Инфляция және оның түрлері



Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның найда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады1. «Іnflatiо» (инфляция) - ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша іnflatiо —«іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған - американ экономисі А.Делмар. Ол 1864 ж. Нью - Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын коп мөлшерде қағаз ақшалар («гринбаксы» —green backs «зеленые спинки») шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар «іnflanio» («вздутие бумажного пузыря») деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым коп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция,Ұлыбритания,Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданылын, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789-1774 ж.ж. Революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60%-ға дейін төмендеді. Инфляция дегеніміз қағаз ақшанң құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-аухатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығын басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Инфляция және оның түрлері

Инфляция мәні және түрлері

Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның найда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады1. Іnflatiо (инфляция) - ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша іnflatiо -- іштің қампиюы, ісініп өсуі деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған - американ экономисі А.Делмар. Ол 1864 ж. Нью - Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын коп мөлшерде қағаз ақшалар (гринбаксы -- green backs зеленые спинки) шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар іnflanio (вздутие бумажного пузыря) деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым коп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция,Ұлыбритания,Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданылын, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789-1774 ж.ж. Революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды. Алғашқы рет инфляция деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.ж.) орасан зор гривналар ақша орнына қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар) шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60%-ға дейін төмендеді. Инфляция дегеніміз қағаз ақшанң құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд. алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20 млрд. доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-аухатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығын басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән ғажайып құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік - экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады. Инфляция -- бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы -- бұл баға белгілеу үдерісіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
алтынға;
тауар;
шетел валютасына.
Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлардың бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейді.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;
жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан бақылау жасап отырады;
инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
Таралу орнына қарай:
локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
дуниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
Бағаның өсу қарқынына қарай:
баяу инфляция -- баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
орташа инфляция -- баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
ұшқыр инфляция -- баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.
Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш -- тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.
Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.
Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:
ТБИ = (Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы) (Базалық жылдағы тұтыну ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
Инфляция туралы
Инфляцияның көрініс табу формалары және мәні
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ
Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның мәні, түрлерi
IS-LM моделі
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Пәндер