, тері қоректік құралдарды таңертен, күндізжәне кешке талап етеді.
Қоректік маска үшін тәжірибеге барлық жемістер мен көкөністерді пайдалануға болады. Бұл маскалар көптеген дәрумендерді құрайды және терінің жақсаруы үшін қолданылады. Жақсы маска қиярдан, қызанақтан, тыква, банан, кивидан жасалынады. Үздік нәтиже үшін теріге қолданатын қажетті жемістер мен көкөністердегі дәрумендерді білу керек, Витамин А. Құрғақтықты жақсартады, өлі жасушаларды ашып, теріні жұмсақ қылдырады. Витамин А бәрінен бұрын құрғақ теріге қажет.
Витамин Е. Теріні солып қалудан сақтайды. Ол терінің үстіңгі қатпарына енеді. Жемістер мен көкөністерде Е дәрумен болса теріні жұмсақтатады, күн сәулесі үшін жеңіл фильтр болып табылады.
Витамин С. Тері үшін ең жеткіліксіз дәрумен болып саналады.
Әйелдің келбеті сыртынан басталады. Теріні күтудің үш түрлі себебі бар: тазалау, қоректену және тонусты ұстау. Егер осы көрсетілгендердің біреуі сақталынбаса, нәтиже мүлдем болмауы мүмкін.
Тазалау
Тазалау бет күтімінің ең бірінші этапы болып саналады. Теріні тазалау таңертең, күндіз, көбінесе кешкі уақытта тазалаған дұрыс. Шаң және басқа да кірлер терінің демалуына, дәрумендерге және қоректенуіне кедіргі жасайдыы.
Үнемі кешкі уақытта бетті тазалау жеткіліксіз, ал таңертең теріні жеңіл-желпі тазарту жеткілікті. Таңертен қайнатылған суық сумен жуынған абзал, су құбырындағы сумен және сабынмен жуыну қажет емес. Осылай жуынғаннан кейін физикалық және психикалық стресс әсерінен терінің нашар болуына шалдықтырады.
Басты қызмет атқаратын ылғалды коллаген және тканнің бекуі маңызды.
Витамин К. Өршудің дамуына әкеліп, ісікті азайтады. Жемістер мен көкөністердің құрамында кездесетін бұл дәрумен сыртқы қолданыс үшін дақ түскенде пайдаланылады.
Тонусты ұстау.
Солып қалған тері тазартудан кейін эпидермистегі ылғал құрамына жақсы әсер ететіні белгілі. Егер су көлемі азайса, сол сәтте кедір-бұдырлы болып, серпінділігін жоғарылатады, ұсақ әжім пайда бола бастайды. Бұл тәрізді барлық тері түрлерінде сондай болып, сондықтан оған тонизирлық емшаралар қажет. Осындай емшаралардың нәтижесінен кеңейтілген тері тартыла бастайды, тығыздама темірлердің белсенділігі төмендейді, тері ылғалға қанығады. Тері тазартып, қоректіндіріп, тонизация жасау арқылы сіз өзіңіздің бойыңыздан шаршағандықты, ширыққанды сезінесіз де күштін пайда болғанын байқайсыз.
Бірақ осыдан соң тері құрғай бастап, қызыл дақтар пайда болады. Бұған қарап сабын беттегі майды жоғалтатынын байқаймыз. Суды жұмсарту үшін кәдімгі ас содасын пайдалануға болады. Ол үшін 1 стақан суға 1 ас қасық соданы қосып, қайнатамыз да суытып қоямыз. Жуыну үшін ¼ бөлік стақан суды 1, 5 л сумен араластырыңыз. Ең қарапайым, кең таралған және пайдалы әдіс кешкі мезгілде мойынды және бетті тазарту үшін өсімдік майын қолданған абзал. Бұлемшараға кез-келген өсімдік майының түрі немесе сүйексіз май жарайды. 1-2 Қасық майды 1 −2 минут фарфорлықрюмочкаға немесе баночкаға ыстық суға салып қояды. Мақталы тампонмен жеңіл-желпі маймен терінің барлық үстіңгі бөлігін тазартуға болады. Содан соң майды шылқылдатып жағады. 2-3 минут өткен соң мақтамен сүртіп, лосьон, шай, ыстық сумен тазартуға болады.
Бет күтімі
Ерекше тазартатын тәсіл
Бетіңізді әбден жуып болған соң, сабын көбігіне бір шөкім қантты салып, әбден араластырып, осы көбікпен бетіңізді уқалап (массаж), бірнеше минут тұра тұрыңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Мұндай тазалау әдісі әрі кеткен және безеу шыққан бет терісіне өте пайдалы.
Теріңіз құрғақ болса
Ыдысқа 1, 5 ас қасық қант пен жарты ас қасық су құйыңыз. Отты өте жай қойып, соған қойыңыз. Қоспа қатты бола бастағанда оттан алып, әбден соғылған жұмыртқаның сарысын қосыңыз. Бірер минутқа тағы да жай жанып жатқан отқа қойып, 1 шай қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Бұл - құрғақ теріні тазалайтын таптырмайтын тәсіл.
Жуынуға арналған сұйықтық
Көкөністер, әсіресе қырыққабат (капуста), бұршаққап (боб) қайнатылған сулар өте дәрумендендірілген сұйықтық болып табылады. Оларды жаңа қайнап болған күйінде пайдаланған тиімді. Үнемі қолданып тұрсаңыз, теріңіздің күннен-күнге құлпырып келе жатқанын байқау қиын емес. Дермотологтер сыраның немесе шараптың көбігін теріге жақса, ешқандай дақ қалмайтынына кеңес береді.
Теріге арналған тағы да бір тұнба: 50 г ақшешек (тысячелистник) пен лаванда қосындысын 1 стақан суға салып, бәсең отта 15 минут қайнатып, сонан соң сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Осы тұнбаны таңертең және кешке бет және мойын терісіне жақса, тері құлпырып, жұмсарады.
Әжімді кетіру
Қиярдың жартысын сығып, шырынын алып, жұмыртқаның ағымен, бір ас қасық лимон шырынымен, бір ас қасық арақпен, бірнеше тамшы қарамаймен (бензойная смола) әбден көбік болғанша араластырасыз. Пайда болған сұйықтықпен бетті сүрту керек.
Бет маскалары:
Сүттен
Маскалар әжімді азайтып, жазып, қанның айналысын жақсартатыны ешкімге тансық емес. Сіздердің назарларыңызға тағы да бірнеше әсері күшті маскаларды ұсынып отырмыз. Сүт маскасы ең арзан әрі қарапайым. Мақтаның кішкене бөлігін сүтке малып алып, бет және мойын терісін сүртіңіз.
Сәбіз бен шалқаннан
Пісірілген сәбіз бен шалқанды (репа) әбден ұнтақтап, қоймалжың болғанша араластырасыз. Бетіңізге 10-15 минутқа қоя тұрып, сосын сүтпен жуып тастайсыз. Бұл маска теріні жас әрі таза етеді. Сәбіз А дәруменіне бай, ал шалқан жақсы тазартатын зат болып табылады.
Алмадан
Терісі тозып бара жатқан бетке үгітілген алмаға 1 ас қасық ірімшік, сүт немесе қаймақ қосып, жақсылап араластырады. Осы қоспаға теріңіз құрғақ болса, өсімдік майын, қаймақ қосып, бетте 15-20 минут ұстайды. Соңынан салқын сумен жуып тастайды.
Алманың қоймалжың қоспасына 1 шай қасық бал, 1 ас қасық ұсақталған сұлы дәндерін қосып, бәрін араластырады. Бетке 15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастайды. Бұл әлсіз, жұқарған бетке пайдалы.
Пісірілген алма қоймалжыңына бірнеше зәйтүн майын (оливковое масло) тамызады, оған 1 шай қасық бал араалстырады. Бұл маска терінің ерте қартаюына қарсы жасалған, өте пайдалы.
Картоптан
Бір ас қасық картоп шырынын бір ас қасық фуллерлі топырақпен араластырып, бетке жағасыз. Картоп С дәруменіне бай әрі теріні түрлі дақтардан тазартады. Фуллерлі топырақ кір мен майды сорып алады.
Құлпынайдан
3 түйір құлпынайды (клубника) езіп, бетіңізге жағасыз. Теріде 10 минут қалдырып, сосын сумен шайып тастайсыз. Құлпынайда С дәрумені бар, ол теріні жақсы тазартады. Теріні жақсы тазалайтын тағы бір маска: шабдалының жартысын езіп, бір ас қасық коньякпен араластырасыз. Теріде мұны да 10 минут қойып, шайып тастаңыз, көз алдыңызда теріңіз жасара түседі.
Жұмыртқадан
Бір жұмыртқаның ағын алып, әбден былғап, бетке жағасыз. 10-20 минут қалдырасыз. Маска терінің әжімдерін жазып, жиырады. Болған соң салқын сумен жуып тастайсыз.
Жұмыртқа мен ашытқыдан
Жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық сыра ашытқысын, бір ас қасық күнбағыс майын әбден араластырып, бетіңізге жағасыз да, 15 минутке қалдырасыз. Сосын сүтпен шайып тастайсыз. Бұл масканы бет терісінде дағы бар адамдар қолданса да өте пайдалы.
Барлық бет терісіне арналған
Алманың жартысын алып, тазалап ұсақтап турап, бір ас қасық бал, бір ас қасық аскорбин қышқылын, бір жұмыртқаның сарысын, бір ас қасық алма сіркесуын үш ас қасық сұйық маймен әбден араластырасыз. 30 минутқа бет терісіне қалдырып, салқын сумен шайып тастайсыз. Бұл - барлық бет терісіне арналған, әсері өте күшті маска. Сіркесуы терінің қышқыл қабатын қалпына келтіреді, алманың құрамында емдік қасиеті күшті пектин бар, аскорбин қышқылы, бал, жұмыртқа сарысы, май теріні қоректендіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz