Экономикалық тұрақсыздар: Инфляция


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультеті: халықаралық қатынастар

Кафедрасы: халықаралық қатынастар және әлемдік экономика

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық тұрақсыздар: Инфляция. Жұмыссыздық. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік

Тексерген: Табеев Т. П.

Орындаған: Турганбаева Ғ. Б.

Алматы 2017 ж.

Жоспары:

I. Экономикалық тұрақсыздықтар

1. 1. Жұмыссыздық

1. 2. Инфляция

II. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік

III. Кейнс кресі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

I. Экономикалық тұрақсыздықтар

Экономикалық дамудың циклділігі - өндірістің өсуі құлдырауымен, іскерлік белсенділіктің артуы кемуімен алмасып отыратын нарықтық экономиканың үздіксіз толқулары. Экономикалық цикл - бұл бір экономикалық құлдыраудың басталуынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең. Яғни, ол өндіріс, инфляция, жұмысбастылық деңгейінің қандай да бір уақыт аралығындағы өзгеруі.

1-сурет. Нақты ЖІӨ фактілі деңгейінің циклдік тербелуі мен тренді

Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы және интенсивтілігі бойынша өзгешеленеді. Алайда, барлық циклдерге тән фазалары болады: құлдырау, дағдарыс, жандану, өрлеу.

Экономиканың циклділігінің негізгі себептері: тұтынудың, инвестицияның негізгі қорларының жаңаруы, ақша массасының өзгеруі және тағы басқалары. Экономикалық циклдердің әр фазасында өзіне тән негізгі ерекше құбылыстар көрініс береді.

Экономикадағы циклдік ауытқуларға әсер ететін факторларды ықпал ету сипаттарына қарай сыртқы және ішкі факторларға жіктейді. Сыртқы факторларға халық санының өзгеруі, түбегейлі технологиялық өзгерістер, ауқымды саяси оқиғалар, соғыстар, табиғи үлкен апаттар және осылар тәріздес басқа да құбылыстар жатқызылады. Ішкі факторларға тұтынуға, инвестицияға шығындардың өзгеруі, үкіметтің түрлі саясаттар көмегімен жүргізетін іс-шаралары және т. б. жатады.

Цикл фазаларының негізгі индикаторлары болып жұмысбастылық деңгейі және шығарылым көлемі болып табылады. Ал, инфляция деңгейі, пайыз мөлшерлемесі және валюта бағамы үкіметтің орталық банктің нақтылы жағдайлармен байланысты жүргізілетін саясаттарымен реттеліп отырады.

Экономикалық циклдің негізін кезеңді пайда болып отыратын экономикалық күйзелістер құрайды. Циклдің жандану және өрлеу фазаларында өндірістің ұлғаюы, сәйкесінше интенсивті және экстенсивті болады. Сонымен қатар, бұл кезеңдерде халықтың табысы артады және жиынтық тұтынуға сұраныс артады. Жандану кезеңінде тұтынушылық сұраныстың артуы кәсіпкерлердің өндіріс қуаттарын арттыруға және капитал салымдарын ұлғайтуға түрткі болады. Бұл өндіріс құралдарына сұранысты ынталанырады. Жиынтық сұраныстың өсу қарқынының қоғамдық өндірістің өсу қарқынынан артып түсе бастауы өндірушілер арасындағы бәсекені әлсіретеді. Ол, өз кезегінде өндіріске ғылыми жетістіктерді, жаңа технологияларды енгізуге ынтаны төмендетеді. Алайда, өндірістің экстенсивті дамуы ұлғая отырып, ақыры соңында төлем қабілетті сұраныстан асып түскен кезде, тауарлардың артық өндірілуі басталады.

Экономикалық циклдер ұзақтығы бойынша келесі түрге жіктеледі:

  • қысқа циклдер немесе Китчиннің циклдері (2-4 жылдық) ;
  • ірі өнеркәсіптік циклдер немесе Жуглар циклдері (7-12 жылдық) ;
  • құрылыс циклдері немесе Кузнецтің циклдері (16-25 жылдық) ;

Кондратьевтің ұзын толқындар (40-60 жылдық) .

Әлуетті ЖІӨ немесе экономикалық әлует - бұл ресурстардың толық жұмысбастылығы кезіндегі өндіріс көлемі. Ресурстардың толық жұмысбастылығы дегеніміз халық шаруашылығы қуатының 10-20%-ы игерілмегендегі және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі кезіндегі өндіріс көлемі. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі жалпы жұмыс күшінің 5-7%-ы жұмыссыз болған кездегі жұмысбастылық деңгейі. Жұмыс күші - бұл ел халқының жұмысқа жарамды бөлігі, яғни ол есептік кезеңдегі жұмысбастылар мен жұмыссыздар санының қосындысы:

N = U + E

N = R - H

Мұндағы, N - жұмыс күші, адам;

U - жұмыссыздар саны, адам;

E - жұмысбастылар саны, адам;

R - ел халқының саны;

H - жұмысқа жарамсыздар саны, адам.

1. 1. Жұмыссыздық

Жұмыссыздық - бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі. Жұмыссыздық өндірістің тиімділігінің артуымен немесе жұмыс күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін, жұмыс күшінің құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық ілгерілеушіліктің және мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы қате құрылымдық саясаты салдарынан туындайды.

Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарымен байланысты негізінен 3 түрге жіктеуге болады:

  1. уақытша (фрикциондық) жұмыссыздық;
  2. құрылымдық жұмыссыздық;
  3. циклдік жұмыссыздық.

Уақытша жұмыссыздық - бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі. Бос жұмыс орындары және оған үміткерлер туралы ақпараттар жеткіліксіз, тіптен бар болған күннің өзінде бұл ақпараттар таралуы үшін белгілі шамада уақыт қажет. Міне, сондықтан да жұмыстан өз қалауы бойынша немесе еріксіз босағандар және жұмыс күшінің құрамына жаңадан қосылған мамандар белгілі бір мерзім аралығында жұмыссыз болады. Бұл топтың басты артықшылықтарының бірі - олардың еңбек нарығында сата алатын дайын «кәсіби дағдысы» бар. Яғни, олар өздерінің еңбек күшін тез арада сата алады. Қорыта айтқанда, уақытша жұмыссыздар өздерінің еңбек күшін тез арада сату арқылы, қысқа мерзімді кезеңде жұмысбастылар санатына қосылады.

Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі. Яғни, құрылымдық жұмыссыздар - олар ғылыми-технологиялық ілгерлеушілік нәтижесінде мамандықтары аса қажетсіз немесе мүлдем жарамсыз болуы себепті жұмыстан шығып қалғандар не жұмыс таба алмай жүрген тұлғалар. Құрылымдық жұмыссыздық көбінесе еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады. Себебі, еңбек нарығында олардың «дайын машығында» сұраныс жоқ болғандықтан, оларға кәсіби қайта даярлықтан өтуіне немесе тұрғылықты мекендерін ауыстыруларына тура келеді. Аталмыш шаралар едәуір узақ уақытты қажет етеді.

Уақытша жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың негізгі айырмашылықтары:

  • уақытша жұмыссыздардың еңбек нарығында тез сата алатын дайын машықтары бар, ал құрылымдық жұмыссыздар қосымша оқу оқымай, не қайта даярлықтан өтпей немесе тұрғылықты мекендерін ауыстырмай тез арада жұмыс таба алмайды;
  • уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болады, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді және бұл ұлттық экономика үшін де ауыр құбылыс;
  • уақытша жұмыссыздық әлдеқайда қалаулы болып табылады. Өйткені, көптеген адамдар өз еркімен «жұмыс аралық» күйде болады және олардың төмен жалақылы жұмыстан жалақысы жоғары жұмысқа ауысуы нәтижесінде жаңа табыстарының артуы еңбекке ынталарын арттырады. Мұндай салдар еңбек өнімділігінің артуына алып кетеді және нәтижесінде ұлттық өнімнің көлемі арта түседі.

Циклдік жұмыссыздық - экономикалық циклдік құлдырауы кезеңінде жиынтық тұтыну шығындарының азаюы салдарынан өндірістің қысқаруымен байланысты пайда болатын жұмыссыздықтың бір түрі. Циклдік жұмыссыздар - бұлар ұлттық өндірістің қысқаруымен байланысты жұмысын жоғалтқандар. Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазасында уақытша және құрылымдық жұмыссыздық циклдік жұмыссыздықпен толықтырылады. Ал циклдік өрлеу фазасында циклдік жұмыссыздық болмайды.

Экономикалық циклдің құлдырау және тоқырау фазаларындағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы жаппай жұмыссыздыққа алып келеді. Мұндай кезде жұмыссыздарды басқа кәсіпке оқыту арқылы қайта даярлау немесе олардың тұрғылықты мекен-жайларын ауыстыруы жұмыссыздықтан құтылудың жолы болып табыла алмайды. Өйткені, басым жағдайда дағдарыс оты ұлттық экономиканы тұтастай шарпиды және ол әлемдік деңгейге өрбуі әбден мүмкін.

Жұмыссыздық - бұл еңбекке қабілетті адамның жұмыссыз қалуы. Ал, жұмыссыз қалу адамдардың тұрмыстық жағдайын нашарлатып ғана қоймайды, сонымен қатар бұл жағдайда адамдар моральдық тұрғыдан да күйзеліске ұшырайды. Өйткені, бір жағынан жалақы басым көпшіліктің бірден-бір табыс көзі болып табылса, екінші жағынан жұмыссыз қалған жан өзін қоғамға қажетсіз сезінуі мүмкін.

Жұмыссыздықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі ол - жұмыссыздық деңгейі болып табылады.

u = 𝐔 𝐍 \frac{\mathbf{U}}{\mathbf{N}} 𝐱 𝟏𝟎𝟎 % \mathbf{x100\%}

Мұндағы, u - жұмыссыздық деңгейі.

Жұмысқа жарамсыздар немесе жұмыс күшіне жатпайтындар: кәмелеттік жасқа толмағандар, зейнеткерлер, үй шаруасындағылар, оқушылар, күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жұмысы жоқ болғанымен жұмыс істемейтіндер, жұмыс істеуден жалыққандар, арнайы мекемелерде бас бостандығынан айырылып қамауда отырған, яғни сотталып жазасын өтеп жүргендер мен психиатриялық ауруханаларда ұзақ уақыт бойы емделіп жатқандар және т. б.

Аса үлкен жұмыссыздық үлкен экономикалық және әлеуметтік шығындарды туындатады. Дәлірек айтқанда, жұмыссыздықтың негізгі құны - бұл өндірілген өнім. Экономика жұмыс істегісі келетіндер мен жұмыс істей алмайтындарды барлығына қажет шамада жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмаған жағдайда тауарлар мен қызметтердің өндірісі әлуетті қайтарымсыз жоғалады. Жұмыссыздық қоғамның даму жолында бөгет болады, өндірілмеген өнім - ол ЖІӨ-нің жоғалтылған көлемі.

Жұмыссыздық неғұрлым үлкен болса, өндірілмеген өнім де соғұрлым көп болады. Жұмыссыздық деңгейі мен жоғалтылған ЖІӨ-нің көлемі арасындағы байланысты математикалық жолмен келесі түрде анықтауға болады:

𝐘 𝐘 * 𝐘 * \frac{\mathbf{Y -}\mathbf{Y}^{\mathbf{*}}}{\mathbf{Y}^{\mathbf{*}}} = - β x (u - u * )

Мұндағы, Y - нақты ЖІӨ;

Y* - әлуетті ЖІӨ;

u - жұмыссыздықтың нақты деңгейі;

u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

β - ЖІӨ-нің циклдік жұмыссыздықтың серпініне сезімталдығының эмпирикалық коэффициенті немесе Оукен коэффициенті(2< β <3) .

Жұмыссыздық пен жоғалтылған ЖІӨ арасындағы тәуелділікті алғаш зерттеген американдық экономист Артур Оукеннің анықтауы бойынша, егер жұмыссыздық деңгейі 1%-ға ұлғаятын болса, онда ел экономикасы ЖІӨ-нің 2, 5%-ын жоғалтады. Яғни, нақты жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейінен 1%-ға артық болса, нақты ЖІӨ-нің шамасы әлуетті ЖІӨ-нің көлемінен 2, 5%-ға кем болады. Мұндай заңдылық Оукен заңы деп аталады.

Жұмыссыздықтың ұлғаюы экономикалық, әлеуметтік, тіптен саяси салдарға әкеліп соғады. Нақтырақ айтқанда, жұмыссыздықтың салдарынан:

  • ұлттық экономика өзінің экономикалық әлуетін толық пайдалана алмайды. Мысалы, ЖІӨ-нің жоғалтылуы;
  • жұмысын жоғалтқан адамдар уақыт өте келе өздерінің кәсіби біліктіліктерін де жоғалтады;
  • ұлттың психикалық денсаулығы бұзылады;
  • қоғамда әлеуметтік және саяси мәселелер бой көрсетеді, бұл тіптен әлеуметтік-саяси жанжалдарға әкелуі мүмкін және т. б.

Қорыта айтқанда, жұмыссыздық қоғам үшін өте ауыр, тиімсіз құбылыс болып табылады. Әсіресе, жұмыссыздықтың деңгейі 5-7%-дан неғұрлым үлкен болған сайын, оның қоғамға әкелетін зардаптары ауырлай түседі

Жұмыссыздық аса күрделі болып табылатындықтан, оның алдын алу және онымен күресу мемлекеттік деңгейде дұрыс саясат жүргізу арқылы ғана оң нәтижеге әкеледі. Жұмыссыздықпен күрес сұранысқа сәйкес кадрлар даярлау, елдің демографиялық жағдайына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс күшін оңтайлы орналастыру, жалақы деңгейін реттеу секілді алуан түрлі іс-шаралар негізінде жүргізіледі. Жұмыссыздықпен күресудің мұндай әдіс-амалдарының ішінен келесі әдістерді атап көрсетуге болады. Олар:

  • классикалық тәсіл;
  • Кейнсиандық тәсіл;
  • Мальтузиандық тәсіл.

Классикалық әдіс бойынша:

Классикалық мектептің жақтастарының көзқарастары бойынша, жұмыссыздықтың туындауының негізгі себебі - ол өте жоғары жалақы деңгейі болатындықтан, олардың пікірінше жалақы деңгейін төмендете отырып, жұмыссыздықты қысқартуға болады.

2-сурет. Жұмыссыздықпен күресудің классикалық тәсілі

Мұндағы, W - жалақы деңгейі;

L - жұмысбастылық деңгейі;

D L - еңбекке сұраныс;

S L - еңбек ұсынысы;

U W - күтілім жұмыссыздығы;

A - еңбек ұсынысы мен еңбекке сұраныстың теңдестігі нүктесі.

Егер жалақы деңгейі еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының теңдестігі деңгейінен жоғары болса, онда елдегі жұмыссыздық ұлғаяды. Себебі, еңбек ұсынысының сұранысынан артып кетуі кезінде жалақы деңгейінің көтерілуі үрдісі жүреді. Мұндай жағдайда, кейбіреулер әлдеқайда жоғары жалақылы жұмысты күтіп уақытша жұмыссыздық күйін кешеді. Осындай себеппен байланысты туындаған жұмыссыздық түрін күтілім жұмыссыздығы деп атайды. Оның шамасы тең болады:

U W = L 4 - L 2

Керісінше, жалақы деңгейі төмен жағдайда да жұмыссыздықтың шамасы жоғарылайды және ол тең болады:

U А = L 4 - L 2

Жұмыссыздық әлдеқайда қалаулы деңгейіне еңбек ұсынысы мен еңбекке сұраныстың теңдестігі жағдайында, яғни жалақы деңгейінің теңдестігінде қол жеткізуге болады.

Кейнсиандық тәсіл:

Жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен жұмыссыздық туындайды. Жиынтық сұраныстың өзгерісі ұлттық өндірістің көлемін өзгеріске ұшыратады. Демек, ол жұмыс күшіне деген сұранысқа ықпал етуші негізгі фактор болып табылады. Кейнсиандықтардың пікірінше ұлттық өндіріс пен жұмысбастылықтың шамасы ұсыныс факторларымен емес, төлем қабілетті сұраныс факторларымен анықталады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуімен жұмыссыздық та төмендейді. Кейнсиандық теорияға сәйкес жұмыссыздықты азайту үшін жиынтық сұранысты ынталандыру, соның ішінде мемлекеттік шығындарды көбейту, салықты азайту, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру шараларын мемлекет тарапынан жүргізуге болады.

3-сурет. Жұмыссыздықпен күресудің кейнсиандық тәсілі

Мальтузиандық тәсіл:

Ағылшын экономисі Томас Мальтустың пікірінше жұмыссыздықтың негізгі себептерінің бірі - халық санының теңгерімсіз өсуі. Олай болса, Мальтузиандық тәсіл бойынша, жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін мемлекеттік деңгейде бала тууды шектеу саясатын жүргізу, жұмыссыздықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

1. 2. Инфляция

Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі - инфляция. Инфляция - бұл елдегі орташа бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жағдай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі - орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.

Макроэкономикалық үлгілерде инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді:

π = P P 0 P 0 \frac{P - P_{0}}{P_{0}}

Мұндағы, π - инфляция деңгейі;

Р - ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі;

Р 0 - базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.

Орташа баға деңгейі баға индексінің көмегімен анықталады. Кей жағдайларда инфляция деңгейін анықтауда тұтыну бағасының индексі (ТБИ) қолданылады. Онда, инфляция деңгейі келесі түрде өрнектеледі:

π = Т Б И t Т Б И t 1 Т Б И t 1 \frac{{ТБИ}_{t\ \ } - {ТБИ}_{t - 1}}{{ТБИ}_{t - 1}}

Мұндағы, ТБИ t - ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағасының индексі;

ТБИ t-1 - базалық кезеңдегі тұтыну бағасының индексі.

Егер инфляция деңгейі көрсеткішінің мәні теріс таңбалы болса, онда аталмыш кезеңде дефляциялық үрдіс жүрілгені. Яғни, дефляция - ол елдегі орташа бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі төмендеуі үрдісі.

Ласпейрес индексімен және Пааше индексімен есептелген инфляция деңгейінің көрсеткіштері едәуір айырмашылықта болады.

Инфляцияны қалыптасуы, өтуі, анықталуы, қарқыны және т. б. себептерімен байланысты келесі түрде жіктейді:

Бағаның еркіндігі дәрежесі бойынша:

  • ашық инфляция- нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция;
  • жасырын инфляция- қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.

Бағалардың өсу қарқынына байланысты:

  • тұрақты- жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция;
  • секірмелі- жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция;
  • гиперинфляция- жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция.

Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:

  • күтілетін инфляцияәсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді;
  • күтілмеген инфляциянақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.

Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:

  • сұраныс инфляциясы- жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артық болғандағы инфляция;
  • шығындар инфляциясы- өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.

Сұраныс инфляциясы - бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлуетіне жақындаған және жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені, экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай қалыптасқан артық жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарылауы мәселесін, яғни сұраныс инфляциясын туындатады.

4-сурет. Сұраныс инфляциясы

Бұл жағдай сызбалық түрде 4-суретте бейнеленген. Ұлттық өндіріс өзінің әлуетіне жақындаған кезде жиынтық сұраныстың артуы өндіріс көлемінің өсуіне ықпал етумен қатар, баға деңгейінің де көтерілуіне алып келеді. Ал, экономикалық әлуетке қол жеткен кезде жиынтық сұраныстың артуы өндіріс көлеміне ықпал ете алмағанымен, баға деңгейінің көтерілуін болдырады.

Шығындар инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы - бұл орташа шығындардың өсуі немесе жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға деңгейінің көтерілу үрдісі. Орташа шығындардың өсуі тұрақты жиынтық өнім көлеміне жалпы шығындарды ұлғайтады. Орташа шығындардың өсуінің негізгі себептері:

  • атаулы еңбек ақының еңбек өнімділігінің өсуіне теңгерімсіз өсуі;
  • шикізаттарға бағалардың көтерілуі;
  • салықтың артуы және т. с. с.

Орташа шығындардың өсуі фирма пайдасын азайтады, ол өз кезегінде фирманың өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде, берілген баға деңгейінде жиынтық ұсыныс азаяды. Жиынтық сұраныстың өзгеріссіз көлемінде жиынтық ұсыныстың қысқаруы баға деңгейін көтереді, яғни инфляция қарқынын үдетеді.

5-сурет. Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы

Егер, инфляция атаулы еңбек ақының теңгерімсіз өсуі, шикізаттарға бағалардың көтерілуі, салықтың артуы және т. б. себептермен байланысты орташа шығындардың өсуі салдарынан туындаса, мұндай инфляцияны шығындар инфляциясы деп атайды. Шығындар инфляциясы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі шектеуші сипатта болады. Нақтырақ айтқанда, орташа шығындардың өсуі салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруы, өндірістің қосымша шығындарының өсуін тежейді. Өйткені, жұмыссыздықтың көбеюі кезінде атаулы еңбек ақының мөлшері азаяды, сәйкесінше фирманың жалақылық шығындары қысқарады. Шығындардың қысқаруы және үй шаруашылығының табыстарының азаюы инфляцияның өсуін тежейді.

Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының үйлесуі инфляция шиыршығын туындатады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуі мен жиынтық ұсыныстың қысқарумының қатар өтуі жағдайында баға деңгейінің көтерілуі, гиперинфляцияны туындатады. Мысалы, экономиканыың толық жұмысбастылыққа жуық сатысында, ақша ұсынысының ұлғаюы нәтижесінде жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал етумен қатар, баға деңгейінің де көтерілуін туындатады. Өндірістің ұлғаюымен байланысты ресурстарға сұраныстың артуы мен ресурстардың толық дерлік жұмысбастылығы, уақыт өте келе олардың бағаларын өсіреді. Өндіріс шығындарының бұлай ұлғаюы жиынтық ұсынысты азайта отырып баға деңгейін Р 2 -ден Р 3 -ке көтереді. Нәтижесінде, ұсыныс инфляциясы туындайды. Егер, мұндай жағдай одан әрі жалғасар болса инфляция қарқыны үдей түседі де, инфляциялық шиыршық орын алады.,

II. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші - кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады - баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші - белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.

Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем - тауарлар мен қызмет көрсету және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.

Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделеді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS-LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетингті жүргізу тәсілдері
Шабындық пен жайылымдық өсімдіктердің биологиясы
Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері. Сегменттің мәнділігі
Туризм нарығын сегменттеу
Нарықты сегменттеудің ұғымы, критерийлері мен белгілері туралы ақпарат
Үкіметтік емес ұйымдар
Эмоция туралы
Еңбекті ұйымдастырудың мәні мен мақсаттары
Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу
Нарықты сегменттеудің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz