Ірі қараның шешек ауруы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... 3.
Негізгі бөлім ... ... ..4.
2.1 Шешекті дауалау және одан арылу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.
2.2 Ірі қара малындағы шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі ... ... .5.
2.3. Әр түрлі жануарда шешек ауруының өтуі мен симптомдары ... ..6.
2.4. Інедеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ..10.
2.5. Ауруды ажыратып балау ... ..11.
Қорытынды ... ... ... ... ... 16.
Пайдаланылған әдебиеттер
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.
1. Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (230-234б).
2. Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(115-117б).
3. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.(200-205б).
4. Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (235 б).
5. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар» Алматы 2005ж. (249 б).
6. «Эпизоотология и инфекционные болезни» Учебник под ред.
А.А.Конопаткина- М. Колос, 1993ж.(140б).
7. Урбан В.П. « Практикум по эпизоотологии» Учебное пособие. Колос 1981ж.(125 б)
8. Сайдулин Т. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы 2009ж.(226 б).
10. Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
ауруларды балау және күресу шаралары ». Алматы 1992 (17 б).
12. Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том. Астана, 2004.(151 б)
13. А.Д.Третьякова, М. Колос «Ветеринарное законодательство». 1988г.(244б)
14. Жамансарин Т.М. «Кеміргіштерге қарсы малдәрігерлік-
санитариялық шаралар». Алматы, 2005 (219 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

Вет-сараптау және ветеринариялық гигиена кафедрасы.

Реферат

СӨЖ тақырыбы: Ірі қараның шешек ауруы

Орындаған:_________________________

Қабылдаған:________________________ _

Алматы 2017-2018

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.

2.1 Шешекті дауалау және одан арылу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4.

2.2 Ірі қара малындағы шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі ... ... .5.

2.3. Әр түрлі жануарда шешек ауруының өтуі мен симптомдары ... ..6.

2.4. Інедеттік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..10.

2.5. Ауруды ажыратып
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17.

Кіріспе

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында
өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы
өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды  күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан
аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда
уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу
шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада
істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің
бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б.
аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері
әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп
себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің
пайда болу белгілерімен  ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа
ортақ вирустық ауру. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше
сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1)
розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл
дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер
пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн
ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы); 4)
круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына
келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар
түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады.

Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан,
Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б.д.д. 5-7
ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет толық
сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте
заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу
жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға
қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін
(күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол
ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың
барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай
түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет.
Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал
кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.

Негізгі бөлім

2.1. Шешекті  дауалау және одан арылу шаралары.

 

Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен
теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен  ерекшеленетін аса жұғымтал,
жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.

Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus
(ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus
(тауық, көгершін шешегі).

Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі
балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде
қолдану арқылы қойылады.

Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу
ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса,
адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі
жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі. Клиникалық белгілері арқылы
шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус
эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей
қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар);
1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6
күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің
безгектенуі бәсеңсиді); келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге
айналады (визикула-пустула сатысы); 4) круст - кепкен пустуланың орнына
қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда
тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда,
сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда
визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер
қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады [1,4].

Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда,
аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы
расталынады.

Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және
патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына
жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.

Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал алмас
бұрын шешектің әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула папула, пустула)
беті спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың сұйығы,
папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы
қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан төсеніш әйнектерге де жағынды
дайындалады. Алынған патологиялық материалдар жаз айларында міндетті түрде
мұзы бар термоспен жіберілуі қажет. Гистологиялық зерттеуге алынған
материал ішінде 50%-ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала
сауытқа салынып жіберіледі. Патологиялық материалды зерттеуге дайындау
тәртібі. Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады. ұнтақтан физ.
ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып, центрифуганың 2500 айнмин 10-15 минут
айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық бөлініп алынып, үстіне
пеницилин, стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат
ұсталынады. Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен құстарға
ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген тәртіппен дайындалған материял
физиологиялық ерітіндіде сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой
мен ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне енгізеді.
Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып, орындары щетканың көмегімен
дайындалған материалмен ысқыланады. Сынама 10 күн бақыланады. Материал
жұқтырылған тері аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып,
вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық зерттеу доғарылып
шешектің нақтылы балауы қойылады.

 

2.2 Ірі қара малындағы шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі.

 

Тарихи деректер. Шешек туралы алғашқы деректер б.д.д. 3700 ж бұрын Мысыр,
Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан
б.д.д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә.Ибн Сина тұңғыш рет
толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте
заманнан белгілі болса да, бүл әдіс Э.Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу
жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға
қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін
(күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол
ерте заманнан-ақ қолданылып келген.

Жануарлардың (жылқының, түйенің, ешкінің, шошқаның, құстың) шешегі ғылыми
тұрғыдан 19 ғ соңында сипатталды. Аурудың қоздырушысының вирус екендігін
1920 ж Маркс пен Штикер дәлелдеді.

Қазіргі уақытта, ресми түрде 1979 жылдан бері адамның шешегі дүние-
жүзінде жойылды деп есептелінеді. Көптеген елдерде қой мен ешкінің ауруы
осы кезге дейін кеңінен тараған. Ал сиыр, шошқа, тауықта оқтын-оқтын
байқалып тұрады.

Қоздырушысы. Шешекккквирустары Рохv iridае (ағылшынша рох-
шешек) тұқымдастығының Сһоrdорохvіr іпае тұқым тармағына жатады. Бұл
вирустар 6 туыстыққа бөлінеді. Олар: ортопоксвирустар, парапоксвирустар,
авипоксвирустар, каприпоксвирустар, лепорипоксвирустар және
суипоксвирустар. Бұлардың әрқайсысының негізгі және басқа да түрлері бар.

Ортопоксвирустардың негізгі түрі - вакцина вирусы, басқа түрлері
-тышқанның, үй қоянының, сиырдың, кемірушілердің, буйволдың, түйенің,
маймылдың шешегінің және адамның табиғи шешегінің вирустары. Ескеретін жай

- бұл вирустардың аталуы адамның өзіне тән, яғни табиғи шешегі және сиырдан

жұғатын, яғни вакцина (vасса - сиыр) шешегіне (синонимы вакциния)
байланысты.

Авипоксвирустардың негізгі түрі - тауық шешегінің вирусы. Басқа түрлері:
торғайдың, көгершіннің, бөдененің, күркетауықтың, сауысқанның шешек
вирустары [5,9].

Каприпоксвирустардың негізгі түрі - қойдың шешегінің вирусы, басқа түрлері:
ешкінің шешегінің вирусы және сиырдың нодулярлы дерматит (сүйел) вирусы.

Лепорипоксвирустардың негізгі  өкілі - үй қоянының фибромасының вирусы,
коян фибромасының вирусы, тиін фибромасының вирусы. Ларапоксвирустардың
негізгі түрі - қой мен ешкінің жұғымтал сүйелінің  (жұғымтал эктима) вирусы
(Орф вирусы), басқа түрлері: сауыншылардың сүйеліні вирусы, сиырдың
пустулезді стоматитінің вирусы.

Суипоксвирустардың негізгі өкілі - шошқа шешегінің вирусы. Шешек
вирустары морфологиялық түрғыдан біркелкі. ДНҚ геномды, көлемі үлкен,
Морозов әдісімен бояғанда жай микроскоппен көрінеді. Эпителиийге әуес,
торшада қарапайым денешіктер түзеді (Пашен, Гварниели денешіктері).

Койдың, ешкінің, шошқаның және тауықтың шешек вирустары өз иелері үшін
ғана зардапты. Сиырдың табиғи шешегі мен шешек вакцина вирустарының
зардаптылық спектрі кең ауқымды болып, сиыр, бүйвол, жылқы, қашар, түйе,
қоян, маймыл және адамды қамтиды. Өте тығыз антигендік және иммундік
байланыс тек қана екі вируста, вакциния мен сиыр шешегінің қоздырушыларында
ғана сақталған. Әр түрлі құстардың шешек вирустарының бір-бірімен
антигендік қатынасы жақын болады.

Шешек вирустарының сыртқы ортадағы төзімділігі оншама жоғары емес.
Әйтседе, құрғақ қабыршақтарда 1,5 жылға дейін сақталады, Мұздату вирусты
консервілейді. Шіріген затта тез өледі, жоғары температураға, күн
сәулесіне, қышқылдарға өте сезімтал. Қойдың шешегінің қоздырушысы мал
қорада 6 айға дейін, жүнде 2 айдан астам сақталады. Қайнатқан кезде бірден,
70°С-ға қыздырғанда 5 минутта, рН 3-3,6 аралығындағы қышқыл ортада 1
сағатта өледі. Биотермиялық процесс көңді 28 күн ішінде зарарсыздандырады.

 2.3. Әр түрлі жануарда шешек ауруының өтуі мен симптомдары.

  Әр түрлі жануарларда сол түліктің ерекшеліктеріне, жасына, вирустың
уыттылығына, денеге енген жолына байланысты шешектің клиникалық байқалуы әр
алуан болып келеді. Сондықтан да шешек сүт қоректі жануарларда үзікті,
тұтасқан және қанталаған түрде кездеседі.

Үзікті түрде шыға бастаған шешек көбеймей, барлық өрбу сатысынан өтпестен
тез жоғалып кетеді. Жалпы күйі оншама өзгермейді, дененің ыстығы да аса
көтерілмей ауырған мал тез сауығады,

Тұтасқан түрі кезінде терінің мол аумағын қамтыған везикулалар бір-бірімен
қосылып қолдырап тұрады.

Кейіннен қабыршақтанып, оның астына ірің жиналады. Тұтасқан шешек кезінде
дененің ыстығы жоғарылап, жануардың жалпы күйі нашарлайды.

Қанталаган, немесе қара шешек кезінде пустулалардың іші мен тері қаңталап,
жануардың танауынан қан кетіп, қан құсып, ішінен қан өтеді. Мал тез арып,
өліп кетеді.  Сиырда шешектің екі түрлі вирусы ауру қоздырады: бірі
– cow оrtһорохvirus сиырдың нағыз шешегін, ал екіншісі vассіпа
оrtһорохvirus ваксина шешегін, яғни вакцинияны, қоздырады. Вакциния сиырдың
нағыз шешегінен гөрі жеңілірек өтеді. Сиырда шешектің жасырын кезеңі орта
есеппен 5 күндей. Клиника алдындағы кезеңде дененің ыстығы көтеріліп, сауын
[12].

Ірі қара малының алғашқы сатысы.Ауру сиырдың сүтін қайнатады. Бұл белгілер
ұзаққа созылмаған кезде байқалмауы да мүмкін. Әдетте сиырдың желіні мен
емшектерінде, ал бұқаның енінде, кейде дененің басқа жерлерінде розеолалар
пайда болып, біртіндеп везикула, крусталарға айналады. Шешектің шығуы мен
жетілуі біркелкі болмайды да, жүру 2-3 аптаға созылады. Шешек шығып
дерттенген жерлерге іріңдетуші бактериялар түсіп, эпидермис пен терінің
негізгі қабаты зақымданып, жазылғанда қотырланып бітеді. Егер вирус денеге
тамшы тозаңмен тыныс жолдары  арқылы енсе дерт процесі ауыр өтіп, ішкі
ағзаларды, оның ішінде желіннің сүт жолдарын, зақымдайды. Бүның нәтижесінде
қоздырушы сүтпен бөлінеді.

      Қойда (қоздырушысы - Sһеер сарrіорохvirus) жасырын кезеңі 7-
8 күн. Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп,
селсоқтанып,  жемшөпке  зауқы  болмайды.   Көбінесе  катарлы  конъюнктивит,
ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабактары
домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде, 
басында  шешек шыға бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара
қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген
папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып
қабынған қызылшақа тері көрінеді.

Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен
қабышақтардың орнында ақтаңдақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы
қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан
да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да,
зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3%
шамасында. Тұтасқан, әсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған малдың
өлімі 100% дейін жетуі мүмкін.

Ешкіде (қоздырушы - Соаt сарrірохvirus) шешек негізінен індет ретінде жіті
өтіп, ауырған мал, әсіресе, лақтар 25%-ға дейін өлімге ұшырайды. Ауру
асқынғанда өлім көрсеткіші 80%-ға дейін барады. Әсіресе, Ангор және Дон
ешкілерінде ауыр өтеді. Буаз мал лақ тастап, лақтағандарында желінсау
байқалады. Кейде экзентемасыз әдеттегіден өзгеше өтеді де, дерт өкпеге
шауып. өлімге әкеп соғады. Өлексені сойғанда өкпеде бауыр түстес сұрғылт
бронхопневония ошақтары кездеседі. Енесін еміп жүрген лақтар, егер туғаннан
кейін жұқса, ауру әдеттегіден басқаша өтіп, шешек ауыздың, ұлтабардың
кілегейлі қабығына шығады. Ауырған лақ жөтеліп, тынысы жиілеп, танауынан
ірің аралас сора ағады, біраз уақыт өткен соң ауызы мен танауының
айналасында қабыршақтар пайда болады.

Шошқада (қоздырушысы - Shwiпе suipoxvirus) бірінші белгісі ретінде
денесінің жүні аз жерлерінде (тұмсығы, құлағы, бауыры, санының ішкі жағы)
қаптаған розеолалар пайда болады да, 2-3 күн өткен соң қызғылт жиекті
папулаларға айналады. Одан ары везикулаларға айналуы шошқада сирек
ұшырайды. Әдетте шыққан шешек суланып қолдырамай бірден індеттеген
пустулаға ұласады. Пустулалардың түрі сүрғылт, сары ұлпасы өліеттеніп, бір-
бірімен қосылып ені 2,5 см дейін жетеді. Толарсып кебеді де, қоңыр-қара
қабыршаққа айналып, 5-8 күн ішінде сыдырылып түсе бастайды. Орынында
ақтаңдақ пайда болады да, біраздан кейін жоғалып кетеді. Кейбір
жануарлардың денесі қышынып, жүргенде тәлтіректеп, іші өтеді. Шешек шыққан
кезде дененің ыстығы қайтып, іріңдеген пустулалар пайда болған сәтте
сонымен бірге, екінші қабат өршігенде температурасы қайтадан көтеріледі.

 Аурып тұрған мал

  Ауру 19-30 күнге, кейде, әдетте шешек қайтадан шыққанда, 45-60 күнге
дейін созылады. Тері мен кілегейлі қабықтарға шешек тұтастай шыққан кезде
ауру асқынып, сәтсіз аяқталады. Әсіресе, қанталаған түрі (қара шешек) зілді
өтіп, өліммен бітеді. Асқынған кезде бронхопневмония, сальмонеллез,
стафикоктардан болатын сепсиис қабаттасуы мүмкін. Ал асқынбаған шешек зіл
жеңіл өтеді. Шешек кезінде өлім көтсеткіші, әсіресе, еметін тоғайларда
жоғары болып, 40-80% -ға жетеді, Сиыр шешегінің және шешек вакцинасының
вирусы қоздырған ауру шошқада өте жеңіл өтеді.

Құстарда шешекпен тауық, бөдене, қырғауыл ауырады. Тауықта (қозрушысы –Fowl
aviroxvirus) шешек және дифтерия түрінде өтеді. Екі түрі аралас кезігуі де
мүмкін. Жасырын кезеңі 15-20 күн. Ауырған тауықтың жалпы күйі нашарлап,
жемге қарамайды. Мекиендердің жұмыртқалауы күрт төмдейді. Айдары мен
сырғасында, езуінде, қабағында, кейде бастың кейбір жерлерінде, мойынында,
сирақтарында, кеудесінде, клоакасының төңірегінде қызғылт түсті дақтар
пайда болады. Біраз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулар
Вирустардың жіктелуі принциптері. Олардың номенклатурасы
Вирустардың жіктелу принциптері,олардың наменклатурасы
Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Вирустардың гентикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
ДНК және РНК бар вирустардың генетикалық аппаратының ерекшеліктері
Вирустардың өсімдіктерде таралуы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустар
Вирустар мен олардың эволюциясы
Пәндер