Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін
қолдану
1. 1 Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі . . . 5
1. 2 Халық педагогикасының тарихы мен жетістіктері . . . 8
2 Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
2. 1 Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы . . . 20
2. 2 Халық ауыз әдебиетін оқытудың теориялық негіздері . . . 24
2. 3 Халық ауыз әдебиеті тақырыбына сабақ жоспары . . . 28
Қорытынды . . . 34
Әдебиеттер . . . 36
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі . Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі жан дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Ол үшін баланы сәби кезінен бастап халық ауыз әдебиетімен сусындандырып, құлағына құйып өсіру керек. Яғни, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады. Олар ертегілер оқып, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстыра отырып әңгімелеуге үйретіп, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге баулиды.
Қиял - ғажайып дүниесінен туған сан қилы оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - мақал-мәтелдер, ой қозғайтын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар балалар бақшасында кең қолданылатын дүниелер болып саналады.
Халықтық шығармалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр - жаңылтпаш. Сәбидің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде кейбір дыбыстарды айта алмаса, кейде қинала айтады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін бала қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтқызып, жаңылмай жаттықтыру керек. Сонда сөйлегенде де мүдірмей, анық, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Жас буынға халқымыздың қастерлі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, үлгі-өнегесін, тәлім-тәрбиесін дәріптеу, елдің тарихын, ұлттың мәдениетін таныту, өнерін жаңғырту ең өзекті мәселелер болып табылады.
Республикамызда қабылданған аса маңызды құжаттар «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 ж. ), «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» (1996 ж. ), «Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы» (1998 ж. ) мемлекеттік тұрғыдан қазақ тілінің мәртебесін биіктетіп, тәрбие мен білімнің құндылығын арттырып, бағыт-бағдарларын айқындады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтыны . . . » баса атап көрсетілген болатын. Сол үлкен жауапкершіліктің бірі ел тәуелсіздігімен бірге қайта оралған халық мұраларын, оның ішінде қазыналы ауыз әдебиетін терең танытуға басымдылық берілуі заңды.
Ауыз әдебиеті - тәрбие көзі, өнеге-өсиет кені. Халықтық тәрбиенің жас ұрпаққа әсер-ықпалын зерделеп-зерттеу ісімен айналысқан ғалымдардың ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсеткен еңбектері баршылық. Атап айтқанда, А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш», М. Ғабдуллиннің «Ата аналарға тәрбие туралы кеңес», Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі», С. Қалиевтың «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» және т. б. еңбектерде бұл мәселе жан-жақты ашып көрсетілген.
Бұл көркем ойлау мен көркем сөздің, озық тәрбиенің үлгісі болатын қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде оқушылардың сөйлеуін дамытудың жолдарын айқындай отырып, оның білім мазмұнындағы орнын белгілеудің көкейкестілігін дәйектеуге негіз болады.
Зерттеу нысаны: қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні : қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісінде пайдалану жолдары.
Зерттеудің мақсаты: халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту үрдісінде қолдану арқылы баланың сөйлеуін дамыту жолдарын айқындау және оны меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеу.
Зерттеу міндеттері:
- ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
- халық ауыз әдебиеті үлгілерінің оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, тәлім-тәрбиесіне әсер-ықпалын айқындау;
- қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың сөйлеуін дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің жүйесін жасап, оны тәжірибеде сынақтан өткізу арқылы ана тілін оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері . Зерттеу мәселелеріне қатысты фольклористикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді зерделеу; оқу-тәрбие үрдісін бақылау.
Зерттеу жұмыстың құрылымы жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, тұрады.
1. Оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасының жетістіктерін
қолдану
1. 1 Халық ауыз әдебиетінің оқытылу үрдісі
Орта мектепте өтілетін пәндер арасында қазақ әдебиетінің алатын орны ерекше. Өйткені, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиеттіқуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі.
Балажастан көрген-білгенін көкейге түйген шәкірт этикалық құндылықтарға, әсемдік әлеміне, эстетикалық, сұлулық дүниесіне мектеп қабырғасында бастауышсыныптардан бастап-ақ қызыға назар аударады. Олар оқу бағдарламасының талаптарына сай әдебиет сабағында қазақжәне туысқан халықтардың, әлем әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру қажет.
Көркемәдебиетті оқуда жас оқырман өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой-тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Сабақ барысында, әдеби шығармаларды ұтымды талдау жұмыстарын жүргізу оқушылардың пәнді оқуға ынтасын арттырады. Мектеп қабырғасында оқытылатын барлық пәннің ішінде әдебиет қана адам көңіл-күйінің кестелі суретінтанытады. Әдебиет сабағы жеке тұлғаның рухани әлемін, ойлау қабілетін, сана-сезімін, тілін, шығармашылық қабілетін қалыптастыруда мектептік оқупәндерінің арасында ерекше орын алады деуге болады. Сондықтан, балаға мектеп кезінен көркем шығарманы оқыту, талдатудың маңызы зор.
Мектеп қабырғасынан бастап кітап оқығанбала болашақта да қызығушылықпен жаңа шыққан туындыларды оқиды. Өз басымнан мысал келтіріп айтайын, мектепте оқып жүрген кезде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін апайымның ықпалымен, біршама әлем және төл әдебиеттің озық туындыларымен танысқан болатынмын. Есесіне, жастайымнан оқыған-түйгендерім бүгінде мол пайдасын беруде. Мектепті тәмамдап, қара шаңырақ ҚазҰУ-дыңфилология, әдебиеттану және әлем тілдеріне факультетіне түскенім сол оқыған кітаптарымның әсері десем артық айтқандық емес. Кредиттік жүйенің өзартықшылықтары мен кемшіліктері өз алдына, студенттік өмір баршаға белгілі, көп нәрсеге уақыт жете бермейді. Осы ретте, көптеген шығармамен бұрын таныс болғандықтан, оқығандарымды еске түсіріп, уақытымды үнемдеуге қоғамдық өмірге белсене араласуға, зор мүмкіндік туды. Түсінгенім: әрнәрсенің өз кезеңі, уақыты болады. Негізінде, көркем шығарманы мектеп кезіндекөптеп оқу керек, себебі жас ұлғайған сайын адамның істейтін шаруасы да, жауапкершілігі де үлкейе береді екен . . .
Негізі, оқушының көбірек уақыты болатын кезіол, әрине, қысқы және жазғы демалыстар болып есептеледі. Осы орайда, пән мұғалімі бала демалысқа кетпей тұрып күнтізбелік жоспардағы тақырыптарға сәйкес оқуға тиісті барша көркем шығарманы оқуға тапсырма беру қажет.
Қазақтыңхалық ауыз әдебиеті үлгілерінің қай-қайсысы болса да балаға өмір танытарлыққызмет атқаратыны белгілі. Осы орайда, Мағжан Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің баланың психологиясына тигізер ықпалына терең мән береді. Айталық, қазақтың бесік жырының баланың есту сезіміне, ертегілердің - ақыл ойына, мінез-құлқына, тілін, қиялын дамытуға тигізетін әсерін дәлелдей білген. Мәселен, ертегінің бала дамуындағы маңызды туралы: «Жан тұрмысы өркендеу үшін яғни, ойы арқылы кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баюы үшін жас балаға ертегі қымбат нәрсе». Мысалы, балаға «өтірік айтпа» деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Ал, өтірікші туралы ертегі айтсаң ол басқа», - дейді.
Ал, Жүсіпбек Аймауытұлы «Психология» аттыеңбегінде қиялды дамытуға ауыз әдебиеті шығармаларының маңыздылығына баса көңілбөлген. Ол қиялдың құрастыру қызметі туралы: «Ойдағы нәрселерді құрастырмаймыз, сөйлеуші жануар, алтын балық, алтын алма, сүт, өзен, пері қызы, жалмауыз кемпіржасаймыз. Мұндай құрастырулар көбінесе, ертегілерде, діни кітаптардакездеседі», - деп пікір білдіреді.
Қазақ балаларының ұлттық болмысын барынша жан-жақты зерделеген психолог-ғалым бала қиялын дамытудағы ертегі кейіпкерлерінің рөліне назар аударады. Халық ауыз әдебиеті үлгілері балаға мейлінше жақын болғандықтан, сол арқылы бала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, ұлттықсалт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алады. Мұның өзі баланың жеке дара тұлға ретінде дамуына қажетті көркемдік, ізгілік қасиеттерді бойына жинауда халықтың рухани мұрасының құндылығын қуаттайды. Қай жанрын алсақ та ауыз әдебиетінің тәрбиелік-білімдік мүмкіндігі сан алуан. Демек, ауыз әдебиеті үлгілерін жете талдап жеткізу - пән мұғалімінің парызы.
Шығарманы оқу шәкірттерге күні-бұрын тапсырылатыны белгілі. Өйткені, романды сыныпоқушыларының түгелдей тұтас оқу мәселесі бүгінгі күн жағдайында, ақпараттық технологияның дамыған кезеңінде өте күрделі, өзіндік қиындығы бар нәрсе болыпотырғаны баршаға мәлім. Әсіресе, «Абай жолы» секілді аса көлемді шығарманы оқуды тек 10-11 сыныпта ғана қолға алу, әрине, кештік етеді. Меніңше, мектепт іәне-міне бітіргелі отырған түлек алда болатын ұлттық бірыңғай тест сияқтықарбалас жұмыстармен жүріп, көркем шығарманы оқуға аса қатты құлшылық танытақоймайды.
Негізі, оқырмандық қызығушылықты арттыру жайы - әдебиетті оқыту үрдісіндегі ең өзекті мәселе болып есептеледі.
Шәкірттердің оқырмандық қабылдау қабілетін анықтау әдістері әртүрлі болуы мүмкін, олоқушылардың жас ерекшеліктері мен қандай көлемдегі, қандай мазмұндағы әдеби шығарма екеніне тікелей байланысты болмақ.
Оқушылардың шығармаға ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру мақсатында оның кей тарауларыныңмазмұнын оқытушының өзі айтуы керек деп ойлаймын. Әсіресе, қызықты эпизодтарын айтса, оқушы қызығып шығарманы міндетті түрде оқитын болады. Кейде мұғалімніңдұрыс ұйымдастырмауынан шығарманы оқымаған, не шала оқыған, не бас жағын оқыпкейінгі кітаптарын оқымаған оқушылар кездеседі. Осыны ескере отырып, кіріспесабақта оқытушы барынша тұжырымды, мейлінше жинақы түрде шығармада қозғалатын дәуіртынысы, сонымен орайлас көтерілген мәселелердің ең бастылары, тұтас тарихы, этнографиясы туралы жан-жақты мәлімет беріп, әрбір кейіпкеріне оқушылардыңқатысуы арқылы талдау жасағаны дұрыс.
Көркем шығарманың тілдік ерекшелігін талдаудағы басты мақсат - оқушылардың сөздікқорын байыту. Әдеби тілде сөйлеу үшін ауызекі сөйлеу дағдысы болуы жеткіліксіз, оған қоса оқушыда бай сөздік қор болғаны абзал. Ал, сол сөздік қордың баюыкөркем шығарманы оқумен келетіні баршаға белгілі.
Көркем шығарманы оқу және талдай білу- оқушылардың әдеби білімін дамытудың негізгі тәсілі. Бұл көркем сөз Зергерлерінің шығармашылық өсу үрдісін де байқатады. Оқу мен талдауды ұйымдастыру кезінде мұғалім сабаққа тек ғылыми-танымдық тұрғыдан қарамай оғанкөркемдік ойлау тұрғысынан да қарауды ұмытпаған жағдайда ғана табысқа қолжеткізеді.
Әдеби шығарманы мектепте талдаудың негізгі мақсаты - мұғалімнің оқытуға жұмсалған барлық күш-жігері, оқушының өзіндікынтасымен ұштасып, дидактикалық жаңғыртуға жету.
Көркем шығарманы оқу мен талдау барысында, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас негізделеді. Сонымен қатар, оқушы азаматтыққа, отансүйгіштікке, зияткерлікке, ұлттық құндылықтарды сыйлауға, өзінің және өзіөмір сүріп отырған ортасының алдындағы жауапкершілігін сезінуге жетелеп, гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға бағыттайды. Бұл - қоғамымыздың қазіргі кезеңдегі басты талабы.
1. 2 Халық педагогикасының тарихы мен жетістіктері
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі - халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу - сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т. б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, коллективтің әдебиетіне айналып кеткен.
Орыс халқының ұлы сыншысы В. Г. Белинский «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп, ауыз әдебиеті халықтың ерте замандағы ой-санасының жемісі деп көрсетеді. «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес», - деп Белинский ауыз әдебиетінің тым ерте кезде, халықтың жазу- сызу өнері болмаған заманда, туғандығын дәлелдейді. Бұл расында да солай. Қай халықты алсақ та, оның көркем әдебиеті ауыз әдебиетінен басталады. Демек, ауыз әдебиеті болмаған, бірден жазба әдебиетін жасаған халық бұрын-соңды тарихта болған емес.
Әдебиеттік жағынан алғанда, қазақтың ауыз әдебиеті де әр алуан. Халықтың тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына байланысты туған шығармалар, мақал-мәтелдер, аңыз, ертегілер, батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары, айтыс өлеңдері т. б. қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрі болып табылады. Әрине, ауыз әдебиетінің барлық түрі бір мезгілде туған емес және олардың тууына себеп болған жағдайлар да біркелкі емес, әркелкі. Бірақ бұл мәселе, яғни қазақ ауыз әдебиетінің қай кезде қандай түрі туғандығы, ғылымда әлі күнге дейін дәлелденбей келеді. Әйткенмен өткен кезде орыстың және шетелдердің бірсыпыра ғалымдары ауыз әдебиетінің шығу жайына біраз көңіл аударып, әр түрлі пікірлер айтқан-ды. Олар ауыз әдебиеті қалай туды, қалай дамыды деген мәселені өздерінше баяндап, әр алуан теориялар шығарған-ды. Бұл теориялардың қазақ ауыз әдебиетіне тікелей қатысы болмаса да, жалпы ауыз әдебиетін зерттеуде алған орны да бар еді. Сондықтан бұл теориялардың кейбіреулеріне шолу ретінде қысқаша тоқтай кетелік.
Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Россияда ауыз әдебиетін зерттеген буржуазияшыл ғалымдар «мифтік теория» дегенді ойлап шығарды. Бұл теорияны ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О. Ф. Миллер, А. Н. Афанасьев секілді ғалымдары қолдап, ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға, әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп қарады. Ауыз әдебиетін жасауда адамдардың саналы ролі болған жоқ, ауыз әдебиетін құдайлардың өздері туғызды, адам баласы құдайлар жасаған мифтердің ауыз әдебиетіне қосушы ғана болды және оны өзгертпей, бергі заманға алып келді десті. Сөйтіп идеалистік көзқарасқа негізделген «мифтік теория» ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Экономиканың, қоғам өмірінің ілгеріліп дамуына қарай ертедегі мифтік ұғымдар да, наным-сенімдер де өзгеріп, жаңарып отыратынын және олардың жоғалатынын «мифтік теорияны» жақтаушылар мойындамады және мойындағысы келмеді.
Ауыз әдебиетінің шығуы өткен ғасырдың екінші жартысында батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл «ауысып алу» («теория заимствования») теориясы деп аталды. Оны Россияда А. Н. Пыпин, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетін басқа елдердің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айрықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттерге екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса-ақ болғаны, оны олар бір-бірінен ауысып алған деп есептеді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым-қатынас, сауда-саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен, Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпин оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейіннен Потанин де баса көрсетеді. Орыстың батырлар жырында Илья Муромеюдцтің өз баласымен соғысатыны айтылады. Мұны «ауысып алу» теориясын қолдаушылар «Шахнамәден» келген сюжет деп қарады. Сөйтіп, олар әрбір халықтың творчестволық қабілетін жоққа шығарады. Олардың ойынша, бірде-бір халық өз тарапынан шығарма тудыра алмақ емес, тек даяр сюжетке ие болады, сол сюжетті өз тілінде жырлайды және олардың мұндай шығармалары бір елден екінші елге ауысып отырады, қыдырма, мекені жоқ сюжетке айналады-мыс.
Ауыз әдебиетінің тууы, дамуы жайында «ауысып алу» теориясы ғылми теріс, дәлелсіз және қате теория еді. Марксизм-ленинизм іліміне сүйенген советтік ауыз әдебиеті ғылыми (фольклористика) бұл теорияны қатты сынға алып, әрбір халықтың өзіне тән творчестволық қабілеті барлығын дәлелдейді. Ауыз әдебиетінің қандай түрін, қандай сюжетін болса да әрбір халық өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен алатындығын айқындайды.
Екіншіден, бір халықтың ауыз әдебиетінде, айталық ертегісінде немесе батырлар жырында кейбір сюжеттердің басқа бір халықтың ауыз әдебиетіне ұқсас келетіндігі болады. Мұндай ұқсастық екі халықтың, кейде бірнеше халықтың, жаңағы сюжеттерді бір-бірінен ауысып алғандығынан бола бермейді. Ондай ұқсастық Экономиканың, тұрмыс-тіршіліктің, қоғамдық өмірдің ұқсастығынан туады. Бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасамаған, шалғай жатқан халықтардың ауыз әдебиетінде ұқсас сюжеттердің болу себебі, міне, осыған байланысты. Бұған кейінде Г. В: Плеханов та айырықша көңіл аударған болатын. Ол өзінің «Адрессіз хат» дейтін еңбегінде ауыз әдебиетіндегі сюжет ұқсастықтарын халықтардың тұрмыс-тіршілік, шаруашылық, қоғамдық жағдайларының ұқсастығынан іздейді. Бұл жөнінде И. В. Сталин де біраз пікір айтады. «Диалектикалық және тарихи материализм туралы» жазған еңбегінде ол былай дейді: «Қоғамның өндіріс тәсілі қандай болса - негізінде қоғамның өзі де сондай болады, оның идеялары мен теориялары, оның саяси көзқарастары мен мекемелері де сондай болады . . . немесе, анайылап айтқанда, адамдардың тұрмыс салты қандай болса, олардың ой-пікірі салты да сондай болады» .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz