Адамгершілік құндылықтарды дамытуға арналған тернингтер



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Адамгершілік құндылықтарды дамытуға арналған тернингтер

Орындаған: Габдрахманов Елжас
Тексерген:

Орал, 2014
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Адамгершілік құндылықтарды дамыту
1.2. Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. Адамгершілік құндылықтарды дамытуға арналған тренингтер
2.1. Қарым-қатынас тренингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2. Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу мен психологиялық тренингтер ... ... ... ... ... ... . ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғ. адамның белсенділігі мен шығармашылығы артып, оның атқарар қызметін еселетуде. Адамның өнері мен өніміне орай беделі мен берері анағұрлым тез артуда, талпынысы тың өрнек салуда. Ынтымағы жарасқандардың жүйелі ұмтылыстан ұтары мол. Бұл қажеттіліктен туындайтын құндылықтар.
Өмір сүрудің жаңа мүмкіндігі адамның белсенділігінен туындайды. Адам атам заманнан бері өзін-өзі бақылап, бағалап, түйіндеп келеді, өзіндік шешімнен нәр алуда. Бірақ, адам белсенділігін әркім өз деңгейінде қозғап, әрқалай түсінді және түсіндіруде. Не демелік, адамдық өмірдің мәнісін, тұлғалық болмыстың негізін, кісілік қасиеттердің құндылығын, азаматтық сапаның сабақтастығын ұқпай жаңа мүмкіндіктің не екенін ұғыну, адам капиталын үйлестіру, толықтыру екіталай. Адам құндылығы, оның қосымша құнынан айқын және әрдайым білінеді.
Адамгершілік -- бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет - балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата - ана үлгісі - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Зерттеудің мақсаты: адамгершілік құндылықтарды дамыту және дамытуға арналған тренингтерге сараптамалық талду жасау.
Зерттеудің міндеті: Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: Мамандықтар, Ұ дыбысы мен әрпі, тәрбие сағаты: және ойын - сабақтарын: Ойнайық та, ойлайық!. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталған әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолдану.
Халқымыз баланы ойын өсіредідеген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Адамгершілік құндылықтарды дамыту
1.2. Жеке тұлға бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептердің рөлі
С. Ғаббасов Халық педагогикасының негіздері тақырыбындағы жинағында жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру деп көрсеткен болатын. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген. [7].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы кешке еруде. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол - жеке тұлғаның және қоғамның, Парасатты экономиканың қажеттіліктерің қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру.[5.6]
Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді, - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О.Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі мен ұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М.Жұмабаев кезінде: Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.
Мектебімізді таза, сау, берік Һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт, - деп келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеуге ой салады және де бұл педагогикалық аса маңызды мәселе екенін меңзейді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз - ұлттық құндылықтар болуы қажет.
Біз интернет жүйесімен жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен ғаламды таң қалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, ділімізбен қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007жылғы шілдеде қабылдаған Қ.Р. Білім туралы заңының 11 бабында Ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, - деп білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы - халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.
Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстазға да байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да ұстаздың білімді де білікті болуы керек. Білім туралы заңда Педагогикалық қызметкер мәртебесі бөлімінің енгізілуі бізді қуантады әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.
Республикамыздың әрбір азаматы ұлтына, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасымен, ұстаған бағыт-бағдарына қарамастан, өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекеттің Туған елім, Отаным деп тануы керек. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, оның тілі мен ділін сыйлау, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Олай болса баланың сана - сезімін сол ұлттық мәдениеті мен салт дәстүрлерін меңгеру негізінде дамыту керек, ұлттық құндылықты жастайынан бала бойына сіңіре білсек еліміздің ертеңі ашық, келешегі жарқын да нұрлы болмақ, несімен ерекшеленбек дегенде ұлттық құндылығымен және білімді ұрпағымен дегеніміз жөн болар.

1.2. Жеке тұлға бойында жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді.[1.6] Олар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо - физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды.
Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, сал - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.Қазақ мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс - тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы - халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі - адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қалың елім Қазағым атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазды: Біз арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім-дегенді.
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Әрбір ұлттың ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады.[2.4]
Атақты педагог Сухомлинский: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектебімізде ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Онда Білгенге маржан, Қауіпсіздік ережесі, Ата-аналарға кеңес деген бұрыштар бар.
Атап айтар болсақ, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарымен бірге тақырыптары: Балаға көркемдік тәрбие беру, ашық сабақтарға, ойын-сауық кештері, ата-аналарға арналған сауалнамалар, басқа шаралар ұйымдастырылып отырады. Әр ата-ананың мектепте болып жатқан іс-шараларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай.
Осы тұрғыда ойындарды ойната отырып, ата-ана өзін балаша сезінгенін айтады. Ата-аналарға арналған мерекелік шаралар өтті. Менің Қазақстаным, Жаңа жыл мерекесі, Бәйшешек бүр жарғанда - атты аналарға, әжелерге арналған мерекеміз және Қош бол, мектебім атты үлкен кештер өткіземіз.
Ата-аналармен жүргізілген әңгіме - кеңесте бала тәрбиесі мәселесінде ата-ананың жауапкершілігі зор екендігі, баланың отбасында адам баласына тән қасиеттерге дағдыланып ұяда көргенінен өнеге алатьндығы сөз болды.
Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін - атты ашық шара өтті. Бұл шарада балалар патриоттық сезімге тәрбиелеу туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әскердегі борышын өтеуге дағдыландыру мақсаты болды. Мектебімізде ата-аналар басқа да мамандармен кездесіп, пікірлесіп отырады. Ата-аналар мұғалімнің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Отбасы тақырыбына байланысты Отбасы - алтын ұям атты ашық шара, ата-аналардың қатысуымен өткізіліп, үлкен жұмыс жүргізілді.
Балалар туған ұялары жайында, анасымен диалог түрінде сөйлесіп, өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре алды. Балалар сабақтармен ғана шектелмей, сабақтан тыс уақытта алуан түрлі шаралар өткізіледі. Мысалы, Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдеппен - дегендей халқымыз балалармен Әдептілік - әдемілік атты тәрбие сағаты да өткізілді.
Осы кеште балалар әдептілік туралы мақал-мәтелдер айтылып, қойылымдар көрсетілді.Сынып жетекшінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.[3,7]
Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады. Осы арқылы оқушының мәдениетті, білімі кеңейеді. Оқушының мәдениетті болуы үшін ұлттық мәдениетті ұштастыруы қажет. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеру - тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты.

ІІ. Адамгершілік құндылықтарды дамытуға арналған тренингтер
2.1. Қарым-қатынас тренингі
Мақсаты:
Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Тренинг барысы :
Мінез-құлқы, көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.
Олай болса бүгінгі тренингіміз Қарым-қатынас тренингі деп аталады. Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық. Оқушылар шеңберге тұрып өздерінің атын сын есіммен байланыстырып айтады.
Дос іздеймін ойыны.
Керекті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті карандаш, қалам.
Кез-келген адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды. Мүмкін нағыз дос сендерде бар шығар. Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын Дос іздеймін газетінің бас редакторымын. Сіздердің әрқайсың біздің газетке дос іздейтіндеріңіз жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны немесе әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Кез келген түрі қабылданады. Сіз достар кандидатурасына қоятын талаптарыңыздың бірнеше тізімін, тіпті оның суретін салуыңызға да болады. Өзіңіз жайында айтуыңызға да болады. Бір сөзбен айтқанда, жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек мына жайтты есте ұстағаныңыз жөн: дос іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан, сіздің жарнамаңыз дос таңдаушылардың назарына ілігудің қамын ойластыруыңыз қажет.
Тапсырманы орындау уақыты - 10 минут.
Барлық қағаздарды тақтаға ілеміз. Қатысушылар жарнаманы үнсіз оқиды. Әр қатысушы өзіне ұнаған жарнаманы қызыл түспен дөңгелектеп және оны берушімен байланыс жасауға дайындалады.
Енді жарнама қағаздарын түсіруге болады. Қараңыз, сіздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тимбилдинг
Мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық негіздері
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Оқушылардың рухани құндылықтарын қалыптастыруда өзін - өзі тану пәнінің мәні
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру
Өзін-өзі тану пәніндегі бағалау ерекшеліктері
Адамзаттың рухани тәжірибесі
Қажеттіліктерде тоқталып өттік
Пәндер