Егер мен Президент болсам


Егер мен Президент болсам . . .
Қазақ» деген сөз еркіндік деген мағына береді. Ата-бабамыз ғасырлар бойы сол еркіндікті аңсаған. Сол жолда «жандарын шүберекке түйіп» найзаның ұшы, білектің күшін сан мәрте жұмсаған. Қазақта халықтың қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Солардың ішіндегі бірегейі - Абылай хан. Ал қазіргі қазақтың бүгінін бүтіндеп, ертеңін ойлап, егнемендіктің тұғырын нықтап жүрген біздің бірінші Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Алла тағала әр халыққа сол халықтың қамын ойлайтын дара тұлғалар береді. Біздің Президентіміз жоқтан бар жасаған Ел басшысы. Қиналса да өзінің пайымы мен парасатының салиқалы саясатының, көргенді көрегендігінің арқасында «қазақ деген халықты, дүние жүзіне танытты». Егеменді елдің тізгіні мен шылбырын қатар ұстаған күннен бастап талай қиындықтарды артқа тастап қазақ деген халықтың ұлы көшін бастап, ұлттың ұлылығын сақтап, дарыны мен даналығының арқасында дүние жүзі таныған қазақ деген халықтың Тұңғыш Президенті.
Президентіміз қандай істі бастаса да «жеті өлшеп, бір кесетін» санасында салиқалы ой, жүрегінде батыл шешім, тереңнен ойлап, тебіренетін - Ұлт басшысы.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін бірнеше мысал:
Бірінші: егемендік алып, ел болғанда аяққа нық тұрып алу үшін шет елден инвестиция тартып, ақаша жасау. Тұрып қалған өнеркәсіпті, зауыттар мен түрлі өндіріс орындарын іске қосты.
Екінші батыл шешімі ел астанасын Сарыарқаға көшіріп, елдің астанасын - Астана қаласын салу.
Үшінші - «Болашақ» бағдарламасы. Президентіміздің бұндай батыл шешімдеріне сан мысал келтіруге болады. Мемлекеттік жұмыстардың барлық салаларында спорт пен мәдениет, ғылым мен техника, өнер мен білім т. б. Елдің болашағы - жастар. Жастарға сенім білдіріп, оларға мемлекеттік жұмыстарды сеніп тапсырып, үнемі олармен кездесіп, пікірлесіп, ақыл-кеңесін айтып отыруға уақыт табуының өзі - кемеңгерлік, көрегендік.
Мысалы: жақында «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына орай жастармен кездесуі.
Қорыта айтқанда Н. Назарбаев - қазақтың бағы мен бақытына біткен дара тұлға, ұлықты ұлт басшысы, кемеңгері.
Мен осындай Президенті бар елдің азаматшасы болғанымды мақтан тұтамын. 17 млн қазақстандықтар сияқты мен де өз Президентімді - менің Президентім деп мақтанышпен айта аламын. Ол өзін дүние жүзіне мойындатқан, оны дүние жүзі мойындаған алысты айқындайтын, кемелі мен кемеңгерлігі күшті саясаткер.
Президент - бір елдің көшбасшысы, халықты алға бастаушы бірден-бір адам. Президент болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен кемеңгерлік пен асқан жауапкершілік және ең бастысы мықты саясаткер болуың керек. Елбасының басты міндеті біреу ғана, ол халықты тек жарқын келешекке жетелеу. Ал егер де мен Президент болсам, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының сара жолын жалғастырып, еліміздің ғұмыры ұзақ болуы үшін қолымнан келгенін аямас едім. Ең алдымен тілдің мәртебесін көтерер едім. Себебі, тілі мен дінін жоғалтқан халық, тамырынан айырылған ағаш сияқты, ғұмыры қысқа болады. Екіншіден, өзіміздің ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық ойындарымызды, ою-өрнектерімізді, ұлттық киімдерімізді патенттеп, әлемге танытатын едім. Қазақ халқын әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын. Үшіншіден, Қазақстанда дамымаған жол торабын, теңіз жолын жандандыруға күш салар едім. Әрине, мүмкін еместей көрінер, бірақ осыдан 23 жыл бұрын да Қазақстанның аяққа тұрып кетуіне де күмәнмен қарағандар көп болды, алайда еліміз қысқа уақыт ішінде көркейіп, жоғары деңгейге жетті, сондықтан мүмкін емес нәрсе жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы әр қазақтың жүрегі "Мен - қазақпын" деп соқ-са, еліміз бұзылмас қамалға айналады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!!!
Егер мен Елбасы болып сайлансам мен, онда мен бірінші орында Қазақстанымыздын басқа елдерден тәуелді болуын тоқтатар едім. Қазақстан биологиялық жағдайы өте жақы мемлекет. Атап айтқанда, мұнай мен газдан және басқа да кен орындарына толы. Бірақ біз экспрттан гөрі ипртты көп қолданамыз. Оны тоқтату үшін қазақстандық адамдарға жаңа технология жасап шығартып, елімізді дамытуға көп үлес қосар едім. Мемлекет өзін-өзі керекті тағам, киім, мүлік, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге. Сонда ғана Қазақстанның экономикалық жағдайы жақсарып, шет елдерді керек қылмайтын болды және Қазақстанда жұмыссыздық азая түседі. Қазіргі таңда бүкіл Қазақсатан әсем табиғатын қоқыстар құртуда. Мен үлкен қоқыс жаңартып, қайта шығаратын зауыт және фабрикалар ашар едім. Сонда Қазақстанда тастандыларды болмас еді. Келесі, қозғайтын мәселе, бұл Қазақстанның Білім беру саласы және Медицина. Қазіргі жастар технология жағынан өте қарқынды дамып келеді. Сол себепті оларды оқуға қызығытым азайды. Мен Білім беру саласына жаңа бағдарлама құрастырып және оны жаңа техналогиямен байланыстырар едім. Осылайша қазақ жастаратын оқуға деген ынтасын арттырар едім. Ал, медицинаға келетін болсақ, онда ең алымен жедел жәрдем көліктерін көбейтіп және тегін медициналық көмектер жағына көп назар аударар едім. Жаман ауырулар емдеу түрлерін шыққан сайын, Қазақстан барлық дәрігерлері оны білу міндетті етер едім. Тағы бір талқылайтан мәселе ол - еліміздің және халықтын тұрмастық жағдайы. Халықтың алатын жалақыларын және қарттар ақша несиелерін көтерер едім. Қалалардағы үйлерге қысы-жазы ыстық су бергізіп және жылуды ерте қосып кеш өшіреткізер едім. Ауылды аумақтарды толығымен жарықпен және байланыспен қамтамасыз болар еді.
Елбасымыздың еңбегі үлкен ғой, ондай адам менімше 100 ғасырда бір туар. Мектепте жүргенде осындай тақырыпта шығарма жазғандық, мен президентіміздің істегенін істейтін едім деп қоя салғандым. Ал қазір ойланып қарасам күлгім келед. Менде ойымды айтып көрейін, әрине мақсатым президент болу емес. Ең бірінші мына әлемдегі ең мықты саясаткерлердің жазып қалдырған кітаптарын тапқызып, аудартар едім. Неге дегенде олар өздерінде кездескен проблемаларды жазып оларды жою үшін не істегендерін айтар еді. Оларда туындаған мәселелер бізде де туындауы мүмкін ғой. Екінші әлемде әр саланың ең мықты профессорлары бар біреуі саясаткер, екіншісі экономист дегендей олармен кездесіп ақыл бөлісер едім. Әрине олардың айтқанынымен жүріп қалмайм. Мәселен дамушы Қазақстан мемлекетінің экономикасын қалай көтеруге болад? дегендей сұрақ қойсам ол маған өз ойларын айтар еді ғой. Қысқасы елбасымыздың қалдырған ізін жалғастырушы едім. Еліміздің ертеңі жарқын, болашағы баянды болсын!
Егер мен президент болсам дәл елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев секілді дара да дана тұлға болар едім. Ол кісі жаңа идеялардың авторы. дара да дана тұлға. Халық үшін, елі үшін жаратылған ғұлама. Елбасыма үлкен алғыс білдіремін осындай тәуелсіз бейбіт өмірде сүріп жатқаныма. Әрине осындай көк аспаннын астында, алтын күннің шуағында өмір сүргенім, қазақ елінің басшысының ұстанған саясаты мен ерен еңбегінің, көрегендігі мен даналығының арқасында. Елбасымыздың сыртқы және ішкі саясатты қатар алып елінің тыныштықта болуын, және қазақ жерін Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, паш етуінің өзі мақтануға тұрарлық. Әрине біраз жұмыстар атқарылды аз уақыттың ішінде, енді көп ұзамай біршама жерлердегі ауылдық өлкелердегі тұрғындарды ауызсумен, светпен, мектеп бала бақшамен қамтамасыз етілсе керемет болар еді. Бірақ бізге елбасы қашан жағдай жасайды деп күтпей біз жастар еренбй еңбек етіп, жаңа технологияларды меңгеріп, білімнің биік шыңына жетіп жаңалықтар ашып өркендеуіміз керек. Егер жастар талпынбаса, үлкендер қолдамаса біз өз жағдайымызды өзгерте алмаймыз. Сол үшінде егер мен президент болсам жастар жастар жастар деп барлық мүмкіншіліктер мен мүмкін еместерді пайдаланар едім. Өйткені жастар еліміздің капиталы, инвестициясы, ең бастысы болашағы бар байлығы. Сондықтан жастар тек армандамай әрекет етуге талпынайық. . Өз еліміздің туын биік. тілін қастерлі, рухын биік ұстайық.
Егер мен президент болсам адамдардың бақытты өмір сүргенін, ал балалардың ақылды әрі денсаулықтары мықты болғанын қалар едім. Ата-аналардың ақшасын көп қылып, аталар мен әжелерге көмектесемін. Сосын әр үйдің ауласында балалар ойнайтын үлкен аула, сырғанақ, бассейн салғызамын.
Егер мен Президент болсам . . . Арине, армандау десе кай-кайсысымыз болса да иштеги арман-киялымызды кенге карай самгатамыз, ширкин деп кана журе беремиз, алайда АРМАН тек арман гана болып калады. Тири адам тиршилигин жасау керек демекши, алга карай умтылып, озимиздин жаркын болашагымыздын улгаюына себепши болуымыз керек, кунделикти козбен корип, кокейге туйип жургенимизди, арине осылардын ишиндеги улги аларлыктай жагдаяттарды санамызда сактап кана коймай, биз де талпынуымыз кажет. Адам баласынын колынан жаксылыктын бари келмесе де, жамандык келеди деп жатады, бул орынсыз айтылган соз, биз жай гана санамызга солай кабылдап алганбыз . . . Менин колымнан бари келеди, мен де, типти Елбасымыз Нурсултан Абишулы Назарбаев та, сонымен катар сиздер де жай гана пендемиз, жалкаулыкпен курессек колымыздан келмейтин нарсе калмай да калуы мумкин, тек енбек етуимиз керек . . . ал, егер мен Президент болсам . . . арине узааак сойлеуимди кажет ететиндеймин . . .
Егерде мен призидент болсам қазіргі үйлері жоқ адамдарға үй киімі жоқтарға киім беретін едім. Ал әкімдерге келетін болсақ оларды бірінші кезекте жұмыстарынан босататын едім өйткені олар ештене істемейді олар тек өздерін ғана ойлайды. Призидент болу менің басты АРМАНЫМ болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz