Спорттық жаттығулардыың жалпы сипаттамасы


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
«Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі» пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
«Спорттық жаттығулардыың жалпы сипаттамасы»
Орындаған: Жумагазиева М. К.
Игисатова И. С.
Тексерген: Айтқалиева А. М.
Орал, 2015ж.
Жоспар
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта каланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл - ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды біден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. Ұлттық тәлім - тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі - ұлттық сипаттағы, сондай - ақ салт - дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. Мектепке дейінгі жастағы таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез - құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі - балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп - жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.
1 Дене шынықтыру жаттығулары
Саптық жаттығулар.
Бір қатарға және бір лекке сапқа тұру. Бір орында, оңға, солға, артқа бұрылу. Теңел! Тік тұр! Еркін тұр! Қадам бас! Тоқта! командалары.
Жалпы дамытатын жаттығулар.
Кеуде, қол мен аяқ үшін жаттығуларды әр түрлі бастапқы қалыптан орындау. Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ, қолдарды денені бойлай түсірген қалып. Бір орында тұрып затсыз және затпен орындалатын жаттығулар. Тұлғаны қалыптастыруға, дұрыс еркін дем алуды қамтитын жаттығулар. Басты оңға және солға бұру және шырқ айналдыру. Қолдарды екі жанға созылған бастапқы қалыптан бүгіп және жазып қолдарды шырқ айналдыру.
Денені оңға және солға, алға және артқа еңкейту, бұру және айналдыру. Аяқтарды алға, артқа және жанға сілтеу. Кеудені аяқтарға қарай еңкейту. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан кеудені көтеру. Гимнастикалық орындыққа қолдармен тіреліп жатқан қалыптан қолдарды бүгіп, жазу. Аяқтарды бірге, алшақ ұстап тұрған бастапқы қалыптан отыру. Тобық буындарының қозғалғыштығын дамытуға арналған жаттығулар. Иілгіштікті дамытатын жаттығулар. Босаңсуға арналған жаттығулар.
Жүру және жүгіру. Қолдардың қозғалысымен үйлестіре тізені жоғары көтеріп, жүру. Жүзу мен жүгіруді жалпы дамытатын жаттығуларды орындаумен үйлестіру. Кедергілерден өтіп жүгіру және жүру. Жаттығуларды орындауды музыка әуенімен үйлестіре баяу және жылдам екпінде жүру және жүгіру.
Жарысып жүгіру. 30, 40, 60 м-ге жүгіру. Қайталап жүгіру. 1-1, 5 минут бойы баяу жүгіру.
Секірулер . Екі аяқпен қарғу. Алға қозғала екі аяқпен секіру. Алға жылжи бір аяқтап секіру, Екі аяқпен итеріліп орнынан ұзындыққа секіру. 50-60 см биіктіктен төмен секіру. Екпін алып ұзындық пен биіктікке секіру.
Доппен орындалатын жаттығулар. Допты жоғары лақтырып екі не бір қолмен ұстау. Допты еденге соғып, шоршыған допты бір не екі қолмен ұстау. Допты серігіне екі қолмен әр түрлі бастапқы қалыптардан: кеудеден, иықтан, бастан асыра, төменнен беру. Тор арқылы допты бір және екі қолмен лақтырысу. 3-4 метрлік қашықтықтан допты нысанаға бір қолмен лақтыру.
Өрмелеу. Еңкейтілген гимнастикалық орындықпен алға жылжып, өрмелеу. Жоғары-төмен, солға-оңға секілді әр түрлі тәсілдермен гимнастикалық қабырғамен өрмелеу. Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Біріктіріп ұсталған аяқтардың тізесін алға, жанға көтеру.
Тепе-теңдік жаттығулары. Қолдармен әр түрлі қимылдарды орындаумен үйлестіре гимнастикалық орындық, бөрене үстімен жүру. Төбеге жеңіл салмақты зат қойып жүру. Гимнастикалық орындықта көзді жұмып, жауырынды алға беріп, бір орында шырқ айналғаннан кейін жүру.
Акробатикалық жаттығулар. Таянып отырған бастапқы қалыптан жинақталу. Артқа, жанға тоңқалаң асу. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жинақталу. Оңға, солға аударылып түсу. Жартылай шатқа отыру. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан созылған қолдарға таянып, аяқтарды көтеру. Шалқалап жатқан бастапқы қалыптан жауырынға тұру. Етпеттеп жатқан бастапқы қалыптан денені шалқайту.
Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz