Еңбекақының түрлері мен төлеу нысандары: негізгі және қосымша, мерзімді және кесімді жүйелері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Еңбекақының түрлері мен нысандары

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқаратын қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2. Сыйлықтар мен сыйақылар.

3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көрсету курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.

8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай ақ демалыс күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

Өндіріс пен құрлыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнм өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге енгізделген.

Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, оладың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек жалақысы: түрлері, төлеу нысандары мен жүйелері, қосымша төлемдерді құжаттау және ұстап қалуларды есептеу
Еңбекақының түрлері мен есептеу әдістері: мерзімдік, кесімді және орташа есептеу қағидалары
Еңбекақының мәні, жүйелері мен төлеу әдістері: жоспарлау және отандық-шетелдік тәжірибе
Жалақы жүйесі: түрлері, төлеу нысандары, қосымша төлемдерді рәсімдеу және ұстап қалулар
Жалақы есебі: анықтамасы, міндеттері, түрлері, нысандары және төлеу жүйелері
Еңбек ақы төлеудің экономикалық мәні мен кесімді, аккордты және мерзімді жүйелері
Еңбекақының экономикалық мәні, принциптері, жүйелері мен нысандары және өндіріс көрсеткіштерімен өзара байланысы
Еңбекақының экономикалық мәні, төлеу жүйелері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
Қазақстан Республикасындағы жалақының түрлері, төлеу жүйелері және есептеу тәсілдері: қосымша төлемдер мен ұстап қалулар
Жалақының түрлері, төлеу нысандары және кәсіпорындағы ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz