Жер ресурстарының құрылымы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
a. Жер ресурстарының құрылымы.
b. Егіншілікке пайдалану дәрежесі. Топырақ-климаттық зоналардың биоөнімділігі
c. ҚР жер ресурстарын пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі мұнда құнарлы топырақ, ал топырақтың әр қилы өсімдіктер өсіп, органикалық заттар қорын жинап ауаға оттегін бөліп шығарып, басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар аймақтар аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 7%-ын мұхиттар алып жатыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын халық мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар т. б. көптеген коммуникациялар алып жатыр.
Негізгі бөлім
Жер ресурстары құрылымы
Қазір бұрынғы Одақ елдерінің халқы 300 млн-нан астам. Қазіргі жер бетіндегі 7 млрд халық одан әрі арта түспек. Айта кететін жай қазірдің өзінде БҰҰ-ның мәліметіне қарағанда, Жер шарындағы халықтың 200-500 млн-ға дейіні аштыққа жиі ұшырауда, әр секунд сайын бір адам аштан өледі, ал 1, 5 млрд адам сапалы тамақ жемейді.
10 кесте
Ф. Н. Шипуновтың (1968) мәліметі бойынша жер бетіндегі құрғақ жерлер көлемі, млрд гектар есебімен
Құрғақ
жер ауданы
Бар-
л ы ғы
11-кесте
Әлемдегі жер қорының пайдаланылуы (Р. Ревелъ, 1976)
Егістікке жарамды
жерлер, млн га
Жыртылған жерлер
млн га, 1965 ж.
Австралия мен
Жана Зеландия
12 кесте
Бұрынғы КСРО елдерінде жер қорының 1975 жылдың 1 қарашасына дейінгі пайдалану көрсеткіші (В. П. Прошляков, 1979)
Колхоздар мен совхоздар жсрлері
Халык мекендеген жерлер
1034, 8
9, 4
46, 8
0, 4
547, 4
2, 9
90, 6
0, 5
224, 7
0, 7
99, 3
0, 3
13-кесте
Бұрынғы КСРО елдеріңде жыртылған жерлер мен жыртылуға мүмкін жерлердің көлемі, млн га есебімен (Н. Н. Розов, С. А. Шувалов, 1973)
Дүниежүзілік топырақ картасының авторының бірі В. А. Ковданың мәліметіне қарағанда (1974), құрғақ жердің басым көпшілігі егіншілікке онша қолайлы емес. Құрғақ жерлердің 70% - аз өнім беретіи алқаптар, оның 20% - өте салқын аймақта, 20%- өте құрғақ аймақта, 20% - өте биіктік беткейлерде орналасқан, ал 10%-ы - топырақ қабаты өте жұқа. Сонымен құрғақ жердің тек 30%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүр. Оның ішінде 10%-ында егіншілік егілсе, 20%-ы жайылым, шалғынды және шабындық жерлер.
11-кестеде жер шарындағы әрбір континенттер және бұрынғы КСРО елдеріндегі егістікке жарамды жер қорлары мен қазіргі егістікке игерілген жер көлемі жайында америка ғалымы Р. Ревельдің мәліметтері (1976) келтірілген.
Қазірдің өзінде ашаршылық жер шарының кейбір бөліктерінде кездесіп отырса, келешекте адам саны қазіргіден бірнеше есе көбейген кезде не болмақ? Бұл сұраққа әркім әр кезде әрқалай жауап берген. Мәселен, XVIII ғасырдың аяғында ағылшын эпископы Мальтус коғамның тұтыну қажетінің шексіз өсуі мен өңделер жердің шектелуі арасындағы үйлесімсіздік, сондай-ақ жер құнарының жылдан-жылға кемуі қайыршылықтың, кедейліктің т. б. бақытсыздықтың себептері болып табылады деп санады. Былайша айтқанда, Мальтус «теориясы» бойынша, Жер бетіндегі халық үдемелі геометриялық прогрессиямен өссе, халықтың тұтыну заттары арифметикалық прогрессиямен өседі, сондықтан адам баласы бақытты өмір сүргісі келсе, халықтың өсуін тұтыну заттарының өсуіне үйлесімді етуді қадағалап отыруы керек деді, яғни ол халықтың жиі-жиі соғыс арқылы немесе эпидемиялық аурулар арқылы қырылып тұруын мақұлдады.
Егіншілікке пайдалану дәрежесі. Топырақ-климаттық зоналардың биоөнімділігі
Жер шарындағы барлық жердің қазіргі уақытта тек 1, 5 млрд гектарға жуығы немесе құрғақ жердің 10%-дайы ғана жыртылған. Ал алыстағы болашақта күрделі мелиорациялауды қажет ететін батпақты жерлерді құрғатып, шөлді жерлерді суарып, теңіз бен мұхит суларын тұщытып егін суаруға пайдалану арқылы игеруге мүмкін 5 млрд гектар жермен 18-20 млрд халықты асырауға толық болады.
Американың көрнекті прогресшіл оқымыстысы, профессор Р. Ревельдің ғылыми негізде жасаған есебі бойынша, қазіргі техникалық жетістіктерімізді ауыл шаруашылық өндірісіне енгізіп, бос жаткан жерлерді мелиорациялап, түгел игерген кезде 100 млрд адамға тамақ өндіруге болатынын дәлелдеді. Жер бетіндегі халықтын өсу қаркыны соңғы жылдарғы мөлшермсн дамыса жылына 1, 5-2%, жер шарындағы халықтын 100 млрд-қа жетуіне 200 жылға жуық уақыт керек. Осыған шамалас есепті Қазақстанның белгілі топырақ зерттеуші ғалымы, Ғылым академиясының академигі, профессор В. М. Боровский де жүргізген (1975) .
Бұл келтірілген есептеулер мен мүмкіншіліктер жер шарының адамды асырау мүмкіншілігінің әлі де болса, өте мол екендігін, оның қазіргіден бірнеше есе көп адамды асырай алатындығыи дәлелдейді. Дегенмен, бұл есептеулер Жер бетіндегі егістікке игеруге жарамды жер қоры қанша мол болғанымен, оның шексіз емес екендігін, адам саны көбейген сайын оның қоры кеми беретіндігін көрсетеді. Адам саны артқан сайын игеруге оңай түсетін жақсы жерлер қоры кеміп, игеруге қиын жерлер көбейеді. Сөйтіп бірте-бірте егістікке игеруге жарамды жер қорының таусылуы ақиқат. Сондықтан казірден бастап қолда бар жерімізді, бізді қоршаған табиғатымызды дұрыстап, тиімді пайдалану мәселелері қазіргі күн тәртібіне қойылып отыр. Табиғатымыздың сұлулығын сақтап, оның ластануына жол бермеу, табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты жоспарлы түрде, адам мұктаждығына ыңғайлап өзгерту - өте күрделі мәселе. Сондықтан онымен жеке мемлекеттер емес, бүкіл дүние жүзілік масштабта шұғылдануға тура келеді. Көптен бері бұл мәселемен Халыкаралық биологиялық бағдарлама шеңберінде шұғылданса, соңғы уақытта «Адам және Биосфера»‘ атты жаңа бағдарлама бойынша шұғылдана бастады. Бұл бағдарламамен айналысуда дүние жүзіндегі ең ірі, әрі дамыған мемлекеттер жетекші рөл атқаруы тиіс.
Әлемге танымал Америкалық ғалым Ю. Одумның бағалауы бойынша әлемдегі тіршіліктің үйлесімді болуы үшін, яғни тек материалдық тамақтық, киімдік заттармен қамтамасыз етілуі ғана емес, сонымен қатар масайрап дем алуы үшін әлемдегі әр адамға орта есеппен 2 гектардай жер қажет екен. Оның 0, 6 гектары тамақ өндіру үшін, 0, 2 гектары өндірістік қажет пен мекендеуі үшін, ал 1, 2 гектары бос болуы керек. Ол жерлер халықтын дем алып, саяхат жасауы және биосфераның қалыпты экологиялық жағдайда болуы үшін қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz