СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 СОТ ТҮСІНІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
Сот жүйесінің тарихи негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Сот жүйесінің түсінігі және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Соттарды және Жоғарғы сотты құру мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..18
2.2 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің дамуы мен қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабының бірі - мемлекеттік органдардың , билік
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.
Заң ғылымы жүйесінде Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары зерттеу тақырыбы -- өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер -- құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.
Мемлекет дегеніміз -- өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.
Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік механизм деген - мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына - мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган -- мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол - мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы - халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.
Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау.Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;
Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;
Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар -- Баянов Е, Табанов С., Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).
Курстық жұмыстың объектісі - мемлекет механизмі мен мемлекеттік органдар болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар.
Курстық жұмыстың құрылымы. Мемлекет механизмі тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлект механизімінің түсінігі, негізгі құрылымы

Мемлекет тетігі -- мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында мемлекет тетігі және мемлекеттік аппарат түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген оргаңдарды жатқызады, ал мемлекет тетігі түсінігіне мемлекеттік аппараттың материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінін, қоғамның өркениетті даму кезендерінде әр түрлі құрылымдары және қызметтері болған. Адам баласының коғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің құрамдық және қызметінің әртүрлілігі, онын жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне -- қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан кіреді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден. мемлекеттік тетік органдардын және мекемелердін киын жүйесі. өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруда тығыз байланыста болды.
Үшіншіден, мемлекет аппарат бөліктерінің барлык қызметтері ұйымдастыру және финанс құралдарымен қамтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың занды мүдделерін және құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адамдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Адам баласы қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңдеріндегі мемлекет тетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны, экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіруге болады.
Ертедегі шығыс және алғашқы еуропа еддерінде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұрақты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, шенеуніктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрған. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, үлттық жиналыс, магистраттар жатқан [1].
Сенат -- Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардың қабылдаған зандарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынан, Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.
Ұлттық жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.
Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болған, бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып, ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орыңдаған лауазымды міндеттері үшін, магисграттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халық жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.
Магистраттар -- өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулъдерге, диктаторларға, преторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.
Консульдар -- ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған, ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор -- төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консульдардың арасынан біреуі ғана, алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар -- алғашқы кезде, консульдардың көмекшісі одан кейін, мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот фунциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар -- лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасының азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мезгілде азаматтардың дүние-мүлкін бағалаған және адамгершілік жөнінде бақылау кызметін жүргізген.
Квесторлар -- әртүрлі міндеттерді орындаған: біреулері, кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты басқарған, басқасы байлықты сақтаған, төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда-саттықты тексерген, ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шүғылданған [2].
Феодальдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ерте феодальдық, сословиялық -- өкілеттік және абсолюттік монархия. Ерте феодальдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол мемлекеггің басы (король, князь). сарай ма-ңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиялық -- өкілетті, орындаушы және басқа мемлекеттік билік органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әртүрлі министірліктер, орталык ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодальдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVII-XVIII ғасырларда,әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі. АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сәйкес келмейтін зандарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән, азаматтық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері -- Ұлттық конвент, Директория, Напольеон кезіндегі Консульство, Париж коммунасы т.с.с. пайда болады.Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда жөне әскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума кұрылып, зандарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-П патшалык кұрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастады. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама [3].
Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процессінде жан-жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратты құрудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік зандылық, социалистік жоспарлылық, есеп және тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.
Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әртүрлі қызметтерімен камтамасыз етілуі.
Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.
Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді.
4)Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, ондіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.
5)Заңдылық принцип -- барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.
Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді [4].
Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедерлдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бірбірімен келіскен әрекеті жатады.
Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттік емес ұйымдар атқаруы мүмкін.
Мемлекеттік органның түсінігі мен белгілері
Мемлекеттің тетігі, арнайы құрылымдағы және өздеріне тән қызметтерді орындайтын әртүрлі бөліктерден тұрады. Тетіктің негізгі бөлігіне мемлекет органдары жатады.
Мемлекет органдары -- мемлекет тетігінің бір бөлігі, заңға байланысты өзіндік құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен әрекеттес, бір тұтастықты құрады.
Жоғарыдағы түсініктемеден көрінгеніндей, мемлекеттік органдардың өзіндік белгілері бар:
-мемлекет тетігінің дербес бөлігі ретінде көрінеді;
-мемлекеттік органдар тек құқықтық актылар негізінде құрылып әрекет жасайды (Конституция, заңдар);
-тек өзіне тән мақсаттар мен функцияларды орындайды және соған сай нысандармен әдістерді пайдаланады;
-билік өкілдігі берілген және қажетгі кезде мәжбүрлеу шарасын қолдана алған;
-алдына қойған мақсатқа жету үшін, құрылған мемлекеттік қызметтермен соған сай бөлімдерден тұрады;
Міндетін жүзеге асыру үшін, өзіне сай құрамы, материалдық негізі және финанс құралдары бар.
Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлық және басқа тексеру-бақылау органдарына топтасады:
-билікті бөлу принципі бойынша -- заң шығарушы, атқарушы және сот;
-ескі жолмен -- федеральдық, республикалық және жергілікті;
-өкілеттік, уақытына қарай -- тұрақты (әрекеті тежелмейтін уақытқа құрылады) және уакытша (уақытша мақсатқа жету үшін құрылады);
Мемлекет органдары өздерінің құрылу тәртібіне және атқаратын міндеттеріне байланысты топтарға бөлінеді. Көрсетілген белгілерге байланысты, мемлекеттік органдарды мынадай үш, негізгі топқа бөлуге болады: өкілетті органдар, орындаушы органдар, соттық (құқыққорғау) органдар, оның ішінде Конституциялық бақылау органдары бар [5].

Мемлекеттік органдар қызметі мен бөліну белгілері

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
1) Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден - бір заң шығаратын орган.
2) Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
- атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
- мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері [6].
Принцип түрлері:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
2. Демократиялық қағидат - азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3. Билік бөлінісі қағидаты - үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
4. Заңдылық қағидаты - Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
5. Жариялық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
Тооталитарлық режимнің белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады.
2. Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
6. Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады [7].

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕХАНИЗМІ МЕН ОРГАНДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының үкiметi (министрлiктер)

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарушы билік органдарының біртұтас жүйесіне үкімет, орталық атқарушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Сот сараптамасынын объектілері
ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Сұқпалы суық қарулар
Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Қылмыстық заңның түсінігі және міндеттері
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
Пәндер