Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т. б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел - бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел - қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т. б.

Инвестициялық тәуекел - бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел - бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

  1. Материалдық зиян - бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
  2. Еңбек зияны - жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
  3. Қаржылық зиян - бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т. б.
  4. Уақытты жою - бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
  5. Арнайы зиян түрлері - бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
  6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т. б.
  7. Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру

Тәуекелділік жағдайында шешімдер қабылдау кезінде қолданылатын нақты әдістер мен тәсілдер кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған мақсаттар жету стратегиясына тәуелді болады. Сонымен бірге тәуекелді басқару теориясы мен практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

Тәуекелдерді талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т. б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

Тәуекелді төмендету - тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше - тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді басқару мәселелерін шешуде басты орын алады, өйткені ол тәуекелді төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

Тәуекелді басқару бойынша шараларды тікелей өткізу кәсіпорынның негізгі өндірісітік және басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

Сондықтан тәуекелді басқару бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

Қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды төмендетуде қызығушылық тудыратын кез келген кәсіпорын өзі үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

- қаржылық тәуекелмен байланысты мүмкін жоғалтуларды бағалау;

- фирма белгілі бір тәуекелдерді өзінде қалтыра ма, яғни олар бойынша өзі жауапты бола ма, не олар бойынша жауапты басқа субъектілерге беретіндігі туралы шешім қабылдауы тиіс;

- негізгі мақсаты мүмкін жоғалтуларды төмендету болып табылатын тәуекелдерді басқару бағдарламасын жасау қажет.

Бұл міндеттерді тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасау негізінде мүмкін. Антитәуекелдік менеджерде тәуекелді басқару бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін барлық қажетті ақпараттар болуы тиіс.

Тәуекелді басқару мақсаттары мен міндеттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелді басқару негіздері
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджменте тәуекелдерді басқару
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Тәуекелді басқару және сақтандыру
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпкерлік тәуекел жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz