Салық түрлері және түсінігі


Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің экономиксының өркендеп, халық тұрмысының жақсаруына негізінен салық үлкен роль атқарады. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушімен салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру.
Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіпорын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі - жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр - танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т. б. ) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салық комитеті - салықтардың барынша түсуін және оның қызметіне қоғамның барынша қанағаттануын қамтамасыз ететін басқарудың тиімділігі жоғары жүйесі бар мемлекеттік орган.
Мемлекеттік орган ретінде салық қызметінің миссиясы стратегиялық бағытымен салықтардың толық түсуін қамтамасыз етуді анықтайды. Салық қызметінің Көрінісіне жету үшін тағы да екі стратегиялық бағыт белгіленеді: салық қызметі органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары салық қызметін құру.
Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпін.
I. САЛЫҚ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ
1. 1. Салық туралы жалпы түсінік
Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарлары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды) .
Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің (бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.
Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші - заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер) .
Табыс көзі - есебін салық төленетін табыс.
Салық ставкасы - салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т. б. ) .
Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.
Прапорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогресивтік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивтік - табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Салық салу - бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған .
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағида қолданады:
• Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;
• Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;
• Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;
• Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;
• Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау;
Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады.
Бұған кіретіндер:
1. Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетін артырған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.
2. Салық нысан, яғни табыс және мүлік, осылардың салық есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік) .
Салық көзі - бұл қоғамның таза табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.
Салық мөлшері - салықтың маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.
1. 2. Салық түрлері.
Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
• Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
• Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады (мысалы акциздер ) . Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына аударылады.
Жанама салықтардың негізгі түрлері:
Дамыған елдердегі салық салу тәжірбиесіне сүйенсек салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізінен табыс салығы адамдардың және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогресивтік салық салу және қосымша құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс деп заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Жеке табыс салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын салым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады. Бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалынады. Түпкі есеп салықтың бір түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдің салық жүйелерінің орталық ұқсастықтары болады, сонымен бірге салық жүйелерінің көбіне серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне түседі деп есептелінгендіктен табыс салығы серіктестікке, оның мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасының төменде тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогресивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.
Заңды тұлғаларға табыс салығы - корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық.
Көп елдерде бұл тікелей прогресивтік салық болып табылады. Осы салық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz