Эндокриндік жүйенің қызметі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Білім алушының өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология

Курс: 2

Тақырыбы: Эндокринді жүйе

Орындау түрі: Мәнжазба

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Эндокринді жүйе. Эндокриндік жүйенің қызметі

2. Гормондар туралы түсінік

3. Эпифиз

4. Эндокринді емес мүшелердің жеке гормон өндіруші клеткалары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе

Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз -қанның құрамындағы гормондар жәнеминералды заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

  1. Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері) ;
  2. Ішкі секреция бездері(гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері) ;
  3. Аралас секреция бездері(жыныс бездері, ұйқы безі) .

http://kazmedic.kz/wp-content/uploads/2015/11/endokrindi-juye.jpg

Негізгі бөлім

Эндокриндік жүйенің қызметі

  • Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды.
  • Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
  • Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:өсуді; ағзаның дамуын; жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін; энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
  • Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:эмоционалды реакциялардың; адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.

Гормондар

Гормондар - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді. http://www.women-medcenter.ru/userimages/gormon.JPG ді.

https://allyslide.com/thumbs/0a3c1e76f5420383f5d67ddc4eed9ca9/img8.jpg

Гормондардың қасиеті:

  1. Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
  2. Арнайы әсер;
  3. Био-физиологиялық белсенділік;
  4. Әр түрге арнайшылық;
  5. Тек тірі жасушаларға әсер ету.
  6. Эндокринді бездер(эндокринные железы) ; (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon - ішкі, krino - бөлу) -инкреттен (гормондар) оргонизмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері) : орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Гипоталамус - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. окситоцин және возопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.

Гипофиз - аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0, 5-0, 7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды) . Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Қалқанша без - мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т 4 ) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трииодтиронин(Т 3 ) . Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Қалқанша маңы бездері - қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратогармон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейд

Эпифиз (шишковидная железа) ; (epiphysis, грек, ері - үстінде, рһуо - өскін, бүр) -аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.

http://biofile.ru/pic/sj-01-203.jpg

Қорытынды

Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей ) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады) . Сондықтан оларды сыртқы секрециялық бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т. б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің бүкіл тірлігіне өз ықпалын тигізеді.

Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндокриндік бұзылулардың жалпы этиологиясы мен патогенезі
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Гормондардың қасиеті
Эндокринді жүйе
Гуморальды реттелу
Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Геронтология мәселелері
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Бездер мен гормондар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz