Моллюскалар туралы түсінік



Кіріспе
Моллюскалар туралы түсінік
Негізгі бөлім
1. Моллюскалар немесе былқылдақденелiлер типi
2. Моллюскалардың шығу тегi
3. Моллюскалардың көбеюi және дамуы
4. Моллюскалардың құрылысы және тiршiлiк процестерi
5. Моллюскалардың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Моллюскалар типi жануарлардың әртүрлi топтарын бiрiктiредi. Бұл баяу жорғалайтын ұлулар мен шырыштар және шамалы отырықшы қоссауыттылар (соның iшiнде жеуге жарайтын теңiз түрлерi) және өте елгезек басаяқтылар. Қазiр 80000 астам тiршiлiк ететiн және 35000 жуық қазба түрлерден тұратын бұл жануарлар типi көлемi жағынан буынаяқтылардан кейiн ғана екiншi орында тұр. Басаяқты моллюскаларға ең iрi омыртқасыз жануар, салмағы бiрнеше тонна, ал ұзындығы 16 м-ге жететiн алып кальмар жатады.
Типтiң түрлi өкiлдерiнде қорғаныс суыттың, iштей және сырттай ұрықтануды және газ алмасуда өкпе мен желбезектi пайдалануды қамтамасыз ететiн механизмдердiң пайда болуы, молюскаларға су мен құрлықты басып алып түрлi экологиялық орталарды мекендеуге мүмкiндiк бердi.
1. Қазақ энциклопедиясы 7 том, 6 бөлім
2. Орысша - қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік. 1-том. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы 1959ж
3. biologia.my1.ru
4. 1referat.kz
5. el.kz

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Моллюскалар туралы түсінік
Негізгі бөлім
Моллюскалар немесе былқылдақденелiлер типi
Моллюскалардың шығу тегi
Моллюскалардың көбеюi және дамуы
Моллюскалардың құрылысы және тiршiлiк процестерi
Моллюскалардың маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Негiзгi белгiлерi:

1.Сегменттелмеген целомды үшқабатты жануарлар.
2.Екiжақты симметриялы.
3.Денесi бас, тұлға және аяқ бөлiмдерiнен тұрады.
4.Сыртқы жамылғысы жұмсақ, iзбестi бақалшағын түзейтiн дененiң жан-жағында  мантия қатпары орналасады.
5.Жүрегi бар, қан айналым жүйесi ашық.
6.Тыныс алу пигментi – гемоцианин.
7.Нерв жүйесi жұтқыншақ маңындағы сақинадан, бас және плевзольдi, педальдi ганглийлерден тұрады.
8.Жұмыртқадан трохофора личинкасы дамиды.

Моллюскалар немесе былқылдақденелiлер типi

Моллюскалар типi жануарлардың  әртүрлi топтарын бiрiктiредi. Бұл баяу жорғалайтын ұлулар мен шырыштар және шамалы отырықшы қоссауыттылар (соның iшiнде жеуге жарайтын теңiз түрлерi) және өте елгезек басаяқтылар. Қазiр 80000 астам тiршiлiк ететiн және 35000 жуық қазба түрлерден тұратын бұл жануарлар типi көлемi жағынан буынаяқтылардан кейiн ғана екiншi орында тұр. Басаяқты моллюскаларға ең iрi омыртқасыз жануар, салмағы бiрнеше тонна, ал ұзындығы 16 м-ге жететiн алып кальмар жатады.
Типтiң түрлi өкiлдерiнде қорғаныс суыттың, iштей және сырттай ұрықтануды және газ алмасуда өкпе мен желбезектi пайдалануды қамтамасыз ететiн механизмдердiң пайда болуы, молюскаларға су мен құрлықты басып алып түрлi экологиялық орталарды мекендеуге мүмкiндiк бердi. Аса елгезек моллюскалардың қимылдауына бөгет болатын сауыт өзгередi немесе жойылады.
Моллюскалардың аннелидтәрiздi ата-тектерден шыққандығы туралы сенерлiк мәлiметтер бар. Мысалы, молюскаларда да, полихеттерде де жұмыртқаның спиральдi бөлшектенуiнiң нәтижесiнде бiрдей трохофора личинкасының түзiлуi тән. Жақында табылған тiрi қазба Neopilina моллюскасының желбезек, гонадалар, зәр шығару мүшелерi мен аяқ бұлшықеттерiнiң метамериясы көне моллюскалар аннелидтер сияқты сегменттелген денеге ие болғанын тұжырымдауға мүмкiндiк бередi.
Бiрақ моллюскалардың шығу тегi туралы мәселе шешiмi әлi жоқ.

Моллюскалардың шығу тегi

Моллюскалар типiнiң өкiлдерi, жойылып кеткен организмдер  қалдықтарынан тұратын жердiң көне қабаттарынан белгiлi, ал нақтырақ айтсақ, кембрий мен силур кезеңдерiнiң қалдықтарынан белгiлi және бұл кезде моллюскалардың әртүрлi класс өкiлдерi тiршiлiк еткен.
Бұл факт, моллюскалар типiнiң эволюция процессiнде айрықшалануы, жердiң, ешқандай өлi организмдер қалдықтары сақталмайтын,көне кезеңiнде пайда болу керектiгiн көрсетедi. Бұл жағдай себебiнен, моллюскалардың шығу тегiн, палеонтологиялық мәлiметтер негiзiнде анықтау мүмкiн емес, сол себептен бiз салыстырмалы анатомия және эмбриология материалдарына сүйенемiз.
Эмбриология мәлiметтерi, моллюскалардың буылтық құрттар мен туыстығын аса айқын көрсетедi. Бұл туыстықты, ұлулардың екiншi реттi қуысты жануарларға жататындығы және оларда перикард қуысының (яғни, целом қалдығы) болуы көрсетедi.
Кейбiр зерттеушiлер буылтық құрттар мен ұлулар ұқсастығын, моллюскалардыңқарапайым формалары — мысалы сауытсыздарында, жүйке жүйесiнiң құрылымынан метамерияның кейбiр iздерiнiң табылуымен түсiндiредi. Зерттеушiлер, моллюскалар буылтық құрттардан пайда болды деп есептейдi.
Молюскалардың дамуы буылтық құрттардың дамуына ұқсас. Жұмыртқа бөлшектенуi бiрдей жүредi. Моллюскаларға тән дернәсiл — велигер, аннелида дернәсiлi – трохофораға өте ұқсас.
Басқа зерттеушiлердiң айтуынша, алғашқы көне моллюскалар буындалмаған жануарлар болып есептелген, олар буындалмаған жалпақ құрттардан пайда болған дейдi.
Сол себептен моллюскалар типiнiң шығу тегi туралы сұрақтарда толық жауаптар жоқ.
Сауытсыз моллюскаларды, көптеген зерттеушiлер, көне сауытты моллюскалардың ұрпағы ретiнде қарастырады, олар өз эволюциясында сауытын жоғалтып, соған сәйкес басқа да белгiлерiн өзгерткен.
Моноплакофораларда – iшкi және сыртқы метамерия белгiлерi бар, моллюскалардың құрылысын талқылауда, көптеген қарама-қайшылықтар туады.

Моллюскалардың көбеюi және дамуы

Құрсақаяқты ұлулардың көбеюi. Жынысты. Гермафродиттер. Ұрықтануы айқасты, iшкi. Iркiлдек баулармен байланған жұмыртқа салады.
Құрсақаяқты ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан 20-шы күнi ұлу дамиды.
Қосжақтаулы ұлулардың көбеюi. Дара жынысты жануарлар. Ұрықтануы iшкi. Жұмыртқа аналық безде түзiлiп, сумен бiрге сперматозоидтар түсетiн мантия қуысында ұрықтанады.
Қосжақтаулы ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан дернәсiл түзiлiп, ол шығару сифоны арқылы жүзiп бара жатқан балыққа бекiнедi. Балық денесiнде дернәсiлдер екi айға дейiн дамып, содан соң су түбiне түсiп, еркiн тiршiлiк етедi.

Моллюскалардың құрылысы және тiршiлiк процестерi

Жамылғысы. Барлық моллюскалардың денесi мантиямен – терiлi қатпармен қапталған. Мантия мен дене арасында қоршаған ортамен байланыс түзетiн мантия қуысы болады.
Асқорыту жүйесi. Ауыздан (хитиндi тiстерi бар тiл), жұтқыншақтан, өңештен, қарыннан, iшектен, бауыр және аналь тесiгiнен тұрады. Көптеген моллюскалар өсiмдiкпен қоректенедi.
Қосжақтаулы моллюскаларда су мен қорек заттары кiру сифонынан кiрiп ары қарай жұтқыншаққа, қарынға, iшекке өтiп шығару сифонымен аяқталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Ластаушы заттардың миграциясы
Моллюскалар типi
Құрсақаяқты моллюскаларды қолдан өсіру
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Қапшағай суқоймасының қоректік қоры
Мұнай кенорындарындағы экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық аспектісі
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Төменгі сатыдағы жануарлар
Пәндер