Жүк автомобильдерінің жылжымалы құрамы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Жүк автомобильдерінің жылжымалы құрамы»

Орындаған: Абужалитов А. М.

Тексерген: Рахматуллина Г. Т.

Орал 2012


Жоспар

1. Жүк автомобильдерімен жүктерді тасымалдау

2. Автомобильдің жылжымалы құрамы

3. Жылжымалы құрамның сапасы

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Жүк автомобильдерімен жүктерді тасымалдау

Автомобиль көлігінің жүктерді тасымалдауға жүк автомобильдерінің, пикаптар мен фургондардың жеңіл автомобиль мен автотіркеме шассилерінде орындаған жиынтық көлемі енгізіледі. Жеткізілген жүктердің есебі келген сәтте жүзеге асырылады. Тасымалданған жүктер көлеміне әрбір келген кездегі (келу) ыдыс салмағын, контейнер салмағын ескере отырып, нақты тасылған жүк салмағын көрсетеді.

Тоннамен өлшенетін жүктің белгілі мөлшерін жылжыту және тонна километрмен өлшенетін көліктік жұмыстың белгілі көлемін орындау жүктік атомобиль көлігінің өдірістік процесі болып табылады.

Жүріс бұл өндірістік процестің бірлігі болып табылады, яғни жүкті тиеу сәтінен бастап келесі тиеуге шейін орындалатын жүкті тиеу, тасымалдау және түсіру бойынша операциялар кешені.

Жылжымалы құрамды пайдалану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады:

Автомобиль көлігінің жүк айналымы әр жолы тасып әкелінген жүктің салмағын (автотіркемемен тасылған жүкті қоса) тасымалданған қашықтығына көбейтіп, кейін алынған нәтижені барлық жүріске жиынтықтау арқылы анықтайды.

Автомобиль жолдарының ұзындығы - жол торабын құратын елді мекеннің басынан соңына дейін жекелеген учаскелердің ұзындығын жиынтықтау жолымен есептеледі.

Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына - Қазақстан Республикасының меншігі болып саналатын қаладан тыс автомобиль жолдары жатады және маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарға, сондай-ақ техникалық санаты бойынша және жамылғы түрі бойынша бөлінеді.

2. Автомобильдің жылжымалы құрамы

Автомобильдің жылжымалы құрамы - жүк, жолаушылар және арнаулы болып бөлінеді. Жүк көлігіне жүк автомобильдері, тартқыш-автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады. Жолаушылар таситын жылжымалы құрамға автобустар, жеңіл автомобильдер, жолаушыларға арналған тіркемелер мен жартылай тіркемелер, арнаулыға - әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер жатады.

Жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштері.

Автомобиль көлігі кәсіпорынының жылжымалы құрамы (автомобильдер, автомобильдер сүйрегіштер, тіркемелер, жартылай тіркемелер) жылжымалы құрамның паркі деп аталады.

Инвентарлық кітап бойынша тіркелген жылжымалы құрам тізімдік парк деп аталады.

Автомобильдің автомобиль көлігі кәсіпорынынан бірінші тиеу пунктіне дейінгі және ақырғы түсіру орнынан автомобиль көлігі кәсіпорынына дейінгі жүрген жолы нөлдік жүріс деп аталады. Автомобильдің түсіру пунктінен келесі тиеу пунктіне дейінгі жүрісі бос жүріс деп аталады.

Автомобильдің жалпы бос түру уақыты ішінде күту уақыты үлкен бөлігін алады, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың айқын және калыпты жұмысы есебінен, автомобильдер жұмысының сағаттық графиктерін енгізу арқылы, бригадалық медігерлікті пайдалану және басқалардан күту уақытын жоюға болады немесе мейілінше азайтуға болады. Маневр уақыты маневр үшін ауданның өлшемдеріне, жылжымалы құрам типіне, келетін жолдарды жабдықтауға, жылжымалы құрам мен жүккөтергіш машиналарды орналастырудың қабылданған схемасына байланысты. Егер автомобильдердің тиеу мен түсіру постысына тікелей түсуін қолданса бұл уақытты толығымен жоюға болады.

Нарядта болу уақыты Тн жылжымалы құрамның автомобиль көлігінің кәсіпорынынан шыққан моментінен бастап, оның автомобиль көлігі кәсіпорынына оралу моментіне дейінгі сағаттар санынан жүргізушінің тамақ ішкен уақыты мен демалған уақытын алып тастағанға тең болады.

Жылжымалы құрамның өнімділігі орындалған тонна километрлер немесе жүктің уақыт бірлігінде тасымалданған тонналар санымен өлшенеді.

3. Жылжымалы құрамның сапасы

Жылжымалы құрамның техникалық жарамсыздықтары нәтижесінде адамдардың жарақаттануы және өлімі пайда болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының пайда болуының тұрақты қауіп-қатерін тудырады. Барлық маркадағы және белгілі бір қызмет етуге тағайындалған міндеттегі автомобильдердің техникалық күйін олардың жол бойындағы жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобиль көлігіндегі техникалық пайдалану ережелерінің, жол қозғалысы ережелерінің, еңбек қорғау ережелерінің талаптарына жауап беруге тиіс.

Автомобильдердің негізгі түйіндерінің техникалық күйлеріне келесідей қауіпсіздік талаптары қойылады:

- рульдік басқару автомобильдің барлық қозғалыс жылдамдықтарында басқарудың жеңілділігін және сенімділігін қамтамасыз етуі керек, рульдік басқарудағы люфтінің сомасы шектелген мәндерден асып кетпеуі керек;

- алдыңғы мост алдыңғы доңғалақтардың орнатылу сенімділігін және рульдік бөлшектердің қозғалу бөлшектеріне бекітілу сенімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

- тежеу жүйесі автомобильдің өз уақытында тоқтауын және барлық доғалақтың тежелуінің бір уақыттылығын қамтамасыз етуге тиіс, тежеу жүйесінің тиімділігін анықтайтын параметрлердің мәндері (тежелу жолы, ең үлкен ақырындату, баяулату, тежеу күші) нормативтік мәліметтерге сәйкес болуы қажет

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы. Оқулық. Астана, Фолиант, 2004 ж. 335с.

2. Автомобиль: Основы конструкции /Н. Н. Вишняков. В. К. Вахламов, П. Н. Нарбут и др. -М. : Машиностроение, 1986, 304с.

3. Литвинов А. С, Фаробин Я. Е. Автомобиль: Теория эксплуатационных свойств. - М. :Машиностроение, 1989. 240 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы көлік логистикасының маңыздылығы мен техникалық сенімділігінің теориялық негіздер және даму жолдарыі
Автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары
Логистикалық әдістерді қолдану негізінде экспедиторлық кәсіпорынның қызметін жетілдіру
Камаз автокөлігінің құрлысы
Автомобильдердің электр тогы
Автомобильдердің электр жабдықтары туралы жалпы түсінік
Автомобиль көлігінің техникалық құралдарының сипаттамасы
Автокөлікпен тасымалдау жүйесі
Тасымалдау кызметі туралы жалпы түсінік
ВАЗ 2121 автомобилінің тарихына шолу, кардандық берілісінің ерекшеліктерін сраптамалау, оны жөндеу барысында қолданылатын барлық технологиялар түрлерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz