ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса

"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ
ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері
сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында
зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы
құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-
күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы
мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық
Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті
деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы
кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ
әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау
дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан
сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың
сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет
ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді.
Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан
деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік
алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш
Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі
ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет
Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы
талданды.
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет
жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша
кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды.
Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік
жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай
кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де
шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының
парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына
соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он
сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан
шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да
бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи
шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ
ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін
емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей
еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі
әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі
әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі
арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің
мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік
соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар,
күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби
шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.
Тарихи шындық пен көркемдік шындық арасындағы сабақтастық бұрынғыдан
да айқын көрінді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол
кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі осындай
әу бастан жаратылысы бір көркемдік құбылыстардың ішкі бірлігінен туындайды.
Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-
әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия
кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты
өзгерістер әкелген.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген
саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-
салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс
тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын,
ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару
жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан
наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы
жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан,
толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас
көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді
кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да,
жүрісінен де жаңылған жоқ.
Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп
талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму
заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін
ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін,
дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар
дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында
да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы
дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз
болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған
шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат,
Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп
үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.
Соған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай
кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура
келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан
алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш
дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші
жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет
те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді.
Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы
қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік
әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси
күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен
ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің
қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-
соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес.
Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі
тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім.
Қазақ әдебиеті тарихының төртінші томындағы зерттеулер мен талдаулар
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы (1800-1850 жылдар аралығындағы)
әдебиеттің даму заңдылықтарын қамтиды. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы
қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама
жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды.
ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келіп шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда
көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп,
әдеби шығармалар жазған тарихи тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі
ғылыми айналымға ұсынылды. Отыздан аса ақын-жыраулар мұралары қарастырылды.
Сол кезеңдегі әдебиеттің даму тынысының өзіндік ерекшеліктері сипатталып,
негізгі заңдылықтары зерделенді, он бес ірі суреткерлердің шығармашылық
портреттері жасалды.
Әдетте әдебиет тарихына қатысты академиялық басылымдарға шығармалары
жете зерттеліп, зерделенген, белгілі бір ғылыми тұжырымды көзқарас
қалыптасқан тұлғалар қосылатындығы белгілі. Қай ғасырда да қазақ ақын-
жыраулары, көркем сөз шеберлері көп болғандығы да шындық. Бұл ХІХ ғасыр
әдебиетіне де қатысты жай. Қолжазбалары мұрағат қорларында сақтаулы,
мерзімді баспасөзбен бірді-екілі кітаптарда шығармалары тиіп-қашып
жарияланған, немесе мұралары жарық көрсе де зерттеліп, бағалана қоймаған
ақын-жыраулар тіпті көп. Кейбірінің әдеби-көркем мұралары ауқымды болып
келсе, енді біреулерінің үш-төрт, әлде оншақты өлеңдері мен айтыстары ғана
сақталып қалған. Тәуелсіздік алған жылдардағы егемендік пен еркіндік бұл
салаға да өз жаңалағын әкелді. Көптеген ақын-жыраулар әдеби айналымға
қосылды. Сонымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әр ауылдан ақындар
мен батырларды атап-түстеп, дәріптеу үрдісі басталды. Бұл көбінесе жер-
жердегі әуесқой әдебиетшілер мен әдебиет жанашырлары тарапынан шашыраңқы,
стихиялы түрде жүрді. Кейінгі жылдарда арнайы ғылыми мамандандырылған
экспедициялар шығару дәстүрі мүлде тоқтап қалғандықтан, ел ішінде бастау
алған әдеби мұраларды жинап-насихаттау мақсатындағы талаптардың бәрі бірдей
ғылыми тұрғыда тиісті деңгейде нәтиже бере бермейді. Міне, осындай
себептермен, жеткілікті зерттеліп, белгілі бір ғылыми тұжырым түйіп
үлгермегендіктен ақын-жыраулардың енді бір қатарының шығармаларын
академиялық зерттеу кітабына қосудың реті келмеді. Бұл әдебиеттану
ғылымының үздіксіз жалғаса беретін, кезең-кезеңімен атқарылатын төл ісі.
Енді бірқатар ақындардың есімдері мен шығармалары аталып, қысқа мағлұматтар
ұсынылды.
"Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары (ХІХ ғасыр мен ХХ
ғасырдың бас кезі)" ғылыми-зерттеу жобасы авторларының құрамында көрнекті
әдебиетшілер мен белгілі әдебиет зерттеуші мамандар атсалысты. Енді
еңбектің құрылысына келсек, төртінші томды жазуға ғылыми жобаның жетекшісі,
филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қ.Егеубаев ("Кіріспе", "ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары", "Көтеш Райымбекұлы"),
филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz