Абай Жолы романының қысқаша мазмұны


"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны # 1
Назарларыңызға Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқа мазмұнын ұсынамыз.
I - кітап
Қайтқанда
1
Абайдың жасы 13-ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік жол қалғанда бала шәкірт барын салды. Ол асып, алға шауып кете берді. Байтас баланы қуып жетіп: " Енді асықпа, Есенбайдың жырасында ұры жатады " - дейді. Бала шәкірт сөзге қарсы орайын білдірмей, біраз бірге жүреді. Соңсоң тағы шауып кетіп, екі-үш белден көрінбей кетеді. Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бұрыл аты. Ал Жұмабайдың астындағы да Құнанбайдың Найманкөк деген үлкен көк ала аты болатын. Олар баланың соңынан жарыса кетті. Бір бел асса бала көрінбейді. Аздап уақыт өткен соң Жұмабай арт жағынан тасырлап келе жатқан ат дүбірін есітті. " Е, бұл Есенбайдың жырасындағы жау болар ", - деп ақ-көк атты тепкілей берді. Күндіз шабатын ұры бет-аузын таңып алыпты. Артынан қуып жеткенде Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жібереді. Ақбозат бірдемеге тіреліп тоқтады. Жұмабайдың реңі қашып қара тымағын алса, ол ұры емес, өзі айтқандай "Құнанбайдың бөлтірігі" Абай екен. Байтас пен Абайдың ішек-сілесі қатып күлді. Аз уақыт өткен соң Абай Жұмабайдан орынсыз ісі үшін кешірім сұрады.
Бұл Шыңғыс бөктеріне үш-төрт ауыл қоныпты. Бұлар " Құнанбай ауылы " деп аталады. Абай ауыл ортасындағы ақ үйлердің қасында қарап тұрған екі шешесі Ұлжан мен Айғызға жеткенше асықты. Аттан түсе салысымен шешесіне беттей берсе, Ұлжан: "Ә уелі әкеңмен амандас ", - деп, Құнанбайды меңзейді. Сосын Абай әкесі және қасында тұрған кісілерге барып, сәлемін береді. Онымен бірге Байтас пен Жұмабай да келіп сәлемдеседі. Әкесі Абайдан: " Молда болдың ба? Бойыңа қоса білімің де өсті ме ?", - деді. Соңсоң шешесіне баруын меңзеп, өзі батыстан келе жатқан төрт-бес салт аттыға қарап тұрып қалады. Абайды шеше-жеңгелері сүйіп, Телғара деп еркелете түседі. Абай бәрімен амандасып болып, бәрінен де көп сағынған Зере әжесінің құшағына енеді. Кеш түсіп, Абай әжесіне арнап өлеңдер айта бастап еді. Біршама уақыт өткен соң Құнанбай баласын шақыртып алады. Абай келіп отырысымен іштегілер қала, оқу жайын сұрастыра кетті. Сөйткенше сырттан Оспан кіріп келеді. Ол Абайдан бес-алты жас кіші інісі. Оспан біраз тыныш отырды да, нашар сөздер айта бастады. Құнанбайдың ашуы келіп, Оспан жұлқып жібереді де, атшабарға алып кетуін бұйырады.
2
Үй іші бірталай жым-жырт болып, отырып қалды. Тек Құнанбай Абайға таныс сөздермен, кей-кейде ыза, зілмен сөз сөйлеп жатыр. Құнанбай біршама тоқтаусыз уақыт сөйледі. Сол кезде Абай жалығып, іште отырған кісілердің жүздерін (беттерін) дәріптей бастады. Абай әкесінің сөздерінде « Қодар сұмның қылығы » дегенді естігенде, ол әуелі «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырындағы Қодарды елестетеді. Құнанбайдың айтуы бойынша Қодар қазақта болмаған лағнетті іс жасаған көрінеді. Соның шындық не өтірік екенін талқыға салып отыр. Байтас пен Жұмабай қалаға тек Абайды алып қайтуға ғана емес, Құнанбайдың тапсырмасы бойынша Ахмет Риза хазіреттен осы іске фәтуа сұрауға барыпты. Ол болса: «Жазасы дарға асу», - депті.
Жалпы бұл жерде жиналған кісілердің мекені Тобықты болады. Тобықтының өзі бірнеше рудан тұрады. Соның ішінде Жігітектен - Бөжей, Көтібақтан - Байсал келіп отыр. Сүйіндік Бөкеншінің адамы, ал Құнанбай Ырғызбай руынан. Ал басты мәселе Қодар Барсақ руынан еді. Жиреншенің үлкендер арасында әбден іші пысып, сыртқа шығады. Бала Абай оны жақсы танитын. Содан Қодардың кім екенін білгісі келіп, ол да тысқа шығады. « Жаңағы осы Қодар деген кім? », - деп сұрады Абай. Сонда Жиренше: « Ол мынау Шыңғыстың ет бөктерінде тұратын жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Барсақ. Қодар биыл қыстыгүні жалғыз баласы өлгеннен кейін келінімен жақын болыпты », - деді. Абай алдымен түсінбеді. Сосын Жиренше бір тұрпайы қозғалыстар жасап, түсіндіре кетті. Содан барып Абай түсінгендей болды. Кейін ол үйге қайтып кірмей, шешесіне қарай беттеді.
3
Қодар баласы Құтжан өлген соң келіні Қамқа екеуі біраз қайғырды. Ел ішіне араласпай да қойды. Малдары да шағын. Мал қарауға мүрдесі жоқ Қодар, ауыл ішіндегі үйсіз қаңғырған кісі Жанпейісті жанұясымен өз үйіне көшірген болатын. Сол Жанпейіс қой бағып жүргенде басқа қойшыларға бұл сұмдық болмысты таратыпты. Осыған орай Қарашоқыда елдің игі жақсысы жиналып отыр екен. Ол жердің старшыны Майбасар, ал бастығы Құнанбай. Майбасар атшабары Қамысбайға бір-екі атты қосып, Қодар мен оның келінін алып келуді бұйырады. Атты кісілер аса бір ызамен келіп, ол екеуін де қолын артына байлап, атқа мінгізіп алып кетеді.
4
Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес еді. Олар жиын қонысына жақындай бергенде Қарашоқының Барсағы Жексеннің ауылы көрінеді. Соңсоң Қодарларды алып келісімен барлық жұрт сыртқа шықты. Жиында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар - бәрі бар. Қодар оларға сәлем де айтпады. Ол екеуін сүйреп алып барарда, Қодар: « Ең әуелі ақ-қарамды біліп, содан кейін өлтір », - деп айғай салды. Бастарына қапшық секілді бірдеңені кигізіп, мойнына жіп (арқан) салады. Сосын атан түйеге қосып тарта бастайды. Қамқаның жаны көпке бармай ұшты. Ал Қодар берілер емес. Азды-көпті уақыт өткен соң Құнанбай қолды сермеп, Қодарды түсіруді бұйырады. Енді жанталасып жатқан шалды құз төбеге алып шығып, тастардың үстіне лақтырады. Сол сәтте Абай мен Жиренше де келген-ді. Байғұстың өлгенін көріп, Абай бет бұрды. Сол кезде, Құнанбай бар дауысымен: « Әлі жаны шыққан жоқ. Енді анау кәпірден өз жанымызды ақтап, аулақ әкету үшін қырық рудың қырық кісісі кесек атсын », - деп, өзі де кесек алып атады. Қодардың ең жақын туысы Жексен ең үлкен тас алып, жиіркенішпен лақтырады. Мұны көрген Абай шыдай алмай, Жексеннің артынан соғып: « Не деген имансыз едің, кәрі төбет? Е . . . », - деп, аты тұрған жаққа жылдамдады. Абай атына міне салысымен ауылға шаба жөнелді. Жиналған жұрт үнсіз, жым-жырт тарасты.
5
Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәледен шығамыз деген ойы жоқ еді. Жиренше таңертең бір әдемі Желқұйын деген тазыны Құнанбай ауылына ертіп әкеледі. Абай екеуі біраз қымыз ұрттап, Қызылшоқы деген ұсақ адырға қоян аулауға кетеді. Қызылшоқыға кіре бере Желқұйын қуып, бір қоянды әрең дегенде алады. Олар оқыста аралап жүріп, Шыңғыстың Қарашоқы тұсына келіп қалады. Ол жерде Майбасардың атшабары Жұмағұлға кез болады. Жұмағұл Қарашоқы маңында Қодарды жазалау мақсатында жұрт жиналып жатқанын айтысымен, Абай атын қамшылап жөнеле кетеді. Көргені әлгі. Соңсоң Абайдың іші мұздап, денесі дірілге басып, ауылға қайта жөнеледі. Үйге жетісімен, көрпеге оранып, жатып алады. Осыдан ол ұшқынып қалды ма әлде қатты әсері болды ма, біраз сырқаттанғансып, орнынан тұрмай қояды.
Күн өтті. Күн артынан біршама уақыт өтті. Көктемнің көзі шығып, ел көшуі жақындады. Биыл ел көшіне белгілі қоныстар: Талдыбұлақ, Барлыбай, Қызылқайнар. Абай атқа мінуге жарағанымен, үйден аса көп шықпайтын. Оған әжесі көп-көп ертегілер мен әңгімелер айтушы еді. Соның ішінде «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Жүсіп-Зылиқа» секілді жыр-дастандар болатын. Осындай әдебиетке зейін қойып, тыңдап жүрген күндердің бірінде үйге екі бөгде қонақ келіп қонады. Бірін Абай таниды. Ол былтыр жайлауға келіп, «Қозы Көрпеш- Баянды» жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Екіншісін бала Абай танымағанымен, шешесі жақсы біледі екен. Ол кісі Барлас деген ақын болатын. Сол түні Барлас «Қобыланды Батыр» жырын сұлу да, әсерлі етіп жырлап береді. Абай шешесімен екі қонақты бір айға шейін жібергісі келмеді. Телғара осы аралықта Асан қайғы, Бұқар жырау, Марқабай мен Жанақ, Шортанбай, Шөже, Сыбанбай, Алпыс ақындардың жырларына молығады. Абайдың ауырғаны да есінен шығып кеткен болатын. Ұлжан да риза болып, қонақтардың кетерінде Барласқа семіз көк атты, ал Байкөкшеге торы құнанды сыйға береді.
Қат-қабатта
1
Құнанбай елі бұрын күздеуден бір қар жаудырмай, көшпейтін еді. Бұл жыл ол маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші-қонның жөн-жосығын айтпай, күземді елден ерекше ерте алды.
2
Күздеуден жіті көшіп отырып, Құнанбай ауылдары Қызылшоқы, Қыдыр мен Көлқайнарға жетеді. Құнанбай қасына Майбасарды ертіп алып, Шыңғысқа бет алды. Кешке қарай ол үлкен бәйбішесі Күнкенің ауылына кеп түседі. Мұнда бүгін сыбаға алып келген әйел қонақтар көп екен. Үй ішінде Құнанбайдың тоқал шешесі Таңшолпан, Ақбердінің шешесі, кәрі жеңгесі Бөпей, Жұман, Жортар және Ырсайдың шешелері бар екен. Бұлардың көпшілігі Ырғызбайдың және Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар еді. Ертеңіне Ырғызбайдың жиырма ауылы тағы да дүрк көшті. Беттегені - Шыңғыстың жуан ортасы.
Алты күннен соң Құнанбай ауылы көшкен жолмен тағы бір мол көш келе жатты. Бұл - Бөкенші мен Барсақ көші. Көш басында Сүйіндік, Сүгір және Жексен келеді. Бұлардың қыстауларын Құнанбай ауылы толығымен мекендепті. Жексендер ашуланып, ел шаппақшы да болады. Бірақ Құнанбайға дәті бармайды. Құнанбай алдынан шығып, оларға құр қысыр төбе-қоныстарды береді. Олар оған көнбей, сонда орнығып алады.
3
Құнанбай жорға Жұмабайды Сүйіндік пен Сүгірлерге жіберіп: «А на Қарауыл, Балпаң, Талшоқы, Шалқар бойынан таңдаған қоныстарын алсын. Мұнда көпке мұрындақ болмай, тез барып орнықсын », - деген. Сүйіндік пен Сүгір көш-қонын ойлап, қыбырлай бастап еді, Барсақтан шыққан Дәркембай оларды тоқтатады. Соңыра Сүгір, Дәркембай, Түсіп, Жексен және Сүйіндіктің қатысуымен қара шаруа жиыны болады. Жиын бір түбірге келеді де, ел наразылығын Құнанбайға жеткізуге Түсіпті жіберетін болады. Сол күні Түсіп барып, айтқанына Құнанбай ашуланып: « Біздің ел де наразы, Бөбең мен Кішекең елдегі Керей, Уақ, Сыбан малдарын үнемі ұрлап отырады. Сен де одан шет емессің. Бәрің жазықтысың, арамсың. Алысқысы келсе, кіріссін. Сөзімді тегіс жеткіз », - деді де екеуі екі айырылып кетті.
4
Майбасардың екі атшабары Қамысбай мен Жұмағұл Үркімбай, Қаумен, Қараша ауылдарына келіп, Керей мен Уақтан ұрланған елу қойды қайтаруын талап етеді. Соңсоң Қараша Байдалымен ақылдасуға атқа мініп кетеді. Шай қайнатым уақыт өтпей атшабарлар Байдалы мен оның ұры атанған жігітіне кеп арылдай түседі. Аздай арада атшабарларды қанға бояп, қуып салады. Жан сауғалап қашқан Қамысбай мен Жұмағұл Қарашоқыдағы Құнанбайдың ауылына тіке жол тартады. Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар, Құлыншақтың батыр ұлдарынан Наданбай, Манас, Ырғызбайдан - Жұман, Төлепберді тағы да басқа үй толы жігіттер екен. Құнанбай жағдайды есіткен соң барлық жігіттерді жинап алып, Үркімбайды ұстап келуді бұйырады. Олар лезде Үркімбай ауылындағы ер басының бәрін сабалайды да, оның өзін артқа байлап қайтады. Оқыста қарсы алдарынан Қараша 40-50 жігітпен шыға келеді. Қолдарында өңшең шоқпар мен сойыл. Айқаста Жігітек қолы басым келіп, Үркімбайды алып қалады. Үркімбайды ала алмаған Құнанбайдың қолы амалсыз қашып кетеді.
5
Қызылшоқыдағы Бөкенші әлі де көшпей отыр. Бірінші қар түседі. Құнанбай Майбасарға он шақты жігіт қосып, Талшоқы мен Қарауылға Бөкеншіні көшіруді бұйырады. Бөкеншілер еріксіз тартып кетеді. Құнанбай бір-екі күнде ешкімге білдірмей, қалың қол жинайды. Ол Көтібақ руындағы Байсалға ата қонысы Тобықтыны Бөжейден тартып алып бермекші еді. Сол себепті, ат күшіне мінген қалың топ Бөжей ауылына беттейді. Осы кезде Жігітек руының ірілері Бөжейде отырған екен. Бірақ қолындағы жігіттері азшылық. Құнанбай кенеттен басып, бәрін тұтқындады. Шетінен ақсақал, қарасақалдарға дүре соқтырады. Кезек Бөжейге келгенде, ал оны Қамысбай ұра бергенде, Көтібақтың Пұшарбайы өз денесімен Бөжейді жауып қалады. Себебі, бұл екеуі бұрыннан дос болатын. Құнанбай ашуға мініп, екеуін де жазалауды бұйырады. Содан кейін, оған Байсал да қарсы шыға келеді. Құнанбай сонда да айтқанынан қайтпай тұрғанда Байсал лезде өзінің рулас жігіттерін бөліп алады. Дүрелердің соңы көрінген соң Құнанбай Байсалдан басқа қалған қолымен Қарашоқыға қайта жөнеледі.
Жолда
1
Абай күнде терезенің түбіне келіп, Шыңғыс тауын тамашалаудан жалыққан емес. Әр кеш әжесі Зере Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшатты тербетіп отырады. Сол күндердің бірінде ішке Оспан мен Смағұл келіп қалады. Смағұл да Абайдың інісі. Айғыздан туған. Оспан екеуі түйдей құрдас. Бұл екеуі бір шелек қымызға лас қолдарын салып еді, оны Абай көріп екеуін де жеркіп, салып тастады. Сосын үй ішіне Абайдан екі жас үлкен ағасы Тәкежан мен Құнанбайға жақын болып қалған татар жігіті Ғабитхан кіріп қалады. Ғабитхан «Мың бір түнді» жырлап жатқан кезде, Жұмағұл келеді. Ол кешегі болған жайтты айтып береді. Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға бет алыпты. Ертең Құнанбай да жүрмек. Абай да қосылып баратын болыпты. Сосын, Абай жолға лезде қамданып, барлығымен бір мезгілде қош айтысты да, Жұмағұлмен бірге жолға шығады.
2
Абай Қарқарылаға жетіп, әкесімен тұрғалы көп күндер болды. Бүгін Абайдың қайын атасы Алшынбай (Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызына Абайды айттырысқан болатын) Құнанбайды көргелі қонаққа келе жатыр. Ашекең келіп, қонақ асын ішіп болғасын, Бөжейдің арызданғанын айтады. Сосын Майыр дейтін ірілі кісі кіріп келеді. Осы өлкенің аға сұлтаны Құнанбай болса, Майыр оның көмекшісі. Бүгін ол Бөжейді жақтап келгендей сөз бастайды. Сосын олар біраз айтысып та қалады. Алшынбай араға түсіп, оларды тоқтатты да, Майырды үйіне жөнелтіп жібереді. Кейін Құнанбайға бет бұрып: «Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді», - деді де өз жолына түсіп кетті.
3
Бір күні Абай Қарқаралы көшелерін аралап жүріп, үйінен алыстап кетеді. Үлкен көшенің бойында оған қарсы бір топ адамдар келе жатады. Ортасында келе жатқан соқыр кісі екен. Оның екі желкесінен екі жігіт ұстап келе жатыр. Соқыр кісі өзінің сөз тапқырлығымен артынан шұбырып келе жатқан қауымды қызықтырып, күлдіріп келе жатыр. Абай да соларға ілесіп кетеді. Көше басына келіп қалғаннан кейін, «Шөже біздің үйге қоныңыз», - деп адамдар сөз таласып айтып жатты. Сосын барлығы, Абай да үлкен бір үйге кіреді. Абай алдында Шөже ақын жайлы көп есіткен болатын. Шөже ақын іште де сөз жүгіртіп, Бәрін күлкіге бөлей берді. Біршама уақыт өткен соң, жиналған қауым тарала бастайды. Абай да көптен бөлек болмай қайтады. «Жол-жөнекей Майбасардың пәтеріне кіріп өтейін», - деп Абай жолын бұрады. Абай пәтерге кіргеннен, Майбасар онымен әзіл қуып, айтыса бастайды. Абай Шөжеден үйренгеніне Майбасарды қосып айтып береді. Барлығы күліп жібереді. Сол сәтте ішке Қарабас еніп, халықтың жаңа біткен мешітке Жұма намазға кетіп жатқандарын айтады. Дегенмен, іштегі еш бір адам намазға бармады. Намаздан кейін үлкен ас жиынға, Құнанбай пәтеріне көпшілік жиналады. Абай да онда барды. Бірақ оны ешкім қыстырмады. Үлкен төрт бөлмеде ағайын түгел жиналыпты. Табақшылардың қолы үзілмей тамақ тасуда. Бір кез іштен біреу домбыра тартып, әндете кетті. Сырттағылар: «Бұл кім?, бұл кім?», - деп сұрай кетеді. Абай есіктен сығалап, тыңдай бастайды. Ән аяғын тапқан соң, іште отырғандар: «Бәрекелде, Балта ақын!», - дей кетеді. Абай әншінің Алшынбайдың қасында жүретін Балта ақын екенін бірден таныды. Сосын Алшынбай Құнанбай мен Бөжейге: «Ағайынсың, жақынсың. Ендеше сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар. Бөжей Құнанбайдан бала алып, бауырына салсын. Иістерің аралассын», - деді. Абайға мына соңғы сөз өте ұнамаған еді. Ішінен біртүрлі түршігіп қалады. Өз бауырларының біреуі немесе өзі кетіп қалуы мүмкін.
4
Осы кештен жиырма күндер өткен мөлшерде Құнанбай елге қайтатын болады. Айналасы алпыс шақты сербең кісілер жиналып, ауылға қарай бет алады. Үш-төрт күн дегенде үйге де жетіп қалысты. Құнанбай Қарашоқыдағы Күнке ауылына қонуды ұйғарады. Ал Абай әжесі мен шешесін сағынған болатын. Ол Жұмағұлды ертіп алып, Жидебайға бет алады. Бәрі қуанып қарсы алады. Абай болған оқиғаларды тас түгелімен баяндап береді. Ертеңіне Құнанбай Қарабасты жіберіп, Бөжей, Байсалдар, барлығы осында қонақ болатынын айтып жібереді. Зере Ұлжан мен Айғызға қамданып, дайындалуын бұйырады. Дәл айтқанындай ертеңіне көпшілік қауым осында жинала түседі. Барлығын жылы қарсы алып, дәм-тұз татқызады. Ертеңіне Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естіген жат сөзінің шешуі жетеді. Өз үйінде жер бауырлап, жылап Айғыз жатыр. Бөжейлер оның қызы Кәмшатты алып кетпек. Бұл жағдай бәрін зар жылатып, қинайды. Кәмшаттың шырылдаған дауысы Бөжейлер ұзап кеткенше басылмайды.
Шытырманда
1
Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күні-түні оқиды. Ол өз кітаптарын тауыса салып, Ғабитханның кітаптарына тиіседі. Ол осы оқығандарын қыс бойы бәрін жинап, әңгімелеп отыруды әдетке айналдыра бастаған. Көктемнің бір шуақты күнінде Абайға шақырту келіп, Қарашоқыға жүріп кетеді. Күнке ауылына келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ ауылына айтатын сөздерін ұғындырып, Қарабасты қоса жібереді. Құлыншақ ауылы алыс емес. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар кыстауының арғы жапсары. Ол жерлер Торғай руына тиесілі. Құлыншақ - сол Торғай руының басты кісілерінің бірі.
Құлыншақ ауылы әлі қыстаудан шығып үлгермепті. Құлыншақ екі салт аттыны жылы жүзбен қарсы алады. Ішке кірген соң, біраздан кейі Абай айтады: « Бұл сіз былтыр қоныстанған Бетқұдық жері бұрын Барсаққа тиісті болған екен. Ақберді Барсақ қыстауын алған соң ол әкеме кеп осыны айтыпты ». Сонда Құлыншақ: « Уай, балам, Бетқұдықта Барсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші едім ғой. Қақ бөлісуші едік қой. Осыны әкең білді ме ?» - деді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz