Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы


Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы (1. 2. 1934 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылы) - Қазақстанның халық жазушысы (1996) .
Қазақстанның халық жазушысы (1996) . ҚазҰУ-ін бітірген (1957) . "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59), Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қостанай педагогикалық институттында оқытушы (1964), "Қазак әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964-68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988-92) қызметтерін атқарған. "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді. Жүнісовтің "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қызым, саған айтам" (1973), "Қос анар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), "Кроссворд" (1981), "Елім-ай", "Сабалақ Абылай", "Сәукеле", тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған. Жүнісов - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Л. Толстойдың, П. Федоровтың, В. Кочетовтың, С. Цвейгтің шығармаларын, О. Гончардың "Перекоп", "Көк адыр" романдарын тағы басқа қазақ тіліне аударған. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлыған иегері (1986) .
- ҚазМУ-ді бітірген (1957) .
- “Пионер” (қазіргі “Ақжелкен”) журналында (1957 - 1959),
- Қазақ драма театрында (1960 - 1964) бөлім меңгерушісі,
- Қостанай педагогикалық институтында оқытушы (1964),
- “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі (1964 - 1968),
- КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры,
- Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988 - 1992) қызметтерін атқарған.
- 1992 жылдан шығармалық қызметте.
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының жасөспірімдерге арналған тұңғыш әңгімелері студент кезінде жарық көрді. “Сонарда” (1958), “Әжем мен емші және дәрігер” (1961), “Кімнің мекені жақсы?” (1961), “Өшпейтін іздер” (1968) атты әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. “Жапандағы жалғыз үй” романы (1965) кезінде қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс ретінде бағаланды. Мұнда тың игеру кезіндегі қазақ даласындағы әлеуметтік қайшылықтар алғаш рет көркем шығарма арқауына айналған. Өнерде жарқын із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының әдебиеттегі көркем образын сомдаған “Ақан сері” романы (1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978) шығармашылық адамының қоғамдағы жеке трагедиясына ғана бойлап қоймай, 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды терең қопара көрсетіп берді. Туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілікті суреттейтін “Аманай мен Заманай” романы (1987) бойынша “Заманай” атты көркем фильм түсірілді. Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының “Ажар мен ажал” (1967), “Тұтқындар” (1972), “Жаралы гүлдер” (1973), “Қызым, саған айтам” (1973) сияқты драмалық туындылары республикалық және облыстық театрлар сахнасында қойылып, көрермендердің ықыласына ие болды. Онан кейінгі кезеңде “Қысылғаннан қыз болдық”, “Кроссворд”, “Қос анар”, “Әр үйдің еркесі”, “Елім-ай”, “Сабалақ Абылай”, “Сәукеле”, т. б. пьесалары көптеген театрларда табыспен қойылды. Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы - әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп, Л. Толстойдың, П. Федоровтың, В. Кочетовтың, С. Цвейгтің, О. Гончардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz